- •Медицина факультеті Арнайы клиникалық пәндер кафедрасы
- •«Клиникалық биохимия» пәні бойынша
- •Түркістан -2016
- •Оқытушылар туралы мәлімет
- •1. Шалхарова Жанат Нагметовна – м.Ғ.Д., профессор
- •2. Пәннің саясаты:
- •2.1 Бағдарлама
- •2.3. Пәннің міндеттері:
- •2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
- •2.5. Пререквизиттер және постреквизиттер
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7 Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:
- •2.8. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары(сөж)
- •Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.9 Клиникалық биохимия пәнінен әдебиет
- •Электронды сайттар:
- •2.10. Оқыту әдістері
- •2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
2.3. Пәннің міндеттері:
нормада және патологиялық жағдайда метоболикалық процесстер туралы заманауи ұғым қалыптастыру;
студенттерді негізгі биохимиялық зерттеу тәсілдерімен таныстыру;
диагноз қою және емнің тиімділігін анықтау үшін биохимиялық зерттелерді дұрыс тағайындауды және олардың нәтижелерін сауатты талдауды және тұжырымдауды үйрету;
студенттерде ғылыми және клиникалық ойлау қабілетін дамыту үшін жеке әдебиеттермен таныстыру.
2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б1.1.
|
ҒАЛЫМ,ЗЕРТТЕУШІ (1)
БІЛІМІН ҚОЛДАНУ |
Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: адам организмін-дегі биологиялық сұйықтықтағы негізгі биологиялық константа-лардың қалыпты мөлшерін және патологиялық көрсеткіштерін есте сақтайды; Түсінеді:органикалық қосылыстар-дың және зат алмасу процестерінің реттелуін, физиологиялық функция-ларын, процестердің бұзылу себептерін түсінеді; Қолданады:биологиялық материал-дармен жұмыс жасаған кезде (қан, несеп, асқазан сөлін анықтау) техникалық қауіпсіздік шараларын қолданады; Дағдылар (психомоторлы) домені: Манипуляция: тақырыпқа сәйкес білімін пысықтап, әдеби деректерді дұрыс пайдаланып және жаңалықтарды ғылыми тұрғыда дәлдікпен тұжырымдай алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: биохимиялық мәліметтерді іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтарды құндылықты үлестіреді.
|
Б2.2
|
ДӘРІГЕР–КЛИНИЦИСТ (1)
НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ |
Білім (когнитивті) домені: Түсінеді: аурулардың биохимиялық негіздерін түсінеді. Қолданады: науқастың организміндегі паталогиялық өзгерістерді болжап, тиісті зерттеулерді қолдана алады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: биохимиялық анализді интерпретациясын дәлдікпен жасау. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: студенттер диагноз қоюға керекті анализдерді дұрыс оқи алады және келешек дәрігер ретінде білімін көрсете алады. |
Б 2.5
|
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)
ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады: метаболизмдік процес-тердің бұзылысымен сипатталатын аурулардың алдын алуда скринингтік биохимиялық лабораториялық зерттеулердің нәтижелерін профилактикалық жоспар құруда қолданады; салауатты өмір салты принциптерін қалыптастырудағы білімдерін қолданады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және үйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үлестіре отырып, дұрыс профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады. |
Оқытудың нәтежелері:
Студент білу керек:
көмірсулардың метаболизмін; қант диабеті дамуының биохимиялық негіздерін;
липидтік алмасуын және атеросклерозда дамытатын механизмдері. Дислипидемияның диагностикасы және коррекциясы;
ақуыз алмасу; жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушіліктің биохимиялық негіздері;
күрделі ақуыздардың метаболизмі; гиперурикемияның диагностикалық маңызы; гипербилирубинемия және сарғаю жағдайлары;
қан мен несептің биохимиясы.
Студент жасай білу керек:
науқасты зерттеу жоспарын анализдерді сауатты тағайындау;
диагноз қою және емнің тиімділігін анықтау үшін биохимиялық анализдерді қолдану;
медициналық ғылыми әдебиетпен және интернет жүйелерімен жұмыс жасау;
салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізу.
