Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896 Кб
Скачать
☆

Дәріс-5: Ренессанс дәуіріндегі дүние бейнесі және жаңаевропалық ғылым

Мақсаты: Классикалық ғылымның қалыптасу үдерісін және өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.

Түйін сөздер: Коперниктік төңкеріс,эксперимент, эмпиризм, эпистемологиялық айтыс,классикалық ғылым, редукционизм.

  1. Коперниктіктөңкеріс.

  1. Дж. Бруноның космологиялықдоктринасы.

  1. Галилейдің жаңа ғылымның қалыптасуындағыролі.

  1. Кеплер заңдарыныңмаңызы.

5.XVII-XVIII ғ.ғ. ғылыми бағдарламасындағы тәжірибе мен эксперимент. 6.Ф.Бэкон және ғылымның жаңа үлгісі.

7. Ньютон және классикалық ғылымның қалыптасуы.

Мәдениет пен ғылым тарихында аса маңызды орын алған кезең Ренессанс болды (XIV-XVI ғ.ғ.). Ол өзінің тарихи мәні жағынан б.з.д.VI-IV ғ.ғ. Ежелгі Грекиядағы алғашқы интеллектуалдық революциямен пара-пар. Ренессанстың өзі ежелгі грек мұрасын қайта жаңғыртудан басталды. Мануфактуралық өндірістің пайда болуы, географиялық жаңалықтар, қалалар дамуы, әлемдік сауданың нығаюы жаратылыстану және дәл ғылымдарға деген қызығушылықты арттырып жіберді. Қоғамның прогрессивтік қабаты буржуазия, техниканың негізі болып табылатын және идеология негізі шіркеуге қарсы күресті қолдайтын жаратылыстану ғылымдарына аса мұқтаж болды. Қайта жаңғыру алдыға Адамды, діни шектеулерден азат, болмыс, таным, сезім ләззаттарына беріле алатын шығармашылық тұлғаны шығарды. Бұның бәрі ғылымның жасалуына алыпкелді.

Тағы бір маңызды сәті осы кезеңде дүниенің пантеистік ғылыми бейнесі жасалды, яғни құдай мен табиғатты теңестіру. Бұл Кузанскийдың, Бруно, Коперник, Галилейдің еңбектерінде көрініс тапты.

Джордано Бруно өзінің космологиялық доктринасын Әлемнің шексіздігінен бастайды: “Оны (Әлем) қамту мүлдем мүмкін емес, сондықтан ол сансыз және шексіз. Әлемді ешкім жаратпаған, ол мәңгі өмір сүреді және жоғалмайды”. Ол қимылсыз, оның ішінде үздіксіз қозғалыс пен өзгеріс жүріп жатады. Ол алғашқы қозғаушы-құдай деп санайтын схоластикалық идеядан бас тартып, материяның өзіндік қозғалысын дәйектеді: “Шексіз әлемдер... бәрі ішкі бастаудың нәтижесінде қозғалады, ол-өздерінің жаны ... сондықтан сыртқы қозғаушыны іздеу бос әуре”.

Шексіздік концепциясы гелиоцентризм туралы да, геоцентризм туралы да логикалық мәселе қойды. Әлем орталығы Күн де емес, Жер де емес, себебі сансыз көп әлемдер бар, әрқайсының өз орталығы бар. “Жер шетсіз, шексіз Әлемде ұшып жүрген тозаң”.

(Бруноның өлімі 16.02.1600 ж).

Дж.Бруно құдай-табиғат пен әлемнің, материялық дүниенің арақатынасы туралы мәселені қойды. Құдайдың заттардың ішкі қасиеті ретінде өмір сүруі туралы түсінік құдай болмысын материямен теңестіруге әкеледі. Себебі, материяның мәні мен болмысы тең.

Яғни, құдай жоқ , ол заттарсыз өз бетінше өмір сүрмейді. Дж.Бруноның пантеизмі Қайта өрлеу дәуірінің ең радикалды ілімі болды.

Галилейдің ең басты үлесі (жаңа қалыптасып келе жатқан ғылым алдында), өзінің табиғатты ғылыми зерттеу принципін қолданғаны болды. Галилейге дейін тәжірибенің мәні толықтырушы, пәс, анда-санда болды. Галилей өзінің қызметімен эксперименттің шешуші ролін, зерттеу мақсатты түрде тәжірибе арқылы сұрақ қойып, жауап ала алатынын көрсетті.

