Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобалау мен болжау 28.12.2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

26. Іздестіру, нормативті және мақсаттық болжамдар арасындағы байланыстарды нақты мысалдар негізінде түсіндіріңіз

Болжамдар типологиясы мақсаты, міндеті, объектілері, нысандары, проблемалары, сипаты, ескерту мерзімі, болжауды ұйымдастыру әдістері және т.б. қарай түрлі критерийлер бойынша құрастырыла алады. Негізгісі болып проблемалы-мақсатты критерий болып табылады: болжам не үшін құрастырылады? Сәйкесінше, болжамдардың екі түрі болады: ізденістік (оларды алдында зерттеулік, ізденістік, трендтік, генетикалық деп атайтын) және нормативті (оларды бағдарламалық, мақсатты деп атайтын).

Әлеуметтік ізденістік болжам – болашақтағы әлеуметтік жұмыс субъектісінің мүмкін болатын жай-күйін анықтау. Мұндай болжам “ бар тенденциялардың сақталу жағдайында әлеуметтік жұмыстың ықтимал ісі қандай болады?” – деген сауалына жауап береді.

Әлеуметтік жұмыстағы нормативтік болжам – мақсат тұрғысында қабылданатын құбылыс ретіндегі әлеуметтік жұмыс субъектісінің мүмкін болатын жай-күйіне жетудің мерзімі мен жолдарын анықтау. Мұндай болжам: “іштей және сырттай орнықты әлеуметтік қызмет субъектісін қалыптастыру қандай жолдармен жүзеге асырылуы қажет?” – деген сауалға жауап береді.

Нормативті болжам — мақсат ретінде қабылданатын құбылыстың ықтималды қалпына жетудің жолдары мен мерзімдерін анықтау. Бұл жерде алдын ала берілген нормалар, идеалдар, стимул мен мақсаттар негізінде күтілетін ықтимал қалыпқа жетуді болжау меңзеліп отыр. Мұндай болжам келесі сұраққа жауап береді: қалайтын нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

Нормативті болжам. Болжамды верификациялау. Басқарым үшін ұсыныстарды құрастыру.

Нормативті болжам болжамдық зерттеудің өз бетінше ерікті үдерісі болып табылады және ізденістік болжамнан кейін өткізіледі. Нормативті болжам үрдісінің өзі келесідей операциялардан тұрады:

— алдын ала құрастырылған және белгіленген критерийлер бойынша абсолютті және қатысты оптимумдарды анықтау және сәйкес нормативті болжамдық үлгілерді құрастыру;

— сарапшыларды, қажет болған жағдайда халықты сауалнамадан өткізу әдісімен құрастырылған үлгілерді талқылау;

— Талқылаулар негізінде үлгілерді түзету. Нормативті болжау төмендегі критерийлермен тығыз әрі күрделі байланыста:

— мақсатты тұжырымдау;

— норма және нормативтер;

— жоспар, бағдарламалар, жобаларды құрастыру кезіндегі оңтайландырылған есептер.

Нормативті болжамды құрастыру үшін болжауда қолданылатын әдістердің бәрі де жарамды саналады және осы облыстағы нормативті және ізденістік ыңғайлара арасындағы айырмашылықтың мәні зерттеу әдіснамасында емес, зерттеу логикасында. Нормативті болжауды құрастыру технологиясының негізінде болжамды іздестіруден өзге және едәуір күрделі идея жатыр. Егер де ізденістік болжам кезінде зерттеу негізін даму заңдылықтары өткен шақты не қазіргі шақта белгілі деректердің динамикалық қатарын келешекке экстраполяциялау құрайтын болса, нормативті болжауда- мақсатты тұжырымдаудың алдын ала берілген амалдар және критерийлер бойынша осы деректер мәндерін оңтайландыру (ықтималдының ішінен жақсысын таңдау).

