- •Филология факультеті Қазақ тілі кафедрасы
- •Курстың мазмұны:
- •Грамматикалық анықтағыш зат есім ( имя существительное)
- •«Айқап» журналы
- •Грамматикалық анықтағыш Сын есім және оның түрлері
- •Сын есімнің шырайлары
- •«Қазақ» газеті
- •Журналистік этика Тұрақты тіркестер
- •Журналистік этика
- •Грамматикалық анықтағыш
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •Журналистиканың қоғамдағы рөлі «жас алаш» газеті Сан есім түрлері, жасалуы.
- •Журналистиканың қоғамдағы рөлі
- •Грамматикалық анықтағыш Сан есім, түрлері, жасалуы
- •«Жас алаш» газеті
- •Қазақстан журналистикасы «қазақ әдебиеті» газеті
- •Баспасөз бостандығы
- •Грамматикалық анықтағыш
- •«Қазақ әдебиеті» газеті
- •Баспасөздің тарихы «ана тілі» газеті Етістіктің түрлері, тұйық етістік.
- •Баспасөздің тарихы
- •«Ана тілі» газеті
- •Грамматикалық анықтағыш Етістік. Етістіктің түрлері. Тұйық етістік.
- •Тұйық етістіктің тәуелденуі
- •Тұйық етістіктің септелуі
- •Қазақстан журналистикасы мұстафа шоқай Етістік, түрлері. Шақ формалары.
- •Қазақстан журналистикасы
- •Грамматикалық анықтағыш Етістік, түрлері. Шақ формалары
- •Мұстафа шоқай
- •Грамматикалық анықтағыш Үстеу
- •Мәдени мінез-құлық ережелері
- •Радиожурналистиканың ерекшелік сипаты Тіл мәдениеті
- •Грамматикалық анықтағыш
- •Тіл мәдениеті
- •Ұлылар туралы сыр Еңбек пен іскерлік жайындағы даналар сөзі
- •Ұлылар туралы сыр
- •Еңбек пен іскерлік жайындағы даналар сөзі
- •Студенттер
- •Цензура т.Кожакеев – белгілі ғалым, сатирик
- •Цензура
Грамматикалық анықтағыш
Қазақ тілінде кем дегенде екі сөзден тұрып, бір сөздің орнына қолданылатын, мағына тұтастығына ие болып келетін сөз тіркестері тұрақты сөз тіркесі деп аталады. Олар:
1) даяр қалпында жұмсалады;
2) мағына тұтастығына ие;
3) тіркес тиянақтылығы болады. Мысалы:
Қас пен көздің арасында допты қақпаға салып жіберді – Допты қақпаға тез салып жіберді.
Жолдастық кездесуде қарсылас команданы ойсырата жеңді – Жолдастық кездесуде команда жеңіліп қалды.
3-тапсырма. Келесі ойын түрлеріне берілген сипаттамада қолданылған тұрақты сөз тіркестерін тауып, оны лексикалық вариантпен алмастырыңыз. Қандай ойын түріне қатысты айтылғанын табыңыз.
1. Жолдастық кездесуде қарсыласты алдай алмасына көзі жеткен соң, қарымта шабуыл ұйымдастырып, нәтижесінде қарсыластың қақпасына 3-допты көз ілестірмес жылдамдықпен салып жіберді.
2. Істі насырға шаптырмай, төреші мұз үстіндегілерді ажыратып жіберді.
3. Бірінші сет көзді ашып-жұмғанша тез өтіп кетті.
4. Жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан адам ғана кәсіби аренада үздік спорт шеберлерімен қолғап түйістіре алады.
5. Бұл жарыста қазақстандық мергендердің жолы болмады.
6. Соңғы кездері ағалы-қарындас екі спортшының аты шығып, беделі арта түсті.
7. Қазіргі кезде спорттың бұл түрінен қытайлықтарға ешкім пар келмейді.
8. Спорттың бұл түрінен Пекиндегі олимпиадалық ойындарда американдықтар бірнеше алтын медальды қанжығаларына байлады.
4-тапсырма. Берілген кестені толтыру арқылы университетте өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы өз ойыңызды жинақтаңыз.
Университте |
||
Тыйым салынады |
Рұқсат етіледі |
Әдептілік сақтау керек |
Шылым шегуге
|
Қоғамдық іс-шараларға қатысуға |
Оқытушымен сөйлескенде |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
... |
5-тапсырма. Мәтінді аударыңыз. Қарамен жазылған сөздермен сөйлем құраңыз.
«Егемен қазақстан» газеті
Бұл республикалық қоғамдық-саяси газет бір ғасырға жуық уақыт бойы Қазақстанда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың жаршысы болып келеді. Газет әуелде 1917 жылы желтоқсан айында «Ұшқын» деген атпен жарық көрген, бұдан соң «Еңбек туы» (1920), «Еңбекшіл қазақ» (1921-1925), «Еңбекші қазақ» (1925-1932), «Социалды Қазақстан» (1932-1937), «Социалистік Қазақстан» (1937-1991), «Егеменді Қазақстан» (1991-1993) деген атаулармен шығып тұрды. Ол алғаш Орынборда, кейінірек Алматыда, қазір Астанада жарық көреді. Газетке редакторлық еткендердің ішінде Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, О.Жандосов, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев сияқты көрнекті тұлғалар бар. Егемендік алғалы бері газет еліміздің тәуелсіздігін баянды етуге, тарихи кезеңдер мен тұлғаларды тануға елеулі үлес қосып келеді.
6-тапсырма. Өлеңнің әр шумағына талдау жасаңыз. «Сыр» мен «сымбат» туралы әңгімелесіңіз. Өлеңді жаттап алыңыз.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!
(Абай)
7-тапсырма. Кестеде берілген әріптермен атты жүргізу арқылы байлық туралы мақалды таба аласыз.
К |
П |
Р |
А |
Е |
М |
Б |
Л |
Ғ |
Г |
Һ |
Б |
Д |
І |
А |
Й |
У |
З |
Х |
Ж |
Ө |
Қ |
А |
Н |
Н |
К |
І |
Қ |
Ы |
Л |
І |
Р |
Н |
Б |
Б |
Е |
Л |
У |
Қ |
Ұ |
Ү |
Й |
Т |
І |
С |
Ш |
Е |
Қ |
Ы |
Н |
Ң |
Ш |
Ы |
Ф |
Т |
У |
Д |
Ы |
А |
П |
Л |
Ғ |
Б |
А |
Қ |
Қ |
Ж |
Ө |
А |
О |
СОӨЖ тапсырмалары
1. Мінез-құлық ережелері тақырыбына эссе жазыңыз.
2. Болашақ мамандығыңыздың этикасы туралы не айтар едіңіз?
CӨЖ тапсырмалары
1. «10 жылдан кейін қандай маман болғым келеді» тақырыбына шығарма жазыңыз.
