Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САБИТ КУРМЕТТТТТТТТТТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
511 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

«Қабатаралық-камералық қазу жүйесімен кенорынын қазымдау» тақырыбы бойынша орындалған курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім анықтама жазбасы. Анықтама жазбасы сыртқы беттен, тапсырмадан, бағалау бетінен, мазмұнынан, негізгі мәтіннен, әдебиеттер тізімінен тұрады. Анықтама жазбасының көлемі 30 бет. Екінші бөлім графикалық бөлім. Графикалық бөлім А-1 форматты бетке орындалды

Курстық жұмысты орындау кезінде өндірістегі техника мен технологияның соңғы жетістіктерін, механикаландыру кешендерінің дамыған технологиялық схемасын, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін, қазбаны өтудің жоғары жылдамдығын пайдаландым. Курстық жұмыста күрделі, тілме, даярлау қазбаларының технологиясы, механикаландыру, ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады. Жобаны орындау кезінде қауіпсіздік техникасын ескере отырып анықтама әдебиеттер, мөлшер және типтік жобалар, сондай-ақ басқа да нормативтік құжаттар жетекшілікке алынды. Барлық сұрақтар қоршаған ортаны қорғау, пайдалы қазбаны тиімді пайдалану талаптарын ескеріп шешілді.

Бірінші бөлімде кеніштің жылдық өнімділігі мен қызмет уақыты анықталды. Есептеу нәтижесінде кеніштің жылдық өнімділігі 3875040 т, күндік өнімділігі 10616 т/күн, ауысымдық өнімділігі 1651 т/ауысым, қызмет уақыты 76 жыл анықталды.

Бұрғы атпалық жұмысының техника экономикалық көрсеткіштері: бұрғылайтын қабат ауданы 115400м2, ұңғымалар саны 14, бір жарылыстан уатылып түскен кен көлемі 4375м3, теспелердің жалпы ұзындығы 511,2 м, жарылғыш заттың меншікті шығыны 1,4 кг/ .

Бұрғылау машинасы ретінде СОЛО қондырғысы таңдап алынды. Бұрғылаудың ауысымдық өнімділігі 10 м. Ауысымдық өнімділікті орындау үшін 1 бұрғы қондырғысы қажет.

Оқтамдау үшін CHARMEC LC605DA оқтамдау машинасы таңдап алынды. Ауысымдық өнімділікті орындау үшін 1 оқтамдау машинасы қажет. Оқтамдау машинасының ауысымдық өнімділігі 244 м.

Қопарылып түскен кенді тиеуге САТ-980H машинасын таңдап алдым. Тиеу машинасының ауысымдық өнімділігі 1526т. Ауысымдық өнімділікті орындау үшін 6 тиеу машинасы қажет.

Кенді кенқұдыққа дейін жеткізу үшін TORO-50+ машинасын таңдап алдым. Машина рейсінің ұзақтығы 17 мин. Бір машинаның ауысымда орындайтын рейс саны 22. Жалпы ауысымдық өнімділікті орындау үшін 6 машина қажет.

Кенішті желдетуге қажет ауа мөлшері адам санына, жарылыс жұмысын жүргізу кезіндегі бөлінетін газдың мөлшеріне, машиналар санына байланысты анықталды. Тазалау кенжарын желдету үшін 64396м3/мин ауа қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Ергалиев Ә.,Ұлықбеков О., Бектiбаев Ә. Кен байлығы – ел байлығы. -Алматы.: Қазақстан, 1977

  2. Әбдіраман Ш. Жерасты кен қазу технологиясы. -Алматы :Білім, 1999

  3. Агошков М.И., Борисов С.С.,Боярский В.А. Разработка рудных и нерудных месторождений. - М.: Недра, 1979

  4. Именитов В.Р. Процессы подземных горных работ. - М.: Недра, 1978

  5. Гребенюка В. А. Пыжьянова Я. С. Ерофеева И. Е. Справочник по горно-рудному делу. - М.:Недра, 1983

  6. Баранов А. О. Расчет параметров технологических процессов подземной добычи руд. - М.: Недра, 1985

  7. Сарсенбаева А.М. «Кен ісі және бұрғы атпалық жұмыстар» пәнінен орындалған әдістемелік нұсқау. Сатпаев, 2007

  8. Ушаков К. З. Рудничная вентиляция.- М.:Недра,1988

  9. ЕПБ при взрывных работах. - Алматы,: Госгортехиздат. 1994

  10. Ушаков К. З. Охрана труда. – М.: Недра, 1986