Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобалау мен болжау 28.12.2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

27.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын үлгілеу ерекшеліктерін көрсетіңіз

Әлеуметтік жұмыс тек мамандық қана емес,сонымен қатар ол жан дүниені де қарастырады.Кейбір мамандар осы жұмысты адалдық пен борыш тұрғысынан қарастырады.Себебі өмірде көп нәрсені жоғалтқан,шешімі қиын мәселелерге кездескен адамдармен қарым-қатынас жасау өте қиын.

Әлем елдерінің көпшілігінде қазіргі уақытта әлеуметтік қызметкердің кәсіби рөлі былайша ерекшеленеді.

Бағалаушы (evaluator):мәлімет жинайды,адамдардың,бірлестіктердің мәселесін бағалайды.Мақсаты-ақпаратты жинау және өңдеу.

Клиентті анықтаушы (outreach worker):қиындықты бастан кешіруші немесе қауіп-қатер күйдегі адамдар тобын анықтайды.Мақсаты-қиындық тудыратын орталардың шарттарын айқындау,табу.

Мәлімет менеджері (data manager): клиент туралы алған мәліметтерді талдайды.Мақсаты-әрекет үшін шешім қабылдауға көмек.

Брокер (broker) адамды клиенттің мәселесін шешу қызметтеріне бағыттайды.Мақсаты-әлеуметтік қызметтер жұмысын үйлестіру,олардың потенциалын адамдарға қолдануға мүмкіндік беру.

Делдал,буфер (mediation): даулы тараптардың арасында:екі адам немесе топ арасында болады.Мақсаты-келіспеушіліктерді шешу және оларды бірге өнімді жұмыс жасауға үйрету.

Адвокат,қорғаушы (advocate):көмекке мұқтаж адамдардың құқығы үшін күреседі.Мақсаты-сапалы қызмет көрсетуді жоғарылату,клиенттерге көмек беру,заңдарға және әлеуметтік жұмыстың пайда болған тәжірибесіне өзгерістер енгізу.

Мұғалім (teacher):адамдарға мәлімет және білім береді.Мақсаты-адамдардың өз мәселесін өзі шеше білуін дамытуға көмек.

Мінез-құлық корректоры (behaviour change): жүріс-тұрыс стереотипіне,дағдыларға және адамдарды немесе топтарды қабылдауына өзгерістер кіргізеді.Мақсаты-клиентті психологиялық-педагогикалық қолдау.

Бірлестіктердің жобасы (community planner):топтарды,агенттіктерді,қызметтерді жоспарлауға көмектеседі және олардың қызметінің бағдарламаларын өңдейді әрі іске асырады.Мақсаты-әлеуметтік жұмысты бағдарлау.

Кеңес беруші (consultant): басқа әлеуметтік қызметкерлерге немесе қызметтерге көмек көрсетеді.Мақсаты-әлеуметтік жұмыс мамандарының клиенттердің проблемасының шешімін таба білуін жақсартуға көмектеседі.

Администратор (administrator):мекемені немесе бірлестікті ұйымдастырушылық және қаржылық көмекпен қамтамасыз етеді.Мақсаты-басқару шешімдерін қабылдау.

Ең бастысы әлеуметтік жұмыскер өз ісінің мықты маманы болуы қажет.

28.Әлеуметтік жұмыскер тұлғасын үлгілеуге іс-әрекеттік, құрылымдық-функционалдық, антропологиялық және интеракционистік, феноменологиялық ыңғайларды қолдану қажеттігін негіздеңіз.

(27-28 сұрақ жауабы табылмады)

29.Жаһандану жағдайындағы тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктері негізінде әлеуметтік жұмыскердің жаңа бейнесін қалыптастырудың маңыздылығына түсініктеме беріңіз

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

«Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды. «Жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілген.

Н.Е. Покровский өзінің жаһандану құбылысын түсіндіруге әрекет ететін әртүрлі концепцияларының типологиясын ұсынды. ХХ ғ. 90-шы жылдары жаһандық мәдениет үлгісі кең қолданысқа ие болды. Бұл концепцияның басты тезисі адамзат күйінің жаңа бейнесі мәдениет болуында жатыр. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте – әлемдік туризм, мәдени гибридтердің пайда болуы, постмодернистік мәдениет, тәжірибе қайта қалыптастырудың жаңа формасы. Маңызды фактор болып адамның ішкі уәжі, оның жаңа жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесі қалыптастырылады. Осы үлгіге сай адамзаттық одақтың әртүрлі деңгейіндегі өзіндік сәйкестендірудің басты серігі немесе жаһандану нәтижесі болып табылады.

Жаһандану үрдісі үлкен сынға ие және де бұл сынды тек жаһандануға қарсы пікірдегі адамдар ғана емес, саяси қайраткерлердің бірқатары, сондай-ақ экономистер мен оқымыстылар да білдіріп жатады. Мысал ретінде жаһандануға қарсы өткір сындарға толы бірқатар кітаптар жазған, әйгілі экономист Джозеф Стиглицты келтіруге болады. Стиглиц көптеген деректер мен мысалдар келтіре отырып, оның өндірісті құртатынын, жұмыссыздық пен кедейшіліктің өсуіне ықпал ететінін, ғылыми-техникалық прогрессті тежейтінін және әлемдегі экологиялық апаттарды шиеленістіретінін дәлелдейді. Бірқатар авторлар жаһанданудың бала туу деңгейінің төмендеуіне әсер ететінін көрсетеді. Ал өзгелері болса, жаһандану АҚШ-та өзінің геосаяси қарсыластарын әлсірету және құрту құралы ретінде қолданылатынын тұжырымдайды. Және осындай пікірлер өте көп.Жаһандану жақтастары қазіргі кезеңдегі үрдістер мен олармен байланысты жағымсыз құбылыстар өзіндік сипатқа ие және оларды басқару мүмкін емес деген пікірді алға тартады. Ал жаһандану сыншылары керісінше, ірі мемлекеттер жағымсыз құбылыстардың соңын айтарлықтай азайтуға мүмкіндіктері бар деген сенімде.