Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Testy_VB_kaz.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

01_01_ Қаз. Іш-құрлыс аурулар, Бүйрек аурулары, қазақ

$$$060

Қандай бүйрек ауруына ісіктер тән?

А) Гломерулонефрит

  1. Цистит

  2. Пиелонефрит

  3. Диабеттік нефропатия

  4. Несеп қышқыл

{Дұрыс жауап}=А

$$$061

50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінуіне шағымданып жолықты. Осы аурудың басталуына 2 жыл бұрын 5 жыл ішінде оң сирақ аймағында жыланкөз болған. АҚҚ жоғары емес. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы тығыздығы 1015, ақуыз 10 г/л, зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және түінді цилиндрлер. Мочевина, креатинин қалыпты. Зимницкий бойынша сынамасында өзгерістер жоқ. Болжам диагноз:

  1. Бүйректің екіншілік амилоидозі

  2. Созылмалы гломерулонефрит

  3. Созылмалы пиелонефрит

  4. Жіті пиелонефрит

  5. Бүйректің біріншілік амилоидозі

{Дұрыс жауап}=А

$$$062

48 жастағы науқаста анықталған АГ себебі бойынша тексеру кезінде зәр анализінде ақуыз 1,2 г/л, эритроциттер көру аймағында 10-15, салыстырмалы тығыздығы 1012 анықталды. Бүйректің УДЗ-де бүйрек патологиясы анықталмады. Қандағы мочевина және креатинин қалыпты. Анамнезде – ерекшеліктер жоқ. Болжам диагноз:

  1. Созылмалы гломерулонефрит

  2. Гипертониялық ауруы

  3. Созылмалы пиелонефрит

  4. Подагралық нефропатия

  5. Бүйректің екіншілік амилоидозі

{Дұрыс жауап}=А

$$$063

Науқасқа 40 жас, бастың ауыруы, тері қышуы, құсу, сұйық нәжіске шағымданады. Анамнезден: бүйрек ауруы бар. Объективті: терісінде қасыну іздері, терісі құрғақ. Жүрегінде перикард үйкеліс шуы естіледі. Куссмауль тынысы. Бұл жағдайда бүйрек жетіспеушіліктің ... сатысы.

  1. Терминалды II А

  2. Терминалды II Б

  3. Компенсирленген

  4. Терминалды III

  5. Интермиттирлеуші

{Дұрыс жауап}=Д

$$$064

Науқастағы тұрақты лейкоцитурия, зәрдің қышқыл реакциясы және УДЗ-де бүйрек астауының деформациясы ... тән.

  1. Бүйрек туберкулезіне

  2. Подагралық нефропатияға

  3. Туа біткен аномалиясына

  4. Созылмалы пиелонефритке

  5. Бүйректің қатерлі ісігіне

{Дұрыс жауап}=А

01_01_ Қаз. Іш-құрлыс ауырулар, Асқазан ішек тракт ауырулары, қазақ

$$$065

Науқаста жүрек аймағына иррадиацияланатын төстің семсер тәрізді өсіндісінің тұсында орналасқан тамақтан кейін пайда болатын және тамақтан 30 минуттан кейін, физикалық жүктемеден кейін және еңкейгенде күшейетін, алмагелден кейін толық басылмайтын ауырсыну және де ауамен кекіру, демікпе ұстамасы, жөтел байқалады. Бариймен рентгенологиялық тексергенде – контрастты заттың асқазаннан өңешке рефлюксі. Осының барлығы ... туралы күдіктендіреді.

  1. Рефлюкс-эзофагит

  2. Өңештің катерлі ісігі

  3. Кардия ахалазиясы

  4. Бронх демікпесі

  5. Созылмалы гастрит

{Дұрыс жауап}=С

$$$066

Асқазанда орналасқан созылмалы ойық жара ауруымен науқас әлсіздік, жүрек айну, тәбеттің жойылуы, эпигастрий аймағында үнемі ауырсыну, жүдеуге шағымданып жолықты. Осы жағдайда ойық жара ауруының ... асқынуы туралы ойлауға болады.

