- •20.Әлеуметтік болжаудың ұғымдық аппараттары мен әдіснамалық негіздеріне әлеуметтік жұмыскер ретінде баға беріңіз
- •21.Ақпараттарды жинау әдістерінің танымдық мүмкіндіктерін нақты ситуациялар негізінде түсіндіріңіз
- •22.Әлеуметтік болжаудың зерттеу саласы және мәселелері, оның тиімділігін көтеру жолдары туралы толық ақпараттар беріңіз
- •23.Әлеуметтік жұмыс практикасында болжау жасаудың қажеттілігін негіздеңіз
- •24.Әлеуметтанулық болжаулардың динамикалық және статикалық заңдарға негізделуін түсіндіріңіз.
- •25.Әлеуметтік болжаудың экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық және экологиялық болжаулармен байланысын дәлелдеп көрсетіңіз
- •26. Іздестіру, нормативті және мақсаттық болжамдар арасындағы байланыстарды нақты мысалдар негізінде түсіндіріңіз
- •29.Жаһандану жағдайындағы тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктері негізінде әлеуметтік жұмыскердің жаңа бейнесін қалыптастырудың маңыздылығына түсініктеме беріңіз
- •27.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын үлгілеу ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын үлгілеуге іс-әрекеттік, құрылымдық-функционалдық, антропологиялық және интеракционистік, феноменологиялық ыңғайларды қолдану қажеттігін негіздеңіз.
- •30.Синергетиканы әлеуметтік зерттеудің әдіснамасы ретінде социологиялық тұрғыдан сипаттаңыз
- •31.Жаңа технологиялық мәдениеттің әлеуметтік жұмыс мамандарын қалыптастыруға инновациялық әсерін атап көрсетіп, факторлық талдау жүргізіңіз(сұрақтың жауабы табылмады)
- •32.Қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік сфераларында қолданылатын әлеуметтенудің қазіргі технологиялық тәсілдері мен әдістерінің әлеуметтік мәнін негіздеп көрсетіңі
- •33.Әлеуметтенудің қазіргі әлеуметтік технологияларының пассионарлық сипатын дәлелдеп, пункттер бойынша белгілеңіз
- •34.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын қалыптастыруда әлеуметтік-серіктестік қатынастардың барлық түрлері мен дәрежелерін қолдануға сипаттамалық талдау жасаңыз
- •35.Социологиялық зерттеудің түрлі зерттеу процедуралары мен реттік кезеңдері арасындағы бір-біріне жеткізіп отыру байланысын нақты мәселе негізінде талдап көрсетіңіз
- •36.Әлеуметтік жобалаудың мақсатын түсіндіріп, оның модельдеумен байланысына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •37.Синергетиканың өз-өздерін ұйымдастырушы әлеуметтік жүйелердің әдіснамасы ретіндегі ерекшелігін нақты ситуацияны талдау негізінде дәлелдеңіз
- •38.Әлеуметтік жобалаудың субъектісін және объектісін, зерттеу пәнін нақты проблемаларды зерттеу мысалында көрсетіңіз
- •39.Жобалауға әсер етуші субъективті факторларға сынамалы талдау жасап, әлеуметтік жобалаудың тиімділігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін атап көрсетіңіз
25.Әлеуметтік болжаудың экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық және экологиялық болжаулармен байланысын дәлелдеп көрсетіңіз
Экономикалық болжам – экономиканың келешек кезеңдердегі даму үрдістерін – экономикалық даму қарқынын, экономика құрылымы мен бағаның нарықтық жағдаятын, экономикалық басқару жүйесінің, т.б. өзгеруі үрдістерін алдын ала болжап, көре білу. Экономикалық болжам экономикалық жоспарлаудың белгілі бір уақыт кезеңі бойына жалпы ішкі тепе-теңдік шарттарын алдын ала болжап, көре білуге мүмкіндік беретін негізгі құралдарының бірі болып табылады. Экономикалық болжамның көмегімен бағыттарды айқындап, экономикалық саясаттың нақты шешімдерін дайындауға, сондай-ақ олардың ықтимал нәтижелерін бағалауға болады.
