- •Трансмиссияның сұлбасы мен қызметі
- •Қозғалтқыш; 2- ілініс; 3- беріліс қорабы; 4- карданды беріліс; 5- басты беріліс;
- •Сурет. Артқы жетекті автомобильдің трансмиссиясының сұлдбасы:
- •Сурет. Алдыңғы жетекті автомобиль транмиссиясының сұлбасы:
- •Гидромеханикалық трансмиссия
- •Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар
- •Беріліс қораптары
- •Карданды беріліс
- •Басты беріліс
- •Дифференциал
- •Жартылай өс
- •Жарты өстер
Беріліс қораптары
Берілістер қорабы жетекті дөңгелектерге тарту күшін, автомобиль жылдамдығын өзгертуге және де қозғалтқыштың иінді білігін жетекші дөңгелектерден ұзақ уақыт ажыратуға арналған. Тарту күші мен жылдамдықты өзгерту берілістер қорабының берілуші санын көбейтуді немесе азайтуды қамтамасыз етеді.
Беріліс қорабының түрлері қазіргі уақытта кең дамыған. Оның: механмкалық, автоматтық, вариаторлық, және басқа да түрлері қолданылады.
12– сурет.
а) төртсатылы берілістер қорабының сұлбасы; б) тісті беріліс
Сатылы механикалық берілістер қорабының сұлбасы 12,а-суретте келтірілген. Қораптың картерінде үш: жетекші (I), жүргізілетін (II) және аралық (III) білік орнатылған. Жетекші біліктің сол жақ тіреуінің мойынтіректері сермердің ішінде орналасқан, жетекші және жүргізілетін біліктер өсте орналасқан.
Берілістер қорабында цилиндірлік тікетісті және қисықтісті дөңгелектер орнатылған; тіркесудегі тісті дөңгелектердің (12,б-сурет) екеуінің кішісін (1) – тістегершік, үлкенін (2) дөңгелек деп атайды. Беріліс саны көбейген сайын, тістегершіктің диаметрі үлкейеді, ал дөңгелектің диаметрні кішірейген сайын, айналу жиілігі жоғарылайды.
Гидромеханикалық берілістер қорабы (14-сурет) гидротрансформатордан (2), сатылы механикалық берілістер қорабынан (1) және гидравликалық басқару жүйесінен (3) тұрады.
Сурет 279стр
13-сурет. Берілістің іске қосу сұлбасы:
а) жалпы сұлба; б) бірінші беріліс; в) екінші беріліс; г) үшінші беріліс; д) төртінші беріліс; е) бесінші беріліс
1
3
2
14 – сурет. Гидромеханикалық беріліс
Автоматты беріліс қорабының сұлбасы. Автоматты беріліс қорабы қазіргі кезде кеңінен тараған құрылғының бірі болып есептеледі. Ол айналу сәтін автоматты түрде өзгертуге арналған. Бұл беріліс қорабын ел ішінде гидромаеханикалық беріліс қорабы деп те атайды.
Автоматты беріліс қорабы келесі құрылғылардан тұрады:
гидротрансформатор;
механикалық беріліс қорабы;
жұмыс сұйығының сорғысы,
басқару жүйесі.
Алдыңғы жетекті автомобильдердің автоматты беріліс қорабының конструкциясында басты беріліс пен дифференциал орнатылған.
Гидротрансформатор қозғалтқыштың айналу мометін механикалық беріліс қорабына бергуе арналған. Ол төменгі құрылғылардан тұрады:
сорғы дөңгелегі;
турбиналық дөңгелек;
реакторлық дөңгелек;
бүлен жалғастырғышы;
бос жүріс жалғастырғышы;
гидротрансформатордың тұрқысы.
Планетарлық қатардың бір немесе екі элементі бүленделген жағдайда айналу берілісі іске асады. Фракционды жалғастырғыш немесе тежегіш көмегімен бүлендеу жүзеге асырылады. Жалғастырғыш планитарлы қатардың элементтерін өзара бүлендеп, айналу моментінің берілісін қамтамасыз етеді. Жалғастырғыщ және тежегіш гидроцилиндр көмегімен іске қосылады, ал ол, өз кезегінде, таратқыш модульден басқарылады.
15 – сурет. Автоматты беріліс қорабының сұлбасы:
турбиналы доңғалақтың білігі; 2- тістегергіш; 3- сателлиттер; 4- планетарлық қатарды жетектегіш; 5- тістегершік сорғы; 6- фрикциялық жалғастырғыш; 7- фрикциялық жетегіш; 8- жадағай планетарлық қатардың тәж тістегеріші; 9- басып озу жалғастырғышы; 10- қосарланған планетарлық қатардың тәж тістегергіші; 11- қосарланған планетарлық қатар жетектегіші; 12- ұзын сателлиттер; 13- қысқа сателлиттер; 14- планетарлық үлкен тістегеріш; 15- кіші планетарлық тістегеріш; А- берілетін айналу моменті; Б- қуатты алу білігі
Автоматты беріліс қорабында сұйықтың айналуы тістегерішті сорғы көмегімен жүзеге асырылады. Сорғы жетекті гидротрансформатордан алады.
Сатысыз автоматты беріліс қорабы автомобильдің қозғалыс жылдамдығын сатысыз өзгертуге арналған. Ол үшін вариатор қолданылады.
Вариатор қос конусты дискіден және белдіктен тұрады. Қос конусты дискісі қозғалматйны және қозғалатын дискілерден құралған. Беріліс саны бірінші сатыдағы дискіге күш түскенде дискілердің арасындағы кеңістіктің үлкейіп және кішіреюі арқылы екінші сатыдағы дискілердің арасының өзгеруіне байланысты айналу жылдамдығы да өзгереді.
16 – сурет. Вариатордың құрылысы:
6-белдік; 7- жылжымалы диск (екінші дискілер жиынтығы); 8- қозғалмайтын диск (екінші дискілер жиынтығы); 9- реверсивті механизм; 10- жылжымалы диск (бірінші дискілер жиынтығы); 11- қозғалмайтын диск (бірінші дискілер жиынтығы)
Бірінші жинтықтағы жылжымалы дискіге күш түсіргенде, жылжымалы жискінің жылжуы нәтижесінде қозғалмайтын дискіге жақындап, дискінің диаметрі үлкейеді, ал екінші дискіде белдіктің дискіге түсіретін күшінің нәтижесінде жылжитын диск жылжымайтын дискіден ажырап, диаметрі кішірейеді. Осының нәтижесінде бірінші білік пен екінші біліктің арасындағы айналу жылдамдығы өзгереді де, берілісм жиілігі сатысыз өзгеріске түседі. Ол жоғарғы 16 – суретте көрсетілген.
Беріліс қораптарының қазіргі вариаторларының көпшілігінде (10-12) бірнеше жолақтан тұратын солқылдақ металдан жасалған белбеу қолданылады. Белбеу орнына Multitronic, Lineartronicтің вариаторларында металл шынжыр қолданған. Мұндай беріліс қораптары шынжырлывариатор деп аталады.