  1. Ойық жараның малигнизациясы

  2. Асқазан қақпасының тарылуы

  3. Ойық жараның пенетрациясы

  4. Ойық жарадан микроқан кетулер

  5. Ойық жараның перфорациясы

{Дұрыс жауап}=А

$$$067

44 жастағы науқастың анамнезінде апта бойы алкоголь қабылдағандығы анаықталды. 12 сағаттан кейін соңғы қабылдаудан кейін – жүрек айну, жеңілдік бермейтін көп мәрте болған қусу, эпигастрийде дискомфорт, әлсіздік пайда болды. Қараған кезде – жағдайы ауыр, есеңгіреу, аузынан алкогольдің иісі, бозару. АҚҚ 60/20 мм.с.б., ЖЖЖ 60 рет мин. Ішті сипағанда ауырсыну, бұлшық еттің қорғануы жоқ, құрсақтың тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі бір рет, қалыпты. Болжам диагноз:

  1. Панкреонекроз

  2. Экзотоксикалық шок

  3. Миокард инфарктісінің абдоминалды түрі

  4. Тағамдық токсикоинфекция

  5. Алкоголь суррогаттарымен улану

{Дұрыс жауап}=А

$$$068

Дисфагиясы бар науқасты тексеруде рефлюкс – эзофагит анықталды. Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Стационарға жатқызу

  2. 6 күнге еңбекке жарамсыздық қағаз беріп амбулаториялық ем жүргізу

  3. Гастроэнтеролог кеңесі

  4. МӘСК жіберу

  5. Жұмыс кезінде амбулаториялық ем

{Дұрыс жауап}=С

$$$069

Созылмалы гастриттің диагностикасында негізгі деп саналады:

  1. Клиникалық белгілер

  2. Асқазан сөлін зерттеуі

  3. ФЭГДС

  4. ФЭГДС биопсиясымен

  5. Рентгенологиялық зерттеуі

{Дұрыс жауап}=Д

$$$070

Манометрия әдісімен өңештің жоғарғы және төменгі сфинктерлерінің қысымын өлшеуге болады. Бұл әдістің мына жағдайларда мәліметтілігі жоғары:

  1. Баррет өңеші

  2. ГЭРА

  3. Ревматизм

  4. Таралған эзофагоспазм

  5. Өңеш дивертикулы

{Дұрыс жауап}=В

$$$071

Науқас 15 жылдан бері созылмалы панкреатитпен зардап шегеді. Осы жағдайда асқазан асты безінің кальцинозының анықтауында ... ең қарапайым әдіс.

  1. Лапаротомия

  2. Лапароскопия

  3. Ирригоскопия

  4. Холангиография

  5. Рентгенографиясы

{Дұрыс жауап}=Е

$$$072

48 жастағы тыныс демікпесімен ауыратын науқас әйелде ГЭР аурудың көрнісі бар. Қандай дәрілерді ұсыну қажет?

  1. Домперидон, метоклопрамид

  2. Папаверин, но-шпа, баралгин

  3. Фенотерол, сальбутамол

  4. Теофиллин, нитраты

  5. Омепразол, лансопразол

{Дұрыс жауап}=D

$$$073

Ойық жара тәрізді диспепсияның ... жетекші белгісі.

  1. Жүрек айну

  2. Құсу

  3. Ауырсыну

  4. Іште ауыр сезім

  5. Қыжылдау

{Дұрыс жауап}=С

$$$074

ГЭРА асқынуылары:

  1. Пептикалық жаралар

  2. Тыныс демікпесі, өкпе ателектазы

  3. Стеноз, өңеш стриктурасы

  4. Ларингит, фарингит, отит

  5. Баррета өңеші

{Дұрыс жауап}=А

$$$075

Асқазанның жоғары бөлігінің ойық жарасында ауырсыну пайда болуы тән.

