- •База экзаменационных тестовых заданий по элективу «Емхана жағдайында туа пайда болған және созылмалы патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау және зертханалық мониторлау»
- •Матрица тестовых заданий электива по дисциплине - "Амбулаторно-поликлиническая педиатрия» (2 кредита – 90 часов)
- •*Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *1*6*1*
- •*Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *2*18*2*
- •*Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *3*16*2*
- •*Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *4*10*1*
- •*Ревматкалық аурулары және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *1*8*1*
- •*Ревматкалық аурулары және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *2*20*2*
- •*Ревматкалық аурулары және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *3*12*1*
- •*! Ұл бала 10 жаста. Бала «Жедел ревматикалық қызба, миокардит» диагнозымен «д» есепке алынды. Бұл науқастың ары қарай жүргізуінде экг, эхо-кг жоспарланған.
- •*Ревматкалық аурулары және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *4*10*1*
- •*! Ревматикалық митральды қақпақшаның стенозына төменде көрсетілген белгілердің қайсылары тән?
- •*! Ұл бала 9 жаста. Балада баспадан соң 3 аптадан кейін «ревматикалық хорея жүрек қатысуынсыз» диагнозы қойылды. Осы ауруға қандай маманның кеңесі ең тиімді?
- •*Ревматикалық емес миокардит және вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *1*8*1*
- •*Ревматикалық емес миокардит және вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *2*13*1*
- •Ревматикалық емес миокардит және вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *3*19*2*
- •Ревматикалық емес миокардит және вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *4*10*1*
- •*Дәнекер тіндердің диффузды аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *1*9*1*
- •*Дәнекер тіндердің диффузды аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *2*12*1*
- •*Дәнекер тіндердің диффузды аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *3*19*2*
- •*Дәнекер тіндердің диффузды аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *4*10*1*
- •*Зәр шығару жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *1*13*1*
- •*Зәр шығару жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *2*20*2*
- •Зәр шығару жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *3*7*1*
- •Зәр шығару жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *4*10*1*
- •*Қан және иммунитет патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *1*6*1*
- •*Қан және иммунитет патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *2*14*1*
- •*Қан және иммунитет патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *3*20*2*
- •*Қан және иммунитет патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *4*10*1*
*Ревматикалық емес миокардит және вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *1*8*1*
#151
*! Ревматикалық емес миокардиті бар балаларды диспансерлік бақылаудың аса ықтимал ұзақтығы қандай?
* 1 жыл
* + 3 жыл
* 4 жыл
* 5 жыл
* Есептен шығарылмайды
#152
*! Вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылаудың аса ықтимал ұзақтығы қандай?
* 1 жыл
* +2 жыл
* 3 жыл
* 5 жыл
* «Д» есептен шығарылмайды
#153
*! Төмендегі есепке алу құжаттарының қайсысы диспансерлік бақылаудың бақылау картасы болып табылады?
* 063/у
* 038/у
*+ 030/у
* 112/у
* 031/у
#154
*! Бала 10 жаста, кардиоревматологиялық стационарда ревматикалық емес миокардитпен емделді. Ары қарай емделу үшін бала төмендегі бөлімшелердің қайсысына жіберілуі мүмкін?
* Денсаулықты нығайту орталығы
* Қалалық кардиологиялық орталық
* Арнайы кардиоревматологиялық бөлімше
* + Арнайы кардиоревматологиялық санаторий
* Балалар емханасының кардиоревматологиялық бөлмесі
#155
*! Бала 7 жаста, вирусты этиологиялы ревматикалық емес кардитпен емделіп кардиоревматологиялық стационардан шықты. Оған ұзақ диспансерлік бақылау қажет. Жүрек-қантамыр жүйесі патологиясы бар балаларды диспансеризациялау үшін аса ыңғайлы бөлімше қандай?
* Денсаулықты нығайту орталығы
* Қалалық кардиологиялық орталық
* Арнайы кардиоревматологиялық бөлімше
* Арнайы кардиоревматологиялық санаторий
* +Балалар емханасының кардиоревматологиялық бөлмесі
#156
*! Ревматикалық емес кардит дамуының аса жиі себебі болады:
* +Вирусты жұқпа
* Бактериальды жұқпа
* Тағамдық аллергендер әсері
* Химиялық факторлар әсері (дәрілік препараттар)
* Биологиялық факторлар әсері (вакцина, сарысу)
#157
*! Ревматикалық емес миокардит бар балаларды аса ықтимал диспансерлік бақылау ұзақтығы қандай?
