Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САБИТ КУРМЕТТТТТТТТТТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
511 Кб
Скачать
☆

7 Техника қауіпсіздігі

Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары – еңбеккер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбекпен өндірістік ортаның еңбек қорғау және қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.

Еңбек қауіпсіздігі – құқтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру- техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу- профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде еңбеккерлердің өмірі мен денсулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбек қызметі процесінде еңбеккерлердің еңбек қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілігінің осы жүйесінде қауіпті және басқа да өндірістік обьектілерде

“ЖТМ” еңбеккерлерінің ЕҚ және ӨҚ ережелері мен нормаларының талаптарын орындауына басшы тарапынан бақылау жасау қарастырылған

ҚТ бойныша жыртпа талондар кітапшасын беру журналында тіркей отырып, ҚБ ЕҚ және ҚБ әр еңбеккерге ҚТ бойынша жырпа талондар кітапшасын жеке береді.

ҚТ бойынша талондар кітапшасының қолданыс мерзімі – 6 (ай). Осы мерзім аяқталғаннан кейін ҚБ ЕҚ және ҚТ бойынша жыртпа талондар кітапшасы журналына тіркей отрырып, ескі кітапшаны жаңасына ауыстырады.

ЕҚ және ҚК талаптарын бұзған немесе еңбекті қорғау бойынша өз міндеттерін орындамайтын еңбеккерлерді тәртіптік жазалау туралы, оларға бір ай үшін еңбеккермен еңбек шартын бұзу және оны “Корпорацияның Технологиялық колледжі” ЖМ жанындағы кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығына қайта оқуға жіберу туралы мәселе көтеруге құқықты.

Егер жұмыс істеуші өндірістегі жазатайым оқиға немесе апатқа байланысты соңы ауыр зардаптарға соқтырған, немесе әдейі осындай зардаптар қауіпін туғызған ЕҚ және ҚТ талаптарын өрескел бұзушылықтарға жол берсе, бұрын одан талондар алынған немесе алынбағанына қарамастан, қызыл түсті талонды ала отырып, оған Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 8-тармақшасымен қарастырылған шаралар қолданылуы мүмкін.

Жұмыс орны - еңбеккердің еңбек қызметін процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болуы.

Еңбеккерлер жол берген ЕҚ және ҚТ бұзушылықтарының ауырлығына байланысты келесі жазалау шаралары қолданылады:

-“жасыл түсті”- № 1 талонды алған кезде – еңбеккерді тәртіптік жазаға тарту шаралары (ескерту,сөгіс,қатаң сөгіс) қолданылады.

-“сары түсті”- № 2 талонды алған кезде – еңбеккер 15 күнге жұмыстан шеттеліп, кейіннен уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен комиссияға емтихандар тапсыру арқылы “Корпорацияның Технологиялық колледжі” ЖМ жанындағы Кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығына оқуға жіберіледі.

-“қызыл түсті”- № 3 талонды алған кезде – еңбеккермен еңбек шарты бұзылады./9/

Еңбеккерлерге қатысты жоғарыда көрсетілген жазалау шаралары жұмыс берушінің тиісті актісін шығара отырып, ҚР ЕК – нің 50,54,73,74 – баптарының талаптарына сәйкес қолданылмайды.

8 Қоршаған ортаны қорғау

Тау – кен өнеркәсiбi орналасқан аймақтарда қоршаған ортада әжептәуiр зиян келетiн өзгерiстер болады. Оларға ауыл шаруашылығына пайдасын тигiзетiн құнарлы жерлердiң өндiрiс үшiн пайдалануға берiлiп, олардың ласталып iстен шығуы; тау – кен жұмысының кесiрiнен пайда болған гидрогеологиялық, геофизикалық және геохимиялық жер қыртысының өзгерiстерi, өндiрiсте пайдаланған және пайда болған зиянды және улы заттармен, топырақтың, су көздерiнiң, тiптi атмосфераның ластануы жатады. Тау – кен өнеркәсiбiнiң қоршаған ортаға келтiрген зияны, басқа да өнеркәсiп түрлерiмен сабақтасып жалғаса бередi. Мысалы, жер қойнауынан өндiрiлген руда байыту фабрикасына, одан кейiн қорыту үшiн металлургиялық заводтарға барады. Осы өндiрiс орындарында атқарылған жұмыстардың бәрi де қоршаған ортаға аса зор зиян келтiредi.

Кен орындарын жерасты тәсiлiмен игеру жұмыстары үшiн көп территория бөлiну қажет болмайды, бiрақ өндiрiс ғимараттары, коммуникациялар, авто және темiр жолдар үшiн әжептеуiр жер көлемi бөлiнедi. Кенiш алабына бөлiнген жер толығымен ауыл шаруашылық жұмыстарына жарамсыз болып қала бередi. Жер астында жүргiзiлген тау – кен жұмысының салдарынан жер қыртысы деформацияланып бұзылады, тiптi кей жерлерде жердiң бетi опырылып құлап та қалады. Кенiш алабының жан жағын қоршаған территориялардың жер қыртысынан шахта алабына жиналған су ластанып, жер бетiне айдалып шығарғанмен пайдаға аспай қалады. Бұның аймақтағы гидрогеологиялық жағдайға келтiретiн зияны мол. Сонымен қатар суы шахта алабына кеткен жерлердiң топырағы құнарсызданып, эрозиялық процесстерге жақын тұрады. Шахтадан шығып ауаға тараған дизель машиналарының қозғағыштарынан шыққан газ бен қопарылыс жұмыстарынан кейiн пайда болған улы заттар атмосфераға тарап едеуiр зиян келтiредi.

