Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Ағылшындардың Ирандағы ықпалына халыққа қалай қарады ?

  2. Ирандағы кеңестік республика құру әрекеті не себепті сәтсіздікке ұшырады ?

  3. Реза шахтың Иранды басқару ісіне қосқан үлесі ?

  4. Осы кездегі Ауғанстанда саяси жағдай қандай болды ? Оны сипаттандар.

V. Бағалау:

1) Ақжолов Д. - _____ ;

2) Аятова Ә. - ______.

VI. Үйге тапсырма: параграф 11, оқу, мазмұндау.

Сынып: 10 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Үндістан.

Сабақтың мақсаты:

  • Үндістанның Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайының сипатын түсiндiру, Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiн де Үндістанның Еуропаға тәуелді болуы туралы айта келiп, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi Азия, Африка елдерiнiң соғысқа қатысуына тоқталу;

  • Үндістанның ХХ ғ-да болып өткен қозғалыстарға сипаттама бере отыра оқушылардың салыстыру дағдаларының қалыптасуына әсер ету;

  • Тарихи фактілерге талдау жасап, қорытынды шығаруға баулу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Иранда герман ықпалына қарсы пайда болған күштер ?

  2. Кеңес және ағылшын күштерінің Ирандағы шоғырлануын сипаттау.

  3. Иранда кеңестік тәртіпті орнатуға ат салысқан тұлғаның есімі ?

  4. Ауғанстан аумағында мемлекеттік қатынастарды реттеу жөніндегі құрылған ұйым ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХХ ғасырдың бас кезіңдегі Үндістан.

  2. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Үндістан.

  3. Саяси күрес жылдарындағы Үндістан.

  4. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Үндістан.

III. Жаңа сабақ.

Әскери-саяси билiк ағылшын вице-королiнiң қолында болды, ол генерал-губернатор қызметiн де атқарды. Үндi капиталы, негiзiнен, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiне (мата, терi, т.б. өндiрiсi) бағытталды. Үндiлiктердiң 80% кәсiпорындары ескi жабдықтармен жұмыс iстедi және жұмысшылар мен қолөнершiлердiң қол еңбегiн пайдаланды.

Соѕыс жылдарында халықтың тұрмысы нашарлап кеттi. Салық төлемi күрт өссе, ақша құны төмендеп, елде құнсыздану жайлады. өндiрiс заттары, тамақ қымбаттап, қала тұрғындары мен шаруалар күйзелiске ұшырады. Миллиондаған шаруалар уақытында салық төлей алмай, жерден айырылып, қаңғырып қалды. Кедейленген бұқара халық қалаларға қарай жылжыды.

Ағылшындарға 1927 жылға дейiн тыныштық орнады. Отаршылдық үкiмет тәртiптi қатайта түстi. 1927 жылдың соңында ҮҰК “Пурна сварадж” (толық тәуелсiздiкке жету) — елдiң түпкi мақсаты деп белгiледi. Ганди болса Оңтљстiк Үндiстанда екi мәрте шағын сатьяграха ұйымдастырып, партия қызметiне көп араласпай жүрдi. 1927—1934 жылдары шаруашылық күйзелiске душар болды. Әлемдiк экономикалық дағдарыс 1929 жылдан кейiн елдiң жағдайын күрт төмендетiп жiбердi. Дағдарыс кезiндегi халық наразылығы ұлт-азаттық қозғалыстың өршуiне апарды. Оның бiр көрiнiсiн 1930 жылы етек алған тұз шеруiнен байқауға болады.

1930 жылдың жазында Саймон комиссиясы Үндiстан Конституциясының жобасын дайындады. 1935 жылы тамызда Англия парламентi Үндiстанды басқару туралы жаңа заң қабылдады. Ол тарихқа “1935 жылѕы Үндiстан Конституциясы” деген атаумен ендi. Британ Үндiстаны мен князьдiктердiң федерациясы осы елдiң құрамын қамтыды.