Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896 Кб
Скачать
☆

Дәрістер тезистері

Дәріс-1: Ғылым философиясы мен әдістемесі философиялық білімнің саласы ретінде

Мақсаты: Ғылым философиясының пәні және мәселелер шеңберімен таныстыру. Түйін сөздер: ғылым,ғылым тарихы, ғылым философиясы, ғылым классификациясы

  1. “Ғылым философиясы”. Негізгімәселелері.

  1. Ғылым философиясының табиғаты. Қазіргітүсініктемелер.

  1. Ғылым ұғымы. Ғылым мен ғылыми танымның тарихисипаты.

  1. Философия мен ғылымның арақатынасымәселесі.

  1. Ғылымдарклассификациясы.

  1. Ғылымның әлеуметтікқызиеттері.

Ғылым бүкіл тарихында өзін негіздеу мәселесімен кездесіп отырды. Ғылым деген не? Ғылым дүниетанымдық сұрақтарға жауап бере ала ма? Әлем қалай пайда болды, тіршілік қайдан шықты, ғылыми танымның шегі бар ма, ғылыми және ғылыми емес танымның арақатынасы қандай? Бұл мәселелер XX ғасырдың басында әр түрлі концепциялардан көрініс тапты. Соның нәтижесінде философияның бір бөлімі ғылым философиясы пайда болды. Бұл бөлімнің зерттеу саласы ғылым және ғылыми таным болып табылады. Осы зерттеу саласының негізгі мәселелері:

  1. Ғылыми, рационалдық танымның тұтастай ерекшеліктері және философияның ғылым дәрежесімәселесі.

  2. Ғылыми білім генезисі және дамузаңдылықтары.

  1. Іс-әрекет ретінде ғылымның өзінің негіздемесі жәнезаңдылықтары.

  1. Ғылыми іздену методологиясыныңмәселесі.

Ғылым көпқырлы, көпастарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. “Ғылым” түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Құбылысты шынайы түсініп, ой-толғамнан өткізу үшін, оның түп тамырын және даму тарихын білу қажет.

Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясы тарихи өзгеретін әлеуметтік-мәдени астарда қарастырылатын және олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді өндіргіш қызмет ретінде жалпы заңдылықтарды және ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым – ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас және бөлінбес. Олар дамудың ұзақ әрі күрделі

жолынан өтті. Ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмпирикалық негіз болып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды

таңдап алады. Ғылым философиясының эвристикалық потенциалды білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нәтижелерін интерпретациялауға тиіс. Тарихилық принципі ғылым философиясының назар аударарлық орталығында тұрады. Ол ғылыми бағдарламалар мен физикалық шынайылық зерттеулерінің қалыптасу процесін ашуға мүмкіндік береді, оның түсіну жолдарын түзетеді. Сондықтан да, ғылым, өз түсініктерінің нақтылығы мен айқындылығына, олардың өзара байланыстарын қалыптастыруға, олардың теориялық жүйелердің логикалық нәтижелі және тұтас болуына ұмтылады.

Маңызды мәселе Ғылым философиясының табиғатын анықтау болып табылады. Ғылым философын ғылыми іздену, “жаңалық ашу алгоритмі”, ғылыми білімнің даму динамикасы, зерттеу әдістері қызықтырады. Ғылым философиясы, ғылымнан жоғары рефлексия ретінде, методологиялық тұғырнамалардың тереңдігі мен өзгермелілігін көрсетті және рационалдықтың шекарасын кеңейтті.

Басқалар Ғылым философиясын жаратылыстанулық және гуманитарлық білім арасындағы байланыстырушы звено ретінде қарайды (Ф.Франк). Тағы біреулер ғылым философиясымен ғылыми білімнің методологиялық талдауын байланыстырады (И.Лакатос) . Ғылым философиясын ғылым үшін де, қоғам үшін де зиянды құбылыс санайтын көзқарас та бар екенін айта кету қажет (П.Фейерабенд).

