- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Тақырып 1. Қолданбалы антропология мен биомеханиканың негізі пәнінің мазмұны мен мақсаты.
- •Тақырып 2. Қанқа бөліктерінің құрылысы мен формасы
- •Тақырып 3. Бұлшықет бөліктерінің құрылысы мен формасы
- •Тақырып 5. Адам денесінің сыртқы формасын анықтайтын негізгі морфологиялық нышандарға сипаттама
- •Тақырып 7. Ересектер мен балалардың стандартты бой-өлшемдері.
- •Тақырып 8. Адам денесінің статика мен динамикада зерттеу әдісі
- •Тақырып 9. Жалпы халықтың өлшем нышандарын математикалық тәсілмен өңдеу
- •Тақырып 10. Типті дене бітімдердің оптимальді сандарын анықтау. Типті дене бітімдердің проценттік шкалаларын жасау
- •Тақырып 11. Балалардың өлшем типологиясын тұрғызу ерекшеліктері
- •Тақырып 12. Киімге арналған манекендер мен дене бітім макеттері
- •Тақырып 13. Адам денесінің сыртқы формасын зерттеу әдісін жетілдіру
Тақырып 5. Адам денесінің сыртқы формасын анықтайтын негізгі морфологиялық нышандарға сипаттама
Конститутция-адамның жеке физиологиялық және анотомиялық ерекшеліктерінің күрделі сипаттамасы. Дене формасының,ағзаның және жоғарғы жүйке әрекеттерінің міндеттерімен байланысты. Адамның дене құрылысы ол конститутцияның бір ғана түсінігі. Дене құрылымының белгілері бірінші кезекте бұлшықеттер мен май басудың дамуымен анықталады. Бұл белгілердің дамуы ағзаның биохимиялық ерекшеліктеріне зат алмасуына метобализмге тұқым қуалаушылық факторларына сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты. Ол белгілер: көкірек қуысы, көкірек аймағы, ңштің, арқаның факторлары жатады.
Бұлшықеттің даму дәрежесі антропология мен медицинада 5бөлікпен анықталады:
Иық,көкірек,арқа,қол,аяқ және 5 дәрежесіне бөлінеді:шамалы,орташа,күшті және екі аралық тип (шамалы,орташа және күшті орташа).
Май басудың дәрежесі.тері астындағы майлы кличатканың дамуы жеті май қабатының шамасымен сипатталады:иық пен білекті ішкі жағындағы,сандағы,сирақтғы,жауырынның астындағы,көкіректегі (10 қабырғаның дәрежесіндегі) және құрсақтағы.Май басудың дәрежесі үш түрге бөлінеді:
1.шамалы;
2.орташа;
3.мол;
Шамалы май басу иық сүйектің бедері және білектің,тізенің табанның бедері ,терінің астында анық көрінуі.
Орташа май басу сүйектің бедері анық көрінбейді.
Мол май басу сүйек бедері тегістелген дененің нұсқалары дөнгеленген болады.
Май клеткаларынын қалыңдығы ерлерде –12мл, әйелдерде-24мл.Май басудың дамуы мен таралу адамның жасына,жынысына,тұрмыс қалпына байланысты.Әйелдерде көбінесе май басу аумағында,санның үстінгі бөлігінде,бөксе иық аумағында болады.Ерлерде көбінесе құрсақ қуыстың үстінгі бөлігінде
Көкірек қуыстың формасы
Көкірек қуыс үшке бөлінеді:
1.Цилиндірлік-көкірек қуыстың формасы қабырғаның еңкіші орташа көкірек астындағы бұрыш тікке жақын.
2Жазық көкірек қуыс –тік жаққа созылған болады да,бүйірімен жаншылған тәрізді,қабырғалар төмен тұрады,бұрышы сүйір болады.
3.Конустық-формасы кесілген конустың түрінде,қабырғаның еңкіші орташа көкірек бұрышы тіктен үлкен.
іштің формасы 3түрлі болады:
1.Батыңқы;
2.Тік
3.Шығыңқы дөңгелек
Арқаның формасы 3- бөлінеді:
1.Формальді
2.Еңкіштеу
3.Тік
Ерлердің дене құрылысының типтері
Бунақтың зерттеуі бойынша 7-типке бөлінеді,үшеуі негізгі болады:кеуде,типі-шамалы май басумен шамалы бұлшық етпен жазық көкірек қуыспен,батыңқы ішпен,еңкіштеу арқамен сипатталады.
