- •Министерство образования и науки Республики Казахстан ргп пхв «Евразийский национальный университет им.Л.Н.Гумилева»
- •Оқу жоспары бойынша сағаттардыңбөлінуі
- •Утверждаю
- •Учебно-методический комплекс дисциплины
- •6M010900 Математика, 6m070500 Математическое и компьютерное
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Философиякафедрасы
- •Астана 2016
- •Силлабус
- •1 Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, лауазымдық қызметі, байланыс ақпараты, оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы
- •Пән туралымәліметтер
- •Оқу пәнінің пререквизиттері менпостреквизиттері
- •Оқу пәнініңсипаттамасы
- •Оқу пәнін оқытудың мақсаты менміндеттері.
- •Оқытылатын пәнніңқұзіреттілігі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасызетілуі
- •Оқу нәтижелерін бағалау жәнебақылау
- •Оқу пәнініңсаясаты
- •Құрастырушы Адаева ГүлнарАманбекқызы
- •Глоссарий
- •Дәрістер тезистері
- •Дәріс-2, 3: Ғылым генезисі-2 c.
- •Дәріс-4: Ортағасырлардағы ғылым ұғымының эволюциясы және ғылыми танымныңшарттары
- •Дәріс-5: Ренессанс дәуіріндегі дүние бейнесі және жаңаевропалық ғылым
- •Дәріс-6,7: Ғылымның тарихи дамуының негізгі дәуірлері-2с.
- •Дәріс-8,9: Ғылымның құрылымы және әдіснамасы.-2 с.
- •Дәріс-10,11: Қазіргі ғылыми білім құрылымындағы жаратылыстану және техника ғылымдары-2 с.
- •Дәріс-15: Ғылымның аксиологиялық қырлары
- •Реферат жазуға әдістемелік нұсқаулар
- •Магистранттың өзін бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •І аралық бақылау сұрақтары
- •Іі аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Разработчик АдаеваГ.А.
- •Заведующийкафедрой ЕсімҒ.
- •Председатель учебно-методической
Оқу нәтижелерін бағалау жәнебақылау
7.1 Бақылау түрлері (ағымдық,аралық)
Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, МӨЖ тапсырмаларының сапасын бақылау, 2 рет аралық бақылау, соңында қорытынды аттестаттау жоспарлануда.
Ағымдық бақылау-20%
МӨЖ тапсырмаларын бақылау -20%
Аралық бақылау (2 рет тестілеу түрінде)-20%; Ағымдық және аралық бақылау- 60%
Қорытынды бақылау -40 %
Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады
Әріптік жүйе бойынша баға |
Баллдардың сандық эквиваленті |
Пайыздық көрсеткіші |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
жақсы |
ЕҰУ Ф 703-07-15.Пәннің бағдарламасы (Syllabus). Бесінші басылым
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Пәннің бағдарламасы (Syllabus) |
Басылым: бесінші |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Оқу пәнініңсаясаты
«Ғылым тарихы және философиясы» пәні - жалпыміндетті пән.
Магистрант аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысуы, сабақтарда белсенді болуы, МӨЖ тапсырмаларын дер кезінде тапсыруы(белгіленген уақыт аралығында тапсырылмаса, баға төмендейді), бақылаудың барлық түріне қатысуы қажет.
Құрастырушы Адаева ГүлнарАманбекқызы
(қолы)
Кафедра отырысында қарастырылды, хаттама № 1 «27» тамыз 2016 ж.
ЕҰУ Ф 703-07-15.Пәннің бағдарламасы (Syllabus). Бесінші басылым
Глоссарий
Әдіс.Әдіс (метод) ғалымның ғылыми-зерттеушілік әрекетін реттейтін операциялар мен іс- әрекеттер, тәсілдер, ережелер жиынтығына тіреледі. Ғылым әдістерін қолдану зерттеушіге ақиқатты, ғылыми фактіні іздеу барысында нәтижелі, тиімді және дұрыс қадам жасауға мүмкіндік береді.
Әдіснама (методология) - екі негізгі түсініктемесі бар: 1) бұл - ғылымда қолданылатын белгілі бір әдістер, тәсілдер, операциялар жүйесі.
2) әдіс туралы ілім, әдіс теориясы.
Гипотеза.Ғылымда гипотезаның екі функциясы бар:1) ақиқатты мәні анықталмаған, дәлелдемені қажет ететін, болжамды құрайтын білім нысаны. Мұндай білім гипотетикалық деп аталады және зерттеу барысында ол ақиқаттылығына тексерістен өтеді, тексеріс теріс нәтижеге келсе, онда ой-толғам бұрыс деп саналады; 2) гипотеза жаңа білімдер, заңдар, теориялар жүйесін құрайтын, эмпирикалық және теоретикалық болжамдарды негіздеу және қалыптастыруәдісі.
Ғылыми қауымдастық- ғылыми-танымдық қызметте бірдей идеалдар мен ережелерді жетекшілікке алатын, зерттеу мақсатын бірдей түсінетін ғалымдар қауымдастығы.
Ғылыми қауымдастықты кең мағынасында барлық ғалымдар қауымдастығы деп, сонымен қатар, ұлттық ғылыми қауымдастық, бір ғылыми бағыттағы мамандар қауымдастығы және бір ортақ мәселені зерттеумен айналысатын мамандардың дербес бейресми тобы деп түсінуге болады.