Дж.Лоузи ғылым философиясының табиғаты, оның ғылыми теорияларға негізделген дүниетаным екендігінде деп санайды. Ғылым философиясының міндеті ғылыми ойлау мен іс-әрекеттің алғышарттарын көрсету.

Ғылым философиясы – ғылыми танымның ғылыми еместен айырмашылығын, ғалым өзінің зерттеулерінде қандай әдістер қолдануы керек, ғылыми білімнің когнитивтік (танымдық) статусы неден тұратынын анықтайтын методологиялық метағылым.

“Ғылым философиясының” философиялық білім жүйесінің ішінде қалыптасуының алдында ғылым мен философия қатынасының ұзақ эволюциясы болды. Осы қатынас туралы әртүрлі түсініктердің ішінде бір-біріне мүлдем қарама-қарсы мынадай екі түрі болғанын атап көрсетейік. Бірі: философияның абсолют білім (барлық ғылымдардың ғылымы), барлығының, оның ішінде ғылыми білімнің де іргетасы екендігі.

Келесісі: философияны ғылым мен ғылыми білімнен мүлдем бөліп тастау; философия даналық, мәдениет феномені болып қалуы керек, ол ешқашан деректер мен экспериментке сүйенген ғылыми білім жүйесі емес екендігі. Ғылымнан тыс философия – бұл нағыз философия. Философия адам құндылықтарын жинақтаушы болу керек. Ал философиялық

, спекулятивтік, дүниетаныдық идеялардан тазартылған ғылым өзінің дамуы үшін күшті серпін алады.

Философия ғылымның даму үдеркісіне қалай ықпал етуі мүмкін.

Философияның өзінің тарихы мен оның ғылыммен қатынасы тарихы философияның ғылымға ықпалының мынадай тұстарын көрсетеді:

  1. Философияның ғылымға ең қатты ықпал жасайтын уақыты ғылымдағы “қатаң бетбұрыс” кезеңдерде, ғылыми теорияның (әсіресе, фундаментальдық ғылымдарда) қалыптасуы кезеңдерінде. Бірақ, бұл ықпал туралы әртүрлі көзқарастар бар. (Мысалы, физик В. Гейзенберг “жаман философия жақсы физиканы біртіндеп құртады” депсанады).

  2. Философияның ішінде пайымдаушылық, болжаушылық идеялар, гипотезалар, ұғымдар пайда болады. Олардың көпшілігі кейін ғылым арқылы дәлелденеді (мысалы, антикалық атомистік концепция), немесе өзіне назар аударылғанын күтеді ( космизм идеясы, Зенон апориялары).

  3. Философияда жасалған принциптер мен әдістер ғылымда тікелей емес жанама түрде қолданылады. Олар ғылымда әмбебап ақиқат критерийлері ретінде қызмет етеді. Мысалы, әлемнің біртұтастығыпринципі.

Қазіргі классификация ғылымдарды былай жүйелеп бөледі:

  1. Білім саласы бойынша : жеке және жалпығылымдар

  1. Таным пәні бойынша: табиғат туралы ғылымдар(жаратылыстанулық), қоғам туралы (гуманитарлық, әлеуметтік, саяси) , таным туралы (гносеология, логика ), адам туралы (медицина, психология), техника туралы (техникалық).

  2. Практикаға қатыстылығына байланысты: фундаментальдық ғылымдар, бұлар практикаға тікелей бағытталмаған және қолданбалы ғылымдар, бұлар тікелей практикалық міндеттерді шешугебағытталған.

  3. Ғылым туралы ғылымдар (ғылымтану, ғылым философиясы, ғылым социологиясыт.б.).

Бақылау сұрақтары:

  1. Философия ғылымба?

  1. XX ғ. Ғылым философиясының мәселелерінкөрсетіңіз.

  1. Философия мен ғылым философиясының айырмашылығынеде?

  1. Философия мен ғылым философиясының пәндері ұқсайма?

  1. Ғылым философиясы қашан пайда болды? Оған әсер еткенкім?