Сыртқы Дүниені зерттеулерінің бәрінің басты мақсаты – Рациональдық Реттілік

пен Үйлесімділікті табу болса керек, ондай мүмкіндікті бізге құдай жіберді және математика тілімен түсіндіріп беруге көмектесті.

Иоганн Кеплер

Қайта Өрлеу дәуірі (Ренессанс) – еуропа қоғамындағы жаңа өндірістік қатынастардың пайда болып дамуы және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар кезеңі. Бұл кезең мәдениет пен ғылымның дамуындағы ұлы төңкеріс кезеңі. Антикалық құндылықтар қайта жанданып, прогрессивті дәстүрлер қалыптасты. Жаңа мәдениеттің сипатты белгілері: гуманизм, тар өрісті схоластиканы теріске шығару, адамның ақыл-ойының белсенділігі мен мүмкіндігіне сеніммен қарау. Көркемөнер, мүсін өнері, сәулет өнері, әдебиет бұрын болып көрмеген қарқында дами бастады. Ғылыми білімдердің даму процесі қолдағы бар білімдерді жинақтап, табиғатты танып-білудің жаңа әдістерін ойлап табуды қажет етті.

Жаңа мәдениет пен жаңа дүниеге көзқарасының қалыптасуына итальяндық сәулетші, суретші, мүсінші, ақын Микеланджело Буонарроти (1475-1564), Леонардо да Винчи (1452- 1519); діни реформаторлар: Мартин Лютер (1483-1546) – Германия, Жан Кальвин (1509- 1564) – Франция; ұлы гуманистер: Томас Мор (1478-1535)-Англия; Эразм Роттердамский (1469-1536)-Нидерландия; жазушылар: Франсуа Рабле (1494-1533)- франция; Француз қайта өрлеуі мәдениетінің энциклопедиялық ескерткіші – “Гаргантюда и Пантагрюэль” (5 кітаптан тұрады) романын жазды, Уильям Шекспир (1564-1616)- көптеген мәңгі өлмес романдардың автроы, Мигель де Серваитес (1547-1616)-“Дон Кихот” романының авторы; ғалымдар Джордано Бруно (1548-1600)- итальяндық философ, ақын; неміс математигі Михель Штифель (1487-1567), итальян математигі Николло Тарталья (1500-1557) және Франсуа Виет (1540-1603)- (көрнекті) француз математигі елеулі үлес қосты.

Схоластиканың біртіндеп күйреуі мәселелерді батыл қоюға, аристотельдің ілімдерін сынға алуға мүмкіндік берді. Дегенмен де ортағасырлық ойлау стилі басым болды. Ол әр түрлі сиқырлық рецептерге, құралдарға т.б. ғылымнан тыс дүниелерге сенулерден айқын көрінді. Басқаша айтқанда ғылыми ойлау әлі де толығынан көріне алмады, бірақ бақылаулардың нәтижелері туралы ақпараттар легі біртіндеп өсе бастады. Жеке алғанда, географиялық зерттеулер мен жаңалықтар алдымен бақылаушы, кейіннен есептеуші астрономияның дамуына жағдай жасады. Христофор Колумб (1451-1506) Генуяда туды.

12.10. 1492 ж. Американы ашты. Фернан Магеллан (1470-1521) – теңізші. Португалияда туды, жалғыз ғана Әлемдік мұхиттың бар екенін дәлелдеді және Жердің шар тәріздес екеніне практикалық түсініктеме берді.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Леонардо да Винчи (1452-1519) болып табылады. Итальяндық суретші, ойшыл, ғалым, өнертапқыш. Флоренцияға таяу жерде өмірге келген. Флоренция мен Миланда өмір сүріп, қызмет етті. Өмірінің соңғы кезін француз королінің шақыруымен Францияда өткізеді. Ленардо математика ғылымын жоғары бағалады. Оның айтуы бойынша, математикалық ғылымдар өзінің дәлдігімен айтыскерлердің аузына құм құяды?!