Бұлшықетті тип - орташа май басумен немесе күшті бұлшықетпен цилиндірлік көкірек қуыспен,батыңқы дөңес ішпен еңкіштеу немесе нормальды арқамен ситатталады.
Құрсақты тип - мол май басумен бұлшықеттің орташа немесе шамалы дамуымен конустық тәрәздес кеуде қуысымен домалақ дөңесті пішкен еңкішке немесе нормальды арқамен сипатталады.
Әйелдердің дене құрылысының типтері
Шкерлидің зерттеуі бойынша үш негізгі және бір қосымша типтермен көретеді.
1топ-май басудың барлық кеудеде бір келкі таралуымен,май басудың дәрежесі шамалы орташа,мол болуы мүмкі н.Оны үш типпен атайды:L-лептозондық (жіңішке),B нормальды,R-рубенсовты анықталады.
2-топ май басудың тарауы біркелкі емес.Екі типтен тұрады:S-үстіңгі кеуденің мол май басумен сипатталады,I-астыңғы кеуденің үстіңгі жағында мол май басумен сипатталады.
3-топ май басудың тарауы біркелкі емес,екі типті болады tp-кеудеде май басу мол болғанда,ех-аяқ қолда май басу мол болғанда.
4-топ кеуденің кейбір бөліктерінде май басуы екі типті М-көкіректе,t-санда.
Әйелдердің дене құрылысын Галант зерттемесі бойынша үш топқа бөлген:
а)Лептозомдық (жіңішке)- тар кеуделі конституциялары астеникалық және стенопласстикалық
б)Мезазомдық-кең кеуделі конституциялары пикникалық және мезопласстикалық.
в)мегалозомдық-атлетликалық дененің көлденең және бойлай үлкен өлшемдерімен ерекшелінеді.Конституциялар атлнтикалық,субатлетикалық,эурипласстикалық.
Астеникалық тип-май басумен,бұлшықеттің шамалы дамуымен,ұзын,тар және жазық кеуде қуыспен батыңқы ішпен,кішкентай бөксемен сипатталады.Бұл типте ійелдәк қасиет жоқ.
Стенопластикалық-тар кеуделі дене бітімі,бірақ май дамуы жақсы дамыған әйелге тән қасиет анықталған.
Пикникалық тип-май басу мен бұлшықеттің орташа дамуымен,цилиндрлік кеуде қуыспен тік ішпен,кең бөксемен сипатталады.
Мезопластикалық-пипникалық жіпке жақын,бұлшықетке.
Меголозомдық топ-конституциялар үлкен бойлай және көлденең кең өлшемдермен мен сипатталады.
Атлетикалық топ-бұлшықеті күшті дамыған,шамалы май басқан.
Субатлетикалық топ-бұлшықетпен май басу орташа.
Эурипластикалық топ-күшті бұлшықет дамуымен мол май басумен сипатталады.
Балалардың дене құрылыстарының ерекшеліктерін 3түрге бөлеміз:
1Астеноидтылық бұлшықетпен май басудың шамалы дамуы мен жазылған және тарылған көкірек қуысы мен көкірек астындағы сүйңр бұрышпен еңкіштеу арқамен салыстырмалы ұзын аяқ қолмен сипатталады.
2.Торакальды май басу мен бұлшықеттің орташа дамыған кішкене тарылған және көкірек қуыспен тіккішпен нормальды арқамен.
3.Бұлшықетті май басу мен бұлшықеттің орташа,көкірек қуысы цилиндрлі,тіккішпен,нормальды арқамен сипатталады.
Антропометрия-адамның жеке емес типтік дене құрылысын зерттейді. Адам қаңқасы сүйек,шеміршектен тұрады. Адамның сыртқы формасының ерекшеліктерін маңызды деңгейде келбет анықтайды. Келбетте адам тыныш қалпындағы бейнесінің тепе-теңдік тік орналасуының және тік жүруінің негізгі сипатының біреуі деп қарастырады. Белсенді және сапалы бір белгілі қалыпқа дене мүшелерін келтіруіне байланысты кейбір ерксіз қалыпты биомеханикада дене ұстау қалпы деп атайды. Тік тұрған кезде дене ұстау қалыптың негізгісі болып тыныш қалпын есептейді. Ғылыми әдебиетте дене ұстау қалпы, табиғи қалпы, ыңғайлы, тік тұру, дағдылы қалпы деп бөледі. Денені тепе-теңдікте сақтау үшін, бұлшықеттің минимальді энергиясын крек қылатын орынды тік тұруындағы адам денесін кескін үйлесімінің дара ерекшеліктерін келбет деп түсінеміз.
