Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ревматоидт.остеоартраз.подагра555.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Буын ішіне протеолиздік ферменттер ингибиторларын енгізу.

Фермент ингибиторлары трипсинді, химотрипсинді,катепсиндерді, лизосомалық протеолиздік ферменттерді байланыстырады, протеолиз процессін тоқтатады, шеміршектің ыдырауына және одан протеогликандардың бөлінуін тежейді. Буын өте қатты ауырғанда, синовиит айқын болғанда, трасилолды немесе гордоксты 25000 Б буынға енгізіледі. Ем курсы 2-5 инъекция 3-4 күн үзіліспен.инъекцияны енгізгеннен кейін 3-4 сағат өткенде ауырсыну мен ісіну күшеюі мүмкін, сондықтан оған 0,002-0,005 мг гидрокортизон қосылады және инхекциядан 1 сағат бұрын 1-2 мл димедрол егіледі.

Жасанды синовий сұйықтығын енгізу. Остеоартрозда синовий сұйықтығы азаяды, оның реологиялық, протекторлық және амортизациялық қасиеті төмендейді, осыдан шеміршектің тозуы тезделеді. Жасанды синовий сұйықтығы буын беттерінің үйкелісін, қажалуын азайтып, шеміршектің сақталуына септігін тигізеді.

Поливинилпирролидин ( ПВП) – ірі буындарға 15% ерітіндісінің 5 мл гидрокортизон ацетатының 1 мл қосып енгізеді

Шеміршектің метаболизмін жақсарту.

Қолданылатын дәрілер: рибоксин, натрий аденозинүшфосфат ( АТФ), фосфаден(АТФ –тың фрагменті),пиридоксальфосфат, анаболиктік стероидтық дәрмектер.

Шеміршек асты сүйек тінінде және синовий қабығында микроциркуляцияны жақсарту.

Курантил 0,05 г күніне 3 рет 1-2 ай.

Трентал 0,1 г 3 трет 1 ай.

Теоникол ( ксантинол никотинат) 1-2 таблеткадан 2-3 рет тамақтан кейін 2 ай.

Антиоксиданттық ем.

Е витамині 1-2 капсуладан 1ай беріледі немесе 10% ерітіндісінің 1-2 мл б/е 20 күн салынады.

Орготеин – 0,004 г аптасына 1 рет буын ішіне салынады. Әсері 3 айға созылады.

Физиотерапия. Базистік емнің бір саласы - физиотерапия. Шеміршектің, сүйектің метаболизмін күшейтіп, деструкциясын бөгейді. Буындар ауырсынып, ішінде сұйықтык жиналса гидрокортизон мен фонофорез, эритемалық дозадағы ультракүлгін сәулесі, новокаин және анальгинмен электрофорез, динамикалық ток қолданылады.

Реактивті синовиит болмағанда - жергілікті қыздыру шаралары тиімді: озокерит, парафин, балшық аппликациялары және ДМСО аппликациялары, локальды баротерапия. .

Буындардың ауырсынуын басу және реактивтік синовиитті емдеу. Ауырсыну мен қабынуды жою үшін аз уақыт (5-7 күн) ауырғандық басылғанға дейін стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектерді қолданады (индометацин, флугалин, сургам, вольтарен, пироксикам т.б.).

Бұларды ұзақ қолданса, шеміршектің дегенерациясын күшейтеді деген пікірлер бар. Бірақ пироксикам мен вольтарен айтарлықтай дистрофиялық әсер етпейді. Остеоартроздың емінде стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектерден шеміршекке зиян келтірмейтін түрлері тиімді - нимесулид (найз) 100-200 мг тәулігіне.

Синовииттің емінде буын ішіне протеолиз ингибиторларын, ПВП-ны, гидрокортизонды енгізеді және жоғарыда айтылған физиотерапиялық шараларды қолданады.

Ауырсынуды басатын майлар мен аппликациялар. Ауырсыну мен қабынуды басу үшін индометацин, бутадион майын, гель түріндегі диклофенак немесе вольтаренді, никофлексті (капсацин этилникотинат + этиленгликолсалицилат + лаванда майы), финалгонды қолданады. Майды буынның бетіне ысқылап жағады. Май немесе гельден компресс жасайды. Бұларды димексидпен қосып қолданса, емдік әсері жоғарылайды (қолдану әдісі ревматоидтық артриттің емінде берілген). Мысалы, мынадай құрамы күрделі аппликацияларды жасайды: гидрикортизон ацетатының суспензиясы 2,5% - 5 мл; супрастиннің 2% ерітіндісі - 2 мл (немесе 1% тримекаин ерітіндісінің 3 мл); калий йодының 3% ерітіндісінің 50 мл; димексидтің 50% ерітіндісінің - 50 мл компресс түрінде жатар алдында.

Өт және қызыл бұрыш қосылған камфорлық аппликация: медициналық өттің 250 мл, камфорлық спирттің 160 г және ұсақталған ащы қызыл бұрыштың 2-3 данасын қосып, қоңыр шыныда 7 күн ұстайды. Содан кейін компресс жасайды. Компресті 2-6 сағатқа дейін ұстауға болады. Ем курсы 5-10 процедура. Буындардың ауырсынуын "хондроксид" майы жақсы басады.

Эльметацин - индометацин қосылған аэрозоль 50 және 100 мл. Оның 1 мл-де 8 мг индометацині бар. Аэрозольді ауыратын буынның барлық бетіне тигізіп, күніне 3-5 рет шашыратады.

Буынның функциясын жақсарту. Бұл мақсатта емдік дене жаттығуларын - массаж, ортопедиялық, санаторлық-курорттық емді қолданады. Емдік дене жаттығулары зақымданған буындарға күш түсірмеуі тиіс. Суда жүзу, велосипед айдаған тиімді. Коксартрозда аяқ иілген күнде "қатып" қалмау үшін науқас төсекте етпетінен жатқаны дұрыс. Артроздың өршуінде буындарды эластиктік бинтпен орап бекітеді. Бас бақай буындары зақымданса - ортопедиялық аяқ киім, арнайы супинаторды қолданады. Буындарға күш түсірмеу үшін өршу кезінде таяққа немесе балдаққа сүйеніп жүру қажет. Омыртқа жотасының остеоартрозында төсек тегіс және қатты болғаны жөн. Мойынға күш салмау үшін бас ұзақ еңкейткен не шалқайтқан қалпында болмауы керек.