Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПО-14-1 Мухаметжанова А.С. АКТЖ жне (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Карданды беріліс

Автомобильдің айнымалы беріліс қорабынан шығатын айналу мометін жетекші белдікке жеткізу үшін карданды беріліс қолданылады.

17 – сурет. Карданның түрлері:

1-жетекші аша; 2- айқаспа; 3- мойынтірек; 4- жетектегі аша; 5- жұдырықша; 6- шарик, 7- жетекті шариктер; 8- жарты өс; 9- топсаның ашасы; 10- жұдырықша; 11- болаттан жасалған диск

Карданды беріліс карданды біліктен, топсадан, отрталық тіректен тұрады. Карданды топса біліктер арасында айналу моментін беруді қамтамасыз етеді. Автомобильдің трансмиссиясында қатты карданды тұрақты және тұрақсыз бұрыштық жылдамдықты топсалар қолданылады.

Тұрақсыз бұрыштық жылдамдықты беретін карданды топса қатты бөлшектерден тұрады (17, а-суретте көрсетілген). Жетекті (1) және жетектегі аша (4), айқаспа (2), инелі мойынтіректен (3) тұрады. Бұл топсаны тұрақсыз жылдамдық бұрышының топсасы деп атайды.

Автомобильдің алдыңғы жетекті басқаратын дөңгелекте карданды берілістің екі: шарикті және жұдырықты түрі қолданылады.

Шарикті карданды беріліс 16, б-суретте, жұдырықты карданды беріліс 16, в-суретте көрсетілген.

18-сурет. ЗИЛ-130 автомобилінің карданды берілісі

  1. Басты беріліс

Автомобиль трансмиссиясының беріліс санын арттыратын тістегерішті құрылғыны механикалық басты беріліс деп атайды.

Басты беріліс қозғалтқыштардың айналдыру моментін үнемі ұлғайтып отыру үшін және де қажетті белгілеріне қарай айналдыру жылдамдығын азайтуға да қолданылады.

Басты берілістің беріліс саны әртүрлі болып келеді, ол 6,5-9,0 жүк көліктерінде болса, ал жеңіл автокөліктерде 3,5-5,5.

Автомобильдерде басты берілістің әртүрлі түрлері қолданылады.

Схема 285 стр

Басты берілістің түрлері

Біртекті басты беріліс бір жұп тістегеріштен тұрады. Цилиндрлік басты беріліс көбінесе жеңіл автокөліктерде қолданылады. Оның беріліс саны 3,5-4,2-ге тең, ал тістегеріш тура тік тісті, көлденең тісті немесе шевронды болып келеді. Цилиндрлік басты берілістің ПӘК-і де жоғары (0,98-ден кем емес), бірақ ол өте шулы жағымсыз дыбыс шығарады.

Конус тәрізді басты беріліс (234, а-сурет) кіші және орта жүк көтергіштігі бар жеңіл және жүк автокөліктерінде қолданылады. Конус тәрізді тістегеріштің тістері үлкен дөңгелектің тістерімен ілінісіп, беріліс қорабының айналу моментін түрлендіріп, жетекті дөңгелектерге береді. Конустық басты берілістің ПӘК-і 0,97-0,98, ал беріліс саны жеңіл автомобильдер үшін 3,5-4,5, жүк автомобильдері үшін 5-7 құрайды.

Гипоидты басты беріліс (234, б-сурет) жеңіл және де жүк автокөліктерінде өте кең түрде қолданылады.

Гипоидтық басты берілістің жетектейтін (1) және жетектелетін (2) тістегеріштерінің өстері конустық беріліспен салыстырғанда бір жазық бойында ораналаспаған, сондықтан олардың өстері қиылыспайды, тек айқасып келеді. Басты берілістің бұл түрі көп автомобильдерде қолданылады.

234-сурет. Басты берілістер:

Червяк тәрізді басты беріліс (234, е-сурет). Черияк тістегерішті беріліс автомобильдерде пайдаланылады. Оның беріліс саны 4-5 және қазіргі кезде өте сирек қолданылады. Ол көп өсті автомобильдердің түрлерінде қолданылады. алайда ПӘК-і ең аз (0,9-0,92), дайындалуы күрделі және қолдану материалы ең қымбат құрылғының бірі болып табылады.

Орталық басты берілісте (234, г-сурет) конустық және цилиндрлік берілістердің біріккен түрі қолданылады. берілістің бұндай түрі жүк автомобильдерінде қолданылады.

Сонымен қатар цилиндрлік тістегеріштер конустық тістегеріштердің сыңарларымен дифференциал арқылы да байланысады.

Басты берілісті теңдей етіп екіге бөлген жағдайда дифференциал тетіктерінде, жартылай өсте жүктеме анағұрлым азаяды, әрі жетекші делдіктің орталық бөлігі мен картердің өлшемі кішірейеді. Нәтижесінде автомобильдің жүктелу қабілеті арта түседі.