Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
up_otvet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117 Кб
Скачать
☆

25. Қылмыстық құқық бұзушылықты арнайы субъектілер бойынша квалификациялау. Бір немесе бірнеше баптардың арасында субъекті бойынша квалификация түрлерін қарастырыңыз.

Қылмыстың арнайы субьектісі бұл жалпы субьектідердің белгілерімен қатар кей қылмыстардың ерекшелігіне қарай тиісті белгілерді иеленетін адамдар болып таб. Қылм заңдағы көп қылмыстар тек жалпы субьект түрінде қарастырылса, кей қылмыс түрлері жалпы және арнайы субьектілердің жауаптылығы белгіленген. Мыс сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау. Сондай ақ кей қылмыстар субьектісі бойынша тек арнайы белгілері бар адамдардың әрекеттерімен сипатталады.

Қылмыстардың арнайы субьектілермен жасалғандығын білу үшін қылм құқықта мынадай тәсілдер қолд:

  1. Қылмыс түріне талдау жасау нәтижесінде анықталады. Заңдағы кей қылмыс түрлерінде, ол қылмыстың арнайы субьектімен жасалатындығы бап атауында не диспозициясында келтірілмейді.

  2. Қылмыстың арнай субьектісімен жасалатындығы бап атауында не диспозициясында тікелей айтылады. Мыс медицина қызметкерлерінің кәсіби мнідеттерін тиісінше орындамауы.

Сондықтан ҚК ерекше бөлім баптарында субьект түрі тур айтылса онда бұл қылмыс тек арнайы субьектілер арқ жасалады деп түсіну керек.

Қылмысты субьектісі бойынша квалификациялауды бір бап көлемінде жүргізуге болады. Мұндай жағдайда бір баптың өзінде осы қылмыстың бірнеше құрамдары қарастырылып, олар өзара субьект түрі бойынша ажыратылады және әдетте бірінші бөлімде жалпы субьектінің әрекеттері келтірілсе, басқа бөлімде осындай қылмысты әрекеттер үшін арнайы субьектінің әрекеттері қарастырылады. Қылм заңдағы кей қылмыстар тек арнайы субьектілермен жасалады. Кей қылмыс түрлері жалпы және арнайы субьектімен сипатталғанда, бұл қылмысты жасау жалпы субьектілерге тән деп есептеу керек, тек өз ерекшелігіне қарай мұндай қылмыстарда жалпы субьекті жасай алмайтын әрекеттерді арнайы субьектілер орындайды.

Бір баптың әр түрлі бөлімдерінде жалпы және арнайы субьектілердің қылмысты әрекеттері келтірілгенде, арнайы субьектілердің әрекеттерін қоғамға қауіптілікті ауырлататын немесе аса ауырлататын құрам түрінде тануды ұсынады. әдетте баптың бірінші бөлімінде жалпа субьектілердің, ал екінші немесе үшінші бөлімінде арнайы субьектілердің жауаптылығын бейнелеу түрінде кездеседі. Жалпы субьектімен сипатталатын қылмытсарда арнайы субьектілердің кездесуінің екі түрлі себебі бар. Біріншісі ол қылмыс түрі жалпы және арнайы субьектілермен жасала алатындығына байл. Екіншісі жалпы субьектімен сипатталатын қылмысты сол баптың өзге бөлімдерінде көрсетілген арнайы адамдардың, мыс бұрын осындай қылмыс жасағандығы үшін сотталған адамдардың жасауын келтіру себебі, мұндай жағдайда қылмыстың арнайы рецидивіндегі адамдардың жауаптылығын жалпы субьектілермен бірдей белгіліесе, онда рецидив адамның қауіптілік дәрежесі квал жүргізуде және жаза белгілеуде көрінбей қалатындығына байл.

Жалпы субьектілер арнайылардың әрекеттерін орындаса қылмыс болып табылмайды. Себебі арнайылардың әрекеттерін жай адамдар орындай алмайды. Қылм құқықтың ережесі бойынша арнайылардың қылмыстарына жалпылар да қатысушы ретінде, яғни қылмыстың ұйымдастырушысы, ақзғырушысы немесе көмектесушісі түрінде қатыса алады. Арнайы субьектілердің қылмыстарына қатысушылықты білдіретін рөлдерді орындағандардың әрекеттері арнайы субьектті айыпталған қылмыс түрімен және міндетті түрде ҚК 28 бабының тиісті бөлімдеріне сілтеме жасау арқ квалификациялануы керек.

2 блок

  1. Аяқталмаған қылмысты әрекеттердің сипаттамасы және квалификациялау ережелері. Қылмыстық заңның ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе,онда аяқталмаған қылмыстыысты әрекеттердің түрлері орын алып,іс әрекетті квалификациялау аяқталған қылмыстармен салыстырғанда өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады. Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелгін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады;

  1. Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында кездеспейді. Жанама қасақалықта және абайсыздықпен жасалатын қылмыстарда қылмысқа дайындалу мен оқталу болмайды.

  2. Аяқталмаған қылмыстарда кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың орындалуы аяғына дейін жеткізілмейді.

  3. Аяқталмаған қылымысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әркеттерінде адамда қауіпті ой ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілу мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мүдделерге қауіп туындайды.

Аяқталмаған әрекеттердің қоғамға қауіпті болуы қылмыстық жауаптылық қолданудың заңды негізін білдіреді. Аяқталған қылмыстар мен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы, ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы.аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын объектілерге зардап келмеуі немесе зардап келгенде де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде туындауы болып табылады. Мысалы, адамды қасақана өлтіру мақсатын көздегенмен, оның еркіне тәуелсіз жағдайда мұндай зардап туындамай, тек жәбірленушінің денсаулығына зардап келуі мүмкін.

Зардап орын алған аяқталмаған қылмыстарды квалификациялау тәртібі әдеттегі қылмысқа оқталу сияқты жүргізіледі, яғни іс әрекет зардапты қарастыратын қылмыс түрі бойынша емес,қылмыскердің қасақаналығына кірген қылмыс түрімен және 24 бапқа сілтеме жасай отырып бағаланады.

  1. 2. Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі.

ҚК 24-бабына сəйкес «тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, əзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мəн-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады. Қылмысқа дайындалу - бұл қылмыс жасауға жағдайлар туғызатын қасақана əрекеттер. Ол қасақана қылмыс жасаудың бiрiншi сатысын құрайды. Дайындалу əрекеттерiне мына ерекшелiктер тəн: - Олар тек қылмыстың жасалуына жағдайлар туғызады, - Қылмыстық-құқықтың қорғау обьектiсiне өздiгiнен тiкелей қауiп тудырмайды; - Кiнəлiнiң еркiнен тыс себептермен мəжбүрлi түрде тоқтатылады. Қылмысқа дайындалу ҚК-ң 24-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, мына əрекеттермен сипатталады: а). қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, яғни кез келген тəсiлмен (заңды немесе заңсыз) аталған құралдарды иемдену əрекеттерi. Мысалы, қаруды заңға сəйкес сатып алу, сыйға алу, тауып алу, ұрлап алу ,ауыстыру жəне т.б., б). қылмыс құралдарын немесе қаруларын əзiрлеу немесе бейiмдеп жасау—оларды ойлаған қылмысты табысты жүзеге асыру үшiн жарамды қалыпқа келтiру əрекеттерi. Мысалы, кiлттi өзгертiп жасау,қарудың қасиетiн өзгерту жəне т.б.; в). қылмысқа қатысушыларды iздестiру—басқа бiр немесе бiрнеше адамды, орындаушы, айдап салушы не көмектесушi ретiнде қылмыс жасауға тарту əрекеттерi. Ол кез келген тəсiлмен (сатып алу, қорқыту, бопсалау, алдау, ұсыныс айту) жүзеге асырылуы мүмкiн. г). қылмыс жасауға сөз байласу—нақты қылмысты бiрiгiп жасауға алдын-ала уəделескен кемiнде екi адамнан тұратын топты ұйымдастыру; д). қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау,яғни қылмыстық ниеттi жүзеге асыруға бағытталған жоғарыда аталған əрекеттерден өзге кез келген əрекеттердi жасау. Мысалы, қылмыс жасау жағдайын алдын-ала зерттеу, ойластырылған қылмысты жасыруға бағытталған əрекеттердi жасау, қылмыс жасау орнының жоспарын дайындау жəне т.б. Қылмысқа дайындалу бiр əрекетпен немесе жоғарыдағы аталған əрекеттердiң жүйесiмен де жасалуы мүмкiн. Көбiнесе дайындалу белсендi əрекетпен, ал кейбiр жағдайларда əрекетсiздiкпен де жасалады. Мысалы, қойма қарауылы қылмыстың басқа қатысушыларына ұрлық жасау үшiн қасақана жағдайлар туғызу мақсатында кезекшiлiктен уақытша кетiп қалады. Мерзiмi бойынша дайындық əрекеттерi қылмыстың жүзеге асырылуынан бұрын жасалады. Мұндағы уақыт аралығы бiрнеше минуттан бiрнеше айларға дейiн созылуы мүмкiн. Дайындық əрекеттерiнiң жасалу орны қылмыстың жасалу орнымен сəйкес келмеуi, кейде олар бiр-бiрiне жақын маңда жасалуы да мүмкiн. Субьективтiк жағынан қылмысқа дайындалу кiнəнiң тiкелей қасақаналығымен сипатталады, яғни дайындалушы адам өз iс-əрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатының бар екендiгiн ұғынады, осы iс- əрекеттер қылмыстың жасалуына жағдай туғызатынын алдын-ала бiледi жəне соны тiлейдi. ҚР ҚК-ң 24-бабының 2-бөлiгi бойынша тек ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылық басталады. Қылмысқа дайындалу үшiн жауаптылық сол дайындалып жатқан қылмыс бойынша жауаптылықты көздейтiн ҚК Ерекше бөлiмiнiң бабымен жəне ҚК 24-бабына мiндеттi түрде сiлтеме жасалып сараланады. Ал егер дайындық əрекеттерi жеке қылмыс құрамын құрайтын болса, онда ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабымен аяқталған қылмыс ретiнде саралауды қажет етедi. Қылмысқа дайындалу бойынша жаза тағайындау кезiнде сот жаза тағайындаудың жалпы негiздерiне сəйкес ережелермен қатар аяқталмаған қылмыстар үшiн жаза тағайындаудың ерекшелiктерiн де ескередi. Бұл жағдайда қылмыстың ақырына дейiн жеткiзiлмеу жағдайлары есепке алынады. Қылмысқа дайындалу үшiн тағайындалатын жазаның мөлшерi ҚК Ерекше бөлiмiндегi тиiстi аяқталған қылмыс үшiн белгiленген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан аспауы тиiс.

3. Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі.

Тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-əрекет, егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мəн-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады. Адамға байланысты емес мəн-жайлар ретiнде кiнəлiнiң күш салуына қарамастан қылмысты аяғына дейiн жеткiзуге кедергi жасайтын əр-түрлi жағдайларды түсiну қажет. Қылмысқа дайындалу кезiнде кiнəлi қылмыс жасауға жағдай туғызатын əрекеттердi жасаса, ал қылмысқа оқталуда ол қылмыстың обьективтiк жағына кiретiн iс-əрекеттердi жасай бастайды немесе тiкелей орындайды. Сонымен қатар, қылмысқа дайындалуға қарағанда оқталу үшiн жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр жəне аса ауыр қылмыстар санаттары бойынша туындайды. Обьективтiк жағынан қылмысқа оқталу нақты қылмыс құрамын жасауға тiкелей бағытталған əрекеттерден тұрады. Мұнда «тiкелейң сөзi адамның қылмыстың обьективтiк жағын орындай бастауы немесе орындауды жалғастыруы дегендi бiлдiредi. Мысалы, адам өлтiруге оқталуда кiнəлi жəбiрленушiге оқ атуға ұмтылады немесе оқ атады, бiрақ оған тимей қалады немесе қоймаға кiрумен жасалатын ұрлыққа оқталуда кiнəлi есiктегi бекiтiлген құрылғыны бұзу үстiнде ұсталса жəне т.б. Бұл аталған мысалдарда қылмыстық- құқықпен қорғалатын обьектiлерге зиян келтiру қаупi туып отыр, яғни қылмыстың обьектiсiне тiкелей əсер етедi. Қылмысқа дайындалудан оқталу осы белгiсiмен де ажыратылады. Көпшiлiк жағдайларда қылмысқа оқталу əрекетпен жасалады. Алайда, материалдық құрамдағы кейбiр қылмыстар, егер онда адамның қылмыстық нəтижеге жету еркi көрiнсе əрекетсiздiкпен де жасалуы мүмкiн. Мысалы, егер анасы өзiнiң жаңа туған сəбиiн өлтiрудi тiлеп оны тамақтандырмаса, бiрақ өзге адамдардың араласуынан баланың өлiмi тумаса. Оның əрекетi адам өлтiруге оқталу ретiнде сараланады. Субьективтiк жағынан оқталу заңның өзiнде көрсетiлгендей, кiнəнiң тiкелей қасақаналығымен сипатталады. Кiнəлi нақты қылмысты жасауға бағытталған өз iс-əрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынады жəне оларды орындауды тiлейдi. Қолданылып жүрген қылмыстық заң оқталуды түрлерге бөлмегенiмен, қылмыстық құқық ғылымы əрекеттiң аяқталу дəрежесi мен көлемiне байланысты қылмысқа оқталудың екi түрiн қарастырады: 1) аяқталған оқталу, 2) аяқталмаған оқталу. Аяқталған оқталу, егер кiнəлi қылмысты жасай отырып қоғамға қауiптi зардаптардың туындауы үшiн қажеттi əрекеттердiң барлығын жасадым деп есептесе, бiрақ оның еркiнен тыс себептермен қылмыстық нəтиже туындамаса немесе қылмыс аяқталмаса орын алады. Аяқталған оқталуда қылмыскердiң ойлаған зардабы емес, өзге зардаптар келтiрiлуi мүмкiн. Мысалы, өлтiремiн деген ниетпен кiнəлi жəбiрленушiнiң кеудесiне пышақ салады, бiрақ жəбiрленушiнiң өмiрiн дəрiгерлер сақтап қалады. Мұнда қылмыстық ниеттiң бағыттылығына сəйкес кiнəлiнiң əрекетi ҚК 96-бабымен жəне 24-бапқа сiлтеме жасай отырып адам өлтiруге аяқталған оқталу бойынша сараланады. Аяқталмаған оқталу, егер кiнəлi өзiнiң еркiнен тыс себептермен қылмысты аяғына дейiн жеткiзу үшiн қажеттi əрекеттердiң барлығын жасай алмаған жағдайда орын алады. Аяқталмаған оқталуда кiнəлi қылмысты аяғына дейiн жеткiзуге əкеп соғатын əрекеттердiң оның еркiнен тыс себептермен орындалмағанын жəне ол əрекеттердi жалғастыру қажеттiгiн ұғынады. Мысалы, қоймаға кiруге ұмтылу үстiнде кiнəлiнi қарауыл ұстап алса. Салыстырмалы түрде қарағанда аяқталған оқталудан аяқталмаған оқталудың қоғамға қауiптiлiк дəрежесi төмен екендiгiн байқаймыз. Қылмысқа оқталудың аяқталған жəне аяқталмаған болып бөлiнуi жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн анықтау кезiнде жəне жаза тағайындау, сонымен бiрге қылмыстан өз еркiмен бас тарту туралы мəселенi шешу кезiнде маңызды болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жарамсыз оқталу жөнiнде мəселе де кездеседi. Жарамсыз оқталуға—жарамсыз обьектiге оқталу мен жарамсыз құралмен оқталуды жатқызады. Жарамсыз обьектiге оқталуда кiнəлiнiң ойлаған обьектiге зиян келтiру мүмкiндiгi жəбiрленушiнiң немесе қылмыс затының ерекше қасиеттерiне байланысты жойылады немесе қылмыс орнында жəбiрленушiнiң немесе қылмыс затының болмауын кiнəлi адам бiлмейдi. Нəтижесiнде басқа обьектiге зиян келтiредi. Мысалы, өзiн лауазымды тұлға деп көрсеткен адамға пара беру. Жарамсыз құралмен оқталуда кiнəлi қателесiп қылмыстық нəтижеге жету үшiн обьективтi қасиеттерi бойынша обьектiге зиян келтiруге жарамсыз, қабiлетсiз құралдарды қолданады. Мысалы, атылмайтын немесе ойыншық қаруды қолдану. Жарамсыз оқталудың аталған түрлерi үшiн жауаптылық жалпы негiздерде, яғни ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабымен жəне 24-баптың 3-бөлiгiне сiлтеме жасала отырып сараланады.

4. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылықтың белгілері және олардың қылмысты квалификациялаудағы маңызы.

Қылмыстық əрекет адамның кез келген əрекетi сияқты жалғыз жасалуы немесе бiр топ адам болып жузеге асырылуы мүмкiн. бiр адамның жасаған қылмысына қарағанда бiр топ адамның жасаған қылмысы қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi өзгешiлiгiмен сипатталады. Қылмысқа қатысушылықтың түсiнiгi туралы норма ҚР ҚК-ң 27- бабында қарастырылған: «екi немесе одан коп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. анықтамадан көрiп отырғанымыздай, қылмысқа қатысу тек бiр қылмысқа кемiнде екi адам қатысқан ретте танылады. Жалпы алғанда бiрнеше адамның жасаған қылмысының қоғамға қауiптiлiгi бiр адамның жасаган қылмысының қауiптiлiк дəрежесiне қарағанда едəуiр жоғары болатыны белгiлi. Себебi, бiрнеше адамның қылмыс жасау күштерiн бiрiктiруi ойластырылған қылмыстық ниеттi ұтымды жүзеге асыруды жеңiлдетеді. Колсұғушылық обьектiсiне ауыр зиян келтiруге жəне қылмыс жасаудың жетiк амал-тəсiлдерiн қолдануға мүмкиндик бередi. Ондай қылмысты ашуда қиындық тудырады. Қылмыстық əрекеттiң ерекше нысанын құрай отырып, қылмысқа қатысушылық бiрқатар обьективтiк субьективтiк белгiлермен сипатталады немесе кейде оларды сандық жəне сапалық белгiлер деп те атайды. Қылмысқа қатысушылықтың обьективтiк белгiлерiне мыналар жатады: а). Қылмысқа кемiнде екi немесе одан да көп адамның қатысуы, б). Қылмысқа қатысушылардың əрекеттерiнiң бiрлескен түрде болуы немесе бұл əрекеттердiң бiр-бiрiмен себепті байланыста болуы. Бiрiншi обьективтiк белгi бойынша қылмысты қатысушылықпен жасалған деп тану үшiн қылмысқа кемiнде екі есi дұрыс жəне қылмыстық жауаптылық жасына толған адамның қатысуы қажет. Қылмыстық жауаптылыққа қабiлетсiз, яғни есi дұрыс емес немесе қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген адаммен бiрлесiп қылмыс жасау қылмысқа қатысушылықты құрамайды. Мысалы, егер ересек адам 10 жастагы жасөспiрiмдi пəтер тонауға пайдаланса, мұнда жауаптылыққа қылмыстық орындаушысы ретiнде тек ересек адам ғана тартылады, ал жасөспiрiм қылмыстың құралына айналады. Қылмысқа қатысудың екiншi обьективтiк белгiсi қатысушылардың арасындағы бiрлестiктiң болуын бiлдиреди. Бұл бiрлестiк белгiсi қылмыс жасаудың басталу кезеңiнен соңғы кезеңiне дейiн түгел орын алады. Бiр белгiсi мына элементтерден құралады: а). Əрбiр қылмысқа қатысушының əрекетi басқа қатысушылардың əрекет жасауының қажеттi шарты табылады. Яғни, бiрiнiң белгiлi бiр əрекеттi жасауы екiншiлерiнiң нақты бiр əрекеттердi жүзеге асыруына болады, б). Қылмыстан келген қоғамға қауiптi зардап не қылмыстың жасалу оқиғасы əр қатысушының əрекеттери себептi байланыста болады; в). Қылмыстың нəтижесi, зардабы барлық қатысушыға ортақ болады. Жоғарыда аталған бiрлестiк белгiсiн құрайтын элементтердiң iшiнде себептi байланыс ұғымының ерекше мәні бар. Себебi, егер қылмыстың зардабы немесе қылмыстың жасалу оқиғасы қылмысқа қатысушылардын əрекеттерiмен себептi байланыста болмаса, онда себептi байланыста əрекет жасамаған адамға қылм жауаптылық туындамайды. Қылмысқа қатысушылықтағы себептi байланысты, қылмысты жасау оқиғасының мынадай тұстарында, бiрiншi - қылмысқа қатысушылардың арасындағы байланыста, екiншi - қылмысқа қатысушы əрбiр адам əрекетi нiң қылмыстың зардабымен себептi байланыста болуын анықтау қажет. Қылмысқа қатысушылықтың обьективтiк белгiлерi қылмысқа қатысушылардың iшкi ойын немесе психикалык бағытын бiлдiретiн субьективтiк белгiлермен тығыз байланысты. Қылмысқа қатысушылықтың субьективтiк белгiлерiне мыналар кiредi: а). Қатысушылардың қылмыс жасауға қасақана бiрiгуi, б). Тек қасақана қылмыстарды жасауға бiрiгуi. Белгiлi бiр қылмысты жасауға қасақана бiрiгу деген əрбiр қылмысқа қатысушы өз iс - əрекетiнiң жəне қатысушылардың iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынатындығын, сонымен бiрге бiрлескен əрекеттен туындайтын қылмыстық зардаптың болатынын алдын ала бiлуi жəне зардаптың болуын тiлеуi немесе саналы түрде оған жол беруiн бiлдiредi. Сонда қылмысқа қатысушылықтың субьективтiк жағы тiкелей немесе жанама түрдегi қасақаналықпен сипатталады деген сөз. Бiрлесiп əрекет еткен адамдардың қылмыстарындағы психикалық қатынасты табу олардың қылмысқа қатысу үлесiн, қатысушының жауаптылығын жекешелеуге көмегiн тигiзедi. Қылмысқа қатысушылардың қасақана əрекет етуi, олардың қылмыстың жасалуына деген ой – ниет бiрлестiгiн бiлдiретiн бiрден – бiр себеп табылады. Субьективтi белгiлердiң екiншiсi - қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыстарда ғана орын алады дегенди бiлдiредi. Қылмыстық жауаптылық туралы заң абайсыз жасалған қылмыстарда қатысушылықтың орын алмайтындығын айтады, себебi бұл жағдайларда бiрнеше субьектiлер бiр қылмыстық нəтижеге қол жеткiзу өздерiнiң ерiктi күштерiн бiрiктiрмейдi. Сонымен бiрге, егер адам басқа адаммен бiрiгiп қылмыс жатқандығын ұғынбаса, бiрақ оны ұғынуға тиiс жəне ұғынуға мүмкiндiгi болса, бұл жағдайда да қатысушылык орын алмайды

5. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері және квалификациялау тәртібі.