Нормативті зерттеу мақсатты тұжырымдаудан басталады. Мақсат екі әдіспен қойылуы мүмкін:

— болжамды фон шектеулерінен абстракциялана отырып;

—осы шектеулерге сәйкес.

Бұл бір бағытта келетін, алайда бір-біріне сәйкес емес мақсаттар. Әрбір жағдайда ерекше әдіснамалық ыңғай керек.

Болжамды фон шектеулерінен абстракциялану жағдайында екі ыңғай болуы мүмкін: волюнтаристік және ғылыми. Соңғысы қандай да бір идеалға нақты бағдарлануды, яғни мақсаттың ерекше түрін қажет етеді. Егер де идеал болмаса, нормативті ыңғайдың да мәні болмайды. Әлеуметтік сферада идеал ылғи да болады, оған адамның,топтың, қоғамның кез келген қызметі бағдарланады. Нәтижелі шешімі нақты идеалды меңзейтін перспективалы проблемаларды анықтауға ізденістік болжау бағытталады. Ал нормативті болжам болжамды ізденіспен анықталған проблемаларды шешудің альтернативалық жолдарын, нақты идеалға жету жолдарын анықтауға баағытталған. Түзетілген нақтылы идеал нормативті болжамды негіздеу рөлін атқарады және оның жоспарлы, бағдарламалық, жобалық, ұйымдастырушылық талдамалардағы нәтижелігін арттыруға септігін тигізуі тиіс.

Нормативті болжаудың нәтижесі - болжаулық ізденіспен анықталған проблемаларды шешудің ықтималды жолдарын, мақсатқа жетудің ықтималды жолдарын анықтау, яғни пайда болған не қалыптасып жатқан проблемаларды шешу үшін басқару амалдарымен жүзеге асырылуы тиіс мақсатты жағдаятты анықтау. Осы жағдайды негізге ала отырып, ізденістік болжаудағыдай, әлеуметтік феноменінің өзін қарастыру керек.

Орташа мерзімді — бес-он жылға, ұзақмерзімді-он бес-жиырма жыл аралығына, едәуір ұзақ мерзімді-ұзақ мерзімдіден тысқары.

Алайда бұл жерде де әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жеке салаларының ерекшеліктерімен байланысты айырмашылықтар бар. осылайша, саясат саласында қысқа және ұзақмерзімдік арасындағы диапазон жақын онжылдық шегіне дейін қысқарса, қалалық құрылыс саласында- бүтіндей бір жүзжылдыққа ұзарады (себебі жақын онжылдықта объектілердің басым бөлігі жобаланып қойған, ол себепті тек оперативті болжау ғана мүмкін), экономикада-халықтық шаруашылық жоспарларының диапазондарына бейімделеді.

Зерттеу объектісі бойынша жаратылыстану, ғылыми-техникалық және қоғамтанымдық (терминнің кең мағынасында әлеуметтік) болжамдарды ажыратады. Жаратылыстану болжамдарында болжау мен ескерту арасындағы өзара байланыс объектіні басқарудың мүмкін еместігіне байланысты елеусіз, жақын және нөлге тең келеді, сол себепті мұнда құбылыстың келешек қалпын едәуір нақты болжауға бағдары бар ізденістік болжау ғана болуы мүмкін. Қоғамтанымдық болжамдарда бұл байланыстың маңызды келетіні соншалық, ол өз бетінше жүзеге асу әсерін немесе, керісінше, мақсаттар, жоспарлар, бағдарламалар, жобалар, жалпы шешімдер негізінде ( жасалған болжамдарды ескере отырып қабылданғандар да) адамдардың әрекетімен болжамдардың өз бетімен жойылу әсерін беруі мүмкін. Осыған байланысты ізденістік және нормативтік жаңалықтарды, яғни басқару нәтижелігін арттыруға бағдары бар шартты болжауларды үйлестіру қажет. Ғылыми-техникалық болжадар бұл тұрғыда аралық қалыпқа ие деуге болады.