Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент (4).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆
  1. Ұйымдағы топтық динамика

Топтық динамика сипаттамасына келесілер жатады: топтың мақсаты және міндеті; топтың ережелері, құрылымы, топтық рөлдер және көшбасшы мәселесі, топтағы қысым, бұрынғы эмоциялық тәжірибені жетілдіру.

Ұйым дегеніміз саналы түрде барлығы бірігіп, бір мақсатты көздеген адамдар тобы. Ұйым болу үшін белгілі бір талаптар орындалуы қажет:

- ұйым болу үшін өздерін сол топтың бір бөлігі деп есептейтін кем дегенде екі адам болуы керек;

- көздеген бір мақсаты болуы керек;

- мақсатқа жету үшін бірігіп, жұмыс істейтін мүшелері болу керек.

Міне, осы аталған талаптар орындалған жағдайда ұйым (ТОП) пайда болып, құрылады. тиімді жұмыс атқарып, көздеген мақсатына жету үшін барлық ұйымға тән ұйымның жалпы сипаттамалары болады.

Ұйымның сипаттамалары:

1. Ұйым көздеген мақсатына жету үшін қолда бар ресурстарды толық пайдалану керек. Ресурстар жалпы түрде еңбек, қаржы және материалдық ресурстар болып бөлінеді.

2. Ұйымда еңбек бөлінісі және еңбектегі бірлесу тәртібі қатаң сақталуы қажет. Мысалы, мамандығы, жауапкершілігі, саласына байланысты еңбек бөлінісі жүзеге асатын болса, барлығы бірігіп, ұйымның мақсатын орындау үшін іс-қимыл жасауы еңбектегі бірлесу қағидасын сақтау болып табылады.

3. Ұйым мақсатына жету үшін сыртқы ортамен тығыз байланыста болуы керек. Мысалы, ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады және өнімді немесе қызметті сыртқы ортаға шығарып сатады, яғни ұйымның барлық іс-әрекеті, тіршілігі сыртқы ортамен қарым-қатынасына тікелей байланысты.

4. Ұйымда өндіріс салаларына байланысты бірнеше бөлімдер болса, оның әр саласы өзінше дамуы арқылы бүкіл ұйымның дамуына ықпал етеді. Бірнеше бөлімдердің болуы, егер ұйым күрделі болса, оны басқаруды да жеңілдетеді.

5. Ұйым дамып, табысқа жетуі үшін міндетті түрде ададмдарға міндеттер жүктеп, еңбек бөлінісі арқылы ұйымның құрылымын құру, басшы қызметкерлерді іріктеу, оларға жауапкершілік жүктеу қажет. Бұл жағдай тек қана басқару, ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асасды. Яғни, ұйымға тән сипаттама оны басқарудың қажеттілігі.

Ұйымның (ТОП) түрлері. 

Топтағы құрылым бойынша адамдар басшыларға және бағынушыларға бөлінеді. Басшылар тобы (командалық) басшылардан және олардың тікелей бағыныштыларынан тұрады, әрі бағыныштыларына бұйрық беруге құқы бар, ал бағыныштылар оны орындауға міндетті.

Ұйымдар ресми және бейресми болып екіге бөлінеді.

Мемлекетке заң бойынша тіркелген, өзінің дербес есеп шоты (банкте), мөрі бар ұйымдар ресми ұйымдар болып саналады (мысалы, АҚ, шаруа қожалықтары, биржалар, өндірістік кооперативтер т.б.). Ресми ұйымдардың Жарғысы, сол жарғыға байланысты өз ережелері мен принциптері болады, статистикалық салық мекемелерінде тіркеліп, есеп беріп отырады.

Ал бейресми ұйымдар ешқайда заңмен тіркелмеген, мөрі, есепшоты жоқ, өздігінен пайда болып, кейіннен жойылып кетуі мүмкін. Бейресми ұйымның да жетекшісі болады, бірақ оны арнайы ешкім сайламайды. Бейресми ұйымның жетекшісі өзінің адамдарды баурап алатын қасиетімен, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен, сөйлеу шеберлігімен ададмдарды өзіне тартып, басқалар соның айтқанын орындап, тек соны ғана тыңдайды.