Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журн[1]..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Журналистиканың қоғамдағы рөлі «жас алаш» газеті Сан есім түрлері, жасалуы.

Тірек сөздер: қоғам, өмір, хабар, құрал, жүйе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтк, әлеуметтік, институт, рухани, әлем, қоғам, халық, көпшілік т.б.

1-тапсырма. Нақыл сөздерді есте сақтаңыздар.

Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес

Адамның басшысы − ақыл

Жетекшісі − талап

Шолушысы − ой

Сынаушысы − халық

Қорғаушысы − сабыр

Қорғанышы − мінез.

Мамандық таңдауда шатаспау керек, егер өз мамандығыңды қалап келмесең, онда жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.

2-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

Журналистиканың қоғамдағы рөлі

Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп, өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.

Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді.

  1. Бұқараға бағыт немесе арнау. Яғни, барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, көпшіліктің аудиториясына арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ.

  2. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын, қанағаттандыру үшін берілмек.

  3. Қоғамдық істерге байланысты әрі халық күткен мәселелерге белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға ат салысу болмақ.

  4. Көпшіліктің пайдалануына ақпараттың тиімді, қолайлы әрі арзан болуын қарастыру. Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтындай болу керек.

  5. Жұртшылықтың бәрі бірдей және тұрақты түрде ақпарат хабарларды алып отыруға мүмкіндік туғызу.

  6. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат орындарына қатысуына жол ашу, т.б.

Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек.

Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте қажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист – ақпарат – аудитория». Журналист шығармашылық тұлға – ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады.

Жалпы журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. Бұл дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша бүкіл жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сыйымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету – биік моральдық этикалық қасиет екені ақиқат.

Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің ұйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір – өз кезегіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байланысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде коғамдық пікір пайда болады. Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір – өмірдің нақты жағдайларын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір – қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады.

Журналистиканың халықтығы мен демократиялығы оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екіпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.

(Т. Бекниязов. Журналистің шығармашылық шеберлігі.).

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Халық, демократия, қоғамдық пікір, тарихи жағдайлар, позиция, әлеуметтік құбылыстар, қоғам өмірі, бұқаралық ақпарат құралдары , даму, қалыптасу.

4-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөзді айтыңыз және мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.