Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журн[1]..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Курстың мазмұны:

Кәсіби қазақ тілі курсы бойынша қатысымдык құзыретті қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім мазмұны

Студенттердің қазақ тілін сөйлесім әрекеті түрлері бойынша меңгеру

іскерліктеріне қойылатын талаптар:

Тыңдалым бойынша студент кәсіби мәтінді тыңдап:

• берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

• түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы бойынша ойды, тақырыпты, негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс.Сонымен қатар:

• іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдар арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек.

Тыңдалым уақыты 5-6 минут және бір рет тыңдалады.

Оқылым әркеті бойынша мәтінді оқып:

• оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.

Студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет. Материал көлемі-2-2,5 бет.

Мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу барысында студент мыналарды орындай білуі қажет:

• оқудың басты стратегияларын қолдана білуі;

• мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

• хабарға,ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына өзінше баға бере білуі.

Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн.

Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5- бет болуы тиіс. Студент сонымен қатар:

• мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы, осы тақырып бойынша естіген, оқыған материалды қайта жаңғырта алуы, толықтыруы, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

• ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

• нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минут, айтылым қарқыны минутына170-200 сөз болуы тиіс. Ал диалогтық сөйлеу болса, айтылым қарқыны минутына 160-180 сөз.

Диалогтық сөйлеуде студент:

•айтушының ой-пікіріне өзіндік тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

• мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;

• естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.

Курстың соңында студент келесі дағдылар мен біліктерді меңгеруі қажет:

● мамандығы бойынша қажетті тақырыптардағы орташа және күрделі мәтіндерді түсіну және қабылдай алу;

● баяндамалар, хаттар жаза білу, мамандығына қажетті құжаттарды сауатты құрастыра және толтыра білу;

● қажетті ақпараттарды талдай, сұрыптай білу;

● сызба, кестелердегі ақпараттарды сауатты сөйлете алу;

● қажет материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне сауатты аудару;

● түрлі тақырыптардағы пікірталастарда айтпақ ойын дәлелдей білу, өз ойын (ауызша және жазбаша) тілдік нормаларды сақтай отырып, дәйекті,шебер жеткізе алу;

● негізгі терминдерді, ұғым-түсініктерді орынды қолдана алу;

● өтілген тақырыптар негізінде эссе,баяндамалар, хабарлама жазу, студенттің өзіндік жұмыстарын дайындау барысында тезис құра білу;

● кез-келген стилдегі материалды түсініп, ажырата алу;

● өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі;

● іскерлік ортада шебер сөйлей алуы, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қажетті тұстарда оңтайлы қолдана алуы;

ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ

Зат есімнің түрлері, жасалуы

Тірек сөздер: газет-журнал, радио, телевидение, мамандық, журналистика, әлем, пікір, мемлекет, ақпарат, заң, конституция, ұлт, тұжырым, қызмет ету.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, оны орыс тіліне аударыңыз және мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

«Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші (А.Байтұрсынов), көп жетістіктердің болмысы мен сипатын осынау газет-журнал, радио, телевидениенің прогрестік мәнінен аңғарамыз. Ақпараттық технология барған сайын өз мүмкіндіктерін тереңдей ашуда.

Сонау ХVІ-ХVІІ ғасырлардан басталатын журналистиканың нақты жұмыс процесі қазір де лайықты жалғасын тауып келеді. 1776 жылы саясатшы әрі публицист Э.Берк айтқандай, БАҚ-ты «төртінші билік» санап, көпшілік арасында пікір қалыптасып кеткені секілді, журналистикада жаңа көзқарас, үғымдар пайда болып отыр. Бұл да жайдан-жай құбылыс емес. БАҚ-қа деген ерекше ықылас, назар аударудан туған оң тенденция, халықтық ниет-пиғылдан келіп шығатын пікір-түйіндер нәтижесі.

Әлемдік журналистика дегенде (оның ішінде қазақ журналистикасы да бар) даму, қалыптасу жолдары өзара ұқсастықтармен де, өзіндік өзгешеліктермен де ерекшеленетіні белгілі жәйт. Неге десеңіз, журналистика – қайда да журналистика. Мейлі Еуропа, мейлі Азия, мейлі Америка болсын оның міндет-борышы замана талабына орай қалыптасады. БАҚ пен журналист Францияда, АҚШ-та немесе Жапония мен Қырғызстанда т.б. жер шарындағы екі жүздей мемлекетте күнделікті істерін тиісінше атқаруда.

