Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ревматоидт.остеоартраз.подагра555.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер.

  • Базистік дәрмектер.

  • Иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен шаралар.

  • Жергілікті ем және дәрмектерді буын ішіне енгізу.

  • Физиотерапия.

  • Емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу.

  • Санаторлық-курорттық ем.

  • Хирургиялық ем.

  • Реабилитация.

  • Диспансерлеу.

Буын синдромы басым түрлерінде қабыну процесін тез қайтаратын дәрмекті және "базистік" аталатын дәрмектердің біреуін қолданады. Қабынуды тез қайтарса қабыну ошағынан бөлінетін антигендердің мөлшері азайып, аутоиммундық процестің өрістеуі баяуланады. Осы мақсатта стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектер (СҚКД) және глюкокортикоидтар қолданылады.

Ең жиі қолданатындар: напроксен (0,75-1 г тәулігіне), вольтарен, индометацин (150 мг тәулігіне) және ибупрофен (бруфен) - (1,2-1,6 г тәулігіне). Вольтарен синовий қабығы мен сұйықтығында биік кон-центрацияда жиналады, сондықтан оның артриттегі қабынуға қарсы әсері басқаларынан күштілеу. Осыған байланысты вольтарен ревматоидтық артриттің емінде ең тиімді қабынуға қарсы дәрмек саналады.

СҚКД-ді қолданғанда бұлардың жанама әсерлерін ескеру қажет.

2) қабыну мен ауырсыну медиаторларының (ең алдымен проста-гландиндердің, лейкотриендердің) синтезіне қатысты ферменттерді немесе осылардың рецепторларын селективті тежейтін дәрмектерді табу жолын іздестіру. Бұл кезде дәрмектік гастропатияны болдырмау үшін стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектерден циклоксигеназа-2 (ЦОГ-2) ингибиторлары қолданылуда (целебрекс 200 мг күніне 2 рет, нимесулид 100 мг күніне 2 per). ЦОГ-2 ингибиторлары асқазанды қорғайтын простагландиндердің синтезіне қатысатын циклоксигеназа-1-ді тежемейді. Сондықтан, ұзақ қолданғанның өзінде асқазанды зақымдамайды.

Кортикостероидтық дәрмектер. Глюкокортикостероидтарды жүйелі және жергілікті әдістермен (буынның бетінен немесе ішіне салып) енгізеді. Жүйелі қолдану әдісін сирек пайдаланған жөн. Жүйелі емге колданатын глюкокортикоидтар:

преднизолон (преднизон) - 0,005 г таблеткада немесе ампулада 1 мл - 30 мг (вена ішіне, бұлшықетке салуға арналған);

триамциналон (полькортолон, берликорт, кенакорт) — 0,004 г таблетка түрінде;

кеналог-40 (1 мл 40 мг триамциналон) - бұлшықетке салуға арналған;

дексаметазон (дексазон, дексон) - таблетка түрінде 0,0005 г және 0,000075 г, ампула түрінде (Імл 4 мг дексаметазон-21-фосфаттың натрийлік тұзы бар) бұлшықетке, венаға салуға арналған;

метилпреднизолон 0,004 г таблетка түрінде және бұлшықетке,

венаға салынатын ампула түрінде (20, 40, 8 мг метилпреднизолон натрий сукцинаты бар);

6) солу-медрол - метилпреднизолон натрий сукцинатыньщ 40, 125, 250, 500, 1000 және 2000 мг флаконда шығарылатын түрі;

7) депо-медрол - 1 мл 0,04 г метилпреднизолон ацетатының ұзақ әсерлі бұлшықетке салынатын суспензиялық түрі;

Базистік дәрмектер. Базистік дәрмектер ревматоидтық артриттің өрістеуін бөгейді. Базистік дәрмектердің қатарына жататындар:

  • алтын дәрмектері;

  • цитостатиктер;

  • Д-пеницилламин;

  • аминохинолин туындылары

  • сульфаниламидтер (сульфосалазин, салазопиридазин);

  • циклоспорин және тенидап, цитокиндерге және лимфоциттік антиген-дерге моноклондық антиденелер;

  • метациклин.

Базистік дәрмектер әсерінің жалпы ерекшеліктері:

  • баяу, 2-4 айдан кейін емдік әсер етуі;

  • кеселдің иммундық, лабораториялық клиникалық көріністерін едәуір қайтаруы;

  • буынның деструкциясын баяулатуы;

  • организмде қордалануынан, емді тоқтатқаннан кейін де, әсері бірнеше ай сақталуы.

Алтын дәрмектері.

Кризанол —Басында кризанолды аздау дозада, 0,5-1 мл 7 күнде бір-екі рет бұлшықетке салып байқайды, кейін аптасына 1 рет 2 мл 7-8 ай салады. Бұдан кейін, дәрмектің емдік әсері күмәнсіз болса, 3-4 ай 2 мл 2 аптада бір салынады.

Санакризин - кризанол тәрізді, 50 мг (алтыны 25 мг) бұлшықетке енгізеді.

Миокризин (тауредон)

Ауранафин (ридаура)

Иммундепрессанттар-цитостатиктер.