ҚР қылмыстық заңы қатысып жасалатын қылмыстарды жасау кезiнде атқаратын əрекеттердiң сипаты мен орындайтын рөлдерiн ескерiп қылмысқа қатысушылардың мынандай түрлерiн қарастырады: 1). Қылмыстың орындаушысы, 2). Қылмыстың ұйымдастырушысы; 3). Қылмысқа айдап салушы; 4).Қылмыстың көмектесушiсi. Қылмыстың орындаушысына ҚК 28-бабының 2-бөлiгiнде мынадай анықтама берiлген: қылмысты жасауга тiкелей немесе оны жасауға басқа адамдармен бiрге қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместигине немесе қылмыстық заңда көзделген өзге де мəн-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартуга болмайтын басқа да адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады. Сонымен мынадай үш жағдайда қылмыс жасаған адамды қылмыстың орындаушысы деп тануға болады: 1). Қылмысты жасауға тiкелей қатысқан адам, яғни белгiлi бiр қылмыстың обьективтiк жағын тiкелей өзi немесе iшiнара орындаған есi дұрыс жəне қылмыстық жауаптылық жасына толған адам орындаушы танылады. Мысалы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобында С. деген азамат адам өлтiру қылмысынын обьективтiк жағын құрайтын əрекеттердi жалғыз өзi орындаса. 2). Қылмысты жасауға басқа адамдармен бiрге қатысқан адам орындаушы деп танылады. Бiр қылмыс немесе одан да көп орындаушы болса оны қоса атқарушы деп атайды. Қоса орындаушылықта орындаушы деп танылған адамдардың əрекеттерi техникалық жағынан əртүрлi, бiрақ қылмыстың обьективтiк жағын т құрайтын заңдық əрекеттерi бiркелкi болуы керек. Егер заң бойынша қылмыс құрамы тек арнаулы субьект орындауы мүмкiн болса, онда қоса орындаушы ретiнде тек арнаулы субьектiлер танылуы қажет. Мундай қылмыстарға қызметтiк, əскери жəне т.б қылмыстарды жатқызуға болады. Бұндай қылмытсқа қатысушы тұлғалар айдап салушы немесе көмектесушiлер ретiнде қарастырылуы тиiс. Қоса орындаушылықпен жасалатын қылмыстарда орындаушы деп танылған субьектiлердiң жауаптылығы ҚК Ерекше бөлiмiнiң нақты бiр қылмысты қарастырған бiр бабымен сараланады. 3). Жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе қылмыстық заңда көзделген өзге де мəн–жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайтын басқа да адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады. Қылмыстың орындалу тəсiлiне қарай бiреу арқылы орындаушылық əртурли жолдармен жасалады. Өзiнiң қылмыстық мақсатына қол жеткiзу үшiн жоғары да аталған жауаптылыққа қабилетсиз не қарсы тұруға дəрменсiз адамдарды пайдаланып қылмыс жасаған адамдардың қоғамға қауiптiлiгi жогары болуымен сипатталады, себебi олардың əрекетi қылмыстық заңмен қорғалатын екi бiрдей қатынасты бағытталған. Субьективтiк жағы бойынша қылмыстың орындаушысы деп тануға негiз беретiн кез келген əрекет кінәлінің тiкелей немесе жанама қасақаналығымен сипатталады. Сонымен, қылмыстың орындаушысы қатысушылықпен жасалатын кез келген қылмыстың мiндеттi қатысушы тұлғасы. Басқа қатысушысыз қылмыс жасалуы мүмкiн, ал орындаушысыз қылмыс жасалмайды. Сонымен қатысушылықпен жасалған қылмыстың аяқталу деңгейi де осы орындаушының əрекеттерiмен анықталады орындаушы қылмысты ақырына дейiн жеткiзбесе, басқа қатысушылардың əрекетi аяқталмаған қылмыс ретинде сараланады. Қылмыстың ұйымдастырушысы – бұл: 1). Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, 2). Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты құрған адам; 3). Ұйымдасқан қылмыстық топқа немесе қылмыстық қауымдастыққа басшылық еткен адам. Қылмыстың ұйымдастырушысы қылмысқа қатысушылардың iшiнде ең қауiптiсi, өйткенi ол қылмыс жасау тудырушы, жасалатын қылмыстың түрiн, жасалу орнын, уақытын, тəсiлiн жəне зардаптың мөлшерiн белгилейтин тұлға болып есептеледi. Қылмыстың ұйымдастырушысы қылмыстың жасалуына басқа адамдарды тартып, ұйымдасқан топты, қылмыстық қауымдастықты құру немесе оларға қатысушыларға жетекшiлiк жасай отырып, қылмыстың бас сатыларынан аяғына дейiн басқару əрекеттерiн жасайды. Жоғарыда аталғандай, ұйымдастырушының негiзiнен үш əрекет: басқарудан, топты құрудан жəне топқа жетекшiлiк етуден құралады. Қылмысқа айдап салушы деп басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндiрген адам танылады. Айдап салушы қылмыс жасауға өзi тiкелей қатыспайтын қылмыстын интеллектуалды қатысушысы болып танылады. Оның мiндетi басқа адамды қылмыс жасауға азғыру мақсатынд сол адамның санасы мен еркiне əсер ету. Егер айдап салушы қылмыс жасауға өзi тiкелей қатысса, онда қылмыстың қоса орындаушысы деп танылып, оның алдыңғы айдап салуға бағытталған əрекеттерi жауаптылыкты ауырлататын жағдайлар ретiнде ескерiледi. Адамға əсер етудiң түрлi тəсiлдерi мен əдiстерiн қолдана отырып, айдап салушы екiншi адамды адастыруға керiсiнше, оның санасында қылмыс жасау туралы шешiмдi қалыптастыруға ұмтылады. Егер адам екiншi жалған мəлiметтер беру арқылы оны алдап не адастырып қылмысқа тартса, онда бұл айдап салу əрекетi басқа бiреу арқылы қылмыс жасау ретiнде қарастырылады. Айдап салу қылмыс жасауға басқа адамды қылмыстың қатысушысы ретiнде тартуды бiлдiредi жəне қылм сипатын ұғынуға қабiлеттi адамға қатысты жасалады. Қылмысқа қатысушылардың дербес бiр түрi – көмектесушi. ҚР ҚК-ң 28-бабының 5-бөлiгiнде қылм көмектесушiсiне мынадай анықтама берiлген: кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат берумен қыл жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жаса жəрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмысты қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уəде берген адам, сол сияқты осындай зат сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уəде берген адам көмектесушi деп танылады. Қылмысқа көмектесушiнiң заңдық анықтамасында қылмыс жасауға көмек беретiн əдiстер мен құралдар жонинде айтылған. Бұл əдiстер мен құралдар физикалық (материалдық) жəне интеллектуалдық (психикалық) түрде мүмкiн. Осы ерекшелiктi ескерiп көмектесушiлiктi 2 түрге бөледi: 1). Физикалық көмектесушiлiк; 2). Интеллектуалды көмектесушiлiк. Физикалық көмектесушiлiкке орындаушыға қылмыстың обьективтiк жағын орындауға ықпал ететiн əрекеттер жатады. Мұндай əрекеттер ретiнде орындаушыға қылмыс жасауға қажеттi құралдарды жеткiзу жəне қыл жасауға кедергiлердi жоюмен байланысты əрекеттердi тануға болады. Егер орындаушы физикалык көмектесушiнiң көмектерiн қолданбаса, онда көмектесушi адам оның əрекетi мен жасалған қылмыс арасында себептi байланыстың болмауы себептi қылмыстың қатысушысы деп танылмайды. Интеллектуалдық көмектесушiлiк орындаушыда қылмысты жасау шешiмiн бекiту мақсатында оның санасынын еркiне психикалық əсер етумен сипатталады. Көмектесушiлiктiң интеллектуалдық тəсiлдерiне мыналар жатады: а). Кеңестер беру, яғни қылмысты жасау механизмiн тиiмдi əрi қауiпсiз жүзеге асыру бойынша ұсыныстар б б). Нұсқаулар беру – нақты жағдайда қалай əрекет ету керектiгi туралы орындаушыға бағыт беру; в). Ақпараттар беру – орындаушы үшiн маңызды болып табылатын жаңа мəлiметтердi жеткiзiп отыру; г). Қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық ж табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уəде беру; д). Осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уəде беру. Субьективтiк жағынан қылмысқа қатысушылардың басқа түрлерi сияқты көмектесушiнiң əрекеттерi де к тек қасақаналық түрiмен жасалады.

6. Қылмысқа қатысушылықтың нысандары бойынша квалификациялау. ҚК 28 және 262 баптарының квалификация кезінде қолданылатын негіздерін анықтаңыз.

