Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын фпипкм.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Динамикалық беріктікті анықтау тәсілдері.

Кесілген үлгілерді соққы тұтқырлыққа сынау иілу режимінде жүргізіледі. Тұтқырлы және жоғары полимерлі материалдардың морт қирауға қарсыластығын анықтау үшін үлкен мәні бар және оның есептік параметрі динамикалық беріктік болып табылады. Динамикалық сынаудан айырмашылығы оны ұқсас заңдылықпен қарастыруға болмайды, сондықтан үлгінің қатаң сақталған өлшемдері және сынауды жүргізудің қажетті жағдайы болуы тиіс. Оны жүргізу үшін 10-10 , 55 мм ұзындықта стрежень алынады. Ұзындықтың ортасы бойынша кетік кесіледі. Оның ені және тереңдігі 2мм және дөңгелектің радиусы 1мм, тірек арасындағы арақашықтық 40мм артық болмауға тиіс. Кетік болғандықтан: 1-іншіден көлденең жіңішкеруді болдырмайды және көлемдік -кернеулік күй пайда болады. 2-іншіден кеттікке жақын жерде аз көлемдегі деформацияның мөлшері деформацялардың жоғарғы локальды жылдамдығын қажет етеді. Майысуға сынауды маятникті коперда жүргізеді. Оның майыстыратын пышағының қимасы төбесі кезіндегі бұрышымен және дөңгелектің радиусы 2,5мм үшбұрыш түрінде болады. Деформация мен қираудың жұмыс шамасы сынау кезіндегі бастапқы (көтерімнен кейінгі α – бұрышы ) және соңғы (ұшудан кейінгі β-бұрышы) маятниктің потенциалды энергиясының айырмашылығымен анықталады.

К = Р (Н – h) , (5.1)

мұндағы, Р- маятник салмағы; H,h – маятник көтерілу мен ұшу биіктігі.

Егер маятниктің ұзындығын l – деп алсақ, онда

h = α (1-cosα) (5.2)

H = α (1-cosα)

K = P L (cosα - cosβ) (5.3)

Соңғы формула α және β бұрыштарын өлшеу бойынша К – формуласының есептелуі үшін қолданылады. Копер шкаласы жұмысының бірлігіне дұрыс бағытталады егер де маятниктің көтерілу бұрышы анықталған болса. Деформация мен жұмыстың бұрышын толық біле отырып қарастырылған сынау нәтижесінде алынған негізгі сипатталған соққы тұтқырлығын есептеуге болады.

KC = K/F (5.4)

мұндағы, F – үлгінің кесе – көлденең қимасының ауданы.

Кетіктің пошымына байланысты КС әріптерінің қасына кетіктердің пошымын суреттейтін U,V,T қойылады. Оларды таңдау ең бастысы сыналатын материалдың тұтқырлығына байланысты.

а

б

5.1-сурет.Маятник копердегі соқққы иілу схемасы

Ең көп тараған түрі V түріндегі үлгілер, өйткені тек үшкір тетік кесілген қима бойындағы деформация болмайды. Соққы тұтқырлық бұл кәдімгі механикалық қасиеттеріне беріктік, созымдылыққа тәуелді. Материалдардың қиын да кешенді сипаттамасы. Соққыға сынаулардың ең басты мәселесі болып, материалдардың созымдылықты бірден жоғалтуы немесе морт сынуға бейімділігін анықтау болып табылады. Ол КС температуралық тәуелділікті тұрғызу және морттылықтың тұтқырлыққа өту температурасының анықтамасымен тұрғызу көмегімен шешіледі. – ді және жұмыстың температурасын біліп, оның тұтқырылықтың температурасын қорын бағалауға болады.

. (5.5)

Өтпелі температура оның құрылысы бойынша анықтауға болады.

- бірнеше өлшемдер арқылы қабылдауға болады:

  1. Сынықтағы түйіраралық қираудың аймағы пайда болған кездегі температура;

  2. Тұтқырлы және морт қираудың мөлшері кезінде;

  3. Мортты сынаудың толық жүруі кезінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]