Қоршаған ортаны қорғау, өз қалпында сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану адам заттың өмiр сүруiне зор көмегiн тигiзедi. Егер де адам зат табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаса, оның жұмсалған қорларын қайтадан жаңғыртып толықтырып отырмаса кризистiк экологиялық жағдайдың пайда болуы ықтимал.

Табиғатты яғни қоршаған ортаны қорғау дегенiмiз – мемлекеттiк табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланып, адамды қоршаған ортаны сол табиғи қалпында қалдыру үшiн жасалған iс – шаралардың жиынтығы./10/

Тiрi организмнiң, әсiресе адамның өмiрi мен өмiр сүру жағдайы қоршаған ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортаға жер планетасымен қатар космостық кеңiстiк те жатады. Сондықтан адам өмiрi мен оның өмiр сүруi қоршаған ортаны қорғап, табиғи керек жағдайында сақтамаса мүмкiн емес.

Қазiргi уақытта ғылыми – техникалық прогресстiң күрт өзгерiп өсуiне байланысты табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға адамның келтiрiп отырған зияны өте мол, ал табиғат ландшафты мен қоршаған ортаның бұған қарсы тұратындай жағдайы жоқ.

Тау – кен өндiру жұмыстарының зиянды әсерiнен қоршаған ортаны қорғау үшiн төмендегiдей iс шаралар мiндеттi түрде орындалу қажет.

Тау – кен iстерiн жүргiзуге арналған жобаларда арнайы қоршаған ортаны сақтау және қорғау жөнiнде арнайы бөлiм болу керек. Ол бөлiмдерде төмендегiдей iс – шаралар белгiленуге тиiстi: атмосфера мен ландшафты қорғау; жер ресурстары мен жер қойнауының табиғи ресурстарын қорғау және

тиiмдi пайдалану; кен iстерiн жүргiзген уақытта пайда болған зиянды заттарды

залалсыздандыру; жер асты суларының қорларын таза күйiнде сақтау және өзендер мен су қоймаларын ластандырудан қорғау; жер ресурстарын тиiмдi пайдалану және қайтадан қалпына келтiру; кен өндiрiлiп болған жерлердi рекультивациялау.

Атмосфера мен ландшафтты ластанудан сақтау жолдары төмендегiдей: технологиялық процесстердi жаңалап жетiлдiру арқасында атмосфера мен ландшарфтқа шашылатын зиянды заттарды ұстап оларды залалсыздандыру; қабылданған технологиялық режимдердi қатаң сақтау;

- шаң шығаратын кеңiстiктердiң (авто жолдар отвалдардың) үстiн шаң шығармайтын заттармен қаптау. Карердiң отвалдарының үстiне, рекультивацияланған кенiш алаптарын құнарлы топырақтар қабатымен төсеп, көкөнiс, ағаштар отырғызу; өндiрiс алаңдарын ағаш отырғызған санитарлық зоналармен қоршау; тау – кен өнеркәсiбi кәсiпорындарының территориясына жасыл желек отырғызып және асфальттар төсеу арқылы санитарлық тиiмдi жағдай жасау.

Жер ресурстары мен жер қойнауындағы табиғи пайдалы қазындыларды тиiмдi пайдалану үшiн тау – кен өнеркәсiбiнiң жұмысына бөлiнген жерлердi ұтымды пайдалану, яғни өндiрiске қажет ғимараттар, коммуникациялар, авто және темiр жолдарға бөлiнген жерлер тиiмдi пайдаланылуға тиiстi. Бұларға арналған жерлердiң құнарлы топырағы алынып, сол объектiлердiң жан – жағына ағаш немесе көкөнiс отырғызу үшiн пайдалануы керек. Жер астындағы пайдалы қазындыларды ысырап қылмай алу үшiн жаңа технологиялар қолдануы қажет. Мысалы, толтырма қазу жүйелерiн пайдалану арқылы пайдалы қазындылардың жоғалту шегiн жою жатады.

Жер астындағы суларды ластану себебiнен жоғалтпау үшiн, арнайы скважиналар арқылы (таза сулар) сорылып алынып су қоймаларына жиналуға тиiс. Таза суларды арнайы скважиналар арқылы төменгi қабатққа түсiрiп, ондағы сулар мен бiрге су қоймаларына жинау.

Шахтадан ластанып шыққан суларды арнайы су қоймаларына жинап, онда оларды тазартып, қайтадан шахтадағы техникалық қажеттiкке жұмсау да, суларды тиiмдi пайдаланудың бiр түрiне жатады./10/

Қазiргi уақытта бүкiл дүние жүзiнiң адамзаты экология ғылымына аса назар аударуға мәжбүр болып отыр. Сондықтан жаңадан ашылатын кәсiпорындар экологиялық iс – шараларын орындамаса iске қосылмайды. Сонымен қатар мемлекеттiк экология мәселесiн қадағалау органдары да қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесiне аса көңiл бөлiп отыр.