- •1. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялаудың түсінігі және оның практикалық мағынасы.
- •2. Қылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс квалификациялаудың маңызын практикалық қызметтегі ролімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау қылмыстық құқықтың басты мәселесінің бірі ретіндегі байланысын ашыңыз.
- •4. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау сатыларын процессуалдық және ой қызметі ретінде салыстырмалы анықтаңыз.
- •5. Қылмыстық құқық бұзушылықты квалификациялау түрлеріне бөлу негізі ретіндегі белгілерін қолдана отырып сипаттама беріңіз.
- •7. Қылмыстық заңның міндеттері мен жүйесін қылмысты квалификациялау қызметімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •8. Қылмыстық заңның кеңістіктегі және уақытындағы күші бойынша квалификациялау ережелері.
- •10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
- •9. Қылмыстық заңның кері күші жағдайында заңды қолдану және оның адамгершілік, гуманизм қағидаларымен байланысы.
- •10. Қылмыстық құқықтық нормалардың түрлері және олардың қылмысты квалификациялау барысында қолданылатын түрлері.
- •11. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •12. Қылмыстық құқық бұзушылық объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау ережелері.
- •1 3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты бойынша квалификациялау ережелерін Қылмыстық кодекстен арнайы баптарды қолдана отырып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •16. Зардаптың түрлері, көлемі бойынша квалификациялау және Қылмыстық кодекстегі осыған сай баптарды келтіре отырып жауапты негіздеңіз .
- •17. Себепті байланыстың қылмысты квалификациялаудағы ролі.
- •18. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының қосымша белгілері бойынша квалификациялау.
- •19. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі және қылмысты квалификациялаудағы маңызы.
- •20. Кінәнің нысандары бойынша квалификациялау ретінде субъективтік жақ белгілері арқылы ажыратылатын қылмыстарды келтіріңіз.
- •21. Субъективтік жақтың қосымша белгілері және олардың міндетті белгі ретінде бағаланатын жағдайын анықтаңыз.
- •22. Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстарды квалификациялау және кінәнің қос нысаны заңда арнайы келтірілмеген жағдайлардағы квалификациялаумен байланыстыра қарастырыңыз..
- •23. Қатенің түсінігі және оның түрлері бойынша квалификациялау.
- •24. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі және оның квалификациялаудағы маңызы.
- •25. Қылмыстық құқық бұзушылықты арнайы субъектілер бойынша квалификациялау. Бір немесе бірнеше баптардың арасында субъекті бойынша квалификация түрлерін қарастырыңыз.
23. Қатенің түсінігі және оның түрлері бойынша квалификациялау.
Кінәлінің қасақана ойында болған қылмыс обьектісіне, затына, құралына, орнына, уақытына қатысты шешімдері іс жүргізгенде өзі ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайды қылм құқықта “қате” дейді. Қате ретінде адамның өз іс әрекетінің құқықтық мағынасын не нақты жағдайын дұрыс түсінбеу алынады. Соған орай адамның жасайтын қателіктері екі бөлінеді : заң тұрғысынан және нақты жағдайдан қателесу. Заң тұрғысынан қателесу - адамның қолданыстағы заңды дұрыс түсінбеуі немесе білмеуі салдарынан жасалған іс әрекеттерін қате бағалауы болып табылады. Заң тұрғысынан қателесу бірнеше тұрғысынан кездесе алады. Біріншісінде адам өзі жасаған іс әрекетін қылмысты деп бағалайды, ал заң жүзінде бұл қылмыс ретінде қарастырылмайды. Мұндай жағдайлардағы іс әрекеттер қылмыс болып саналмайды, өйткені адам өзі жасаған іс әрекетін қылмысты деп санағанымен жауаптылықтың болуы немесе болмауы заң бойынша шешіледі. Яғни қылм заңда ол адамның әрекетін қылмыс ретінде қарастыратын норма жоқ. Мыс адам кінәсіз зардап келтіре отырып, қылм құқық ережерінен хабарсыз болуына байл қылмыс жасадым деп есептеуі мүмкін. Заң тұрғысынан қателесудің екінші түрі бойынша адам жасаған іс әрекетін қылмыс емес деп бағалайды, ал бұл іс әрекетті заң қылмыс ретінде қарастырады. Мұндай кезде қылм жауаптылық болады. Адамның заңды білмеуі салдарынан қылмыс жасауы қылм жауаптылықтан босатуға, қылмысты квал сәселесіне әсер етпейді.
Қылмыстың орнынан немесе уақытынан қателесу нақты жағдайдан қателесу түріне жатады. Бірақ, бұлар квал тәртібі бойынша заң тұрғысынан қателесуге белгіленген ереже бойынша шешіледі.
Кінәлінің жасаған әрекетінің заң бойынша жауаптылықты ауырлататын белгі екенін білмеуі немесе оны бағалаудан қателесуі орын алғанда, заң тұрғысынан қателесудің үшінші көрінісі орын алады. Мұндай қате квалификациялаудағы қате деп аталады. Квалификациядан қателесу орны мен уақытына ғана байл емес, қылмыс тәсіліне, жағдайына, құралына, сондай ақ ҚК ерекше бөлімі баптарындағы ауырлататын құрам ретінде қарастыруға негіз беретін белгілер бойынша бола алады.қылмыскердің кей әрекеттердің заң бойынша ауырлататын құрам екенін білмеуі қылм квалификациялауда ескерілмейді. яғни жасалған қылмыста ауырлататын белгі болғанда жауптылықты ауырлататын құрам бойынша квалификацияланады.
Заң тұрғысынан қателесудің тқртінші түрі жаза түрі мен көлемінен қателесу. Жазадан Қателесудің негізгі мағынасы ол қылмыкердің қылмысты әрекет жасағанда оның жазасы тур белгілі бір мөлшерді есептеуін білдіреді. Ал заң бойынша бұл қылмыс бойынша жаза мөлшері ол ойлағаннан аз немесе көп болуы мүмкін.
Нақты жағдайлардан қателесу дегеніміз қылмыстың обьективтік белгілерінен қателесу болып табылады. Біріншісі, адам қылмыс жасауға жеңі обьектіні, затты, құралды, уақытты, орынды қолданғысы келгенде абайсыздықпен не сол жағдайды дұрыс түсінбеуіне, толық мағлұматы болмауына байл ауыр әрекетті жасауы не зардапты тудыруы түрінде болады. Мұндай қателесу түрлерінде адамда қоғамға қауіпті ой ниеттің, қылмыс жасауға деген шешімнің болуына қарай квал жүргізіледі. Мұндай қателесуде қылмыс жиынтығымен, ал заңда арнай бап немесе бөлім болғанда кінәнің аралас нысанымен квалификацияланады.
Қатеге байл квал жүргізілгенде көп жағдайда кінәлінің қасақаналығына кірген қылмыс түрі қолданылып, қылмысқа оқталу түрінде квал жиі қолданылады.
Нақты жағдайдан қателесудің түрлері: қылмыс затынан, обьектісінен, құралынан қателесу болады.