  1. Тамақ қабылдағаннан кейін 30 минуттан

  2. Төс артында ауырсыну

  3. Тамақ қабылдағаннан кейінгі сәтте эпигастрийде ауырсыну

  4. Тамаққа байланыссыз ауырсыну

  5. Оң қабырға доға астында ауырсыну

{Дұрыс жауап}=А

$$$076

Созылмалы вирусты гепатитте вируске қарсы терапияға ... қарсы көрсеткіш болып табылады.

  1. Гепатомегалия

  2. Сарғаю, гепатомегалия, әлсіздік

  3. Сарғаю, қабынудың белсенділігі

  4. Ағзада вирустың болуы

  5. Сарғаю, гепатомегалия

{Дұрыс жауап}=D

$$$077

20 жыл бойы созылмалы гастрит В типті, асқазанның секреторлы қызметінің күрт төмендеуі диагнозымен дәрігер бақылауында тұрған 56 жастағы науқасқа қай маманның кеңесі міндетті түрде қажет?

Герантолог

Онколог

Хирург

Гематолог

Окулист

{Дұрыс жауап}=В

$$$078

Созылмалы гепатит бауыр циррозынан айырмашылығы:

  1. Холестаз синдромы табылуы

  2. Цитолиз синдромы табылуы

  3. Портокавальды анастомоз табылуы

  4. Холемия синдромы табылуы

  5. Паренхиматозды сарғаюы бабылуы

{Дұрыс жауап}=С

$$$079

1-шілік бауыр рагін бауыр циррозынан айырмашылық белгісі:

  1. Сарғаюы;

  2. Төмпешікті бауыр

  3. Аминотрансфераздың

  4. а-фетопротеин көбеюі

  5. Билирубин көбеюі

{Дұрыс жауап}=D

$$$080

Науқаста ішімдіктен кейін қайта-қайта құсу қызыл қанмен болғанда мүмкін диагноз:

  1. Өнештен варикоздыкеңеюмен қан кету

  2. Меллори – Вейса синдромы

  3. Жедел панкреатит

  4. Асқазан жара ауру

  5. Крон ауру

{Дұрыс жауап}=В

$$$081

Егде жаста сарғаюдың жиі себебі ... болып табылады.

  1. Панкреато– дуоденальды аймақтың ісігі

  2. Өт жолдарының дискинезиясы

  3. Созылмалы белсенді гепати

  4. Описторхоз

  5. Бауыр циррозы

{Дұрыс жауап}=А

$$$082

Ұйқы безінің сыртқы секрециясының бұзылуы белгісі:

  1. Тері жамылғысының құрғауы

  2. Гипергликемия

  3. Стеаторея, креаторея, арықтау

  4. Алдыңғы ішқұыс қабырға веналарының ұлғаюы

  5. Бүйрек-бауыр жетіспеушілігі

{Дұрыс жауап}=С

$$$083

Ұйқы безінің ішкі секреторлық функциясының зертханалық зерттеу әдісін көрсетініз?

  1. Қанның глюкозасы

  2. Қанның секретині

  3. Қанның пакреозимині

  4. Қанның адреналині

  5. Қанның амилазасы

{Дұрыс жауап}=А

$$$084

Науқас К., 40-жаста, жанұялық дәрiгер: ұлтабар буылтығының алғаш анықталған жарасы-диагнозын қойды. Қандай тексеру әдiсi нақты болып табылады:

  1. Жалпы қан анализi

  2. Асқазан сөлiнiң анализi

  3. Дуоденальдi зондтау

  4. Нәжiстi жасырын қанға тексеру

  5. ФГДС-пен биопсия

{Дұрыс жауап}=Е

$$$085

Созылмалы гастриттiң жоғарлаған секрециясының өршуi кезiнде қолдануға көрсеткiш болып табылады:

  1. Секрецияға қарсы дәрілер

  2. Ферменттер

  3. Спазмолитиктер

  4. Тұзды қышқылдар

  5. Метилурацил

{Дұрыс жауап}=А

$$$086

Науқастарға диспансерлiк бақылау жүргiзу барысында созылмалы гастриттiң секреторлы функциясында асқазан сөлiн зерттеу жүргiзiледi:

