Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Араб елдеріне қайсысы елдер жатады ?

  2. Осы елдердіңЕуропа елдерімен қарым-қатынассы ?

  3. Араб елдердің экономикалық жағдайы ?

  4. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіңдегі Араб елдер қай жағында соғысты ?

  5. І дүниежүзілік соғыс аяқталғанна соң Араб елдердің тағдыры қандай болды ?

V. Бағалау:

1) Ақжолов Д. - _____ ;

2) Аятова Ә. - ______.

VI. Үйге тапсырма: параграф 12, оқу, Араб елдері туралы қосымша ақпарат қарастыру.

Сынып: 10 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Африка елдері.

Сабақтың мақсаты:

  • Африка елдердің Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайының сипатын түсiндiру, Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiн де Африка елдерінің Еуропаға тәуелді болуы туралы айта келiп, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi Азия, Африка елдерiнiң соғысқа қатысуына тоқталу;

  • Африка елдердің ХХ ғ-да болып өткен қозғалыстарға сипаттама бере отыра оқушылардың салыстыру дағдаларының қалыптасуына әсер ету;

  • Тарихи фактілерге талдау жасап, қорытынды шығаруға баулу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Германияның ықпалы қашан көрініс таба бастады ?

  2. Араб елдері І дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта қандай күйде болды ?

  3. «Джихад» дегенді қалай түсінесіндер ?

  4. Араб түбегіндегі елдердің ішкі саяси жағдай, соғысаралық кезеңіндегі ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Африка елдері.

  2. Әлеуметтік-экономикалық даму.

  3. Саяси жағдай мен ұлт-азаттық қозғалыстар.

  4. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Африка.

III. Жаңа сабақ.

Соғыс кезiнде Африканың табиғи байлығы, халқы отаршылдардың мүддесiне қызмет еттi. Англия әскер қатарына 25 мыңнан астам қара нәсiлдiлердi шақырса, Франция әскерiнде солардың 250 мыңға жуығы сапқа тұрғызылды. Олар осы құрлықта, Еуропада болған шайқастарға қатысты. Африкалықтарды Бельгия, Германия, Италия да соғыс қимылдарына тартты. 20—30-жылдарда Африка елдерiнде шетел үстемдiгi нығая түстi. Аймақтағы барлың елдердiң экономикасы бiржақты болып, дәндi-дақылдардың бiр ғана түрiн өсiруге дағдыланды. Ағылшындар иеленген Батыс Африкадағы отарларда темiржолдар салынып, кейбiр өндiрiс орындары пайда болды.

Шығыс Африкадағы отарларда да iрi плантациялар, жолдар, тау-кен өндiрiсi салынды. Ең құнарлы жерлер ақ нәсiлдiлерге — фермерлерге тегiн, болмаса 99 жылға дейiн жалға берiлдi. Франция отарлары ағылшындарға қарағанда нашар дамыды.

Осы аймақтардағы көптеген елдерде империалистер мен отаршылдарға деген қарсылық қалыптасты. Олардың басында бұрын феодалдық көсемдер тұрса, ендi саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құрылып, оған жұмысшылар мен буржуазиялық топтар қосылды. Сомали халқы 1899 жылдан бастап 1921 жылға дейiн көтерiлiсiн тоқтатпай келдi. Оның белгiлi жетекшiсiн Мұх ибн Абдалла Хасанды ағылшындар “құтырған молда” дейтiн, өйткенi ол шағын күшпен отаршылдарға тыныштық бермей күрестi. Африканың оянуына басқа елдердегi оқиғалар да өз әсерiн тигiзiп келгенi белгiлi. Ресейдегi, Қытайдағы, Үндiстандағы, Шығыс Арабиядағы революциялар мен толқулар, Еуропадағы жұмысшы қозғалыстары туралы мәлiметтер бiртiндеп бұқара халық арасына тарады. Бұл жерде, әсiресе панафриканизм идеялары жаңадан қалыптасып келе жатқан Африка зиялы топтарына айтарлықтай ықпал еттi. Панафрикалық қозғалысқа Африкадан бiлiмдi жастар тартылды. Солардың бiрi Кваме Нкрума, кейiн ол өз елi Гананы Африканың бiрiншi тәуелсiз мемлекетi ретiнде әлемге танытты.

ІІ соғыс қимылдары бұл аймақта тек Эфиопия, Эритрея, Сомали жерлерiнде жүрдi. Италия фашистерi 30-жылдардың ортасында-ақ Эфиопияны жаулауға кiрiстi.