Ауырлық ортасының қалпы және тепе-теңдік сақтау шарты.
Тік тұрған кезде адам денесінің ауырлық ортасын, 3 жазықтықта, фронтальді, согитальді, көлденең және тірек жазықтыққа байланысты анықтайды. Дененің тік қалпын, тепе- теңдігін ауырлық ортасының тік проекциясы тірек ауданының ішінен өтуін атайды. Адам денесі динамикалық тепе-теңдіктегі күрделі көп түйінді жүйе.
Дене келбетінің типтері.
Келбет әр түрлі омыртқа жотасының, тұлғаның формасымен, бас пен аяқтың қалпымен сипатталады. Келбетті анықтайтын негізгі фактор омыртқа жотасы. Саггитальді иілістің формасына қарай келбетті 5 типке бөлеміз.
1 тип- нормальді келбет. Омыртқа жогтасының барлық иілістерінің біркелкі дамуымен сипатталады.
2 тип- тік келбет. Омыртқаның нашар иілістерімен сипатталады.
3 тип- иеңкіштеу келбет. Алға біраз еңкейген мойынның лардозы күшеюмен сипатталады.
4 тип- лордотикалық тип. Қатты белгіленген бел лордозымен және азайған мойын лордозымен сипатталады.
5 тип- кифотикалық келбет. Кеуде лордозымен қатты күшеюімен белгіленген.
Қазіргі уақытқа дейін келбетті зерттейтін әдістерді жасалған суреттеме және өлшеу түріне бөледі. Суреттеме әдісі бойынша омыртқа жотасының иілістерінің айқындығын және согитальды жазықтығы оның формасын көзбен анықтайды. Келбетті өлшеу әдістері түйіскен және түйіссіз түрлеріне бөледі. Түйіссіз әдістер соңғы жылдары дамыған жазық фотограмметрия стереофотограмметрия согитальды жазықтықтағы дене бітімнің кескін үйлесімін және дене келбетінің типін анықтау үшін қолданылады. Келбеттің өзгеруі.
Адамның туылған күнінен бастап дене бітімінің ауырлық ортасының өзгеруіне байланысты,жасына қарай келбет өзгеріп отырады.
Мектепте оқыған жастан бастап келбеттің қалыптасуы бастап орта жаста жалғасады.Адамның еңбек әрекеті,спортпен шұғылдануы келбеттің дамуына үлкен әсер етеді.Омыртқа жотасының тегістелген иілістермен сипатталатын келбеттер көбінде бұлшықеттері қатты дамыған адамдарға сай болады да арқа бұлшықнттерінің жоғарғы тонусына байланысты.Белгілі бұлшықеттің қозғалыстарын орындап қисайған келбетті дұрыстауға болады.
Қолданылатын аяқ киімнің түріне келбеттің сипатына байланысты (В.В.Бунак бойынша), әсіресе әйелдер келбетіне биік өкшедегі аяқ киім өте үлкен әсер етеді.
Бақылау сұрақтары:
Келбеттің түрлерін атаңыз?
Келбетті зерттеу әдістері?
Дене ұстау қалпы дегеніміз не?
Ауырлық ортасының қалпы және тепе-теңдік сақтау шарты дегеніміз не?
Әйел адамда биік өкше кигенде келбеті қалай өзгереді?
Келбет қалай өзгереді?
Тақырып 6. Антропологиялық нүктелер. Өлшем нышандар.
Адамның дұрыс өлшемін алу үшін оның антропометриялық нүктелерінің орнын білу керек. Өлшем нышанды алғанда адам қынама киімде келбетті түзу тынысы еркін болуы қажет. Өлшейтін адам өлшемді тез арада орындау керек.Өлшенетін адам жалықпауы керек.
Негізгі антрометриялық нүктелер.
а нүктесі- бастың горизонтальдағы жоғарғы нүктесі
д нүктесі-екі бұғананың мойын ойындысындағы орталық нүкте.
ц нүктесі-д нүктесінен жоғарғы мойын ойындысындағы алдыңғы бой орталық нүктесі.
в нүтесі- мойын ойындысының иықпен қиылысқандағы бүйір нүктесі.
б нүктесі- омыртқаның жетінші шығыңқы нүктесі.
б' нүктесі- б нүктесінен сәл жоғары мойын ойындысының артқы бой орталық нүктесі
ж нүетесі -жауырынның акромяльды шығыңқы нүктесі
з нүтесі- иық буынның ортасынан бөлгендегі шығыңқы нүкте.
