- •Трансмиссияның сұлбасы мен қызметі
- •Қозғалтқыш; 2- ілініс; 3- беріліс қорабы; 4- карданды беріліс; 5- басты беріліс;
- •Сурет. Артқы жетекті автомобильдің трансмиссиясының сұлдбасы:
- •Сурет. Алдыңғы жетекті автомобиль транмиссиясының сұлбасы:
- •Гидромеханикалық трансмиссия
- •Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар
- •Беріліс қораптары
- •Карданды беріліс
- •Басты беріліс
- •Дифференциал
- •Жартылай өс
- •Жарты өстер
Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар
Гидрокөлемдік өткізгшпен жабдықталған автомобильдің трасмиссиясы гидрокөлемді деп аталады. Гидрокөлемді трансмиссия сатысыз болады.
Гидрокөлемді беріліс сорғыдан және гидромоторлардан тұрады, олар бір-бірімен құбырлармен жалғасқан. Беріліс санының сатысыз өзгеруі сорғының жұмыс көлемінің жайлап өзгеруі арқылы қамтамасыз етіледі, кейде гидромотордың жұмыс көлемінің өзгеруі арқылы реттеледі. Реттелетін сорғының қозғалыссыз тұрқында цилиндрлер бірікпесі (2) айналады, ол білік (6) арқылы қозғалтқышпен жалғасқан. Поршеньдер (3) өзінің ұштарымен тығырыққа (4) тірелген, ол өз осінде (5) айнала алады. Біліктің (6) жарты айналымында поршень (3) толық жүретін жол мөлшеріне жылжмды. Жұмыс сұйығы соратын желіден (7) цилиндрге беріледі. Келесі жарты айналыста сұйық, айдайтын желіге (8) жетекті дөңгелекте орнатылған гидромоторға (11) жіберіледі (5-сурет).
Тығырықтың (4) бұрылу бұрышын өзгерту арқылы біліктің (6) айналу жиілігін өзгертпей-ақ сорғының өнімділігін өзгертуге болады. Егер тығырық тігінен орналасса, сорғы майды айдамайды (қозғалтқыш бос жүріс жасайды). Тығырық кері қарай бұрылатын болса, сұйық ағу бағытын өзгертіп, кері қозғалыс жасау мүмкіндігі туады. Оң және сол дөңгелектің гидромоторлардың сорғыға параллель жалғасуы трансмиссияға дифференциалдың атқаратын міндетін береді.
5-сурет. Гидрокөлемді беріліс:
1-сорғы; 2- цилиндр; 3- поршень; 4-бұралатын тығырық; 5- тығырықтың өсі; 6- білік; 7- соратын желі; 8- айдайтын желі; 9- сорғы; 10- бак; 11- гидромотор
Электрлік трасмиссияда автомобильдің жетекті дөңгелегі электр қозғалтқышымен қозғалады. Электр қозғалтқышы редуктормен бірге дөңгелектің ішінде орналасады. Мұндай құрылғыны мотор-дөңгелек деп атайды.
6-сурет.
Мотор-дөңгелек:
1-электроқозғалтқыш; 2- редуктор
Ілініс
Ілініс қозғалтқыш трансмиссиядан қысқа уақытқа ажыратуға және автомобиль орнынан қозғалған кезде және қозғалыс кезінде берілістерлі ауыстырып қосқаннан кейін оларды бірқалыпты жалғастыруға арналған.
Іліністерді жұмыс істеу принципі бойынша үйкелісті, гидравликалық және электромагниттік деп жіктейді. Үйкелістік іліністе айналдырушы сәтті жетекші бөліктен жүргізілетін бөлікке беру үйкеліс күштерінің есебінен жүргізіледі, гидравликалықта (гидромуфталар) – сұйықтың ағыны есебінен, электромагниттікте магнит өрісінің көмегімен жүргізіледі.
Іліністің басқышын (13) басқанда, жүргізушінің аяғының күші соташық арқылы басты цилиндрдегі (12) сұйықты жұмыс цилиндріне (10) жібереді, ол цилиндрдегі поршеньді жылжытып, күш мойынтірекке (10), мойынтірек иіндіріректер (7) арқылы қысатын дискіге (4) беріліп, оны жылжытады да, жетектегі дискіні (3) босатады (7-сурет). Иінді біліктен беріліс қорабы ажырайды, ал іліністің басқышын босатқанда, ілініс қайта қосылады. Оны төменгі сұлбадан көруге болады.
7-сурет. Гидромеханикалық жетекті ілініс механизмінің сұлбасы:
иінді білік; 2- тегеріш; 3- жетектегі диск; 4- қысатын диск; 5- іліністің қаптамасы; 6- қысқыш серіппе, 7- иінтірек; 8- қысқыш мойынтірек; 9- іліністі қосқыш аша; 10- жұмыс цилиндрі; 11- түтік; 12- басты цилиндр; 13- іліністің басқышы; 14- іліністің картері; 15- тістегеріш; 16- беріліс қорабының картері; 17- беріліс қорабының білігі
Үйкелістік іліністің жұмыс істеу тәртібі және механикалық сұлбасы көрсетілген.
8- сурет. Іліністің қосылуы және ажыратылуы
Автомобильдерде үйкелістік іліністер кеңінен таралған, олар ілеспелі дискілерден тұрады және санына байланысты бір немесе екі дискілі, ал басушы күштің жасалу әдісі бойынша – серіппелі, сыртқа тепкіш және т.б. жетектің түріне байланысты механикалық немесе гидравликалық болып бөлінеді.
Сурет 8.2 – Бір дискілі механикалық тұрақты тұйықтанған фрикционды ілініс
а – қосулы; б – өшірулі; 1 – қаптама; 2 – қысушы диск; 3 – маховик; 4 – жүргізілетін диск; 5 – тілімше (пластина); 6 – серіппе; 7 – мойынтірек; 8 – педаль; 9 – білік; 10 – тартқыш; 11 – аша; 12 – иінтірек.
10– сурет. Екі дискілі ілініс:
1 – іліністің қаптамасы; 2 – иінтіректер; 3 – басушы диск; 4 – артқы жүргізілетін диск; 5 – ортаңғы жетекші диск; 6 – алдыңғы жүргізілетін диск
Іліністің гидравликалық жетегінде күшті басқыштан (13) іліністі өшіру ашасына беру сұйықтықтың көмегімен жүргізіледі. Басқыш (13) басты цилиндрдегі (12) поршеньді жылжытады және сұйықтықты жұмыс цилиндрінде (10) құбыр арқылы қысып шығаратын соташыққа әсер етеді (8-сурет). Жұмыс цилиндрінің поршені ашаның көмегімен өшіру жалғастырғышын жылжытады. Ілініс қоыслған кезде серіппе жүйені бастапқы жағдайға қайтарады.
Гидравликалық жетектің, механикалықпен салыстырғанда, пайдалы әсер коэффициенті көбірек.
Іліністі басқаруды жеңілдету үшін, жетекте механикалық, пневматикалық немесе вакуумдық күшейткіштер орнатылады.
Гидравликалық ілініс (гидромуфта) жетекші (сорғылық) дөңгелектен (2), жүргізілетін (турбиналық) дөңгелектен (1), қозғалмайтын дөңгелектен (реактордан) (3) тұрады (12-сурет).
11- сурет