Леонардо да Винчи бос сөздер мен дискуссияларға (пікір-таластарға) батыл қарсы шығып, олардың ғылыми негізінің жоқтығын, практикадан алшақ екенін атап өтті. Олар өздерінше әдемі киініп, қоқиланып жүреді, - деп жазды Леонардо. “Олар өнертапқыш – мені жек көреді. Өздері біреудің еңбегін жымқырғаннан басқа қандай еңбек сіңіріпті”. Бос сөз, құрғақ теорияға Леонардо тәжірибеге негізделген білімді қарсы қояды.

Өмір бойы кезбелікпен күн кешкен Леонардоның өзінің ғылыми идеяларына жинақтап бір ізге салуға мүмкіндігі болған жоқ. Дегенмен оның күнделік дәптерлері, қолжазбалары (7 мың бетке жуық) сақталды. /1/. Леонардоның ғалым ретіндегі ең басты сипаты – болашаққа деген ұмтылысы. Ол жаңа экспериментальдық жаратылыстану бағдарламасын ойластырып ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Оны жаңа жаратылыстану ғылымының көріпкелі десе де болады. Қазіргі кездегі аэроплан, геликоптер, автомобиль, парашюттердің жобасын жасады. Сондай-ақ Леонардо XVІ-XVІІ ғғ. Бірқатар техникалық және ғылыми жаңалықтардың болатындығын алдын-ала сезді. Ол материалдардың қарсылығы заңын оқып-үйренді оны кейіннен Галилей қарастырды; гидростатикалық заңын қарастырды оны XVІІ ғасырда Б.Паскаль зерттеді; Леонарданың есімімен кейіннен И.Ньютон зерттеген толқындар теориясы; ауырлық центрін анықтаумен шұғылданады.

Бұл кезеңде математика еуропа мәденитінің маңызды факторы бола бастайды. Леонардо экспериментальдық ғылыммен, механикамен, оптикамен, астрономиямен шұғылдана отырып математиканы ғылыми дәлелдеулерінің үлгісі деп есептейді. “Нағыз және жалған ғылым туралы” деген қолжазбасында мынандай философиялық қорытындыға келеді: Бірінші. “Нағыз ғылымдар дегеніміз тәжірибе арқылы өткен, сонысымен айтыскерлердің аузын жаба білген ғылым… Нағыз ғылымдар өзінің мақсатына біртіндеп, нағыз қорытындылардың нәтижесінде, математикалық ғылымдар деп аталатын арифметика мен геометрияның өлшемдері сан мен шаманың нәтижесінде жетеді. Бұл ғылымдар жоғары дәлдікпен үздіксіз пен үзіктіктің шамалары туралы айтып береді” /2/.

“Бірде бір адамзаттың зерттеу, ол егер де математикалық дәлелдеулерден өтпесе нағыз ғылым деп атала алмайды” – деп есептеді Леонардо.

“Егер сен ойлаудан басталатын ғылым нағыз ғылым болады деп есептейтін болсаң, онда мен сенімен келісе алмаймын. Оны жоққа шығарудың бірнеше себептері бар, оның ең бастысы ойдағы пайымдаулар да тәжірибе жоқ, ал онсыз ешқандай шындық жоқ” /3/.

Осы айтылған қағидалар шын мәні неде ғылыми танымның өсу мәселесін қамтиды. Математиканың эвристикалық ролі бекітіліп дүниені танып білудегі күрделі процесстегі шын орны айқындалады. Бұл ретте мәселенің жаңаша қойылуы, яғни теория (математика) мен эксперименттің байланысы проблемасы байқалады.

Леонардоның бұл түсініктері жаңа ғылымның дамуында жоғары бағаланып, оның өкілдерімен: И.Кеплер, Г.Галилей, И.Ньютон, Дж. Максвелл, Г.Герц, А.Эйнштейн т.б. қуатталды.

Ғылыми білімді математикаландыру тенденциясы жаңа экспериментальдық- математикалық ғылымның заңдылығы мен талабына айналды. Математика Леонардо үшін тәжірибелік, қолданбалы ғылым болып табылады. Оның атақты қанатты сөзі: “Механика дегеніміз математикалық ғылымдардың пейіші, оның көмегімен математикалық өнімге қол жеткізуге болады” /4/. Бұл қанатты сөздің мәні: “Механиканың” арқасында “Математиканың” теориялық қағидасы жүзеге асырылады. Оның құрылымын қолдану нәтижесінде шынайы, физикалық дүние туралы білімнің өсуі жүзеге асады. Кеплер, Галилей, Ньютон, Максвелл т.б. зерттеушілер жаңа білім алып, математиканы шырақ етіп ұстап табиғаттың сырларынашады.