Алайда бұл ретте мына жайларға назар аударған жөн. Әлемдік журналистиканьщ аймақтық, сондай-ақ әрбір мемлекеттік және ұлттық мәселелерге сай жұмыс істеуі қалай? Бұған байланысты түрліше көзқарастар мен принциптерге көз жұмып қарауға болмайды. Сондықтан да журналист пен БАҚ-тың алға қойған мақсат-мүддесі мен позициясын анықтау керек. Мұның өзі сайып келгенде, саясат пен қоғам дамуына, елдік мүддеге қатысты болып келеді де, журналистиканың әр жерде өзіндік ерек-шелігі болатыны жоққа шығарылмайды.

Біздің республикамызда БАҚ мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді, соған орай жұмыстары өрбиді. Бірақ лицензиялық - құқықтық жауапкершілікті ұмытпау лазым.

Негізінен қай елдің бұқаралық ақпарат құралы болсын, олардың әлемге ортақ белгілермен бірге, сол елдің Конституциясына және жекелеген заң актілеріне сәйкес ұстанымдары пайда болады. Ортақ мәмілелер ЮНЕСКО-ның құзырында түйіседі де, ал мемлекеттердің саналуан бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеу әдіс-тәсілдері белгілі бір нормаларға сүйенеді. Сондай бағыт-бағдар бойынша іс-әрекет танытады.

Дамыған елдердің көпшілігінде конституциялық тұрғыда баспасөз бостандығына шәк келтірмейді, азаматтардың сөз бостандығы құқығын сақтау мағынасындағы тұжырымдар жасалған. Айталық Еуропа мемлекеттері мен АҚШ мұны әжептеуір қарастырған.

Біздің Қазақстанда да аталмыш концепция Конституциямызда айқын көрсетілген. Мысалы, 20-бапта былай деп жазылған: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады».

Соңғы онжылдық көлемінде бізде ғана емес, Еуропаның бірқатар елдерінде конституциялық жаңа тұжырымдар мен кейбір өзгертулер халықаралық нормаларды ескере отырып енгізілген. Онда әдеттегідей сөз, баспасөз бостандығы болумен бірге, белгілі бір мөлшерде ақпараттық шектеушілік те ұшырасады. Неге бұлай десек - ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп және мораль мен азаматтардың жеке бас құқығын, беделін түсірмеуді кездеуге байланысты алынғаны айтылады.

Францияда сот жүйесі мен қарулы күштерге және мемлекеттік әкімшілікке қарсы БАҚ-та негізсіз жала жабу қылмыс саналады. Германияда баспасөз бостандығын еркін демократиялық құрылымға қарсы пайдаланғаны үшін жаза беріледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының секретариаты жанында арнаулы ақпарат тарату департаменті жұмыс істейді. Ол әлемнің барша елін ақпаратпен қамтамасыз етуге күш салады. Қашанда берілетін ақпараттың дәл, анық, шыншыл әрі маңызды болуы көзделеді.

Еуропаның Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты ірі елдерінде ертеден бастап шыққан газеттер бүгінде миллиондаған данамен таралатыны таңдандырмай қоймайды. Жаңа дерек бойынша, Ұлыбританияның алғашқы бір газеті саналатын «Инглиш меркьюри» 1588 жылы 23 маусымда шыққаны өте үзақ мерзімнен хабардар етсе, «Дейли миррор» және «Ньюс оф уорлд» газетінің таралымы кейбір кезеңдері 5-7 миллионға дейін жеткен! Бұл көрсеткіш көп елдер үшін қол жетпес нәтиже екеніне сөз жоқ.

(Т. Бекниязов. Журналистің шығармашылық шеберлігі.)

2-тапсырма. Мәтіндегі термин сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөздерді таңдап алып, фонетикалық талдау жасаңыз.

4-тапсырма. Сөзден жасалған баспалдақ. Келесі сөздердің қазақша баламасын тапсаңыз, баспалдақпен тез көтерілесіз.

  1. первая буква алфавита казахского языка

  2. лошадь

  3. дедушка

  4. яблоко

  5. небо

  6. груша

  7. желудок

  8. больница

  9. шестигранник

  10. казахская национальная игра

  1. *

  2. **

  3. ***

  4. ****

  5. *****

  6. ******

  7. *******

  8. ********

  9. *********

  10. **********