Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

III Жаңа сабақ.

VI- VIІ ғасырларда Үндістанда феодалық қатынас толықүстемдік ала бастады. Ганг мен Үнді өзендерін мекендеген тайпалар мемлекеттік бірлестік құруға бет алды. Үндістандағы тайпалардың біртұтас халық болып қалптасуына ортақ мәдениет мен тілдік ерекшеліктер болды. ІV- VI ғасырларда Магадхи жерінде Гупта мемлекетінің қалыптасты. Гупта мемлекетін Чандрагупта басқарған болатын. Оның баласы Самудрагупта кезіндеГупта мемлекетінің аумағы бүкіл Солтүстік Үндістанды алып жатты. VIІ-ХІІ ғасырларда Үнді жерінде феодалдық қатынастар тереңдей түсті. Мүлік теңсіздігі күшейіп, феодалдық таптар қалыптасты. Бүкіл жер патша иелігінде болды, яғни жер мемлекет меншігі болып саналды. Патша бүкіл жерін 4 иелікке бөлді: 1) мемлекеттік мүддеге пайдаланатын жер, 2) патша қызметкерлеріне арналған жер, 3) көзге түскен адамдарға сыйға тартылған жер, 4) дін қызметкерлеріне беретін жер. Ірі феодалдық жерлер кейін мұрагерлікке берілген болатын. Осы жерлерде феодалдар өз отбасыларымен тұрды. Әскерилер шаруалардың қауымдық жерін тартып алу арқылы өз жер иеліктерін кеңейтті. Нәтижесінде шаруалар жерсіз қалып кедейлене берді. Шаруалар қауымы феодалға салық ьөлептұруға міндетті болды. Салық төлей алмаған шаруалар қауымнан қуылды. Кей уақытта патша жарлығымен жер онда тұратын шаруалармен қоса берілген кездері болды.

ОртағасырлықҮндістанның бір ерекшелігі – кастаға блінуі болды. Әр кастаныңфеодалдыққоғам өмірінде белгілі орны болды. Индумзм діні касталық жүйенің ерекшеліктерін біле тұра оны қолдады. Индуизм әр түрлі дәни нанымдарды қамтыды. Индуизм нанымы бойынша 3 құдай болды: Брахма, Вишну және Шива. Киелі нәрсеге табынушылық іздері қазіргі күндері де кездеседі – үнділер Ганг өзенің, жануарлардан сиыды, өсімдіктерден лотосты киелі деп санады. ІV-VIІ ғасрларда Үндістанда Будда діні дамыды. Қазіргі кезде осы дін өкілдері Қытай, Жапония, Моңғолия, Бурят және Саха елдерінде бар. VIІІ ғасырда Үндістанды арабтар жаулап алғаннан соң Үндістанда ислам діні тарай бастайды.

Тапсырма кезеңі.

Үндістанда касталық жүйедегі сасалаларға сипаттама беру

IV.Жаңа сабақты бекіту.

  1. Үндістанда Гупта мемлекеті қашан құрылды ?

  2. Гупта мемлекетінің құлау ерекшеліктері ?

  3. Ұлы моғол империясын құрған кім ?

  4. Үнді халқының қасиетті нәрселерін атандар ?

  5. Үндістанда ғылымның қандай салалары дамыды ?

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: 28, 29 параграфтарды оқу, Үндістандағы жер иелену түрлеріне анықтама.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:__________

Пән: Ортағасырлардағы дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Түркия.

Сабақтың мақсаты:

  • Орта ғасырларда Кіші Азия жерінде Осман империясының қалыптасуын таныстыра отырып, оның пайда болуы туралы, шаруашылығы, саясаты туралы ғылым мен мәдениеті жайлы жан-жақты әңгімелеу;

  • Оқушыларды тақырыпты таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;

  • Оқушылардың мәдениеті, тарихы, басқару құрылымы жайлы айта келе оларда өзге халықтардың ерекшеліктерін құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: шағын дәріс, баяндама, белсенділік арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Үндістандағы жер иеленудің түрлеріне сипаттама.

  • Мемлекеттік мүддеге пайдаланылатын жер;

  • Патша қызметкерлеріне арналған;

  • Асқан қабілетімен көзге түскен адамдарға сыйға тартылған жер иеліктері;

  • Дін қызметкрлеріне берілетін жер.

  1. Үнді қоғамының бөліну иерархиясының құрылымы ?

  2. Үнділіктердің қасиетті нәрселер ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Осман империясының құрылуы.

  2. Осман империясының құрылымы.