Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын фпипкм.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Статикалық беріктікті анықтау тәсілдері.

Жүктемеде және абсолютты ұзаруда үлгінің пошымы мен өлшеміне тәуелді болғандықтан материалдың сандық теңдеуін «жүктеме-абсолютты ұзару» машинаның диаграммасы бойынша құрастыруы мүмкін емес.

Практика кезінде оны сынаудың кәдімгі жүру жолымен сәйкес келмейтін «кернеу-салыстырмалы ұзару» диаграммасын ауыстырады. Бұл тек беріктік қасиеттердің сапалық бағалауына мүмкіндік береді.

4.1-сурет. Беріктік сипаттамаларды есептеуге арналған созылу диаграммасындағы сипатты нүктелер

4.2-сурет.Қирауға дейінгі серпімді аймағынан үлгі деформациясының процестердің схемасы

Бұл жағдайда өзгеретін қима кезіндегі өлшенетін жүктеме үлгінің бастапқы қимасына жатады. Мұндай кернеуді шартты кернеу деп атайды. Егер жүктеме шынайы қимаға жатса онда шынайы кернеу мәнін алуға болады. Шынайы кернеу диаграммасы материалда жүретін физикалық процестер туралы мәлімет береді және беріктік есептеулер үшін металдарды қысыммен өңдеу техникасында ерекше мәні бар. Созуға сынау кезінде материалдардың негізгі сипаттамасына келесілер жатады:

Тұрақсыздану шегі (физикалық) т (S), МПа – созатын жүктеменің елеулі ұлғаюынсыз ең аз кернеудегі үлгінің деформациясы. Бұл көрсеткіш мәнін айқындау қиын болғандықтан, көбінесе шартты тұрақсыздану шегі 0,2 қолданылады.

Пропорциональдық шегі (шартты) б (р), МПа – жүктеме мен ұзаруы арасындағы сызықтық тәуелділіктен ауытқу сондай шамаға жеткенде, бұл деформация қисығына Рб нүктесінде жүргізілген жанаманың жүктемелер шүлдігімен құралған көлбеу бұрышының тангенсі сызықтық серпімді бөлімде өз мәнінің 50 ұлғайғандағы кернеу.

σпц = Рпц/F0. (4.1)

Серпімділік шегі (шартты) 0,05, МПа – деформация өлшеуішінің бөліміне тең үлгі аймағының ұзындығынан 0,05-ға жететін қалдықты ұзарудағы кернеу (басқа да дәлдікшектермен 0,005-ға дейін анықтауға болады және 0,01, 0,02 деп белгіленеді).

σупр = Рупр/F0. (4.2)

Аққыштық шегі (шартты) 0,2, МПа – үлгінің есепті l0 ұзындығының 0,2 құрайтын қалдықты ұзаруындағы кернеу. Созу диаграммасында0,2 мәнін анықтау үшін х шүлдігіне 0,002l0қашықтығындағы k нүктесінен, серпімді деформация сызығымен қиылысқанша жарыспа жүргізіледі. у шүлдігіне кескіндегенде алынған 0,2 нүктесі шартты тұрақсыздану шегінің МПа мәнін анықтайды.

σт = Рт/F0. (4.3)

Үзілгеннен кейінгі салыстырмалы ұзару5, 10, (үзілгендегі салыстырмалы ұзару) – үзілгеннен кейінгі үлгінің есепті ұзындығы dl0 өсімшесінің бастапқы есепті ұзындығына l0 қатынасымен анықталады. Салыстырмалы ұзару 5 – үлгілер ұзындығының диаметріне 5 еселік қатынасымен; 10 – 10еселік қатынасымен бөлінеді. Басқа да қатынастармен болады, мысалы, құймаларды сынауда - 2,5. АҚШ-та - 4 қатынас қолданы-лады.

Үзілгеннен кейінгі салыстырмалы тарылу,  үлгінің үзілген жеріндегі кесе-көлденең қимасы ауданының бастапқы кесе-көлденең қимасының ауданына қатынасының кішіреюі түрінде анықталады.

3. Жылжыпсырғымалылық. Ақаулардың жинақталуы.

Жылжыпсырғымалылық – ағу шегінен төмен тұрақты кернеу кезінде ағатын созымды деформация, абсолютті нольден балқу температурасына дейінгі кең температуралар интервалында бақыланады. Жоғары тәжірибелік қызығушылықты ~ 0,4 – 0,75 Т балқу температурасындағы жылжыпсырғымалылық тудырады. Жылжыпсырғымалылықтың өте төмен кернеу кезінде (ағу шегінен төмен) ағуы σт - ң Котрелл бойынша орнатылған деформация жылдамдығына функционалдық тәуелділігімен түсіндіріледі:

σт = k (έ)n

Үлгінің жылжыпсырғымалылық жағдайындағы сынау уақытының деформацияға тәулділігі жылжыпсырғымалылық қисығымен беріледі 1 сурет. Қисық классикалық жағдайда үш аймақтан тұрады, яғни жылжыпсырғымалылықтың үш кезеңі болады.

1-3 кезең

1 суретЖылжыпсырғымалылықтың қисығы

  • Бірінщі кезеңде деформация жылдадығы уақыт өте азаяды;

  • екінші кезеңде деформация тұрақты жылдамдықпен аға бастайды;

  • Үшінші кезеңнен бастап деформация өспелі жылдамдықпен жалғасады, және үрдіс қираумен аяқталады.

Әр сатының берілген материалдар үшін салыстырмалы дамуы сыртқы жағдайлардан (температура, кернеу шамасы) тәуелді. Бекітілген (2- саты) жылжыпсырғымалылық жылдамдығы.

έ ,

Жоғары температурадағы жылжыпсырғымалылықпроцесін (Т >> 0,3 Тпл) анықтайтын бірден-бір нәрсе ол – ІІІ сатыда тесіктер мен жарықтардың түйіраралық қираудың арқасында пайда болуын түсіндіреді. Көптеген жағдайларда үш түйірдің кездескен жерінде клин түріндегі жарықтардың пайда болуы мен өсуі жүреді, олардың шекаралары созылу осімен үлкен бұрышты құрайды (шамамен 90°) (2-сурет).

Мұнан басқа, түйір бойымен және шекараларымен ұсақ кеуектердің түзілуі мен өсуі жүреді. Кеуектер бір-бірінен алыс емес қашықтықта шынжырлы болып орналасады (3-сурет). Жылжыпсырғу кезіндегі кеуектер бос орын диффузиясы мен олардың туынды шағын ақауларындағы (шағын жарықтар, түйірдің үлкен бұрышты шекаралары және т.б.) конденсациясымен өседі деп есептеледі. Шағын жарықтар мен кеуектер біртіндеп өссе немесе көршілестермен қосылса, олар үлкейіп, үлгі қирайды

2-сурет.Клин түріндегі жарықтардың түзілу сатысы

3-сурет. Түйір ішіндегі кеуектердің дамуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]