Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қытай Халық Республикасы қашан жарияланды ?

  2. 1950-шы жылдардағы Қытай экономикалық дамуы ?

  3. «Мәдени революция» қай жылдары болып өтті, оның көрінісі неден көрініс тапты ?

V. Бағалау:

1) Ақжолов Д. - _____ ;

2) Аятова Ә. - ______.

VI. Үйге тапсырма: параграф 22, оқу.

Мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 10 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ауғанстан және Иран.

Сабақтың мақсаты:

  • Иран мен Ауғанстанның Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайының сипатын түсiндiру, Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiн де Иран мен Ағанстанның Еуропаға тәуелді айта келiп, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi Азия, Африка елдерiнiң соғысқа қатысуына тоқталу.

  • Иран мен Ауғанстанның даму жолына сипаттама бере отыра, оларды сол кездегі Қазақстанмен салыстыруға үйрету;

  • Оқушылардың Иран мен Ауғанстанның халқының жағдайына түсіністікпен қарауға үйрету, оларда патриоттық сезімдерді қалыптастыру, отансүйгіштік сезімдерді дамыту.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қытай мен Моңғолияны не себепті КСРО өз бақылауында ұстады ?

  2. Гоминьданның Қытайдағы ықпалына баға беру.

  3. Осы кездегі Моңғолияның экономикалық деңгейі ?

  4. Не себепті Қытай саяси жағынан Қытайды біріктірді, оны алдағы уақытта өз бақылауында ұстады ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХХ ғасырдың басындағы Иран, ұлт-азаттық қозғалыстар.

  2. 1921-1945 ж.ж. Иранның экономикалық даму.

  3. Соғысаралық кезеңіндегі Ауғанстан.

III. Жаңа сабақ.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн, 50 мыңнан астам ағылшын әскери тобы Иран жерiндегi үстемдiгiн барынша тұрақтандыруға тырысты. Ирандағы Восуг од-Дауле үкiметi 1919 жылы 9 тамызда ағылшын-иран келiсiмшартына қол қойып, ағылшындар елдi өз қамқорлығына алды.

Реза шах Пехлеви Әдiлетсiз келiсiмшарт халықтың жаппай наразылығын тудырып, ирандықтар Әзiрбайжанда, Гилян, Хорасан аймақтарында ұлт- азаттық күрестiң алғашқы ошақтарын тұтатты. Солтүстiк Ирандағы Гилян провинциясының азаттық күресiнiң басында демократиялық саяси көзқарасты жақтайтын Көшек хан тұрды.

Ағылшындардың үстемдiгi Иран армиясындағы ұлттық офицерлер тобының наразылығын тудырды. Парсы дивизиясының басшысы полковник Реза шах армияны шетел үстемдiгiнен құтқарып, оның тәуелсiздiгiн бекiту ең маңызды мiндеттiң бiрi деп санады. Реза шах бастаған әскер тобы Тегеранға өтiп, мемлекеттiк төңкерiс ұйымдастырды. Соғыс жылдарында едәуiр күшейiп алған Иранның ұлттық буржуазиялық топтары күштi билiктi аңсады. 1925 жылдың 31 қазанында Иран мәжiлiсi Каджар әулетiн билiктен кетiрiп, саяси билiктi жаңа патшаға тапсырды. Полковник Реза шах Пехлеви әулетi билiк жүргiзiп, тәртiптi қатайтты.

Иранда неміс ықпалы күшейе бастады, Ресей мен Англия германияға қарсы бірігіп, өзінің ықпалын бүкіл елге таратты.

ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында мемлекеттiк құрылыс жөнiндегi мәселе бойынша ауған зиялы қауым өкiлдерiнiң арасында “үлкен ауғандықтар” және “жас ауғандықтар” тобы байқалды. 1919 жылы 20 ақпан күнi сарай төңкерiсi барысында Аманолла хан таққа отырды. Бiрiншi болып Кеңес үкiметi Ауғанстанның тәуелсiздiгiн мойындады.