Ғылым этосы- ғылым философиясы мен ғылым социологиясының ұғымы; ғалым қызметіне ықпал ететін этикалық ережелер, салттар, ой-пікірлер, құндылықтар және көзқарастар кешені. Ғылым социологы Р.Мертонның ойынша, ғылыми этос міндетті түрде мынадай этикалық қағидаттарды қамтуы тиіс: әмбебаптық (білімнің ғылымилығының айқындаушысы бәріне бірдей болуы тиіс), жариялылық (жаңа ғылыми білім қоғамның игілігіне айналуы тиіс), риясыздық (зерттеуші ғылыми мәселені шешкеннен алатын қанағат сезімінен өзге ниетті көздемеуі керек), ұйымдасқан скептицизм (зерттеуші өз идеяларына да, әріптестерінің ұсынған идеяларына да сыни көзбен қарауы тиіс). Қазіргі кезде ғылым этосына тағы да қосымша этикалық қағидаттар қосылып отыр: қайталамаушылық, эмоциялық нейтралдық және т.б.
Интернализм және экстернализм– ХХ ғасырдың 30 жылдарында қалыптасқан ғылым философиясындағы бір-біріне қарама-қарсы бағыттар; интернализм тұрғысынан ғылым ішкі факторлар есебінен дамыса, экстернализм ғылым динамикасындағы сыртқы факторлардың – әлеуметтік- саяси, мәдени-тарихи – рөлін дәріптейді.
Кумулятивизм.Кумулятивизм жалпы ғылым дамуын сипаттаушы жаратылыстанулық даму үлгілері тұрғысынан тану негізінде қалыптасты. Кумулятивизм (латын тілінде cumulatio- көбею, жиналу) ғылым дамуын қарапайым үдеріс түрінде, тек жаңа білімнің біртіндеп жиналуы ретінде таниды , ғылым дамуындағы сапалық секірісті мойындамайды.
Мәселе (проблема)- құрылымы әлі белгісіз және оны алдағы уақытта танып білуді қажет ететін, ғылыми таным барысында пайда болатын, ғылыми зерттеудің бастамасы болып табылатын құрылымдық құраушысы.
Парадигма- ғылыми қауымдастықтың іргетастық теориялық және методологиялық идеяларының бірлігі, бірыңғай ойлау үлгісі. Парадигманың орнығуы ғылымның жетілгендігінің белгісі болып табылады. Парадигманың ауысуы ғылым дамуындағы төңкерісті білдіреді. Бұл ұғымды ғылым философиясына Томас Кун енгізген.
Синергетика– ХХ ғасырдың 70 жылдарында қалыптасқан пәнаралық зерттеулер. Синергетикада дүниенің классикалық және классикалық емес жаратылыстанулық бейнелерінен өзгеше жаңа ғылыми бейнесі қалыптасты. Бұл әлем бейнесінде дүние сызықсыз, спонтанды дамитын, орнықсыз, өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелер жиынтығы ретінде қарастырылады. Синергетикада хаос концепциясы қайта зерделенді. Терминнің өзі ежелгі грек тілінен аударғанда қатысу, көмектесу немесе қатысушы, көмектесуші деген мағына береді.
Сциентизм және антисциентизм– қазіргі қоғамға тән қарама-қарсы философиялық- дүниетанымдық бағдарлар. Сциентизм (латын тілінде scientia - ғылым) жаратылыстанулық ғылымдардың мүмкіндіктерін абсолюттендіріп, ғылымды ең жоғарғы құндылық ретінде дәріптесе, антисциентизм ғылым мен техниканы сынап, ғылыми- техникалық прогреске пессимистік көзқарасұстанады.
Теория- болмыстың анықталған салаларының байланыстары мен заңдылықтары туралы кең, тұтас түсініктеме беретін, дәйекті негіздемесі бар, логикалық тұрғыдан қисынды, ғылыми білімнің жоғары жүйесі.
Холизм- (грек тілінде holos – тұтас, бүтін) бүтіндік қағидаты. Бүтіндік қағидаты бойынша
«Бүтін оның бөліктерінің жәй қосындысы емес, одан әлдеқайда күрделі болып табылады». Бұл қағидатты ұсынған оңтүстікафрикалық философ Л.Смэтстың ойынша, бүтін – объективтілік пен субъективтіліктің , материалдық пен идеалдықтың бірлігі; оны бөлшектеу және танып-білу мүмкін емес. Органикалық бүтіндіктің ең жоғарғы формасы адам тұлғасы болып табылады.
Эвристика(грек тілінде heurisko – ашамын, табамын) белгісіздік жағдайында мәселені шешу әдісі, сонымен қатар әдіснамалық пән болып табылады.Эвристикалық ой-толғам сананың ерекше күйі болып табылады, көбінесе, шабыттанумен, кенеттен көкейкөздің ашылуымен, инсайтпен байланыстырылады. Эвристика әдіснамалық пән ретінде жеке ғылымдардан шығарылып тасталған барлық дәл емес, екінші әдіснамалық реттеуші тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Эвристикалық әдіс барлық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолы ретінде танылады.
Эмерженттік эволюционизм (ағылышын тілінде to emerge - кенеттен пайда болу) ұғымы болмыстың жаңа деңгейінің сапалық секіріс нәтижесінде пайда болатынын білдіреді.
«Эмерженттік» Ғаламды жаңа деңгейі оны құраушыларының жәй қосындысы емес екендігі арқылы түсіндіреді: мысалы, тіршілік оның негізі болып табылатын физикалық- химиялық процестердің жәй қосындысы емес. Ғылым философиясында ғылымның эмерженттік даму қағидаты оның кумулятивтік даму үлгісіне қарсы бағытталған.
Эпистемология(грек тілінде episteme - білім) – таным табиғатын зерттеумен айналысатын философия бөлімі. Эпистемологияда болмыс туралы объективті білім беретін таным зерттеледі. Танымның иррационалдық саламен байланысты түрлері эпистемологияның пәніне кірмейді. Эпистемологияның мәселелері философияның сциентистік бағытымен тығыз байланысты болып келеді.