Қылмысқа қатысудың нысанын белгiлеу бiрлескен қылмыстық əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн көрсетуге мүмкiндiк бередi. Қылмысқа қатысушылардың өзара əрекет жасау тəсiлдерiне жəне олардың əрекеттерiнiң келiсушiлiк дəрежесiне қарай, қылмысқа қатысудың мынадай нысандары бар: • жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы), • күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы); • ұйымдасқан топ; • қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым). Жай қатысу (алдын-ала сөз байласпаған адамдар тобы) объективтiк жақтың шегiнен тыс қылмыстық рөлдердiң бөлiнуiнiң болмауымен, ол тек рөлдердiң техникалық- ұйымдастырушылық бөлiнуiнiң орын алуымен сипатталады. Бұл жерде заңдық мəнi бар рөлдердiң орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуi болмайды. Əрбiр қатысушы қылмыстың объективтi жағын əр түрлi мөлшерде атқарса да, қылмыстың тiкелей орындаушысы болып табылады. Жай қатысудың тағы бiр ерекшелiгi əрбiр қатысушының жасаған əрекеттерiнiң орны мен уақытының бiр мезгiлде болуы. Күрделi қатысу (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы) болып, алдын-ала сөз байласып, келiскен қылмысты бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан екi адамнан кем емес қатысушылары бар адамдар тобымен жасалған қылмыс танылады. Күрделi қатысу заңи мəнi бар, рольдердiң қатысушылар арасында жеке орындаушыға, ұйымдастырушыға, айдап салушыға, көмектесушiге бөлiнуiмен сипатталады. Қылмысқа қатысушылар нысаны бойынша əр түрлi əрекеттердi жасайды. Бұл əрекеттердiң нысаны ғана емес, сонымен бiрге қылмыстың жасалу орны мен уақыты да сəйкес келмейдi. Қылмыс құрамын құрайтын əрекеттердi орындаушы тiкелей жасайды, ал қалған қатысушылар ұйымдастырушы, айдап салушы жəне көмектесушi рольдерiн атқарады. Қылмысты бiрлесiп iстеуде рольдердiң əр түрлi байланысы болуы мүмкiн: бiр жағдайларда орындаушыдан басқа айдап салушы жəне көмектесушi, ал тағы бiр жағдайларда орындаушы мен көмектесушi жəне т.б. болады. Орындаушының əрекеттерi жасаған қылмысты қарастыратын бап бойынша сараланады. Басқа қатысушылардың əрекеттерi де осы бап бойынша сараланады, бiрақ ҚР Қылмыстық кодексiнiң 28-бабына сiлтеме жасалынады. Ұйымдасқан топ - қылмысқа қатысудың бiр нысаны болып табылады. Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы мен ұйымдасқан топ арасында ұқсастықтармен қатар айтарлықтай айырмашылықтар да бар. Ұқсастығы болып екi нысанның да алдын-ала сөз байласу арқылы пайда болуы табылады. Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасушылық дəрежесi аз болады, олар негiзi алдын-ала келiсу арқылы көрiнiс табады. Ұйымдасқан топтың мiндеттi белгiсi болып тұрақтылығы, яғни қылмыстық əрекеттi жалғастыру, бiрнеше қылмысты жасау, ал кейбiр кезде ауырлығымен ерекшеленетiн қылмысты жасау мақсатында бiрнеше адамдардың бiрлесуi табылады. Ұйымдасқан топтың қатысушылары тұрақты қылмыстық қатынасқа, ұйымдастырушылық мезеттерге ие болады: басшылықтың бар болуы, қылмыс iстеудiң жоспарын құруы, конъюнктурамен танысуы, қатысушыларды жинауы, рольдердi бөлуi жəне т.б. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) – даму деңгейi жағынан жоғары ұйымдасқан қылмыстық құрылым болып табылады. Олар ұйымдасқан қылмыстың ең қауiптi нысаны болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығы бiрнеше адамның қылмыс жасауымен, олардың рольдерiнiң бөлiнуiмен ғана емес, сонымен бiрге қылмысқа қатысушылардың арасында тұрақтылықтың, ұйымдасушылықтың жəне тығыз топтасқандықпен ұзақ қатынастың болуымен сипатталады. Қылмыстық сыбайластық ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылады деген заңның ережесi, оның қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғарылығын көрсетедi. Қылмыстық сыбайластықтың сипатты белгiсi болып оның топтасқандығы, тұрақтылығы, ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасауға бағытталуы танылады. Қылмыстық сыбайластық күрделi ұйымдасушылық құрылымға ие болады. Ол барлық қауымдастықтың, ұйымдасушылық дəрежесi мен қызметiнiң ауқымы бойынша ажыратылатын оның бөлек топтарының иерархиялық құрылуын көрсетедi. Қылмыстық қауымдастық əдетте ұзақ уақытқа құрылады. Ол ауыр жəне аса ауыр бiрнеше қылмыстарды жасау, сонымен бiрге күрделiлiгiмен ерекшеленетiн бiр қылмысты жасау мақсатын көздеуi мүмкiн. Ұйымдасқан топты, қылмыстық сыбайластықты құрған адам ұйымдасқан топты не қылмыстық сыбайластықты басқарғаны жəне ұйымдастырғаны үшiн, сонымен қатар өзiнiң ниетiмен қамтылған барлық жасаған қылмыстары үшiн Ерекше бөлiмнiң тиiстi баптарында көрсетiлген жағдайларда жауаптылыққа тартылады.

7. Іске аспаған қылмысқа қатысушылық бойынша квалификация жүргізу ережесін орындаушының және өзге қатысушылардың әрекеттерімен байланыстыра қарастырыңыз.

Қылмыстық құқықта iске аспаған қылмысқа қатысушылық үшiн жауаптылық мəселесi күрделi болып табылады. Бiрлесiп қылмыс жасауға бағытталған əрекеттерiнде қатысушылардың еркiне тəуелсiз себептермен қылмыс аяғына дейiн жасалынбаса, онда iске аспаған қылмысқа қатысушылықты құрайды. Бұл ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушiнiң əрекеттерiне байланысты қылмысты орындаушы ешқандай қылмыс жасамаса немесе жасауға мүмкiндiгi болмаған жағдайлардың барлығында орын алады. Сонымен қатар, iске аспаған қылмысқа қатысушылық, мысалы ұйымдастырушы қылмыс жасау мақсатымен ұйымдастыруға тырысқанымен басқа адамдар оның тiлегiн қабылдамаса немесе алдыңғы уақыттарда келiскенiмен, кейiн қылмыс жасаудан бас тартса, онда iске аспаған ұйымдастырушылық болады. Iске аспаған қылмысқа қатысушылық орын алған барлық жағдайларда жауаптылық қылмысқа дайындалу немесе қылмысқа оқталу үшiн туындауы тиiс. Бірлесіп кылмыс жасау дегенимиз озара тусинистикте,бирлестикте болып жане бірінің жасаган әрекетинин екиншисинин келеси арекетти орындауына тикелей себепши болуын, осы себепти байланыстардын натижесинде ортак кылмыстык зардаптын туындауы болып табылады. Иске аспаган азгырушылыкта,комектесушиликте бирлесип кылмыс жасау фактиси болмайды,ягни ол ниет иске аспайды немесе кылмыска дайындык,окталу кезинде жолы киылады.сондыктан иске аспаган ис арекет кылмыска катысушылык болып табылмайды. Мысалы, комектесушинин комегинсиз орындаушы кылмысты жасап улгерсе, мунда кылмыска катысушылык жок, себеби комектесушинин арекети орындаушынын арекетимен себепти байланыста болган жок. Мундай жагдайда комектесушинин арекетин баскаша багалау керек, ягни кылмыска окталу немесе дайындалу сатыларынын кайсысына катысушынын арекети сай келсе сол сатымен багаланганы дурыс. Мысалы, уйымдастырушы кылмыс жасау максатымен

8. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылықтағы арнайы субъектілердің әрекеттерін квалификациялау және өзге қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріңіз.

Кылмыска катысушылардын жауаптылыгын аныктауда жане ис-арекеттерине кукыктык бага беруде карастыра кететин маселенин бири ол арнайы субьектилердин кылмыска катысудагы роли болып табылады. Кейбир адамдар озінің кызметтик немесе тагы да баска ерекшеликтерин терис пайдаланганда,ол сол салага катысты кылмысты орындайды. Кылмыстын арнайы субьектилеринин ерекшелиги де осында, себеби онын осы ерекшелиги бойынша орындай алатын әрекетин озге адамдар жасай алмайды. Арнайы субьектилер оз кызметин орындау аркылы кылмыска катысушылыкта тек орындаушы туринде катысып кана коймай, сонымен бирге кылмыска комектесуши ретинде катыса алады.мысалга мекеме басшысы ози баскарып енбек туралы зандарды бузу кылмысын орындады. Ол осы кылмысты жасай отырып, кеинги жоспарланган кылмыска комектесушилик рол аткарган болып саналады. Ягни кылмыстын жасалуына богет болуы мумкин кедергини жойды.

Ал адамдар тобымен жасалатын кылмыстарда арнайы субьектилердин кылмыстын жалпы субьетилеримен бирлесип кылмысты орындауы мумкин емес. Ягни арнайы субьетилердин орындай алатын арекеттерин озге адамдар жасай алмайды, сондыктан бирлесип,топ туринде биртектес арекеттер жасау болмайды. тек арнайы субьект болып табылатын адамдардын гана топ болып кылмска катысушылыгы болуы мумкин.буган кылмыстык кодексте жауаптылыгы бойынша тек арнайы субьектилер карастырылган кез келген касакана кылмыс мысал бола алады. Мысалы, адамдар тобымен жасалган кашкындык бабынын 2 болими, буйрыкка багынбау немесе оны озге де орындамау ,сайлау,референдум кужаттарын бурмалау немесе дауыстарды кате есептеу және т.б.

Уйымдаскан топ пен кылмыстык кауымдастык нысандарында арнайы субьектилердин кылмыска катысушылыгы жиі кездесетин жагдай. Мундай кылмыска катысу нысандарында арнайы субьектилер баскалармен бирлесип арекет жасагандыктан жане топтын немесе кауымдастыктын мушеси болып табылатындыктан, олардын ис арекетин бирге орындаушылык ретинде багалау керек. Бирак арнайы субьектилердин ис арекети КК ерекше болиминин колданып отырган бабынын арнайы болими бойынша квалификациялануы керек. Мысалы уйымдаскан топ экономикалык контрабанда кылмысын жасаумен айналысса, онда арнайы субьетилердин арекеттери сол баптын арнайы субьект карастырылган болимимен квалификацияланады. Ал егер уйымдаскан топ, кауымдастык айналыскан кылмыс тури бойынша ерекше болимнин баптарында арнайы субьетинин жауаптылыгы карастырылмаса, онда онын арекеттери уйымдаскан топ, кауымдастык жасаган барлык кылмыстар бойынша жане арнайы субьетинин жауаптылыгы белгиленген кылмыс тури бойынша квалификациялануы керек.

9. Қылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы және оның салдары. Бас тартқан адамның жауаптылықтан босатылатын және босатылмайтын жағдайларын анықтаңыз.

ҚК 26-бабында қарастырылған қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту ережесi қылмысқа қатысушыларға да қолданылады. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту дегенiмiз қатысушылардың қылмысты аяғына дейiн жеткiзуге мүмкiндiгi бар екендiгiн ұғына отырып, орындау рөлiне байланысты атқаруға мiндеттi iс - əректтердi тоқтатуы. Қатысушылардың қылмыс жасаудан бас тартуы қылмысқа қатысудың кез келген нысанында жəне қылмыстың аяқталуына дейiнгi кез келген сатыда мүмкiн болады. ҚК 26-бабының 1-бөлiгiне сəйкес: «Егер адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен жəне бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиiсң. Аталған ереже, тек қылмыстың орындаушысына ғана қатысты айтылған, себебi қылмысқа басқа қатысушылардың iс-əрекеттерi орындаушының қылмысты орындағанға дейiн жасалады. Сондықтан басқа қатысушылардың өз еркiмен бас тартуы орындаушының iс - əрекетiне дейiн немесе iс-əрекеттiң басталу кезеңiне дейiн орын алуы тиiс. Бұл жөнiнде заңшығарушы ҚК-ң 26-бабының 3-бөлiгiнде мынандай талаптар қояды: «қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап салушы, егер ол адамдар мемлекеттiк органдарға хабарлаумен немесе өзге де қолданылған шаралармен орындаушының қылмысты ақырына дейiн жеткiзуiне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауы тиiс. Егер орындаушының қылмысты аяқтағанына дейiн оған күнi бұрын уəде берген жəрдемнен бас тартса немесе көрсетiлiп үлгерген көмектiң салдарын жойса, қылмысқа көмектесушi қылмыстық жауапқа тартылмауы тиiсң. Сонымен, ұйымдастырушы мен айдап салушының өз еркiмен бас тартуы тек белсендi түрде, яғни олардың iс- əрекеттерi орындаушыға ойлаған қылмысын орындауға жол бермесе ғана мүмкiн болады. Егер ұйымдастырушы мен айдап салушының қолданған шаралары орындаушының қылмысты жасауын тоқтата алмаса, олардың қолданған шаралар жаза тағайындау кезiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн- жай ретiнде танылуы мүмкiн. Қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты əрекетiнде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиiс.

10. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылы (эксцесс) болғанда шектен шыққан және шықпаған қатысушылардың әрекеттеріне квалификация ережесін беріңіз .

Басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасау орындаушының шектен шығушылығы (эксцесi) ретiнде қарастырылады. Орындаушының шектен шығушылығы қылмысқа қатысушылықтың кез келген нысанында орын алуы мүмкiн. Шектен шығушылық кезiнде орындаушының жеке əрекеттерi мына нысандарда көрiнiс табады: а) ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушi ниетiмен қамтылған обьектiге басқа зардап түрiн келтiру, б) басқа қатысушылармен бұрын келiсiлген əрекеттердi емес, ауыр қылмыс түрiн жасау. Орындаушының шектен шығушылығы үшiн орындаушының өзi жауап бередi, ал қылмыстың басқа қатысушылары өздерiнiң ниеттерiмен қамтылған əрекет үшiн ғана жауаптылыққа тартылады. Шектен шығушылық кезiнде орындаушының жеке əрекеттерi заңдық мағынаға ие болу керек, яғни заңның өзiнде айтылғандай ол басқа қылмысты жасауы қажет. Сондықтан, мысалы, егер ұрлық қылмысын күндiз жасаймыз деп келiссе, ол түнгi уақытта жасаса немесе адамды тапаншамен емес пышақпен өлтiрсе – бұл жағдайлар басқа қатысушылармен келiсiлген қылмыстың сипатын өзгертпейтiндiктен, шектен шығушылық орын алмайды. Шектен шығушылық жасай отырып, орындаушы келiсiлгеннен өзге зиян келтiредi немесе əрекеттiң заңдық табиғатын елеулi өзгертетiн əрекеттердi жасайды. Мысалы, адам өлтiрудiң қарапайым түрiн емес, ауырлатылған түрiн жасайды. Шектен шығушылық кезiнде қылмысқа қатысушылардың iс - əрекетiмен жасалған қылмыстың арасында байланыс жоқ. Сонымен қатар, келiсiлген əрекеттiң шегiнен шыға отырып орындаушы ниеттiң мазмұны да өзгеретiндiктен қатысушылардың арасындағы субьективтiк байланыс жоғалады. Бiрлесудiң обьективтiк жəне субьективтiк негiздерiнiң болмауы басқа қатысушыларды шектен шығушылық кезiнде қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiндiгiн тудырады

11. Қылмысқа жанасушылықтың түрлері бойынша квалификация жүргізу.

Қылмысқа жанасушылық деген тұлғаның қылмыспен байланысты, бiрақ оны жасауға тiкелей қатыспаған қасақана əрекетi. Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жанасушылық қылмыс жасауға өздерi қатыспаған адамдардың сол жасалған қылмысты жасыру, жасалғалы жатқан қылмысты немесе жасалғаны анық қылмысты хабарламау, қылмысқа жол беру түрiндегi қасақана əрекеттерi немесе əрекетсiздiктерi танылады. Қылмыстық құқықта қылмысқа жанасушылықтың үш нысаны бар: 1). Қылмысты жасыру, 2). Қылмысты хабарламау; 3). Қылмысқа жол беру. Қылмыстық заң бойынша қылмысты жасыру үшiн жауаптылық тек ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды алдын ала уəде бермей жасырғанда ғана туындайды. Бұл жөнiнде ҚК-тiң 363-бабында арнайы көрсетiлген. Жасырушылықта кiнəлi өзiнiң жасаған қылмысының мəнiн сезiнуi, бiлуi оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшiн негiзгi шарт болып табылады. Қылмысты жасырушы тұлғаның қылмыскермен туыстық қатынаста болуы оны қылмыстық жауаптылықтан босатады. Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық қылмыс туралы хабарламау қылмысты хабарламау деп танылады. Қылмыс туралы хабарламау қылмысқа қатысуға жатпайды. ҚК-тiң 364-бабында арнайы көрсетiлгендей, аса ауыр қылмысты хабарламағандық үшiн ғана қылмыстық жауаптылық көзделедi. Аса ауыр қылмыс түсiнiгi ҚК-тiң 10-бабында берiлген. Аса ауыр қылмыс санатына жатпайтын қылмыстарды хабарламау, сондай-ақ жұбайының, жақын туыстарының, дiни қызметкерлер өзiне сенiп сырын ашқан адамдардың қылмысты хабарламауы қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқпайды. Субъективтiк жағынан қылмысты хабарламау тек қасақана ниетпен жасалады, ал объективтiк жағынан ол əрекетсiздiкпен жүзеге асырылады. Қылмысқа жол берушiлiк деп жасалғалы жатқан қылмысқа бөгет жасауға мiндеттi адамның мүмкiндiгi бола тұра бөгет жасамауын айтамыз. Қылмыстық заң бойынша мұндай мiндет заңның тiкелей сол мiндеттi орныдау туралы нұсқауынан немесе қызмет бабын атқаруға байланысты мiндеттерiнен туындайды. Қылмысқа жол берушiлiк объективтiк жағынан əрекетсiздiкпен сипатталады. Қылмыстық заңмен жазакланатын осындай жол берушiлiктiң нақты түрлерi ҚК-тiң бiрқатар баптарында көрсетiлген. Мысалы, ҚК-тiң 315-бабы « Қызметтегi əрекетсiздiкң қылмысын айтуға болады. Егер қылмысқа жол берушiлiк күнi бұрын уəде беру арқылы жасалса, онда кiнəлiнiң əрекетi қылмысқа қатысушы ретiнде сараланады.

12. Қылмыстық құқық бұзушылық көптілігінің түсінігі және түрлері бойынша квалификация ережелері.

Қылмыстардың көптiгi деп бiр субьектiнiң əрекетiнде бiрнеше қылмыстардың түйiсуiн (тоғысуын) айтамыз. Ең алдымен, оның мiндеттi белгiлерiн анықтап алуымыз қажет: 1). Қылмыстардың көптiгiн бiрiктiретiн бастау, ол - қылмыс субьектiсi, яғни осы қылмыстық əрекеттердi жасаушы адам. Бiр адам бiрнеше қылмыс жасауы қажет. 2). Жасалған əрбiр құқық бұзушылық қылмыс болып табылуы қажет. Егер екi əрекеттiң бiреуi əкiмшiлiк құқық бұзушылық болса, онда қылмыстың көптiгiн құрамайды. 3). Көптiкке кiретiн əрбiр қылмыс жеке қылмыс құрамының блгiлерiнiң құрамын беруi қажет. Яғни жеке қылмыс құрамдарынан құралады. Көптiктiң құрылымдық элементi болып тек орындаушының ғана емес, ұйымдастырушының, айдап салушының əрекеттерi де танылады. Мысалы, ұрлық қылмысында тұлға орындаушы болса, басқа қылмыста айдап салушы болуы мүмкiн. 4). Егер екi эпизодтың бiрiнде қылмыстық құқықтық салдарды жоятын мəн-жай бар болса, онда көптiк қылмысты құрамайды. Бұған: а). Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, б).Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауап тылықтан босату; в). Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты босату; г). Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты босату; д). Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде е). қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде босату; ж). ҚК–тiң Ерекше бөлiмiнiң кейбiр баптарының ескер тулерiне байланысты босату жатады. 5). Көптiкке кiретiн əрбiр қылмыстар бойынша қылмыстық тергеуде iс қозғау үшiн кедергiлер болмауы қажет. Мұндай кедергiлер тiзiмi ҚР Қылмыстық iс-жүргiзу кодексiнде берiлген. Сонымен, барлық қарастырылған белгiлердi жинақтай келiп, қылмыстардың көптiгi деген ұғымға келесi анықтаманы беруге болады: Қылмыстың көптiгi – бiр адамның əрекетiнде жеке қылмыс құрамын құрайтын жағдайдағы қылмыстық заңмен қарастырылған жəне қылмыстық тергеу үшiн процесуалдық кедергiлерi жоқ бiрнеше əрекеттердiң бiрiгуiн айтамыз. Қылмыстардың көптiгi мына түрлерге бөлiнедi: 1). Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы, 2). Қылмыстардың жиынтығы; 3). Қылмыстардың қайталануы.

Қылмыстық кодекстiң əртүрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген екi немесе одан да көп əрекеттердi жасаған адамның əрекетi, егер ол бұл қылмыстардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болса қылмыстардың жиынтығы деп танылады.

Қылмыстық заңға сəйкес бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

ҚР Қылмыстық кодексiнiң 11-бабына сəйкес «Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп əрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады ң. Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы мына жағдайларда туындайды: 1). Бiр субъект екеуден кем емес қылмыс жасайды. 2). Ереже бойынша бiрнеше реттiктi заңдық жағынан бiрдей қылмыстар құрайды.

13. Жекелеген қылмысты әрекеттермен көптік қылмыстардың ара қатынасы.