н нүктесі- алдыңғы бойдың қолтық ойындысының жоғарғы нүктесі.
к нүктесі- ерлер мен әйелдердің кеудесімен шығыңқы нүктесі.
P нүктесі- бел айналымының бүйір нүктесі
ф' нүктесі- бел айналымының алдыңғы бойдағы орталық нүктесі.
ф'' нүктесі- бел айналымының артқы бойдағы омыртқадағы орталық нүкте.
с нүктесі- бөксенің бүйіріндегі шығыңқы нүкте.
Ф нүктесі- іштің шығыңқы нүктесі.
и нүктесі- шыбық сүйектің білезіктегі шығыңқы нүкте.
л нүктесі- бүксенің алдыңғы бойдағы жамбастың шығыңқы нүктесі.
ш нүктесі- бас бармақтағы блезік нүктесі
ш'нүктесі- кіші саусақ бойындағы білезік нүктесі
ш''нүктесі- үшінші саусақтың жоғарғы нүктесі
щ нүктесі- ортан жіліктің тізедегі шығыңқы нүктесі
м нүктес-тізенің шығыңқы нүетесі
т нүктесі- абанның шығыңқы нүктесі
у нүктесі- аяқ саусағының шығыңқы нүктесі
ы нүктесі- табанның алдыңғы бойдағы шығыңқы нүктесі
о нүетесі- артқы бойдың қолтың ойындысының жоғарғы нүктесі
х нүктесі- жауырынның артқы бойдағы шығыңқы нүктесі
п нүктесі- артқы бойдағы шығыңқы нүктесі
Өлшем нышандары
Барлық өлшемдер вертикальды және горизонтальды жазықтықта жүреді.
Сагитальды жазықтық деп –адам денесін көз мөлшермен омыртқа сызығына вертикальды жазықтықта оңға және солға бөлінуін атаймыз.
Фронтальды жазықтық деп согитальды жазықтықты вертикальды жазықтық пен перпендикульяр етіп,денені алдыңғы және артқы бөлікке бөледі.
Трансферзальды жазықтық деп сагитальды және фронтальды жазықтық горизонтальды жазықтыққа перпендикуляр болуын айтамыз.
Адамды өлшегенде қынамалы киімде және өлшем нышаны 0,1см-дей нақты болу керек. Дене өлшеулерін негізгі орыс алфавитінің әріптерімен белгілейміз:
Р- бой ұзындығы
О- толық айналым өлшемі
С- жартылай айналым өлшемі
Ш- ені
Д- ұзындығы
В- биіктігі
Өлшем нышандарына сипаттама
Өлшем нышаны |
Өлшем нышанын анықтаған нүкте |
Р – бой ұзындығы |
Еденнен ең жоғарғы төбе нүктесіне дейіңгі аралық |
Сш – жартылай мойын айналымы |
7 – ші мойын нүктесінен негізгі мойын нүктесінен өңеш нүктесіне дейіңгі айналым |
СгІ кеуденің 1 – ші – жартылай айналымы |
Артқы бойда горизонталь қолтық астынан өтіп үстіңгі төс аймағының айналымы |
СгІІ – кеуде 3 – ші жартылай айналымы |
Артқы бойда алдыңғы бойда горизонталь жатып кеденің шығыңқы нүктесінен өтеді |
Цг-кеуде орталығы |
Кеденің екі шығыңқы нүктесінің аралығы |
Ст – белдің жартылай айналымы |
Белге жіп ж/е резенке байлап белдің айналымының өлшемі |
Сб – жартылай бөксе айналымы |
Бөксенің шығыңқы нүктесінің көлденең горизонталь айналымы |
Шг – кеуде ені |
Қолтық ойындысының жоғарғы нүктесінен төс ауданының нүктесінен өтетін өлшем |
Дт.п. – алдыңғы бойдың бел деңгеліне дейінгі өлшем |
Иық пен мойын айналымын қиылысқан нүктесінің кеуденің шығыңқы нүктесінен өтіп белдегі байланған жіпке дейінгі аралық |
Вг – кеуде биіктігі |
Иық пен мойынның, кеуденің шығыңқы нүктесіне дейінгі аралық |
