Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2016_klin_biokh_sillabus_kaz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169 Кб
Скачать
☆

2. Пәннің саясаты:

Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау ағымдық (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

2.1 Бағдарлама

Кіріспе

Клиникалық биохимия – биохимиялық процессті рөлін және патологияның даму сатысын зерттейтін ғылым. Клиникалық биохимия – физиология және патология жағдайының өзара байланысатын заңдылықтарын оқытады, биологиялық сұйықтықтардың және клетка құрылымдарының жағдайының өзгеруі.

Келешек дәрігерлер биологиялық химия пәнін оқып үйрене отырып тірі организмде, яғни клеткаларда, ткандерде және органдарда жүріп отыратын негізгі процестерді және патологиялық жағдайда клеткадағы метаболизмдердің өзгеру себептерін тереңдете білім алу мүмкіншілігімен бағаланады. Биологиялық химия пәні келешек дәрігер дұрыс меңгеруіне байланысты, клеткадағы бүкіл метаболизмдегі биохимиялық информациялық әдістерді тереңдете меңгере отырып, аурудың дұрыс диагнозын қойып, оны дұрыс емдеу жолдарын оқып үйренеді.

Курс ХҚТУ медициналық білім беру аясындағы төмендегі құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған:

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген құзыреттіліктер

Салыстырылмалы үлестірілімі

Б.1.1.

ҒАЛЫМ-ЗЕРТТЕУШІ (1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.

0,4

Б.2.2

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастардың лабораториялық зерттеу жоспарын тағайындау, биохимиялық зерттеу нәтижелерін оқу және интерпретациялау, дифференциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әр түрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау үшін биохимиялық негіздерін қолдану секілді дағдыларды көрсете біледі

0,5

Б.2.5.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ: аурудың алдын алу мен реабилитация қағидаларын түсінеді.

0,1

2.2. Пәннің мақсаты: студенттер диагноз қою және емнің тиімділігін анықтау үшін биохимиялық негіздерін қолдануын дамыту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]