  1. Жыл сайын

  2. Жылына екi рет

  3. Жылына бiр рет

  4. Бес жылда бiр рет

  5. Үш жылда бiр рет

{Дұрыс жауап}=D

$$$087

Созылмалы вирустік гепатитте вирусқа қарсы терапияға көрсеткіш:

  1. Гематомегалия, әлсіздік

  2. Сарғаю, гепатомегалия, әлсіздік

  3. Организмде вирус табылуы

  4. Сарғаю, қабыну активтілігі

  5. Сарғаю, гепатомегалия, вирусты репликациясы

{Дұрыс жауап}=С

$$$088

Портальды гипертензияда байқалады:

  1. Бауыр циррозында

  2. Жильбер синдромы

  3. Созылмалы гепатитте

  4. Холепитиазда

  5. Вильсон-Коновалова ауруда

{Дұрыс жауап}=А

$$$089

Ауруханаға 44 жастағы науқас оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп рет құсуға шағымданады. Науқас үш күн арақ ішкен. Жалпы жағдайы ауыр, тері қабаты бозғылт, құрғақ, дене қызуы 38,6 С. Пульс 10 рет минутына.ҚҚ 80/40 сн.бағ.бойынша. Тынысы везикулярлы, төменгі бөлігінде екі жақтан әлсіреген. Тілі жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, біраз томпайған, эпигастрий аймағында ауырсынады. Кера, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Науқаста қандай ауруды болжамдайсыз?

  1. Жедел холецистит

  2. Жедел панкреатит

  3. Жедел гастрит

  4. Асқазанның және 12 елі ішектің жара ауруы

  5. Бауыр циррозы

{Дұрыс жауап}=В

$$$090

Жедел ішек өтімсіздігіне қандай рентгенологиялық белгілер тән?

  1. Клойбер тостағаншалары

  2. Диафрагманың астында ауаның болуы

  3. Барий пассажының тежелуі

  4. 4.ішектердің кеңеюі

  5. 5. 12 елі ішектің таға тәрізді бүгілуі

{Дұрыс жауап}=А

$$$091

Бейспецификалық жаралы колиттің негізгі шағымдары:

  1. Ішінің ауырсынуы, ішектік диспепсия

  2. Құсу қыжылдау

  3. ҚҚ жоғарлауы

  4. Кекіру

  5. Жиі сұйық нәжіс

{Дұрыс жауап}=А

$$$092

Бейспецификалық жаралы колитте қолданады:

  1. Месалазин

  2. Пенициллин

  3. Ибупрофен

  4. Трихопол

  5. Имодиум

{Дұрыс жауап}=А

$$$093

Гепатомегалия, гипергликемия,терінің гиперпигментациясы, сарысуда темірдің деңгейінің жоғарылауы қандай ауруға тән:

  1. Созылмалы вирусты гепатит

  2. Гемохроматоз

  3. Бауыр циррозы

  4. Бүйрек үсті безінің гиперфункциясы

  5. Вильсона – Коновалов ауруы

{Дұрыс жауап}=В

$$$094

Созылмалы гепатит бауыр циррозынан айырмашылығы:

  1. Холестаз синдромы табылуы

  2. Цитолиз синдромы табылуы

  3. Портокавальды анастомоз табылуы

  4. Холемия синдромы табылуы

  5. Паренхиматозды сарғаюы бабылуы

{Дұрыс жауап}=С

$$$095

1-шілік бауыр рагін бауыр циррозынан айырмашылық белгісі:

  1. Сарғаюы

  2. Төмпешікті бауыр

  3. Аминотрансфераздың

  4. а-фетопротеин көбеюі

  5. Билирубин көбеюі

{Дұрыс жауап}=Д

$$$096

Бауыр цирроз диагностикасында қандай зерттеу қолданбайды:

  1. Бауырдың пункционды биопсиясын

  2. УДЗ

  3. Радионуклидте сканерін

  4. КТ

  5. Рентгенологиялық

{Дұрыс жауап}=Е

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]