Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆

Көшпелі және жартыдай көшпеліқазақ шаруалары қожалықтарынкүшпен отырықшылыққа көшірудің задаптарын талдаңыз

Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру–Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар,яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді.Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады.

21-билет

Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер-ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екенін дәлелдеңіз

Ұжымдастыру жылдарында Қазақстанда дәстүрлі мал шаруашылығы күйреп, малынан айырылып, баспанасыз әрі аш қалған қазақтар еріксіз үкімет саясатына бас иді.Сондықтан колхозға мүшелікке жаппай еріксіз кіріп жатты. Ұжымдастыру жылдарында қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік жағдайы нашапрлап кетті.Оның ақтаңдақ беттерін ашу қысқа мерзімде бітетін іс емес.ХХ ғ.20-80-ші жж. Қазастан ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, жер саясаты, күштеп ұжымдастыру және оған қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері жөнінде көптеген еңбектер жарияланды. Бұл тұрғыда Ә.Бөкейханов,Т.Шонанов зерттеулері өте маңызды. Таптық тұрғыдан бұл мәселені Ғ.Тоғжанов та баяндады. Кеңістік тарихнамада Қазақстандағы 20-30 жж.О.Сексенбаев өз зертеулерінде Жетісу өлкесіндегі жер туралы занның кеңес дәуірінде қалай жүзеге асқанын баяндаса,А.Д.Дауылбаев еңбегінде ауыл шаруашылығының Жетісу өңіріндегі жалпы жағдайы баяндалған. Алайда олар кеңестік идеология аясынан шыға алмады.Ә.Б.Тұрсынбаевтың зертеуінде үш революция тұсындағы қазақ ауылы көрсетіліп, шаруашылық эволюциясы мен әлеуметтік құрылысы, Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру барысы сипатталды. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін алғаннан кейін жазылған зерттеу жұмыстарының отандық тарихнамада алатын орны ерекше, Бұл еңбектердің құндылығы сонда, оларда Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихына мұрағат қойнауларында ондаған жылдар бойы құпия сақталып, ғылыми айналымға түспеген құжаттар негізінде шынайы баға берілген. Мысалы, Ш.Әбілхожиннің зерттеулерінде кеңестік аграрлық реформалар нәтижесінде ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру зардаптары және оған қарсы халық наразылықтары қарастырылған. Қазақстандағы, оның ішінде Жетісу өлкесіндегі жаппай ұжымдастыру және оған қарсы халық көтерілістерін егжей-тегжейлі зерттеген ғылымдардың бірі Ә.Тұрсынбаев. Автор жаппай ұжымдастыру қарқынының жедел өсуін, халық көтерілістерін Алматы округінің Биен- Ақсу және Іле аудандарының мысалында көрсетеді. Сол сияқты К.Н.Нүрпейісовтің қазақ шаруалары туралы бұрынғы кеңестік кезіндегі және соңғы жылдардағы зерттеулері ХХ ғ. 20-30 жж. туралы көп мәлімет береді. Ғалым Т.Омарбековтың «Зобалаң», «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері», «ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан қасіреті» зерттеулерінде сталиндік-кеңестік кезеңнің қайшылықты тұстарының көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ жылдар бойы «жабық» болып келген мәселелері жаңа, егемен елдің тарихы тұрғысынан қарастырылған. Бұл еңбектерде біз талдап отырған мәселенің де тұстары көрсетілген. Жаппай ұжымдастыру мәселесін біршама тереңірек зерттеген Ж.Жұмабеков, Б.А.Төлепбаев еңбектері–талдауға тұрарлық. Алайда авторлардың еңбегінде сталиндік-голошокиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің күштеп ұжымдастыру барысындағы өрескен әрекеттеріне қарсы халық наразылығы, көтерілістің шынайы мәні ашылған. Авторлар мұндай өткір де қайшылықты мәселелерді айналып өтіп, күштеп жүргізілген революцияның шаралар мен науқандарға қарсы бағытталған халық көтерілістері «бандиттік», «қарақшылық» түрінде сипатталды. Сөйтіп, зерттеушілер тарихи шындықты ашудан ауытқып, қатып-сірескен методологияллық негіздерді басшылыққа алады. Жаппай ұжымдастырудағы осындай методолгиялық қателіктер Қазақ ССР тарихының төртінші томында және Г.Ф.Дахшлеигер, К.Нүрпейісовтың «История Крестьнства советского Казахстана» атты зерттеулерінде орын алған.

22-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]