XVІ-XVІІ ғғ. ғылыми төңкеріс дүние танымның барлық жақтарын қамтыды. Бұл дүниеге деген көзақарастағы, дүниедегі адамның орнына деген, ғылыми танымның әдістері мен маңызына деген төңкеріс болды. Оның нәтижесінде жаңа ғылым-эксперименттік жаратылыстану, сондай-ақ жаңа философия пайда болды.

Ғылыми төңкеріс Николай Rоперниктің “Аспан денелерінің айналуы туралы” (1543 ж.) еңбегінің жарыққа шығуына байланысты астрономияда болды. Бұл еңбекте дүниенің құрылымы мен ондағы Жердің орны туралы жаңа түсінік бекітіледі. Нағыз ғылыми төңкерісөзінің шыңына Галилео Галилейдің (1564-1642) іс-қызметінің барысында жетті.

Ұлы ойшыл Коперниктің ілімін жалғасытырып және қорғап қоймайды, сонымен бірге жаңа дүниетаным, ғылыми таным мен ғылымның әдісі туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Галилей мен басқа да ғалымдар мен философтардың арқасында эксперимент, жаратылыстану, әсіресе физика дами бастайды.

Николай Коперник (1473-1543) көрнекті поляк ғалымы, астроном, астрономия мен математиканы қайта құрушы, дүниенің гелиоорталықтық жүйесін жасаушы. Ол ірі астроном ғана емес, сонымен бірге математик, дәрігер, заңгер әрі дипломат.

Коперниктің негізгі жетістігі Күн мен Жұлдыздардың көріністік қозғалысы олардың Жерді айналуымен түсіндірілмейді, керісінше Жердің өзінің осімен тәуліктік айналуымен, сондай-ақ Жердің күнді Жылдық айналып өтуімен түсіндіріледі деген жаңалығы.

Осынысымен ол өзінің гелиоцентризм деп аталатын идеясын жасады.

Иоганн Кеплер (1571-1630) көрнекті неміс ойшылы, философ, көрнекті астроном, математик.

Ол өзі туралы былай дейді: “Менің ойым аспанға жатады”.ол 27 желтоқсан 1571 жылы Вейле қаласында өмірге келеді.

1595 жылы жаз айында Кеплердің “Әлемнің құпиясы” немесе “Космографиялы құпиясы” 1595 жылы жарыққа шқты. Кеплер Коперниктің жүйесін қорғайды. Өзінің тұңғыш шығармасының алғысөзінде мынадай мақсат қояды: Жаратушы әлемді жаратқанда математикалық үндестіктерді жетекшілікке алды. Олар: үш заттың мәні: сандар, көлемдер және аспандар орбитасының қозғалысы /6/. Кеплер табиғат құбылысының себептерін шешуді өз алдына мақсат етіп қояды. Әлемдегі үндестіктің болатындығы туралы сенімділік Кеплердің бүкіл ойының негізі болды. Оның басты мақсаты әлемнің құрылымының құпиясын ашу.

Кеплердің ғылыми шығармашылығында орталық орынды математика алады. Метематика әлемнің құрылымы өлшемін, заңдылығын ашу мен оқып—үйренуде күшті қару бола алады.

Кеплер – көрнекті математик. Ол проективтік геометрияны жасауға қадам жасады, Проективтік геометрия қазіргі геометрияның бөлімі. Ол фигуралардың қасиетін проективтік геометрия өзгермелі шамалар метематикамен тікелей байланыста болады. Оның кейбір қағидалары мен фактілері номографияда, статистикалық шешулер теориясында, өрістің кванттық теориясында схемаларды конструкциялауда қолданылады.

