Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журн[1]..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Грамматикалық анықтағыш зат есім ( имя существительное)

Сөйлемде кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді зат есім дейміз (Имя существительное – часть речи, которая обозначает предмет и отвечает на вопросы кто? что?).

Зат есім делится на две большие группы:

  1. Жалпы есімдер – нарицательные имена;

  2. Жалқы есімдер – собственные имена.

Жалпы есімдер – это общее название для всех однородных предметов и явлений (аймақ, шөлейт, тақыр, мекеме – учреждение).

Жалқы есімдер – это названия отдельных лиц, единичных предметов. К ним относятся имена, фамилии, географические названия и.т.д.

В отличие от русского языка в казахском языке имена существительные не различаются по родам.

По способу образования (тұлғасына қарай) сущесьтвительные делятся на түбір сөздер – корневые слова (непроизводные), туынды сөздер – производные основы.

Түбір сөздер не разложимы на составные части. Например: бала-ребенок, балық-рыба и.т.д.

Туынды зат есімдер образуются путем присоединения к корневой основе словообразующих суффиксов (сөз тудырушы жұрнақтар):

  1. –шы, -ші; они образуют новые слова, обозначающие профессию человека или склонность человека к чему-либо. Мысалы: аң-шы (охотник), ән-ші (певец).

  2. –лық, -лік; -дық, -дік; -тық, -тік образуют производные существительные с отвлеченным понятием. Мысалы: жақсы-лық (добро), әлсіз-дік (слабость), дос-тық (дружба).

  3. –ша, -ше; -шық, -шік; при помощи этих суффиксов образуют существительные, имеющие ласкательно-уменшительное значение. Мысалы: сандық-ша (сундучок), кілем-ше (коврик); қала-шық (городок).

  4. –ыс, -іс; с помощью этих суффиксов образуются существительные от глаголов. Мысалы: айт-ыс (спор, состязание акынов), кір-іс (приход).

По составу (құрамына қарай) существительные делятся на:

  • біріккен сөздер – сращенно-слитные слова (тас-бақа – черепаха, көл-бақа – лягушка, орын-басар – заместитель);

  • қосарлы (қос) сөздер – парные слова (ата-ана – родители, ыдыс-аяқ – посуда, бала-шаға – дети, детвора);

  • тіркесті сөздер – словосочетания (халық шаруашылығы – народное хозяйство, аяқ киім – обувь, сары май – сливочное масло);

  • қысқарған сөздер – сложносокращенные слова (ҚазЭУ, ТМД – СНГ, кг, см).

5-жаттығу. Төмендегі туынды зат есімдерді орыс тіліне аударыңыз және олармен сөйлемдер құраңыз.

Дүкенші, қасапшы, малшы, үнемдеуші, есепші, жамандық, жақсылық, қастық, байлық, кітапша, көлшік, бастық, білім, айтыс, жастық, балалық.

6-жаттығу. Мәтіннен зат есімдерді жазып алып, түрлерін анықтаңыз.

«Айқап» журналы

«Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің куәсі. Журнал 1911 жылдың қаңтары мен 1915 жылдың қыркүйегі аралығында Троицк қаласынан кейде айына бір рет, кейде екі рет шығып тұрған қазақтың алғашқы қоғамдық саяси және әдеби-мәдени журналы. Редакторы – көрнекті көсемсөзші, ақын, зерттеуші Мұхамеджан Сералин. Журналды шығару ісіне татар ұлтының зиялылары біршама қаржылай-рухани көмек көрсеткен. Басылымның 88 саны жарық көрген. Журналда А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғырұлы, Б.Өтетілеуұлы, С.Дөнентайұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ә.Ғалимұлы т.б. қалам қайраткерлерінің еңбектері жарияланған. «Айқап» ұлт тарихы мен мәдениеті тақырыбын да біршама зерделеген. Қалайда журнал ХХ ғасыр басында қазақтың саяси, мәдени деңгейінің өсуіне айрықша ықпал еткен. Басылым атына келсек, қазақтың «әй, қап!» деген өкінішке толы сөзінен туған. Яғни, мақсаты – өкініштің орнын толтыру болған. Ал, «Айқапқа» айдын әрі пана Троицкі Қостанай-Торғайға жақын, әрі сол кезде бұл өңір тұтасымен Орынборға қараған еді. Соңғысының кейін астана болып кетуінің де сыры осында. Қазіргі кезде «Айқап» бетінде жарық көрген материалдар сол кезеңнің даму ерекшелігін, ұлт мәселелерін тануда үлкен деректік мәнге ие болып отыр.

7-тапсырма. Кеңес түрлерін сәйкестендіріңіз.

темекі тарту

спортпен шұғылдану

ішімдік ішу

жүгіру

дұрыс тамақтану

саябақта серуендеу

тауға шығу

таңертеңгілік жаттығу жасау пайдалы

түске дейін ұйықтау зиянды

шырын ішу пайдасыз

есірткі тарту зиянсыз

шахмат ойнау

денсаулықты күту

жексенбі сайын таза ауада көп болу

ерте тұру

жаяу жүру

еріншектік

аз қимылдау

жүзу бассейніне бару

спорттық секцияларға қатысу

саяхат жасау

үйден шықпау

СОӨЖ тапсырмалары

1. «Тіл» сөзімен байланысты мақал-мәтелдер жазыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

2. «Менің журналистика саласына қосатын үлесім» тақырыбында эссе жазыңыз.

СӨЖ тапсырмалар

1. Қазақ тілінің терминологиялық сөздігінен қазіргі кезде белсенді қолданылып жүрген журналистика саласына байланысты 20 термин сөзге түсініктеме беріңіз. Әрқайсысын қолдана отырып, өз пікіріңізді жазыңыз.

2. Қазақ тілінің терминологиялық сөздігінен журналистика саласына байланысты 20 термин сөзді жазып, олардан сөзжұмбақ құрастырыңыз, сөздерді жаттап алыңыз.

ЖУРНАЛИСТ ТҰЛҒАСЫ

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ

Сын есім және оның түрлері

Тірек сөздер: мамандық, шығармашылық, ұйымдастырушылық, әдебиет, өңдеу, патриот, позиция, материал, кәсіби, эрудиция, қасиет, өнер.

1-тапсырма. Мәтінді оқып,мазмұнын баяндаңыз.

ЖУРНАЛИСТ ТҰЛҒАСЫ

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Ал қандай мамандық болса да өз ерекшелігімен көрінетіні белгілі. Демек, журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білім, іс-тәжірибесі болмақ. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпаратгық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші – ұйымдастырушылық, екінші – әдеби өңдеу, үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл – жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист оз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.

Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ, журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады

Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса, тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жұмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің, сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және шығармашылық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасқанда нағыз журналист қалыптаспақ. (Т. Бекниязов. Журналистің шығармашылық шеберлігі.).

2-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма: Сіз жұмысқа орналасу мақсатында ірі Медиахолдингке сұхбат беруге келдіңіз. Сіздің әрекеттеріңіз: қалай киінесіз, қалай сөйлейсіз, өзіңізді қалай ұстайсыз?