Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ревматоидт.остеоартраз.подагра555.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Урикодепрессиялық дәрмектер

Аллопуринол (гидроксипиразолпиримидин, милурит) ксантиноксидаза ферментін тежеп, гипоксантиннің ксантинге және зәр қышқылына айналуын бөгейді, яғни пуриндердің ыдырауын ксантин деңгейінде тоқтатады.

Аллопуринол 0,1 және 0,3 г таблетка түрінде шығарылады. Тәуліктік дозасын қандағы несеп қышқылының және подаграның ауырлық деңгейіне сәйкестендіреді. Бастапқы дозасы тәулігіне 100 мг, кейін күн сайын 100 мг қосып 200-300 мг дейін, ал ауыр түрінде - 400-800 мг дейін көбейтеді. Әдетте зәр қышқылының қандағы концентрациясы 2-, 3-күннен кейін төмендеп, 7-ші, 10-шы күндерде қалыпты деңгейге келеді.

Урикемия төмендей келе аллопуринолдың дозасы да азайтылады, әдетте 4-6 айдан кейін урикемия қалыпты деңгейге төмендеген соң, аллопуринолды сүйемелдеуші дозада (100 мг тәулігіне) береді. Аллопуринолмен үздіксіз 6-12 ай емдегенде ұстамалардың арасы сирейді және тофустар жұмсарып, тарқала бастайды. Ұзақ жүргізілген емнен созылмалы артропатияның белгілері де жойылуы мүмкін. Аллопуринолды көптеген жылдар, тіпті өмір бойы қолдануға болады.

Тиопуринол аллопуринол туындысы, таблетка түрінде 0,1 г шығарылады. Несеп қышқылының синтезін тежейді, глутаминфосфо-рибо-зилтрансферазаны тежейді, активтілігі аллопуринолмен бірдей, бірақ, оған қарағанда жағымдылығы тәуірлеу. Тәуліктік дозасы - 300-400 мг.

Гепатокаталаза - сиырдың бауырынан алынатын дәрмек, зәр қышқылының синтезін тежеп, ыдырауын күшейтеді. Әсері аллопуринолдан төмендеу, оны 10 000- 25 000 Б аптасына 2-3 рет бұлшықетке енгізеді.

Орот қышкылы. Орот қышқылы кант қосқан гранула түрінде шығарылады, 1 шай қасығында - 1,5 г, күніне 3 рет 1 шай қасықтан 20 күн беріледі, содан кейін 20 кун үзіліс жасап, емді қайталайды.

Урикозуриялык дәрмектер. Урикозуриялық дәрілер ураттардың түтікшелік реабсорбциясын төмендету арқылы несеп қышқылының бүйректен бөлінуін арттырады.

Урикоэлиминаторлардың қолдану көрсетпелері:

1) подаграның бүйректік (гипоэкскрециялық) түрі, егер подагралық нефропатия ауыр болмаса;

2) подаграның аралас түрі, егер несеп қышқылының тәуліктік экскрециясы 2,7 ммоль (450 мг) кем болса;

3) аллопуринолдың жақпауы.

Бенемид (пробенецид) — бензой қышқылының тегі. Басында 0,5 г күніне 2 рет, кейін дозасын тәулігіне 2 г асырмай (гиперурикемия деңгейіне сәйкес) көбейтеді. Көбіне тәулікке 1-2 г беріледі. Дәрмекті бірнеше жыл қолданған дұрыс.

Антуран (сульфинпиразон) — бутадионның туындысы, 0,1 г таблетка түрінде, тәуліктік дозасы 0,3-0,4 г, тамақтан кейін сүтпен бірге ішкізеді.

Этамид — парасульфабензой қышқылының диэтиламиді, 0,35 г күніне 4 рет 10-12 күн беріп, 5-7 күн үзіліс жасап, емді жылына 3-4 рет қайталайды.

Бензобромарон (дезурик) — урикозуриялық әсері қуатты, пурин синтезіне қатысты ферменттерді бөгейді және несеп қышқылының ішек арқылы бөлінуін де арттырады. Таблетка түрінде 0,1 г шығарылады, 1/2 таблеткадан бастап күніне бір рет, тамақпен бірге ішкізеді.

Уродан. 1 шай қасығын 1/2 стакан суға ерітіп, тамақ алдында күніне 3-4 рет береді. Ем курсы — 30-40 күн.

Кетазон — фенилбутазон туындысы, урикозурияны күшейтіп, қабынуды басады. Күніне 1-2 таблеткадан (0,25-0,5 г) беріледі, кейін дозасын күніне 3-4 таблеткаға дейін көбейтуге болады. Урикемия төмендесе, дозасы азайтылады.

Аралас әсерлі антиподагралық дәрмектер

Алломарон - құрамында 100 мг аллопуринолы және 20 мг бензоброманы бар қоспа дәрмек. Ем 3-6 ай, одан да үзақ жүргізіледі.

Хирургиялық ем. Аса үлкен, беті тесілген тофустар алынады, буындар аса зақымданған артропластика жасалынады.

Ревматоидтық артрит (РА)

Ревматоидтық артрит — көбінесе шеттік (синовиялық) буындардың симметриялы эрозиялық-деструкциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.

Ревматоидтық артрит көптен белгілі ауру болғанымен оның клиникалық көрінісіне алғаш толық суреттеме берген Гарро (1863 ж.),

Этиологиясы. Ревматоидтық артриттің даму себептері белгісіз, дегенмен оның дамуында келесі факторларға мән берілуде.

  • Ген ерекшеліктері. Ревматоидтық артритке шалдыққандардың қандас туыстарында осы дерт 4 есе жиі кездеседі. Бұл HLA жүйесінің антигендік құрылымының ерекшелігінен болуы мүмкін, науқастардың HLA жүйесінде DR1, DR4, DRW4, DW14-aнтигендepi жиі анықталады.

2. Инфекциялық агенттер. Соңғы кезде иммундық жасушалардың (В-лимфоциттердің) зақымдануына алып келетін кейбір вирустарға — ретровирусқа, герпес, қызамық вирусына, цитомегаловирусқа, әсіресе Эпстайн-Барр вирусына және микоплазмаға, стрептококтарға көп мән беріледі. Эпстайн-Барр вирусының ревматоидтық артриттің дамуына қатысу мүмкіндігін дәлелдейтін мәліметтер анықталған:

а) ревматоидтық артритпен ауыратындардың 80%-да Эпстайн-Барр вирусына антиденелер титрінің биіктігі;

б) аталмыш вирустың ревматоидтық фактордың түзілуіне септігін тигізу мүмкіндігі;

в) осы вирустың ревматоидтық артритпен ауыратын науқастардың В-лимфоциттерінде жиі табылуы;

г) вирустың кейбір компоненттерінің DW4, DW14, DR молекула- сындағы b- тізбектің бір бөлшегіне ұқсастығы.

Белгісіз бір ген кемістігі Эпстайн-Бар вирусының организмде ұзақ сақталуына септігін тигізеді-міс. Вирустың организмде ұзақ тіршілік етуінен Т-жасушалардың супрессорлық қасиеті төмендейді және В-лимфоциттерде иммуноглобулиндердің түзілуі бұзылады.