Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

III.Жаңа сабақ.

Әбу Насыр әл Фараби. Шығыстың дүние жүзіне әйгілі, көрнекті ғалымы Әл Фараби туралы баяндағанда оның суретін, карта, тірек кестені пайдалана отырып, өмірі мен ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат беріледі. Әл Фараби әдебиет теориясымен жан - жақты шұғылданған ғалым. Осыған байланысты ғалымның еңбектерімен таныстырылады. Әбу Райхан әл - Бируни – энциклопедист ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т. б. ғылым салаларынан 150 – ден астам. еңбектер жазып қалдырған. Ғұламаның атақты «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл таста» еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.

Махмуд Қашқари. Тақырып сызба арқылы түсіндіріледі. Тіл білімінің дамуы оның шығармалары туралы түсінік беріледі. М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат - түрік» қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл еңбектің көшірме қолжазбасы ХХ ғ. бас кезінде табылған. 2. Жүсіп Баласағұни – ХІғ. Аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі, қоғам қайраткері, энциклопедист ғалым. Ақын өмірі мен ақындық қызметі жолында кейбір деректерді «Құдатғу білік» еңбегі бар. VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады.

Ғалымдардың аты – жөні Зерттеген салалары мен бағыттары Еңбектері Әбу Насыр әл - Фараби (870 - 950жж.) Махмуд Қашқари (1030 - 1090жж.) Жүсіп Баласағұни (1021 - 1075жж.) философия, әлемтану, математика, физика, астрономия, ботаника, музыка т. б ертедегі түрік тілін алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеген, түрік тілінің түсіндірме сөздігін жасаған бірінші ғалым. Философия, астрономия, алгебрат. б «Музыканың ұлы кітабы»,«Музыка ғылымы туралы пікірлер»т. б. «Диуани лұғат ат - түрік» Түрік тілдерінің сөздігі «Құдатғу білік»

IV.Жаңа сабақты бекіту.

«Жұлдызды сәт» ойыны 1. Әбу Насыр әл - Фараби қай жерлерде білім алған? 2. Әбу Райхан әл - Бируни аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан? 3. Махмуд Қашқаридың еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді? 4. Қожа Ахмет Йасауидің әулелігі неде? 5. Қожа Ахмет Йасауиден қалған ұлы мұра 6. Отырар қаласында туған шығыстың аса көрнекті ғалымы