Вп.р.з. – артқы бойдың қолтық ойындысының тереңдігі |
Мойын мен иықтың қиылысқан нүктесінен қолтық астынан жүргізілген вертикаль сызықпен қиылысқан нүкте аралығы |
Вп.с. – иықтың қиғаш өлшемі |
Иық нүктесінен – омыртқа мен бел деңгейінің қиылысқан қиғаш нүкте |
Шп – иық ені |
Мойын мен иықтың қиылысқан нүктесінен акримальды өсіндіге дейінгі аралық |
Оп – иық айналымы |
Қолтық деңгейіндегі қолтық майлы бездерінің н/е бұл – ң шығыңқы ауданының айналымы |
Др – қол ұзындығы |
Иықтың акримальды нүктесінен шынтақ арқылы білезікке дейінгі аралық |
Ок – саусақ айналымы |
Саусақ бойының айналымы |
Озап – білезік айналымы |
Саусақ пен білезіктің жалғанған ауданының айналымы |
Вс – отыру биіктігі |
Отырған күйіндегі белдің жазықтыққа дейінгі аралық |
Дизд – бұйым ұзындығы |
7 – ші мойын омыртқа нүктесінен белгілі ұзындыққа дейінгі аралық |
Дю – белдемше ұзындығы |
Бел деңгейінен жамбастың жанынан қажетті ұзындыққа дейінгі аралық |
Дб – шалбар ұзындығы |
Бел деңгейінен жамбастың жанынан еденге дейінгі аралық |
Сондықтанда салыстырмалы түрде өте тез уақыт ішінде ЕМКО ЦНИИШП және ЕМКО СЭВ тәсілі пайда болды.Екі тәсілде де ерлер,әйелдер,балаларға арналған киім құрылысын констрициялауда бірдей жүйе қолданылады:
•Өлшем белгі жүйесі;
•Қосымшалар жіктеу жүйесі
•Есептеу формуласының құрылымы және киім құрылымын бірізді констрикциялау;
•Градияцалау принципі бойынша;
Сонымен қатар ЕМКО СЭВ тәсілі келесі мінездемеге ие:
•Киімді констрикциялау негізі және киімнің негізгі түрлерінің базалық конструкциясы.
•Киім конструкциясында техникалық сызба ережесі;
•Технология,конструктірленген нүктенің цифлық мәні және белгісі (символика);
•Безендірілу және көлемдік,регламенттеуші мазмұны,конструктырлық іс қағаз;
ЕМКО СЭВ бойынша киімді жобалау барысында барлық этапта ЭЕМ нің қолданылуының кеңінен қарастырылған.
ЕМКО СЭВ тың негігі бөлімдерін қарастырайық.
Өлшем белгілер жүйесі.
Өлшем белгі жүйесі ерлер,әйелдер,балалардың стандартты өлшемдері бойынша типті дене бітімдеріне негізделген (СТ СЭВ 432-77және СТ СЭВ 1730-79). Бұл стандарттар ОСТ 17-325-74, ОСТ 17-326-74, ОСТ 17-66-77 және ОСТ 17-67-77 стандарттынан денебітіп типтік санының көптігімен ерекшеленеді (61-әйелдерге арналған, 57-ерлерге, 28- қыздарға, 31- ер балаларға арналған)
Өлшем белгілер өлшем белгісіне сәйкес келетін индексі бар Т әріпімен белгіленеді, яғни, егер , мысалы ЕМКО ЦНИИШП те ЦОТШЛ және басқа да көптеген тәсілдерде “ұзындық” өлшем белгісі (бірінші өлшем белгі) Р әрпімен,ал бел айналымы От белгіленген. ЕМКО СЭВ та ұзындық Т1ал бел айналымы Т18 болып белгіленген.Төменде өлшем белгілер және олардың мағынасы жазылған киім құрылымын конструкциялауға арнаолған өлшем белгілері және құралған конструкцияны бақылауға арналған өлшем белгілері бар.
Өлшем белгілер және мағынасы.