Метотрексат (аметоптерин, метиламиноптерин) Метотрексат 2,5 мг таблеткалық және 5 мг ампула түрінде шығарылады. Оны 2,5 мг аптасына 3 рет 12 сағат аралығымен ішкізеді (дүйсенбі күні сағат 8-де және 20-да, сейсенбіде сағат 8-де, содан кейін келесі дүйсенбіде ертеңгі сағат 8-ге дейін үзіліс жасайды). Осы схемамен қолданғанда емдік әсері күшейеді, жанама әсерлері, соның ішінде концерогендік әсерлері байқалмайды. Бірақ бұл схеманың өзінде кейде жаралы стоматит, терінің депигментациясы, алопеция, мегалобласттық анемия, бауыр фиброзы, пневмопатия, цитопения, бас ауыруы, ұйқышылдық, терінің қышуы, есекжем болуы мүмкін.

Циклофосфамид) (циклофосфан, эндоксан, цитоксан) - синтезделген хлорэтиламин тобының дәрмегі. Циклофосфан барлық иммункомпетентті жасушаларды тежейді: Т-хелперлерді, Т-супрессорларды, Т-эффекторлардың ізашар жасушаларын, В-лимфоциттерді, цитотоксиндік Т-киллерлерді. Циклофосфан 100-150 мг тәуліктік дозада 3-4 апта, кейін 12,5-75 мг, кейде 25 мг күн ара бұлшықетке салынады.

Имуран (азатиоприн) — 6-меркаптопуриннің синтезделген имидазольдік туындысы.

Имуран 0,05 г таблетка түрінде шығарылады; күніне 1 таблеткадан 3 рет 3-4 апта беріп, кейін 25-50-75 мг сүйемелдеуші дозаға ауыстырып, ұзақ ішкізеді. Проспидин - өзге цитостатиктерге қарағанда жанама және улық әсері шамалы. Ампулада 0,1 г шығарылады; 0,1 г натрий хлориді изотониялық ерітіндісінің 10 мл немесе 0,25% новокаин ерітіндісінің 10 мл ерітіп 8-12 күн, күн сайын вена ішіне немесе бұлшықетке енгізеді, кейін 5-6 инъекциясын күн ара жасайды, әрі қарай - 2 аптада 1 рет енгізеді. Курстық дозасы — 1,5-6 г.

Ревматоидтық артриттердің емінде цитостатиктердің ішінде ең тиімдісі – метотрексат.

Ревматоидтық артриттің емінде цитостатиктер 6-12 ай және одан да ұзақ қолданады.

Преднизолон мен циклофосфанды қосарлап жүргізілетін пульс-терапия:

1-ші күні 1000 мг циклофосфанды + 1000 мг метилпреднизолонды 300-400 мл натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісіне қосып, вена ішіне 30-40 минут тамшылатып енгізеді.

2-ші және 3-ші күндері метилпреднизолонды (1000 мг дозада), бір өзін тамшылатады.

Д пеницилламин (купренил, метилкаптаза) - синтезделген дәрмек, құрылымында пенициллин молекуласының бір бөлшегі бар цистеиннің диметилдік туындысы.

Д-пеницилламин - алтын дәрмектері тәрізді емдік әсері қуатты дәрмектердің бірі (80% ремиссия беретін).

Купренил - 0,15, 0,3 г капсула және 0,25 г таблетка түрінде шығады, тамақтан кейін беріледі. Алғашқы тәуліктік дозасы 250-300 мг; емнің әсері 8-12 аптадан (2-3 айдан) кейін білінеді.

4-аминохинолин туындылары.

Бұларды ревматологиялық практикаға 1951 жылы тұңғыш енгізген Пейдж.

Делагил (резохин, хлорохин, хингамин) — 0,25 г таблеткалық және 5 мл 5% ерітіндісі бар ампула түрінде шығарылады. Плаквенил (гидроксихлорохин) - 0,2 г таблетка түрінде. Делагилдің әдеттегі емдік дозасы 1 таблетка (0,25 г); плаквенилдің — 0,3-0,4 г (1,5-2 таблеткасы). Кейбір науқастарға алғашқы 10-14 күн делагилді 0,5-0,75 г, плаквенилді 0,6-0,8 г ішкізіп, кейін әдеттегі дозаға ауыстырады. Дәрмек тамақтан кейін беріледі.

Аминохинолиндік дәрмектердің емдік әсері онша қуатты емес, оларды 6-12 ай, кейде одан да ұзақ қолданады.

Сульфаниламидтік дәрмектер (сульфасалазин, салазопиридозин).

Бұлар аминохинолин туындыларынан қуатты әсер етеді.

Сульфасалазин (салазопиридозин) — 0,5 г таблетка түрінде, тәуліктік дозасы 2 г. Емдік әсері 3 айдан соң байқалады, ем ұзақ жүргізіледі (1 жылдай, одан да ұзақ).

Циклоспорин және тенидап.

Циклоспориннің тиімді тәуліктік дозасы 2,5 мг/кг, кейбіреулер оны тәулігіне 5-6 мг/кг қолданады. Емді 3 ай, науқас дәрмекті жақсы көтерсе - 1-1,5 жыл жүргізуге болады.

Тенидап — иммунды модуляциялық және иммунды супрессиялық қасиеттерге ие жаңа дәрмек. Көрсетпелері циклоспоринге ұқсас, 120 мг тәуліктік дозада қолданылады.

Цитокиндерге және лимфоциттердің түрлі антигендеріне (СД4, СД5, СД7 СДW52 ;ДR ) моноклондық антиденелер. Соңғы кезде ревматоидтық артриттің емінде цитокиндерге және лимфоциттер антигендеріне қарсы моноклондық антиденелерді қолдану әдістері қарастырылуда.

Метациклин. Метациклинді 24 апта 0,3-0,6 г тәуліктік дозада қолданғанда оң әсер етуі туралы мәліметтер бар. Метациклин базистік дәрмек саналады, ол иммундыдепрессиялық әсер етеді.