Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент (4).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆
  1. Көсбасшылықтағы мінез-құлықтық тәсілдің негізгі теориялары.

Бұл тәсіл көшбасшының жеке қасиеттеріне емес, оның мінез-құлығына көп көңіл бөледі: олар не істейді, қалай істейді. Бұл тәсіл лидерліктің көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшілігі бар – басқарудың жалғыз оптималды стилінің бар екендігі. Мінез-құлықтық тәсіл талдау жасау мен басқару стильдерін жіктеп құрауға көмек көрсетті, дәлірек айтқанда, бұл – басқарушының қол астындағы бағынушыларымен ара қатынасы.

Зерттеушілердің ойынша көшбасшылық мінез-құлықтың екі негізгі типіне негізделеді: тапсырмаға бағытталған мінез-құлық және бағыныштылармен қарым-қатынасқа бағытталған мінез-құлық.

Тапсырмаға бағытталған мінез-құлық,яғни бұл жерде жұмысқа көңіл бөлетін басшылар қызмет етеді, ол бәрінен бұрын жобалау мақсатының қамын ойлап, сыйақы арқылы еңбек өнімділігін көтеру жүйесін ойластырады.

Бағыныштылармен қарым-қатынасқа бағытталған мінез-құлық:мұнда адамға көңіл бөлетін басшылар қызмет етеді, олар еңбек өнімділігін көтеруде, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру жолына көп көңіл бөледі. Мұндай басшы өзара көмекке сүйенеді, жұмысшылардың шешім қабылдауына, қатысуына толықтай мүмкіндік береді.

Адамдарды танып, олармен жұмыс істейтін қазіргі менеджерге ыңғайлы психологиялық мектептер, теориялар және концепциялар бар.

Психосараптама теориясы (Зигмунд Фрейд). Психосараптама екі негізгі гипотезалардан негізделген. Біріншісінде әр психологиялық құбылыстын өзінде белгілі бір себебі болады.

Екінші негізгі психосараптама гипотезасында: санасыз процесстер саналылыққа қарағанда ойлау мен мінез-құлықтың құрылуында маңызды рөл атқарады.

Оқыту теориясы.

И.П.Павлов (шартты рефлекстерді зерттеді), У.Бродеса (белгілі бір ынтамен қайтарымды реакция арасында байланыс бар). Оқыту теориясы персоналдың тілектелінетін мінез-құлқын құруға және тілекті емесін жоюға қолдану қажет.

Хорс Рюкле мінез-құлықтың келесі түрлерін ашады:

- инстинктік мінез-құлық;

- алынған мінез-құлық;

- адекватты және адекватсыз мінез-құлық;

- символды мінез-құлық;

- агрессивті мінез-құлық.

  1. Көсбасшылықтағы жағдайлық тәсілдің негізгі теориялары.

Көсбасшылықтағы жағдайлық тәсілдің негізгі теорияларының бірі «Фидлердің моделі». Ол модель жағдайға көп көңіл бөліп, басшының тәртібіне әсер ететін факторды айқындап берген.

Басшының тәртібіне әсер ететін факторлар:

1) басқарушы мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым- қатынас. Мұнда бағынушыларының көрсететін сыйластық қатынастарын өздерінің басшыларына деген сенімділік және басшының бағынушыларға жеке тұлға (личность) ретінде тартымдылығын түсіндіреді;

2) міндеттің құрылымы. Дағдылы міндеттерді түсіндіру, оның дәл тұжырымдалуы мен құрылымдылығы;

3) лауазымды өкілеттілік. Бұл –басқарушының сыйақыны қолдану мүмкіндігі – оның қызметімен байланысты және де формальды ұйымның басшыға көрсететін, қолданылатын деңгейін көрсетеді.

Фидлердің моделі де кемшіліксіз болмаған, бірақ ол болашақ басқарудағы жағдайлық тәсілдің негізін қалаған.

Тағы бір лидерліктің жағдайлық моделін, Фидлердің моделіне ұқсастығы бар, мотивацияға да қатысты бар модельді Теренс Митчел мен Роберт Хаус жасап шығарған. Олардың «жол – нысана» деп, аталған тәсілдері басқарушыларға жағдайға байланысты қажетті басқару стилін қолдануды ұсынды.

Бұл теория сол ықпалға түсінік беруге тырысады.

Мотивацияға ықпал еткен басшының тәртібін – бұл теория түсіндіруге тырысады, яғни бағынушылардың қанағаттанушылығы мен еңбек өнімділігі. Бұл тәсілге сүйене отырып, басшы бағынушыларды ұйымның мақсатына жетуіне түрткі болуы, яғни осы мақсаттарға жетудің жолына әсер етуі мүмкін.

Осы әдістердің көмегімен басшы көздеген мақсаттарының тәсілдеріне немесе жолдарына әсер ете алады:

1) бағынушыны қолдап, оларды өздерін еркін ұстауына қол жеткізу қажет;

2) бағынушылардың күш-жігерін көздеген мақсатқа жетуге бағыттау;

3) басшының қол астында тұрған және ол қанағаттандыра алатын қажеттіліктерді бағынушыларға жасау;

4) мақсатқа жеткеннен кейін бағынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру.

Поль Херси мен Кен Бланшар лидерліктің жағдайлық теориясын зерттеп шығарған. Олар оны өмірлік цикл теориясы деп атаған. Осыған байланысты лидерлік стильдің нәтижелігі – орындаушының білімділігіне байланысты.

Бұл теорияда жеке адамдар мен топтардың білімділігі және өзінің тәртібіне деген жауапкершілікті алып жүру қабілетін, алға қойған мақсатқа жетуді армандау және де білім мен тәжірибеге деген нақты міндетің орындалуын түсіндіреді. Орындайтын міндетіне байланысты жеке адамдар мен топтар әр түрлі білімділік деңгейін көрсетеді. Басшы жеке адамдардың немесе топтардың салыстырмалы білімділігіне байланысты өзінің тәртібін де ауыстырып отыруы мүмкін.