Өлшем белгілер,белгіленуі |
Өлшем белгінің атауы |
Т1 |
Бой ұзындығы |
Т4 |
Мойынның жетінші нүктесінің биіктігі |
Т7 |
Бел сызығының биіктігі |
Т8 |
Жамбас сүйек нүктесінің биіктігі |
Т9 |
Тізе нүктесінің биіктігі |
Т12 |
Қуйрық асты нүктесі |
Т13 |
Мойын айналымы |
Т14 |
Бірінші кеуде айналымы |
Т15 |
Екінші кеуде айналымы |
Т16 |
Үшінші кеуде айналымы |
Т18 |
Бел айналымы |
Т19 |
Іштің қатысуымен бөксе айналымы |
Т21 |
Бөксе айналымы |
Т22 |
Тізе айналымы |
Т25 |
Белден жан сызығының еденге дейінгі ұзындығы |
Т26 |
Белден алдыңғы сызығынан еденге дейінгі ұзындығы |
Т27 |
Аяқтың ішкі ұзындығы |
Т29 |
Білезік айналымы |
Т32 |
Мойын негіз нүктесінен шынтақ нүктеге дейін ұзындығы |
Т33 |
Мойын негіз нүктесінен білезік айналым сызығына дейінгі ұзындық |
Т34 |
Мойын жетінші нүктесінен алдыңғы бірінші кеуде айналым сызығына дейінгі ұзындық |
Т35 |
Кеуде ұзындығы |
Т36 |
Бел ұзындығы |
Т38 |
Иық сүйегінің жоғарғы нүктесінен доға |
Т39 |
Мойын жетінші нүктесінің жауырын ұатысумен есептегенде бірінші кеуде айналым сызығына дейінгі ұзындығы |
Т40 |
Арқадан белге дейінге жауырын есептегендегі ұзындық |
Т44 |
Мойын негізгі нүктесінен дененің жоғарғы бөлігінің доғасы |
Т45 |
Кеуде ені |
Т46 |
Көкірек нүктесінің арақашықтығы |
Т47 |
Арқа ені |
Т48 |
Бас айналымы |
Т51 |
Өкше айналымы |
Т57 |
Қолдың алдыңғы артқы арақашықтығы |
Б |
|
Т10 |
Мойын нүктесінің биіктігі |
Т20 |
Іштің қатысуынсыз бөксе айналымы |
Т23 |
Балтыр айналымы |
Т24 |
Иық айналымы |
Т28 |
Алақан айналымы |
Т31 |
Иық ені |
Т37 |
Мойынның жетінші нүктесінен қиғаш |
Т41 |
Иықтың қиғаш биіктігі |
Т42 |
Тұлғаның жоғарғы жағының иық нүктесі арқылы доғасы |
Т43 |
Бел сызығының артынан мойын түбіне дейінгі арақашықтық |
Т49 |
Бел сызығынан отырғышқа дейінгі арақашықтық |
Т50 |
Тізенің созылған айналымы |
Т53 |
Иық ұзындығы |
Терминология және мән мағынасы.
Терминдер негізгі ақпарат жинағы. ЭМКО СЭВ ті жасау барысында мағынасына өте көп көңіл бөлінген.
Терминология жобасында 1200 термин бар.
Адам денесі;
1)Киім;
2)Киім бөлшектері;
3)Киім моделін жобалау;
4)Киім конструкциясын жобалау;
5)Киім шаблонының градациясы;
6)Техникалық конструкторлық іс қағаз;
Төменде ЭМКО СЭВ тің негізгі түсініктемесі берілген. Осы түсінік бойынша бұл тәсілде киім конструкциясына сызбалар жасалады.
ЭМКО СЭВ тегі киім конструкциялаудағы бірікен тәсіл.
ОК- конструкция негізі.
ИВК- бастапқы базалық конструкция.
БМК- базалық модельдік конструкция.
ИМК - бастапқы модельдік конструкция.
МК- модельдік конструкция.
МЭК- модельдік конструкция элементтері.
Ш- шаблон.
Ш в- үстінгі шаблон.
Шп- астар шаблоны.
Ш р- іштік, аралық төсем шаблоны.
М- ерлер.
Ж- әйелдер.
Ма- ұл балалар.
Д-қыздар.
Ма1-I топ ұлдар(ясли және мектепке дейінгі жас).
Ма2- II топ ұлдар( төменгі мектеп жасы).
Ма3-III топ ұлдар(жоғарғы мектеп жасы).
Ма4-IV топ ұлдар(жасөспірім жасы).
Д1 –I топ қыздар(ясли және мектепке дейінгі жас).
Д 2-II топ қыздар(төменгі мектеп жасы).
Д3-III қыздар (жоғарғы мектеп жасы).
Бақылау сұрақтары:
Өлшем нышаны нені анықтайды?
Антропологиялық нүктелерді атап өтініз?
ЦОТШЛ мен ЕМКО СЭВ өлшем нышандарын алудың бір бірімен айырмашылығы неде?
ЕМКО СЭВ терминологиясының мән мағынасының атаңыз
Сагитальді, фронтальді, трансвнерсальді жазықтық дегеніміз не?
