- •Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграцияның алғашқы толқыны
- •Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз
- •Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз
- •Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз
- •Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш”қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
- •Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлердің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз
- •Қырғыз(Қазақ) акср-нің территориялық аймағының "жоғарыдан" белгіленуі туралы баяндаңыз.
- •Ф.И.Голощекннің "Кіші Қазан" идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз
- •Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер-ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екенін дәлелдеңіз
- •Көшпелі және жартыдай көшпеліқазақ шаруалары қожалықтарынкүшпен отырықшылыққа көшірудің задаптарын талдаңыз
- •Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз
- •Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар
- •Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз
- •Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
- •Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
- •Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
- •Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
- •Е.Б.Бекмаханов, қ.И.Сәтбаев, б.Сүлейменов және т.Б. Ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз
- •Н.Хрущевтің «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан
- •Ксро мен Қаз кср арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз.
- •1955,1962 Жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз
- •Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктерін ашып көрсетіңіз
- •Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз
- •Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктермен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
- •Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін талдаңыз
- •Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы турылы баяндаңыз。
- •Кеңес одағының ыдырауы және тмд-ның құрылуы туралы баяндаңыз
Қырғыз(Қазақ) акср-нің территориялық аймағының "жоғарыдан" белгіленуі туралы баяндаңыз.
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.
Шекарасы.1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы және Халқы.Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың. адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 тыс. адам болды.
Қазревком мүшелері
С.Меңдешев (1882-1937)
Толық мақаласы: Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;1937 жылы репрессия құрбаны болды.
Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
Толық мақаласы: Жангелдин Әліби Тоғжанұлы1915 жылы коммунистік партия мүшесі;1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
Толық мақаласы: Ахмет Байтұрсынұлы"Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы.1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі.1937 жылы репрессия құрбаны болды.
19-билет
Ф.И.Голощекннің "Кіші Қазан" идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз
Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф.И.Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді.Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы-80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді.
Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын-бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік.Ал 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды.
Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.
Сол ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40-50 жылдың ішінде келді.
Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілд.Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.
20-билет
