- •Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграцияның алғашқы толқыны
- •Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз
- •Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз
- •Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз
- •Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш”қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
- •Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлердің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз
- •Қырғыз(Қазақ) акср-нің территориялық аймағының "жоғарыдан" белгіленуі туралы баяндаңыз.
- •Ф.И.Голощекннің "Кіші Қазан" идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз
- •Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер-ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екенін дәлелдеңіз
- •Көшпелі және жартыдай көшпеліқазақ шаруалары қожалықтарынкүшпен отырықшылыққа көшірудің задаптарын талдаңыз
- •Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз
- •Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар
- •Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз
- •Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
- •Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
- •Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
- •Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
- •Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев, б.Сүлейменов және т.Б. Ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз
- •Н.Хрущевтің «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан
- •Ксро мен Қаз кср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз.
- •1955,1962 Жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз
- •Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктерін ашып көрсетіңіз
- •Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз
- •Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктермен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
- •Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін талдаңыз
- •Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы турылы баяндаңыз。
- •Кеңес одағының ыдырауы және тмд-ның құрылуы туралы баяндаңыз
Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш”қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті. Өлкенің экономикалық мешелдігі, шикізат көзіне айналғаны, сан жағынан басым кедейлердің социалистік популизмге көзсіз сенгені өз рөлін ойнады. Большевиктердің қолдауымен саясат сахнасына көтерілген радикалды зиялылар шоғырының ұлт мүддесі үдесінен шығуға мүмкіндік алдық деген қуаныштары да ұзаққа бармады. Үздіксіз қуғын-сүргін, кәмпеске мен күштеп ұжымдастыру, 1931-1933 жылдарғы аштық кімнің кім екеніне көздерін жеткізсе, 1937 жылғы «үлкен террор» Алаш зиялысымен қоса радикалды ұстанымдағылардың өздерін баудай түсірді. Халқына қызмет етудің коммунистік нұсқасын таңдағандар – ұлтымыздың аяулы перзенттері неліктен және қалайша қателескенін қоғамдық-гуманитарлық саладағы ғалымдарымыз егжей-тегжейлі зерделегені абзал.
Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның үшімен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейхан, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бас амандығын қамтамасыз етуге шақырды. «Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР – і түрі жағынан ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.
17-билет
Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлердің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз
«Алаш» партиясының, Алашорда өкіметінің құрылуы мемлекет үшін қажетті саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық атрибуттарды қалыптастыруды қажет етті. Алаш қайраткерлері бұл салада да өнімді еңбек етті. Олардың қазақ ұлтын ұйыстырудағы, оятудағы бірнеше жылдық пәрменді әрекеттері көрініп жатты. Мемлекеттің іргесін қалау мәселелері Ә.Бөкейханның, М.Шоқайдың, Ж.Досмүхамедұлының, М.Дулатовтың, Б.Құлмановтың, Ғ.Бірімжановтың, Ж.Ақбаевтың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, У.Танашевтың,Х.Ғаббасовтың, А.Тұрлыбаевтың, Ы.Жайнақовтың т.б. атқарған істерінен айқын аңғарылып жатты. Алаш қайраткерлерінің облыстық, уездік сиездер, жалпықазақ сиездерін үйымдастыруы, сол тұстағы Уақытша өкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-қарарлар қабылдауы - олардың қаншалықты дәрежеде саяси өте сауатты қайраткер болғандықтарын көрсетеді. Алаштықтар Қазақстанның сол тұстағы шаруашылық жайын саралай отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар жолдарын да көздеді. Бір қызығы, сол кезеңде олар Қазақстанның астанасы жөнінде де орынды мәселе көтерді. Айталық, 1917 жылы Семейді «Алаш астанасы» деп жариялап, оған «Алаш» деген атау берді.
Алашорда мен Түркістан мұхтарияты жетекшілері арасындағы мәселеде олардың арасында бірлік болмады немесе әрқайсысы өздерінше дербес мемлекет ретінде өмір сүргілері келді деудің реті келіңкіремейді. Өйткені біріншіден, олар қазақ елінің тәуелсіздігі жолында бір бағыт ұстанды, екіншіден, олар ортақ мүдде төңірегінде ұйыса алды. Оған М.Шоқай, М.Тынышбаев т.б. Түркістан қайраткерлерінің Алаш сиездеріне қатысуы, М.Дулатов, Т.Құнанбаев сияқты Алаш өкілдерінің Сырдария қазақтарының сиезіне арнайы баруы, бірлікке шақыруы, ақпан төңкерісінен соң Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Дулатов бірлесіп үндеу жариялауы т.б. ірілі-үсақты байланыстар тарихы бізге Алаш пен Түркістанның мызғымас бірлігін айғақтайды. Үшіншіден, егер кеңестік билік казақ даласында орнамағанда, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері қалайда бірігіп, туған елінің тәуелсіздігін ту етіп, Қазақ мемлекетін қүрар еді. Бұлайша ой қорытуымызға сол дәуірдегі сыртқы саяси жағдайлар да, қазақ тұрмысының ішкі қоғамдық қажеттіліктері де мүмкіндік береді. Сондықтан да тарих жүзінде оларды дербес нысан ретінде қарағанымызбш, өткен ғасырдың басында ең ұлы идея - ұлт бостандығын көтерген екі ірі қозғалысты, Алашорда мш Түркістан мүхтариятын бөлуге әсте болмайды.
18-билет