Экономикалық болжам, әдетте, өткен кезеңдердегі есептік деректерге негізделіп құрылады және белгіленген номенклатуралар мен ұлттық шоттарды жүргізу ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Болжау – нарықтық стратегияны әзірлеудің, мақсатты бағдарламаларды негіздеудің, шаруашылық шешімдер қабылдаудың негізгі элементі. Нарықтық экономикада болжау негізгі үш атқарымды орындайды, Олар: болашақта шаруашылықты жүргізу нысандарының және қоршаған ортаның өзгеруі үрдістерін болжай білу; қабылданатын шаруашылық шешімдердің (тауарлар шығару мен қызметтер көрсету, бағалы қағаздар шығару, инвестициялық жобаларды қаржыландыру, баға белгілеу, т.б.) ықтимал салдарларын бағалау; қабылданған шешімді, қажет болса, дер кезінде түзету үшін оны орындау нәтижелерін күнделікті болжап отыру. Нарықтық экономикадағы болжамдар жүйесі олардың мынадай түрлерін қамтиды:
болжамдардың нысандары бойынша – а)әлеуметтік болжам (демография, қажеттіліктер, тұрмыс деңгейі, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет), ә)экономикалық болжам (өндірістің құрылымы мен серпіндері, жағдаят, баға, қаржы, тиімділік, басқарудың дамуы, институттық өзгерістер); б)ғылыми-техникалық болжам (ғылымның, өнертабыстық қызметтің, инновациялардың дамуын, техника буындарының, технология ұстындардың ауысуын болжау); в)табиғи-экологиялық болжам (табиғи ресурстардың ұдайы қалпына келтірілуінің табиғи және экология үдерістерінің серпінін болжау); г)сыртқы экономикалық болжам (әлемдік шаруашылық пен нарықтың, сыртқы экономикалық байланыстардың серпінін көре білу);
болжам ауқымы бойынша – ағымдағы, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, аса ұзақ мерзімді болжам;
болжау субъектілері және аумақтық ауқымы бойынша – жергілікті, аймақтық, ұлттық, салалық, проблемалық, халықаралық, жаһандық болжам;
сипаты бойынша – а)жеке (бір көрсеткіш бойынша) және жалпылама (объект параметрлерінің жүйесі бойынша) болжам; ә)генетикалық (үрдістерді болжау), б)нормативтік немесе телелогиялық болжам (күні бұрын алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен мерзімін көре білу); в)бір нұсқалы және көп нұсқалы болжам.
Микродеңгейдегі экономикалық болжам барлық дәуірлерде шаруашылық қызметтің ажырағысыз элементі болды. Елдің экономикасын және әлемдік шаруашылықты қамтитын макроэкономикалық болжау 20 ғасырдан әзірлене бастады. Мысалы, 1920 – 30 ж. КСРО-да экономикалық болжам қарқынды түрде әзірленді. Бірақ батыс елдері 1930 – 40 ж. экономикалық болжамды теріске шығарды. Соған қарамастан соғыстан кейінгі кезеңде дүние жүзінде соның ішінде КСРО-да кеңінен таралды. 1970 – 80-жылдардан бастап ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық болжамдар – ғылыми-техникалық үдерістің 15 – 20 жылға арналған кешенді бағдарламасы, көптеген салалық, аймақтық және проблемалық болжамдар жасалды. Егеменді елімізде “Қазақстан – 2030” (1997) стратегия даму бағдарламасы ұзақ мерзімді экономикалық болжамның үлгісі болып табылады.
Саяси болжаулар (грек, prognosis - алдын ала көру) - саяси құбылыстардың даму болашағын анықтау мақсатында құбылыстар мен саяси үрдістерді ғылыми зерттеу. Мұндай зерттеулер саяси талдау әдістемесіне негізделеді. Саяси тәжірибедегі табыстар мүмкіндігі мен мінез-құлық стратегиясын бағалау нақты нәтижелерғе алып келеді. Бірақ саяси болжамдаудың негізгі мәселесі - зерттеушінің саяси даму мүмкіндігін алдын ала болжау, көре алу. Алғашқы талап-тілек пен олардың нәтижелерін жүзеге асыруда сәйкессіздік болуы мүмкін.
