Өндірістік дірілден қорғану
Діріл, оның көздері және адамға әсер етуі. Дірілдің шектік мүмкін деңгейлері.
Қазіргі өнеркәсіптік жабдықтың, транспор қүралдарын, қол машиналарын қолдану жұмыс жасаушылардың денсаулығының жағдайына жағымсыз әсер ететін дірілдің түбегейлі деңгейін әкеледі. Дірілдің зиянды зардаптары машиналар мен механизмдердің жүрдектілігінің өсуімен ұлғаяды.
Серпінді денелердің немесе механикалық жүйелердің тербелісін діріл деп атайды.Физикалық көзғарастан шу мен діріл арасында маңызды айрмашылық жоқ. Айырмашылығы тек қабылдауда: діріл сезу аппараттарымен және сезім мүшелерімен , ал шу алдыңғы дәрісте айтылғандай есту мүшесімен қабылданады.Әрбір серпінді денеге немесе конструкцияға тепе теңдік жағдайынан белгілі тербелу периоды мен жиілігі нақтылы.Дене немесе жүйе тербелістері меншікті және мәжбүрлі болуы мүмкін. Егер дірілдейтін жүйе гармоникалық тербеліс жасаса, онда жүйелердің ауысуы үш параметрмен сипатталады: орын ауысу амплитудасымен, тербелмелі жылдамдықпен және тербелмелі үдеумен. Бұл шамалар ереже бойынша уақытымен өзгереді және тербелмелі процесстің сипаттамасы біршама күрделі тапсырма.
Тәжірибелік мақсатта әдетте екі параметр қолданылады – ауыстыру амрлитудасы және тербіліс жылдамдығы. Шу сияқты жылдамдықтың мәні логарифмдік мінездемелермен анықталады
, (1)
Мұнда Lv - дірілжылдамдық деңгейі, дБ; V – тербеліс жылдамдығы, м/с; V0 – халықаралық масштабта стандартталғын жылдамдықтың табалдырықты мәні (V0 = 5 10-8 м/с).
Дірілді адам организміне әсер ету сипаттамасы бойынша жалпы және жергілікті деп ажырату қабылданған. Жалпы адамның барлық денесіне, ал жергілікті – жұмыс жасаушының қолына, иық белдеуіне әсер етеді. Технологиялық жабдықтардың жұмысы жұмысшы орналасқан еденнің, ауданның, отырғыштың шайқалуын туғызады, яғни діріл бүкіл организмге таралады. Жергілікті дірілдің әсері ұрғыш балғалармен, дірілдеткіштермен тойтарма қол машиналармен және т.б. жұмыс кезінде пайда болады.
Жалпы діріл әсері кезінде жігерлілікті шектеуге әкелетін жүрек жұмысының, жүйке жүйесінің, буындардың спазмалары, буындардағы өзгерістер байқалады. Егер жұмыс орнындағы тербеліс жиілігі адамның ішкі органдарының меншікті тербеліс жиілігімен сәйке келсе, (6-9 Гц) онда пайда болған резонанстан белгілі органдардың механикалық зақымдалуы мүмкін. Жергілікті діріл кезінде (мысалы, жұмысшының қолында) тері сезімталдығының бұзылуы болады, жүйке талшықтарының және мұрын қан тамырларының сезімталдығының жоғалуы, қол және саусақтарды тұз қайырылу және басқада келеңсіз жағдайлар байқалады. Дірілдің ұзақ әсері – кәсіби ауруларға әкеледі, діріл ауруында оның алғашқы кезеңінде ғана ем қолданғанда тиімді болуы мүмкін.
Сонымен жалпы және жергілікті дірілдер адам организміне әртүрлі әсер етеді немесе олар үшін әртүрлі рұхсат етілген мәндер орнатылған. Дірілді ГОСТ 12.1.012-78 «ССБТ. Діріл. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» сонымен қатар СН № 3044-84 « Жұмыс орнындағы дірілдің санитарлық қалыптары» (жалпы діріл) және СН № 3041-84 «Жұмысшылардың қолына берілетін, жергілікті діріл туғызатын машиналармен және жабдықтармен жұмыс кезіндегі санитарлық қалыптар мен ережеле».
Дірілдің дәрежесін өлшеу үшін дірілдің негізгі сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі аспаптар қолданады.
Механикалық әсерден қорғану (жалғасы)
