Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент (4).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆
  1. Мотивация басқару функциясы ретінде.

Мотивация дегеніміз – көздеген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру. Мотивация адамдарда болатын әртүрлі қажеттіліктерге негізделген.

 Мотивация жағдайында қызметкер екі түрлі сыйлыққа ие болады:

Ø ішкі сезімдік сыйлық,

Ø сыртқы сыйлық

 Ішкі сыйлықты жұмыстың өзі береді, яғни адамның өзінің жасаған еңбегіне іштей қанағаттануы.

         Сыртқы сыйлықты ұйым береді, яғни орындалған жұмыстың бағалануы. Мысалы, еңбек ақы, қызметін жоғарылату, марапаттау, қосымша ақы төлеу жатады.

Мотивацияның екі теориясы бар:

Ø Мотивацияның маңызды теориясы

Ø Мотивацияның іс жүргізу теориясы

Мотивацияның маңызды теориясы – адамдардың көздеген мақсатына қарай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптануды теңестіруге негізделген. Мотивацияның іс жүргізу теориясы адамдардың көзқарасын, түсінігін ескере отырып, олардың өздерін қалай ұстайтындықтарына қарай негізделген.

Әрекет етуге талаптанған адамдардың қажетін анықтау айқындау үшін мотивацияның маңызды теорияларын зерттеу қажет. А.Маслоудың «қажеттілік иерархиясы» .  А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі:

1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін қажет. Бұған жалпы адамдардың тыныс тіршілігі үшін, ауа, су, баспана, демалу, тамақ сияқты қажеттіліктер жатады.

2. Қауіпсіздік, қорғану қажеттілігіне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажетілігі жатады.

3. Әлеуметтік қажеттілік – бір немесе біреуге қатысты сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, сүйемелдеушілік сезімдері жатады.

4. Құрметтеу қажеттілігі - өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқалардың өзін құрметтеуі жатады.

5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің жеке басының өсіп жетілуін, барлық мүмкіндіктерін  жүзеге асыру қажеттілігі.  

Мотивацияның іс жүргізу теориясы 3-ке бөлінеді:

Үміттену – жұмсалған күш-жігермен алынатын нәтиже арасындағы байланыс;

Әділеттілік – екі адамның жұмыс орындауын салыстыру арқылы бағалау;

Портер-Лоулер моделі – қажетсіну, үміттену, әділеттілікті көтермелеу, еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімі

  1. Бақылау басқару функциясы ретінде

Бақылау — бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі. Бақылау бұл қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру. Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Ұйымның калыпты жұмыс істеуі үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау болмаған жерде берекесіздік етек алады, Бақылау — ұйымның өмір сүруінің негізгі элементі болып саналады.

Бақылаудың функциясы – проблемаларды шешуге мүмкіндік туғызу жəне үйымның қызметін түзету, яғни бұл проблемалар дағдарысқа айналмай тұрып дағдарысты жағдайдың алдын алу. Бақылауды іске асырудың қажеттілігінің себебі: əрбір ұйым өзінің қателегін уақытында анықтау жəне ұйым мақсатына жетуге қатар туғызбай тұрғанға дейін қателігін түзеу қаблеттілігі болу керек.

Басқарушылар бақылауды ұйым құрылғаннан кейін және мақсаттарын анықтап алғаннан кейін бастайды. Бақылау өте маңызды, онсыз қандай да болмасын топтардың қызметін біріктіру мүмкін емес.

Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі еңбек өнімділігін қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы. Бақылаудың басты принциптерінің бірі бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылаудың келесі принципі, ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Барлық басқа функцияларды одан бөлек қараструға болмайды. Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын-ала, күнделікті және қорытынды бақылау.

Алдын ала бақылау дегеніміз – мұнда бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары – белгіленген ережелерді, процедураларды және жүріс-тұрыс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылау үш салада – адамдар, материалдық және қаржы тарапында жүзеге асасды.

Ø Адам ресурстарын алдын-ала бақылағанда кәсіптік білімі, біліктілігі, жанжақтылығы бақыланады.

Ø Материалдық ресурстарды алдын-ала бақылағанда сапасы, стандартқа сәйкестігі, жарамдылығы ескеріледі.

Ø Қаржы ресуртарын алдын-ала бақылаудағы ең маңызды буыны бюджет.  

Күнделікті бақылау – жұмыс барысында жүзеге асырылады. Оның объектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, ал мұны жүзеге асырушы тікелей басшысы. Яғни, күнделікті бақылаудың нәтижесі белгіленген жоспармен нұсқаулардан ауытқуға жол бермейді.

       Қорытынды бақылау – мұның екі маңызды функциясы бар. Біріншісі, егер жоспарлауға қажетті ұқсас жұмыстарды алдағы уақытта атқару ұсынылған жағдайда қорытынды бақылау басшыға ақпаратты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Екінші функциясы – мотивацияға ықпал етеді. Егер ұйым басшысы мотивациялық көтермелеуді белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, ондай жағдайда әрине нақты қол жеткен нәтижені дәл әрі әділетті бағалау қажет.

         Қорытынды бақылаудың нәтижесі алға қойған мақсатқа қалай жеттік, нені үйрендік, алдағы уақытта не істеуге болатындығын көрсетеді.