Демографиялық болжау — әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы демографиялық болжам аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрі - демографиялық дүмпу мен демографиялық дағдарыс және сол елдің демографиялык саясаты ескеріле отырып, демографиялық болжам қысқа (1 - 10 жылдық) және ұзақ (1 ғасырлық) уақытқа жасалынады. Адамзат тарихының бүкіл өн бойында дерлік Жер шарында халықтың саны өте баяу өсті. Оның жедел өсуі XX ғасырда басталды.
Соңғы мың жылда халық санының бірінші рет екі еселенуі үшін 600 жыл қажет болса
екінші рет еселенуі үшін - 230 жыл керек.
Үшінші рет еселенуі үшін шамамен 100 жыл,
төртінші рет еселенуі үшін - 40 жылдан сол артық уақыт керек болды.
Дүниежүзі халқының саны 1000 жылы - 275 млн., 1500 жылы 450млн, 1900 жылы 1617 млн., 1950 жылы 2,5 млрд–қа. XX ғасырдың соңында 6,2 млрдқа жетті. Демографиялық болжам бойынша Жер бетіндегі халықтың саны XXI ғасырдың соңында 32 млрд-ка жетпек. Қазақ халқының саны 2015 жылға қарай (сыртқы көші-қонды есептегенде) 15 млн-ға, ал XXI ғасырдың соңында 30 млн-ға жетеді деп болжанып отыр. Қазақстанда 2015 жылы 13 млн. қазақ тұратын болады, ол еліміздің жалпы түрғыңдарының 65%-ын құрайды.
Демографиялық болжамдар болжау кезенінің ұзақтығы бойынша және болжаудың мақсаттары бойынша жіктеледі. Демографиялық болжамдар жіктелімдерінің бірінші критерийі (белгісі) болжау кезенінің ұзындығы немесе болжау кезеңінің ұзақтығы болып табылады. Әдетте кысқа (5-10 жыл), орташа (15-20 жыл), ұзақ (25-50 жыл) және өте ұзақ (50 жылдан артық) мерзімді болжаулар болып бөлінеді. Болжау мақсаттары бойынша барлық демографиялық болжамдар төмендегідей бөлінеді: 1) талдамалық, оның ішінде болжау-сақтандыру; 2) нормативтік (мақсаттық); 3) функционалдық Талдамалық болжамның мақсаты - қазіргі таңдағы халықтың өсіп-өну үрдістерін халықтың болашақтағы саны мен құрамына және жалпы әлеуметтік- экономикалық дамуына ықтимал әсерін бағалау тұрғысынан зерттеу. Талдамалық болжамның бір түрі болжау-сақтандыру болып табылады. Болжау- сақтандырудың мақсаты - қалыптасқан демографиялық ахуалдың ықтимал қауіпті салдарын және олардың өзгеру үрдістерін әдейі күшейтіп көрсету, оларды болдырмау үшін сәйкес шараларды қабылдау қажет. Нормативтік болжамның негізгі мақсаты - демографиялық процестердің кейбір қажетті жағдайына жету үшін нақты ұсыныстарды дайындау. Функционалдық болжамның мақсаты - әлеуметтік, экономикалық, саяси және мемлекеттік және әлеуметтік басқару қызметінің т.б. салаларда орындарына қажетті шешімдер қабылдау үшін қажет халық туралы болжамды мәліметтер алу. Функционалдық болжамдар 2 топқа бөлінеді: демографиялық ұсыныс болжамдары мен халыққа сұраныс болжамдары.
Технологиялық болжау-шығарылатын бұйымдардың тұтынылу қасиетінің және пайдаланылатын технологияның келешекте ықтимал жаңартылуын айқындайтын және өндірістік шығындардың құрылымындағы ықтимал өзгерістерді бағалайтын болжамдау
Экологиялық болжау- табиғи ресурстардың ұдайы қалпына келтірілуінің табиғи және экология үдерістерінің серпінін болжау.