* 1 жыл
* +3 жыл
* 4 жыл
* 5 жыл
* Есептен шығарылмайды
#158
*! Вегетотамырлық дистониясы бар балаларды аса ықтимал диспансерлік бақылау ұзақтығы қандай?
* 1 жыл
* + 2 жыл
* 3 жыл
* 5 жыл
* «Д» есептен шығарылмайды
*Ревматикалық емес миокардит және вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау *2*13*1*
#159
*! Ревматикалық емес кардиті бар балаға жүрек жетіспеушілігі белгілері күшеюіне байланысты зәр айдағыш дәрілер тағайындалды. ЭКГ тексеруі кезінде гипокалиемия дамығаны туралы белгі анықталды. Бала организмінде калий деңгейі төмендегені туралы білдіретін ЭКГ аса ықтимал өзгерістері қандай?
* Экстрасистолия
* Синусты тахикардия
* Жүрекшенің жыпылықтауы
* + ST сегменті изосызықтан төмен
* Гис будасының оң аяғының блокадасы
#160
*! Жүрек ырғағы бұзылысымен ревматикалық емес кардитпен ауырған бала ұзақ уақыт калий препараттарымен кардиотропты ем алды. ЭКГ тексеруі кезінде гиперкалиемия дамығаны туралы белгі анықталды. Бала организмінде калий деңгейі жоғарылағаны туралы білдіретін ЭКГ-дағы аса ықтимал өзгерістері қандай?
* Экстрасистолия
* + T- тісшесі жоғары
* Синусты тахикардия
* Жүрекшенің жыпылықтауы
* Гис будасының оң аяғының блокадасы
#161
*! Бала 10 жаста, қарап тексеру кезінде терісі мәрмәр түсті, бетінің түсі өзгермелі, қолдары ылғалды, суық, көп терлейді. Инфекциялық аурулармен жиі ауырады, аллергиялық реакцияға бейім. Төмендігі клиникалық көрініс қандай патологияға аса тән?
* Митральды қақпақшаның пролапсы
* +Вегетотамырлық дистония
* Ревматикалық емес кардит
* Ревматикалық қызба
* Кардиомиопатия
#162
*! Бала 9 жаста, жүрек ауруына, аздаған дене жүктемесі кезінде жүрек қағуына, жүректің шалыс соғуына, естен тануға шағымданады. Ваготония кезінде функциялық кардиопатияның қандай көрінісі тағы да аса тән?
* +Систолалық АҚҚ төмендеуі
* Пульстік қысымның жоғарылауы
* Систолалық АҚҚ жоғарылауы
* Диастолалық қысымның төмендеуі
* Диастолалық қысымның жоғарылауы
#163
*! Бала 10 жаста, басының, жүрегінің ауыруына, көңіл-күйінің құбылмалығына, тез ашулануға, ұйқысының мазасыздығына шағымданады. Қараған кезде жүрек шекарасы қалыпты, қатты, тарсылдаған тон, қысқа функциялық систолалық шу.
Вегетотамырлық дистония кезінде симпатикотонияның қандай клиникалық көрінісі аса тән?
* Синусты аритмия
* Естен тану жағдайы
* Систолалық АҚҚ төмендеуі
* Диастолалық АҚҚ төмендеуі
* + Систолалық АҚҚ жоғарылауы
#164
*! Ревматикалық емес кардит көбінесе мына жағдайда дамиды:
* Ерте реконвалесценция фазасында (бірінші аптаның соңы немесе екінші аптада ауру
басталғанда)
*+ Инфекциялық аурудың қызба кезеңі жоғары болатын алғашқы күндері
* Кеш реконвалесценция фазасында (үшінші апта және кейін)
* Ауырғаннан кейін 4 аптадан соң
* Ауырғаннан кейін 2-3 айдан соң
#165
*! Он жастағы баланы қараған кезде терісі мәрмәр тәрізді, бетінің түсі ауыспалы, қолдары ылғалды, суық, қатты тершеңдік байқалады. Инфекциялық аурулармен жиі ауырады, аллергиялық реакцияға бейім.