Адамдар қылмысты әрекеттермен айналысқанда көпшілік жағдайда бір қылмыс жасаумен шектелсе, кейде бір адамның бірнеше қылмыстарды жасайтын кездері болады. Жекелеген қылмыстар көптік қылмыстар негізінен қылмысты әрекеттердің көлемі немесе қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің саны, бірнеше кінә нысандары бойынша емес, қылмыс құрамдарының көлемі бойынша ажыратылады. Жекелеген кыдмыстар ретинде бир кылмыстын курамы бар ис арекеттер деп танылады. мундай тусиник бир эпизодтан туратын жане бир ис арекетти орындаумен-ак аякталган кылмысты билдтретин жекелеген кылмыстардын карапайым угымын билдиреди. ал кылмыс курдели сипатта болганда , ягни бирнеше эпизодтан турганда немесе уксас бирнеше арекеттердин жасалуымен аныкталганда бул ис арекеттердин жиынтыгы бир кылмысты немесе бирнеше кылмысты аныктау, соган сайкес квалификация жасауда киындык туындайды. мысалы бирнеше рет жасалган урлык арекетинин аркайсысы аякталган урлык деп багалау керек пе немесе ірі молшерде жасалган урлык па деген сурак туындауы мумкин. сол сиакты бир кылмыскер бирнеше адамды олтирип, олардын аркайсысы жеке кылмысты ниеттермен жасалганда, бул кылмыстарды еки немесе одан да коп адамды олтиру деп тусину керек пе, алде кылмыстар жиынтыгымен квалификация жасау керек пе деген маселе туындауы мумкин. мундай жагдайларга кукыктык баганы дурыс беру ушин жекелеген кылмыстар мен коптик кылмыстардын тусинигин жане олардын айырмашылыгын билу кажет. жекелеген кылмыстар дегенимиз кылмыстык занда белгиленген мазмунмен кылмыс дарежесиндеги когамга кауыптылыкты билдиретин, кылмыс курамынын ерекшелигине карай обьетивтик жане субьетивтик белгилердин жиынтыгы болып табылады. жекелеген кылмыстарды аныктаганда ерекше болим бптары белгилеринин колемин немесе кылмыс курамын сипаттайтын блгилердин толыктыгын ескеремиз. ал кылмыс уакигасындагы бир кылмыс курамымен камтылмаган ,озге кылмыстын белгилери немесе бир кылмыстык максатты билдирмей бир кылмыстын бирнеше рет кайталануы болса,онда коптик кылмыстар орын алады деймиз. коптик кылмыстар бойынша квалификация жургизуде кінәліде бир кылмысты жасау максаты болган, болмаганын аныктау манызды деп тусину керек. Кылмыскерде ірі зардап келтіру немесе ірі молшерде пайда табу максаты болса,онда аркайсысы аякталган кылмысты билдиретин бирнеше рет жасалган арекет зан бабында келтирилгенде бир кылмыс ретинде багалануы керек. Ал, аркайсысы аякталган кылмысты билдиретин биртектес арекеттерде бир максат болмаганда жане осы бапта кылмысты бирнеше рет кайталау арнайы келтирилгенде , баптын тиісті болимимен бирнеше рет кайталанган кылмыс деп квалификация жасау керек.коптик кылмыстар мен жекелеген кылмыстардын айырмашылыгын аныктау туралы маселе жеке кылмыстардын бир коринистерин билдиретин созылмалы жане жалгаспалы кылмыстарда да пайда болады. Ойткени жалгаспалы жане созылмалы кылмыстарда коптик кылмыстарга уксастык байкалады. Бул уксастык асиресе жалгаспалы арекеттерден куралатын кылмыспен бирнеше рет кайталанган кылмыстардын арасында кездеседи деуге болады. Жалгаспалы жане созылмалы арекеттердин кылмыстын коптилигинен негизги айырмашылыгы да жекелеген кылмыстар мен коптик кылмыстардын айырмашылыгымен бирдей аныкталады, ол бир кылмыс субьектисинин бойындагы кылмыс курамдарынын колеминде болып табылады. созылмалы жане жалгаспалы арекеттер жиынтыгында бир кылмыс ретинде багаланады жане созылмалы кылмыстарда кылмысты болып саналатын уакыт жиынтыгы, ал жлгаспалы кылмыстарда когамга кауыпты ис арекеттердин косындысы бир кылмыс уакигасы деп багалануга жатады.

2 блок

14. Бірнеше рет жасалған қылмысты әрекеттерді квалификациялау тәртібі. Қылмыстық кодексте баптың арнайы бөлімі болмаған жағдайда квалификация жүргізудің ерекшелігі.

ҚР қылмыстық кодексінің жалпы бөлімінің 12 бабына сәйкес қылмытық құқық бұзушылықты бірнеше рет жасау дегеніміз ол - Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң дәл сол бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық өзара бірнеше рет жасалуды құрамайды.

   Демек бірнеше рет жасалған қылмыстың мағынасы әр қайсысы аяқталған болып табылатын бір қылмыс түрін бірнеше рет жасауды білдіреді. Бір адаммен бір қылмыс бірнеше рет жасалғанда және ол қылмыстар бойынша жауаптылыққа тартылмағанда қылмысты квалификациялаудың арнайы ережесі қолданылады және бұл ереженің негізгі мағынасы қылмыстық іс құжаттарында бір қылмыс түрі бір адаммен қайталанып бірнеше рет жасалғандығы үшін бір бапты бірнеше рет қолданбауды білдіреді. Әдебиеттер бірнеше рет жасалған қылмыстарды жалпы және арнайы түрлерге бөледі. Мұндай бөлу бірнеше рет қылмыс жасауды кең және тар көлемде қарастырғанда шығады. Бірнеше рет жасалған қылмыстардың жалпы түрі ретінде қылмыс жасаған адамның қайтадан кез келген қылмыс түрін жасауы алынады жіне жалпы түрде қылмысты бірнеше рет қайталаудың ұғымы көптік қылмыстардың өзге түрлеріне де, мысалы қылмыстар жиынтығына қылмыскердің қайталануына да сәйкес келеді. Сондықтан бұрын қылмыс жасаған адамның кейін де тағы қылмыс жасауы, қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғарылығын көрсетеді, яғни адам қылмыстарды қасақаналықпен ғана жасағанда ол адамның қылмыстылыққа бейімделгені байқалады. Заңның кейбір баптарында қылмыстың қауіптілігін ауырлататын белгі ретінде «бірнеше рет жасау» арнайы келтірілмесе, онда әрқайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір тектес әрекеттер бір қылмыс деп танылуы қажет және баптың көлемінде жауаптылықты ауырлататын құрам қарастырылған болса, онда осындай бөліммен квалификациялануы қажет. Егер мұндай да құрам түрі болмасаонда бір қылмыс ретінде баптың негізгі бөлімімен бағалануға жатады. Егер қылмыстық заңда «бірнеше рет жасау» ауырлататын құрам ретінде қарастырылмаған қылмыс бойынша қылмыскер бірінші әрекетті аяқталған түрде жасағаннан кейін осындай қылмысты екінші рет жасауға үлгермесе, яғни екінші әрекетте қылмысқа оқталу орын алса, онда қылмыс баптың негізгі бөлімімен квалификациялануы керек. «Бірнеше рет жасалған немесе бұрын осындай қылмыстарды жасаған адамдар жсасаса» деп аталатын баптың бөліміндегі осындай қылмыстарды жасаған адамдардың қайталай жасауы деген белгі бұрын сотталған адамдардың әрекеттерін квалификациялауға арналған деп түсіну керек. Демек баптың көлемінде бұрын отталған адамның осындай қылмысты қайталауы арнайы келтірілмесе, іс –әрекет бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде бағалануға жатады. Баптың бөлімдерінде бірнеше рет жасалғандық туралы арнайы бөлім болмағанда, жасалған қылмыстар бір қылмыс ретінде баптың негізгі бөлімімен квалификацияланып, бір қылмыстың жекелеген эпизоттары ретінде қарастырылады. Егер абайсыздықпен жасалатын бір қылмыс бірнеше рет жасалса, онда қылмыстар бір қылмыстың жекелеген эпизодтары ретінде қарастырылады және квалификация кезінде баптың бір бөлімімен бағаланады.

15. Қылмыстық құқық бұзушылық жиынтығының түсінігі, түрлері және квалификациялау тәртібі.

Қылмыстық құқық бұзушылық жиынтығы дегенімізді қарапайм түрде келтіретін болсақ, ол бір адамның заңның әртүрлі баптарымен қарастырылған екі немесе одан да көп қылмыстарды жасауын білдіреді. Бірақ қылмыстар жиынтығының толық әрі дұрыс мағынасы бұл қарапайм түсінікке сәйкес келе бермейді. Себебі қылмыстық заң нормаларының бірнеше бөлімдерге бөлініп күрделенуі немесе күрделі құрамдарды көптеп келтіруіне байланысты қылмыстар жиынтығы әр түрлі баптардың жиынтығынан емес бір баптың көлемінде де құралады. Бір баптың әр түрлі бөлімдерімен қарастырылған әрекеттерді жасау барлық кездерде бірнеше рет қайталанған қылмыстарды емес қылмыс жиынтығын бірдіретін кездерде болады.Мұндай жағдайда іс әрекеттерді бірнеше рет қайталанған қылмыс немесе қылмыс жиынтығы екендігін ажырату үшін әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттердің баптың бір бөліміне сию мүмкіндігін ескеру крек. Егер жекеке жеке жасалған қылмысты әрекеттер бір бөліммен квалификациялануға жатпаса онда қылмыс жиынтығы түрінде квалификация жүргізу қажет.Қылмыстар жиынтығын қылмыстық құқықта екі түрге нақты және идеалдық жиынтық деп бөледі. Нақты жиынтық ретінде әр түрлі қылмыс құрамдарын кінәлінің жеке іс-әрекеттер арқылы орындауы алынса, ал идеалдық бұл- екі немесе одан көп қылмыстардың бір іс-әрекет арқылы жасалуын білдіреді. Жасалған іс-әрекет бірнеше зардаптарға соқтырғанымен немесе өзге қылмыстың негізгі объектісін білдіретін қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіргенімен, бұл объектілер бір қылмыстың белгілері ретінде қарастырылған болса, онда идеалдық жиынтық емес, бір қылмыс ретінде түсіну керек. Бір қылмысты әрекет баптың бірнеше бөлімдеріне сәйкес келгенде, іс-әрекет бірнеше бөлімдермен емес, олардың ішіндегі мазмұны, мағынасы кең құрам немесе жауаптылықты ауырлататын құрам түрі қолданылады. Іс-әрекетті қылмыс жиынтығымен бағалаудың келесі негізі, ол бұзылған объектілердің әр түрлі болуы және бұл объектілердің бір бап көлемінде қарастырылуы болып табылады. Заң баптарында «ауыр зардаптар» деген белгі кездескенде барлық кезде бір қылмыс деп бағалау керек деп түсінуге болмайды. Туындаған ауыр зардап түрінің осы қылмытың мағынасына жақын, онымен көпшілік жағдайда байланысты екендігін ескеру керек. Егер ол қылмыстың мағынасына жақын болмаса, онда қылмыс жиынтығы орын алады. Қылмыстық іс-әрекеттерге құқықтық баға беруде, кейбір жағдайларда қылмыс жиынтығы түрінде бағалауға келетін әрекеттерді бір қылмыс ретінде квалификациялау кездеседі. Құқықтық бағалауды бұлай жүргізуде негіз беретін басты себеп, екі қылмыстың бірінің қоғамға қауіптілігі екіншісімен салыстырғанда елеулі көлемде төмен болуына немесе бір қылмыстың жасалуы үшін басқа бапта және қылмыс ретінде белгіленілген әрекеттің қолданылу шарттылығы болып табылады деп түсіну керек. Бұл ережені қоғамға қауіптілігі ауыр құрамның қоғамға қауіптілігі жеңілірек құрамды сіңіру қағидасына жатқызуға болады.

16. Қылмыстың қайталануының (рецидив) түсінігі және квалификациялау тәртібі.

