Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Антроп 16.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

Тақырып 8. Адам денесінің статика мен динамикада зерттеу әдісі

Конструкторық стандарт негізінде үлкендердің антропометриялық өлшемді-бой ұзындық стандарты статикалық позадағы әйелдер мен ерлердің алынған өлшемдері. Бұл өлшемдермен жұмыс істейтін киім бұйымына лекланы құрастыратын конструкторды толық қанағаттандырмайды, егер ол үнемі арнайы мамандығына сай қозғалыста жүретін адамға тіксе. Статикалы антропометриялы позадағы адамға қарағанда, қозғалыстағы адамның денесінің формасы мен өлшемдері өзгерісте болып тұрады. Осындай өзгерістерді ескере отырып конструктор киім тігу барысында еркіндік қосымшааларын таңдайды, әсіресе өндірістік, спортық киімдерге.

Тігін өндіріснде адам денесінің өлшемдерінің өзгерістерін зерттеуді динамикалық антропометрия деп атайды, ал қимыл қозғалыс барасындағы өзгерістерді динамика деп атайды.

Қазіргі таңда «адам - киім» жүйесі атты эргономикалық зерттеу (Эргос – грек тілінен алынған) үлкен орын алуда. Сондықтан тігін өндірісінің маманы динамикалық нышандарды үйрену барысында негізгі нәтижелерін білу қажет. Киімді құрастыруда антропометриялық зерттеу бағдарламасында динамикалық нышандар енгізілуі керек. Зерттеу есептемесі бойынша 18 ден 59 жас аралығында жынысына қарай n= 170 адам мөлшері бағалау нақтылығын анықтай алады. Қозғалысты зерттеу эффектісін арттыру үшін, статикалық және динамикалық жағдайда өлшем нышандарын қарастырады. Егер, i – адамды, статикалық нышанын хd i, динамикалықты хd i

d1 = хd i - хd i

формуламен анықтаймыз , бұнда i= 1,....., n

Жалпы қозғалыс эффектісі D=d- xˉs, әрбір нышанды анализдеу үшін D өлшемінің квантилімен есептейді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Динамикалық антропометрия дегеніміз не?

  2. Динамика дегеніміз не?

  3. Статикалық пен динамикалық антропометрияның айырмашылығы неде?

  4. Қозғалысыты зерттеу қандай формуламен анықтайды?

  5. Қандай жас аралығында жүреді?

  6. Зерттеуге қанша адамда жүргізу жеткілікті?

  7. Тігін маманына динамикалық антромопетрияны білу қаншалықты қажет?

Тақырып 9. Жалпы халықтың өлшем нышандарын математикалық тәсілмен өңдеу

Өлшем нышандарының типтерін тұрғызудағы негізгі мақсат 

Көпшілік өндірісте киім әр тұтынушыға жеке шығарылмайды. Стандартты өлшемдегі типтік дене бітімнің белгілі өлшемдері шығарылады. Осыған орай күрделі мәселе өлшемдердің стандартты жүйесін жасау ісі шешімін таппай, яғни типтік дене бітіміне ең аз санының өзі түрғындарды ең жоғарғы дәрежеде дайын киіммен қамтамасыз етеді.Өлшем стандартының мықты ғылыми негізін адам денесі мен формасы өлшемінің жан – жақты және жүйелі антропологиялық мәліметтері ғана жасай алады.

Қазіргі заманда киімнің сапасын жақсарту үшін, сонымен қатар киім тұтынушының дене бітіміне сай келуіне өте көп назар аударылады. Сондықтан әр инженер конструктор н/е инженер модельер киім тігетін адам туралы толық мәлімет білуі тиіс. Бұл үшін адам денесінің анатомиясының құрылысы, сыртқы форма ерекшеліктерін, дене бітім өлшемдерінің өзгеріп тұруымен стандарттау негіздерін жақсы білуі қажет. Мысалы, бой ұзындығы 144,2 см-ден – 172 см арасындағы 124 қыз балалардың бой ұзындығының орташа класс интервалын табуымыз қажет. Бұл топты бой ұзындығы жақын сандарды класқа топтайды. Екі класс арасын класты интервал деп атайды. Оны келесі формуламен анықтайды:

max­min

І = ----------------

15(18)

Мұндағы: max – топтың ең үлкен саны,

min – топтың ең кіші саны,

15(18) – жаңағы топты 15 класқа топтастыру саны.

172-144,2

І = --------------- ≈ 1,85 = 2 см

15

Сонымен, 2 см дегеніміз 1 класқа бой ұзындықтың 2 см айырмашылығы бар бой ұзындықтарын топтастырады. Сонымен 15 класс шығады. Осы шыққан санды вариационды қатар деп атайды. Вариационды қатар арқылы талдау жасап арифметикалық есеппен модамен, медианасын табамыз.

ГОСТ 17522 – 72 әйелдер дене бітімінің типтік өлшем нышандары.

ОСТ 17326 – 81 киімді жобалау үшін трикотажды ж/е үлбірлі тігін бұйымдарын дайындау үшін әйелдер дене бітімінің типті өлшем нышандары.

ОСТ 17325 – 86 ерлер дене бітімінің типті өлшем нышандары. Трикотажды – үлбірлі тігін бұйымдарын жобалауға арналған өлшем нышандар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Орташа класс интервалы дегеніміз не?

  2. Класс аралық интервал дегеніміз не?

  3. Вариационды қатар дегеніміз не?

  4. Типті өлшем нышандары дегеніміз не?

  5. ГОСТ – ы атаныз?