Осы клиникалық көрініс қандай патологияға аса тән?
* Митральды қақпақшаның пролапсына
*+ Вегето тамырлық дистониға
* Ревматизмдік емес кардитке
* Ревматизмдік қызбаға
* Кардиомиопатияға
#166
*! Қыз бала 12 жаста, жүректің шаншып ауруына, аздаған дене жүктемесі кезінде жүрек қағуына, жүректің шалыс соғуына, бас айналуына, естен тануға шағымданады. Ваготония кезінде функциялық кардиопатияның қандай көрінісі тағы да аса тән?
* +Систолалық АҚҚ төмендеуі
* Пульстік қысымның жоғарылауы
* Систолалық АҚҚ жоғарылауы
* Диастолалық қысымның төмендеуі
* Диастолалық қысымның жоғарылауы
#167
*! Бала 13 жаста, басының, жүрегінің ауыруына, көңіл-күйінің құбылмалығына, тез ашулануға, ұйқысының мазасыздығына шағымданады. Қараған кезде жүрек қызметі қанағаттанарлық, қысқа функциялық систолалық шу.
Вегетотамырлық дистония кезінде симпатикотонияның аса тән клиникалық көрінісі
* Синусты аритмия
* Естен тану жағдайы
* Систолалық АҚҚ төмендеуі
* Диастолалық АҚҚ төмендеуі
*+ Систолалық АҚҚ жоғарылауы
#168
*! Бала 3 айлық. Дене салмағын нашар қосуға, емізу кезінде тез шаршайтынына және ентігуге шағымданады. Қараған кезде бозарған, енжар, кеудесі жүрек тұсында ісінген, тондары тұйық. Жүктіліктің ерте кезеңінде анасы ЖРВИ-мен ауырғаны белгілі. ЭКГ-да қарынша кешені тістерінің вольтажы жоғары, рентгенограммада жүрек көлеңкесі шар тәрізді.
Аталған диагноздың қайсысы аса ықтимал?
* Кеш туа біткен кардит
*+ Ерте туа біткен кардит
* Туа біткен жүрек ақауы
* Ревматизмдік емес кардит
* Кардиомиопатия
#169
*! Бала 4 жаста, ЖРВИ-мен ауырған. Ауырған соң бірнеше айдан кейін жағдайы нашарлап, әлсіздік, тез шаршағыштық, дене жүктемесінен кейін ентігу пайда болды. Қараған кезде кішірек жүрек бүкірі анықталды, жүрек үні қатты, систолалық шу, өкпе артериясының ІІ үнінің акценті. ЭКГ тексеруі кезінде – өткізгіш жүйе бұзылуы белгілері, жүректің электрлі осі солға ауытқыған. Рентгенограммада қарынша мен жүрекшелер үлкейген.
Төмендегі диагноздың қайсысы аса ықтимал?
* Кардиомиопатия
* Созылмалы кардит
* Туа біткен кардит
* Жүре пайда болған кардит, жедел ағымы
*+ Жүре пайда болған кардит, жеделдеу ағымы
#170
*! Бала 5 жаста. 2 жаста жедел пневмониямен ауырған. Дене дамуы артта қалған, дене жүктемесін нашар қабылдайды. Анамнезінде қайталамалы пневмония, бронхит, естен тану ұстамасы, құсу. Қараған кезде жүрек шекарасы кеңейген, айқын жүрек бүкірі, жоғарғы соққы әлсіз, систолалық шу, жүрек соғуы бұзылған, гепатомегалия.
Осы клиникалық көріністер қандай патологияға аса тән?
* Кардиомиопатия
* Туа біткен кардит
* Ревматизмдік емес кардит, жедел ағымы
*+ Ревматизмдік емес кардит, созылмалы ағымы
* Ревматизмдік емес кардит, жеделдеу ағымы
#171
*! Вегетотамырлық дистониясы бар балалар бас ауруына жиі шағымданады. Бұл балалар нейроциркулярлы дистония диагнозымен неврологтың бақылауында тұрады. НЦД дамуына көп жағдайда әсер етеді:
* Баланың темпераменті мен тұлғалық ерекшеліктері
* Жеке басының психоневрологиялық өзгерістері
* + ОЖЖ резидуальды-органикалық бұзылысы
* Дамудың диспропорциясы
* Тұқым қуалаушылық
