- •5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы» мамандығы үшін
- •Тақырып 1. Қолданбалы антропология мен биомеханиканың негізі пәнінің мазмұны мен мақсаты.
- •Тақырып 2. Қанқа бөліктерінің құрылысы мен формасы
- •Тақырып 3. Бұлшықет бөліктерінің құрылысы мен формасы
- •Тақырып 5. Адам денесінің сыртқы формасын анықтайтын негізгі морфологиялық нышандарға сипаттама
- •Тақырып 7. Ересектер мен балалардың стандартты бой-өлшемдері.
- •Тақырып 8. Адам денесінің статика мен динамикада зерттеу әдісі
- •Тақырып 9. Жалпы халықтың өлшем нышандарын математикалық тәсілмен өңдеу
- •Тақырып 10. Типті дене бітімдердің оптимальді сандарын анықтау. Типті дене бітімдердің проценттік шкалаларын жасау
- •Тақырып 11. Балалардың өлшем типологиясын тұрғызу ерекшеліктері
- •Тақырып 12. Киімге арналған манекендер мен дене бітім макеттері
- •Тақырып 13. Адам денесінің сыртқы формасын зерттеу әдісін жетілдіру
Тақырып 11. Балалардың өлшем типологиясын тұрғызу ерекшеліктері
Балалардың жетекші өлшем ышаны бой ұзындықпен кеуде айналымы ж/е бел айналымы қосылған. (ГОСТ 17917 – 86 ж/е ГОСТ 17916 – 86).
Бой ұзындығы бойынша айырмашылықсыз интервал 6см. Кеуде айналымы бойынша 4 см. Бой ұзындық 86 – 188 см дейін қыздарда интервал 6 см, кеуде айналымы 48 – 112 см интервал 4 см, бел айналымы 42 - 112 см интервал 3 см. Ұлдардың бой ұзындығы 86 – 206 см интервал 6 см, кеуде айналымы 48 – 120 см интервал 4 см, бел айналымы 42 – 108 см интервал 3 см. Қыздар үшін 446 типті дене бітім бекітілген, ұлдар үшін 459.
Қыздар үшін – 9 толық топ, ұлдар үшін – 8 толық топ.
Кесте бет 159-161
ГОСТ 26456 – 85 шулық – носки бұйымдарды дайындау үшін қыздар дене бітімінің өлшем нышандары.
Қыздардың типті дене бітімдерін анықтау үшін 4 өлшем нышанын алады:
Бой ұзындығы
Кеуде айналымы
Табан ұзындығы
Бөксе айналымы
Бұл стандарт 7 жастан 18 жасқа дейін ұсынылады.
Бой ұзындығының 122 - 176 см арасындағы интервал ±3 см. Кеуде айналымы 56 – 108 см арасындағы интервалы ± 2 см. Табан ұзындығы 19 – 28 см арасындағы интервалы ± 0,5 см. Бөксе айналым 34 – 76 см арасындағы интервалы ± 1,5 см.
ОСТ 17917 – 86 жасөспірім ұлдардың дене бітімінің типтік өлшем нышандары. Трикотажды – үлбірлі тігін бұйымдарын жобалаға арналған өлшем нышандар.
ОСТ 17916 – 86 қыздар дене бітімінің типтік өлшем нышандары. Үлбірлі – трикотажды тігін бұйымдарын жобалауға арналған өлшем нышандар.
Бақылау сұрақтары:
Балалардың жетекші өлшем нышаны қандай?
Айырмашылықсыз интервалы қадай?
Қыздардың типті дене бітімдерін анықтау үшін қанша өлшем нышанын алады?
ГОСТ 26456 – 85 қай жасқа арналған?
Қанша типтік дене бітім бекітілген?
Тақырып 12. Киімге арналған манекендер мен дене бітім макеттері
Өндірісте маникендерді шығармас бұрын оның белгілі мақсатын білу қажет. Оның 3 түрі бар:
дене бітім макет эталоны
сыртқы формасы тегіс манекен
киімге арналған манекендер
НИИМГУ – да дайындаған дене бітімін макет эталоны мойын нүктесінен бөксенің жоғарғы жағына дейінгі гипсті торстан жасалған. Олар типті фигураның паспорты десе де болдады. Өндіріс маникенді өңдеудің негізі болып табылады. Манекен дайындау келесі этаптардан тұрады.
I этап – манекенді жобалаудағы технологиялық тапсырмасы анықтайды. Соның ішінде талаптарына сай өлшемдерін, формасын, материалдарын маникеннің мақсатына қарай түрі мен мақсатын қарастырып маникеннің негізгі габоритін анықтайды.
II этап – эскизді жобалау дайындау тік және жалпақ вертикальды 2 проекциядан манекеннің контур сызықтар мен диаметрін анықтайды.
III этап – технологиялық жобаны дайындайды. Графикалық және есепті әдіспен.
IV этап – жұмыс құжатын дайындайды. Гипсті және балшықтан жасалған макетін дайындайды.
V этап – манекен үлгісін дайындайды.
Түрлеріне қарай маникенді тігін өндірісінде келесідей қолданылады: корсетті бұйымға арналған, жеңіл ассортиментке арналған манекен, джакет пен пальтоға арналған, ерлердің пиджагына, пальтосына, шалбарына, жейдесіне арналған маникен және балаларға арналған маникендер.
Өндірістік манекендер эксплуатацияға ыңғайлылап полистирол, стеклопластик, пенополиуретаннан жасайды. Манекеннің ең негізгі мақсаты бұйымды тігу барысында қонымдылығын тексеру үшін қажет. Адам денесінің сыртқы формасын зерртеу әдісін жетілдіру.
Бақылау сұрақтары:
Манекен дегеніміз не?
Манекеннің түрлерін атаныз?
Манекенді дайындау қандай этаптан тұрады?
Өндірістік манекендер қандай материалдан жасалынады?
Манекен – эталон дегенміз не?
Типті фигураның паспорты дегеніміз не?