Қылмыстық кодекстің 14 бабына сәйкес «Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады». Қылмыстық заң қылмыстың қайталануының үш түрін келтіреді: жай, қауіпті және аса қауіпті. Қылмыстық құқықта қылмыстың қайталануының басқа да түрлері келтірілген. Мысалы: жалпы және арнайы қайталану, пенитенциарлық қайталану деген ұғымдар кездеседі. Жалпы қайталану ретінде бұрын қасақана қылмыс жасаған соттылығы бар адамның кез келген қасақана қылмысты жасауы алынады. Яғни, қылмыстың қайталануының бұл түрі кез келген қасақана қылмыстардан құрала алады. Арнайы қайталану дегеніміз қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның кейіннен қайтадан сол қылмыс түрін немесе соған ұқсас қылмыс түрін жасауы болып табылады. Пенитенциярлық қайталану дегеніміз бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамның кейіннен тағы да қылмыс жасағандығы үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы болып табылады. Яғни, екі рет бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар пенитенциярлық рецидив деп аталады. Қылмыстың қайталануының қылмысты квалификациялауға әсері қылмыстық заң нормаларының осы белгіге арнайы бөлім арнауына немесе жауаптылық белгіленуіне қарай болады. Бұрын сотталған адамның соттылық мерзімі заң бойынша өтіп кеткеннен кейін немесе алынып тасталғаннан кейін қайтадан қылмыс жасаса, онда қылмысты қайталау деп бағаланбайды. Қылмыстың қайталануын абайсыздықпен жасалған және 18 жасқа толмай тұрып жасаған қылмыстары құрамайды. Қылмыстың қайталануы бойынша ережесі қарапайм деуге болады, өйткені қылмыстың қайталануы ерекше бөлім баптарының бөлімдерінде арнайы келтірілгенде және қылмыскердің бұрынғы қылмыстары бойынша соттылығы болғанда ғана квалификацияға әсер етеді. Ал егер қылмыскердің бұрынғы қылмыстары бойынша соттылығы болғанмен ол айыпталып отырған баптың бөлімдері қылмыстың қайталануын жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде қарастырмаса, онда қылмысты квалификациялауға әсер етпейді және іс-әрекет негізгі бөлім бойынша бағаланады, бірақ жаза, жауаптылық белгілеу кезінде кінәні ауырлататын белгі ретінде қолданылуы мүмкін. Мүмкін деген себебім адам кінәні жеңілдететін жағдайда қылмыс жасаған болса, сот жазаны неесе жауаптылықты жеңілдетіп белгілеуге құқылы.

17. Нормалар бәсекелестігінің түсінігі, түрлері және нормалар бәсекелестігі болғанда қолданылатын заң нормалары.

Қылмысты квалификациялау кезінде сақталуға жататын ереженің бірі нормалар бәсекелестігі байқалғанда заң нормасын дұрым, яғни бәсекелес нормалардың қажеттісін қолдану болып табылады. Нормалар бәсекелестігі дегеніміз-бір қылмыстың Ерекше бөлімде қарастырылған бірнеше нормалардың диспозицияларындағы белгілерге сәйкес келуі болып табылады. Демек, қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарының әрқайсысы басқа қылмыстардан айырмашылығы бар, жеке қылмысты уақиғалардың түсінігін беруге және олар үшін жауаптылық белгілеуге арналған дегенмен, заң қолдану жұмысында тудыратын жағдай болып табылатын нормалар диспозициялары мазмұнының қайталануы кездеседі. Нормалардың бәсекелестігі орын алуының басты себептерінің бірі, ол қылмыстық заңның кейбір баптарының құрылымы күрделі болуына байланысты бірнеше қоғамдық қатынастарды қорғаумен айналысатындығы және осы міндетті іске асыру үшін бір баптың өзінде қоғамға қауіпті іс әрекеттердің кең көлемін қамтитындығы болып табылады. Нормалар бәсекелестігі байқалған жағдайда олардың ұқсастығы кейбір құрам элементтері бойынша ғана емес одан жақынырақ, тығыз байланыс байқалатын жағдайлар болып табылады. Негізінде қылмыстық заңның нормалары мағынасы бойынша жалпы және арнайы нормалар, ал көлемі бойынша бүтін және бөлік нормалар түрінде кездеседі. Жалпы нормалар дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілері болғандықтан қылмыстық құрамдық сипатқа ие болатын және мағынасы бойынша кейбір баптарда қарастырылған қылмыты әрекеттерді қамти алатын заң нормалары болып табылады. Жасалған қылмысқа квалификация жасау кезінде барынша анақ, осы қылмысты уақиғаны қамтуға арналған бап түрін қолдану міндеті болып табылғандықтан қылмысты іс-әрекет жалпы және арнайы нормаларға сәйкес келгенде арнайы нормаалар қолданылады. Жалпы нормалардың қолданылу негізі, ол жасалған қылмысты іс –әрекетке жауаптылық белгілеуге арналған арнайы норманың заңда болмауы болып табылады. Яғни қоғамға қауіптілігі қылмыс деп бағалауға болатындай белгілі бір іс-әрекет жасалып, бірақ қылмыстық заңда бұл әрекетті құрам элементтері бойынша толық қамтитн арнайы норма болмағанға жалпы норма қолданылуға жатады. Арнайы нормалар дегеніміз мағынасы бойынша жалпы нормалармен салыстырғанда арнайы белгілермен сипатталатын және арнайы белгісі бойынша өзге қылмыс құрамдарынан ажыратылып, қылмысты әрекеттердің нақты түріне жауаптылық белгілеуге арналған заң нормасының бір түрі болып табылады. Ал енді көлеміне келетін болсақ , бүтін нормалар ретінде құрам элементтері бойынша өзге қылмыс құрамының белгілерін толық қамти отырып, жеке белгісі бойынша нақты бір қылмысты білдіретін нормалар алынады. Жасалған іс –әрекет бүтін және бөлік нормаларға сәйкес келгенде қылмыс бүтін норма бойынша квалифифкацияанады және мұндай кезде бөлікті білдіретін нормалар қолданылмайды. Бөлік нормалар дегеніміз өзге қылмыстың белгілерін иеленбейтін және нақты бір қылмыс түрінің түсінігін анықтауға арналған белгілерден құралатын нормалар болып табылады.

18. Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі болғанда жалпы нормалар және арнайы нормалардың қолданылатын негіздерін анықтаңыз.

Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі кезінде қылмыстық белгілерінің толық және анық қарастыратын арнайы нормалар қолдануға жатады. Ал жалпы нормалар іс –әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі көрінеу қылмыстықты білдіргенде және құқықтық санамен талдап қарағанда құрам элементтерінің белгілері болғанда қолданылады. Сондаықтан заңгерлер кейде А.Н. Трайнин атап кеткендей жалпы нормаларды тыл (резервная норма) нормалар деп те атайды. Бұл ұғымның мағынасы қылмысты квалификациялау кезінде арнайы құрамдар қолданылуы керек, ал заңда осы қылмыс үшін арнайы құрам болмағанда топтық құрам (родовой состав) қолданылады дегенді білдіреді. «Жалпы және арнайы нормаларды бірге қолдануды қылмысытар жиынтығы, оның ішінде қылмыстардың жеке әрекеттерімен жасалуын білдіретін нақты жиынтық бойынша келтіруге болады» деген әдебиеттерді түсініп кездеседі. Жалпы және арнайы сондай-ақ тек арнайы нормалар бәсекелестігінің бірнеше көріністерін келтіруге болады және олардың әрқайсысында арнайы, жеке жағдайды білдіретін норманы анықтау қажеттілігі туындайды. Нормалар бәсекелестігінің негізгі көрінісі немесе басты түрі, ол бірі жалпы, екіншісі арнайы норма болып табылатын екі баптың арасындағы бәсекелестік болып табылады. Бәсекелестік бір баптың көлемінде қарастырылған қылмыстық жауаптылықты ауырлататын бірнеше бөлімдерінің пунктерінің арасында да кездеседі. Мұндай жағдайда бір баптың бірнеше бөлімдерінің жиынтығымен немесе тек бір ғана бөлімімен квалификация жасау туралы міселе туындайды. Бұл мәселені шешу үшін қылмысты іс –әрекетте орын алған бірнеше ауырлататын құрамдардың белгілерін бір-бірімен салыстырғанда олардың бірі екіншісін қамти алатынын немесе қамти алмайтынын анықтау керек. Егер қамти алмаса, онда қылмысты әрекетке берілген құқықтық бағаны толық көрсету үшін қылмыс бірнеше бөлімдермен немесе пунктермен квалификациялануы керек. Жауаптылықты ауырлататын бөлімдердің арасында өзара бағыныштылық немесе бірін бірі сіңіретіндей құрамдар бөболғанда бәсекелестік орын алады және қауіптілігі барынша ауыр белгі адан қауіптілігі жеңілдеу белгіні сіңіріп, қылмыс баптың бір бөлімі немесе пункті бойынша квалификацияланады. Бір баптың бөлімдерінің немесе әр түрлі баптардың арасындағы қоғамға қауіптілігі жоғары құрамның өзінен жеңілірек құрамды немесе белгіні сіңіру қағидасы әдебиеттерде «жазылмаған ереже» деп аталады. Аранайы нормалар бәсекелестігінің келесі түрі қоғамға қауіптілікті ауырлататын құрам мен жеңілдететін құрамның арасында кездеседі. Егер жүкті әйел ашу шегінен шығып адамды бірнеше рет пышақтап өлтіретін болса, онда сот шешім шығару кезінде гуманизм қағидасын басшылыққа алып істі қарауы крек. Яғни, егер екі ауырлататын және екі жеңілдететін белгілер кездессе, онда жеңілдететін белгі кінәліге жаза тағайындау кезінде ескеріледі.

19. Бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі. Бөлік нормалар бойынша квалификацияланатын жағдайды негіздеп анықтаңыз.

Қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстың біркелкі бейнеленбей, құрамы бойынша күрделі құрамдар немесе құрамдас әрекеттермен сипатталуы кездеседі, соған сәйкес қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беру кезінде де заң нормаларын қолдануға байланысты қиындықтар кездеседі. Нормалар бәсекелестігінің бұл түріне бір қылмысты құрайтын әрекеттің жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігінде бірнеше нормаларға сәйкес келуі бірақ мағынасы бойынша емес, белгілерінің көлемі бойынша байқалады. Мұндай кезде бәсеклестік көрсетіп отырған нормалардың белгілері әркелкі болуына байланысты бір қылмысты әрекет толық немесе ішінара көлемінде бірнеше нормаларға сәкес келеді. Мұндай жағдайда да қылмысты квалификациялаудың ережесіне сәйкес іс-әрекетті толық қамтитын норма қолданылады. Немесе бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі байқалғанда артықшылық бүтін нормаларға беріледі. Артықшылықтың бүтін нормаларға берілуі деген ұғым барлық кезде бүтін норма қолданылады дегенді білдірмейді. Бұл түсінік қылмысты квалификациялау кезінде қылмыстың барлық белгілерін анықтау керк, содан кейін осы белгілерді толық қамтитын норма заңда бар болса, осы норманы қолдану керек дегенді білдіреді. Қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беруде егер бүтін норманың мазмұнына жасалған қылмыстық белгілері толық сәйкес келсе онда бүтін норманың бөліктерін білдіретін нормалармен қосып, қылмыстар жиынтығымен квалификациялауға болмайды. Басқаша айтқанда, бөлікке қарағанда бүтін нормалардың қоғамға қауіптілігі ауыр деп түсінген дұрыс. Бүтін және бөлік нормалардың бәсекестігі қылмыстық құрамның объектісі, объективтік және субъективтік жағының белгілері, субъектісі бойынша бәсекелестік байқатады немесе осы құрам элементтері бойынша ішінара бірін бірі қайталайды. Соныменқатар бөлік деп есептелетін бір нормадағы қылмыстық белгілерін бүтін деп бағалайтын екінші норма барлық құрам белгелері бойынша толық көлемде қамтуы да мүмкін. Қылмыстардың объектісі бойынша нормалар бәсекелестігінде бір қылмыс құрамының объектісі екінші қылмыс құрамы объектісінің бір бөлігін білдіріп тұрады. Мысалы кепілге алу қылмысының объектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады, дегенмен осы қылмыста адамның жеке бостандағына да қарсы әрекет жасалады. Демек адамның жеке бостандығын арнайы қорғайтын адамды ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, психиаторлық стационарға заңсыз орналастыру қылмыстарының объектісі кепілге алу қылмысы осы объектісінің бір бөлігі болып табылады немесе жоғарыда аталған қылмыстардың объектілерінмен салыстырғанда кепілге алудың объектісі толық деп бағаланады. Қылмыстық объективтік жағы бойынша нормалар бәсекелестігінде біріншіден бір бапта келтірілген қылмыстың белгілері екінші бір баптағы қылмыстың белгілерінің бір бөлігін ғана білдіріп тұрады немесе екіншіден, мағынасы бойынша жеңілірек болып саналатын қылмыстың белгісін одан әрі ауырырақ қылмыс қоса отырып, нақты бір қылмыстың объективтік жағын көрсетеді. Мысалы, жеңілірек деп бағаланатын тағылық қылмысының белгілеріне қарағанда одан ауыр қылмыс түріне жататын бұзақылық қылмыстың объекьивтік белгілері толық деп саналады. Себебі бұл екі қылмыста қоғамдық тәртіпті көрінеу силамайтын әрекеттермен анықталғанмен қоғамдық ортада жасалған әрекеттерінің қауіпсіздігіне, азаматтарға қарсы күш қолданудың болуына байланысты бұзақылық қылмыстың объективтік белгілері толық немесе көлемді деп бағаланады.

20. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі және түрлеріне азаматтардың от-басы мүдделері, конституциялық құқықтары мен бастандықтарымен байланыстырып, салыстырмалы талдау беріңіз.

Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. қорғауды өзіне мақсат тұтады. Мұнда жеке адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамға да ең қымбат қазына болып табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің маңызды міндеттерінің бірі ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол-сұғушылықтан қорғау танылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады. Жеке адамға карсы қылмыстарға:

  • 1) Өмірге қарсы қылмыстар: адам өлтірудің барлық түрі; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.

  • 2) Денсаулыққа қарсы қылмыстар: денсаулыққа қасақана және абайсызда зиян келтірудің әр түрі; соз ауруларын жұқтыру, адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұктыруы.

  • 3) Адамның өмірі мен денсаулығын қауіпті жағдайғы қалдыратын қылмыстар: заңсыз аборт жасау; науқасқа көмек көрсетпеу; қауіпті жағдайда қалдыру.

  • 4) Жыныстық қылмыстар: зорлау; кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына және қалыпты дамуына қарсы жасалған қылмыстар.

5) Жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмысының адамды бас бостандығынан заңсыз айыру; адам ұрлау, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыруы адамдарды саудаға салу.

  • 6) Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысына қарсы қылмыстар: жала жабу және қорлау.

Адам өміріне қарсы қылмыстар. Адам өміріне қарсы қылмыстардың ішінде кісі өлтіру ерекше ауыр қылмыс деп есептеледі. Адам өлтірудің ауырлық дәрежесі мән-жайларға тәуелді болады. Қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай белгіленеді: 6 жылға бас бостандығынан айырудан бастап өлім жазасына дейін. Адам өлтірудің объектісі — адам өмірі болып табылады. Адамның өмірі туу процесі басталған сәттен басталған 9 мерзім кезеңінде өмірге қол сұғуды адам өлтірудеп бағалау керек.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» — деп айқын көрсеткен.

Орталық нерв жүйесінің жасушаларының жойылуы салдарынан жүрек жұмысының және ми қызметінің толықтай тоқтауы адамның өлу сәтінің басталуы деп есептеледі. Мұндай өлім биологиялық өлім деп аталады. Оған қарағанда клиникалық өлім жүрек жұмысының тоқтап қалуымен сипатталады. Бірақ адамның тірі қалу мүмкіндігі бар. Науқас адамға осындай сәтте қылмыстық ықпал етуді адам өлтіру деп есептеу керек.

Адам өлтіруде кез келген адам жәбірленуші болуы мүмкін, мұндайда жәбірленушінің жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, діни сенімі, денсаулық жағдайы және басқда жеке мінездемелерінің ешқандай маңызы жоқ. Объективтік жағынан адам өлтіру белсенді әрекетпен де әрекетсіздіктен де жасалуы мүмкін. Белсенді әрекетке дене жарақаттары жатқызылады: улы заттар беру, тұншықтыру және т.б.

Немесе психикалық корқыту, инфаркт  Барлық адам өлтіру қылмыстарын үш топқа бөлуге болады: болуға себепші ойдан шығарылған мәліметтерді хабарлау және т.б. жай адам өлтіру; жазаны ауырлататын мән-жайда адам өлтіру; жазаны жеңілдететін мән-жайда адам өлтіру. Осындай қылмыстарды жасаған кезде калпына келтіруге немесе өтеуге болмайтын салдарлар туындайды, өйткені өмір адамға екі рет берілмейді.

Денсаулыққа қарсы қылмыстар. Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа әр түрлі ауырлықта зиян келтіру, ұрып соғу, сондай-ақ соз ауруларын жұқтыру және адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы жатқызылады. Мұндай қылмыстардың объектісі адамның денсаулығы болып табылады.

Адамның денсаулығы — бұл адам денесінің анатомиялың, тұтастығы және оның тәндері мен органдарының дұрыс қызмет етуі.

Мұндай қылмыстар әрекетпен немесе әрекетсіздікпен жасалуы мүмкін және басқа адамның денсаулығына зиян келтіруден тұрады. Өз денсаулығына зиян келтіру қылмыс деп есептелінбейді. Тек бір ғана жағдайда, дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтаруда ғана дене мүшесіне зақым келтіру қылмыс деп қарастырылады.

Адамның денсаулығына зиян келтіру дене жарақаттарын салудан және адам организмінің физиологиялық қызметін басқа жолмен бұзудан (жүктілікті тоқтату психикалық ауру, есірткі немесе уытқұмарлықпен ауыру көрінуі мүмкін.

Денсаулыққа зиян келтіру тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін: механикалық ықпал ету, химиялық немесе термиялық құралдар қолдану. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесіне байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл деп бөлінеді.

Қылмыстық кодексте адамға қаза келтіру мен денсаулыққа зиян келтіруге ғана емес, сонымен бірге осы объектілерді зиян келтіру қаупінде қалдыратын әрекеттерге жауапкершілік бекітілген. Ондай қылмыстарға мыналар жатқызылады: қорқыту, өміріне қауіп төндіру, ауыстырып салу не басқаша пайдалану үшін адамның органдарың немесе тінін алуға мәжбүр ету, медидина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы, заңсыз аборт науқасқа көмек көрсетпеу, қауіпті жағдайда қалдыру.

Жыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстарға заңда мыналар жатқызылған: зорлау, нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану, он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу секілді нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттер, жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету, жас балаларды азғындау.

Жыныстық қатынастар адам өмірінің ажырамас бір бөлігі. Олар адамгершілік нормалары, отбасы заңдарының нормалары арқылы қамтамасыз етіледі. Алайда жыныстық еркіндікке қолсуғушылық пен қылмыстық қолсуғушылық қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Соған орай, мұндай қолсұғушылықтар ашық жыныстық зорлаудан немесе кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық адамгершілік нормаларын өрескел бұзудан көрінеді.

Жыныстық қылмыстардың ішінде ең қауіптісі және ең көп таралғаны — зорлау. Әйелдің жыныстық еркіндігі, жыныстық еркіндікке қолсұғылмаушылығы, жас балалар мен кәмелеттік жасқа толмағандардың қалыпты дене дамуы мен адамгершілік тәрбиесіне қарсы әрекеттер зорлау объектісі болып табылады. Әйел адам жыныстық әріптесін таңдауды өзі. Осы қылмысты жасағанда тек әйел адам ғана, адамгершілік сипатына, зорлаудың алдындағы жүріс-тұрысына, әлеуметтік мәртебесіне және т.б. қарамастан жәбірленуші болып есептеледі.

Зорлау табиғи түрдегі жыныстық қатынасты зорлықпен жасау көздейді. Жыныстық нәпсіқұмарлығын басқадай зорлықпен қанағаттандыру зорлау деп танылмайлы, бірақ нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану жауапкершілікке әкеп соғады. Әйелді еркінен тыс күштеп не психикалық мәжбүрлеу арқылы жасалған жыныстық қатынас қана зорлау деп саналады. Жыныстық қатынас жасауға әйелдің келісімін алдау немосе сенімге қиянат жасау аркылы алуға әрекеттенген адамның әрекеті зорлау деп қарастырылмайды. Мысалы, (әйлмен некеге тұрамын деп жалған уәде беру.) Айыптының еркінен тыс себептерге байланысты зорлау тоқтатылған жағдайда, оның әрекеттері зорлауға дайындалу не оқталу деп қарастырылады. Зорлауға дайындалу деп — киімдерін шешу, күштеу не психикалық мәжбүрлеу шараларын қолдануды және т.б. айтады. Физиологиялық жыныстық қатынас жасауға бағытталған зорлаушының әрекеттері оқталу деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ана мен бала, отбасымемлекеттің корғауында болады. Балаларға қамқорлық, оларды тәрбиелеу — ата-аналардың тең құқығы және міндеті. 18 жасқа толған, еңбекке қабілетсіз балалар еңбекке қабілетсіз ата-аналарын қамқорлыққа алулары тиіс.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 16-бабына сәйкес, отбасы қоғамның негізгі және табиғи мүшесі, отбасы мемлекет пен қоғамның қорғауында болуға толық құқы бар. Сондықтан кәмелеттік жасқа толмағандардың қалыпты адамгершілік дамуы мен тәрбиесін реттейтін қоғамдық қатынастарға қауіпті қоғамдық қолсұғушылық қылмыстық заңмен жазаланады.

Отбасы мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қылмыстарға: кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық, қоғамға карсы әрекеттер жасауға тарту, саудаға салу, баланы ауыстыру, бала асырап алу құпиясын ашу, 1 балаларды немесе еңбекке қабілетсіз ата-аналарды бағуға ақша төлеуден жалтару, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамау, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамау, қорганшылық немесе қамқоршылық құқықтарын асыра пайдалану, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) бағудан жалтару жатады.

Қазастан Республикасының Конституциясында адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жария етілген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті болып табылады. Тиісінше, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Адам мен азаматтың конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарға: адам мен бостандықтарына саяси құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар; адам мен азаматтың әлеуметтік құқығы мен бостандығына қарсы қылмыстар; адам мен азаматтың жеке құқығы мен бостандығына қарсы қылмыстар жатады. Бұл қылмыстар адамның негізгі консититуциялық құқығы мен бостандығына қол сұғады.

21. Адам өміріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және оларға квалификация жасау барысында ажырату негіздері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғарғы құндылықтар деп жариялайды.

22. Адамның денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ҚК өзге тарауларындағы адам денсаулығына зардап келтіретін қылмысты әрекеттерден ажырата қарастырыңыз және квалификация ережелерін көрсетіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]