Проективтік геометрияның бастауы француз әскери инженері, архитектор, геометр Жерар Дезаргтың (1593-1662) есімімен тығыз байланысты. Геометрияға шексіз, бөлшектелген элементтерді енгізді. Олар нүктелер, түзу, жазықтық деп аталады. Француз философы, жазушы, математик, физик Блез Паскаль (1623-1662) өзінің “конустық қима туралы тәжірибе” (1640) деген еңбегінде Дезаргтың еңбегін дамыта отырып проективтік геометрияның маңызды теоремасы Паскаль теоремасын жасады.

Проективтік геометриясының идеяларының жемісі ХІХ ғ. кезінде француз математиктері Гаспар Монждың (1746-1818), жан Виктор Понселенің (1788-1867) еңбектерінде беріледі. Олар екіжақтылық принципі мен үздіксіздік принциптерінің ұғымдары енгізді “үйлесімділік қатынас”, “инволюция”, “үздіксіздіктің циклдік нүктелері”. Проективтік геометрия жасаушылардың бірі неміс метематигі Якоб Штейнер (1796-1863) болып табылады. Ол күределі геометриялқ образдардың проективтік құрылу идеясын жүйелендірді. Прективтік геометрияның дамуына орыс ойшылы, математик Н.И. Лобачевскийдің (1792-1856) еңбектері үлкен әсер етті.

Кеплердің идеяларын Г. Лейбниц (1646-1716), Л. Эйлер (1707-1788), Л. Карно (1753- 1823), Ж.В. Понселе (1788-1867) одан әрі жалғастырады.

Математика тарихынд көрнекті орынды Кеплердің “Новая стереометрия винных бочек” (1617) деп аталатын еңбегі алады. Кеплердің бұл еңбегін жасауға өмірде кездесетін оқиғалар себепкер болады.

Кеплер шарап сақталатын ыдыстардың геометриялық фигуралар: шеңбер, конус, цилиндр сияқты “геометриялық өлшемдерге келетіндігіне” көңіл аударады /7/.

1600 жылы Прагаға Т. Брагемен бірге жұмыс істеген.

Кеплердің бірінші заңы. Ұйтқымаған (яғни екі дене есебіне) қатынасатын нүкте орбитасы екінші ретті қисық сызықпен өрнектеледі, оның бір фокусында тартылу күшінің центірі (орталығы) орналасады. Ұйтқымаған қозғалыстағы материалық нүкте орбитасы конустық қима, яғни шеңбер, элипс, парабола немесе гипербола сызады.

Кеплердің екіеші заңы. Ұйтқымаған қозғалысқа қатынасатын нүктенің радиус – векторы сызатын аудан уақытқа пропорционал өзгереді. Кеплердің алғашқы екі заңы тартылыс күші әсерінен пайда болатын және шамасы күш центріне дейінгі қашықтықтық квадратына кері пропорционал ұйытқымаған қозғалыстар үшін ғана орындалады.

Кептердің үшінші заңы. Екі материялық нүктенің ұйытқымаған эллипстін қозғалысы кезіндегі айналу уақытының квадраты мен орталық және айналатын нүкте массалары қосындысының көбейтіндісі олардың орбиталарындағы үлкен жарты осьтар кубтарының қатынасына тең.

Кеплердің үшінші заңы эллипстік орбита бойымен қозғалатын планеталарға, планеталар серігіне, қос жұлдыздар компонентіне қолданылады және аспан шырақтарының кейбір сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Кеплер заңдары деп аталған бұл заңдар И.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңының ашылуында елеулі роль атқарды.

Бақылаулар нәтижесінде табылған Кеплердің заңын Ньютон екі дене есебінің қатаң шешуі ретінде қорытқан.

1619 жылы Кеплер «Кометалар туралың, 1627 жылы «Рудольф таблицаларың деп аталатын үлкен еңбегін жазды.

Кеплердің жаңалықтары астронрмиялық бұдан былайғы дамуында елеулі роль атқарады.

Келесі Жаңа заман деп аталатын дәуірде ғылымның беделі арта берді де, керісінше шіркеу мен оның ілімдерінің беделі төмендей берді.Жаңа заман мәдениетінде зайырлы идеялар мен осындай көңіл-күй басымырақ болды.Шіркеуліктердің орнын мемлекеттік институттар баса берді.Ғылымның ақиқаттығы практикалық нәтижесімен теңестірілді.Осымен байланысты ғылымның практикалық қырын бөліп алып, дербес ғылым жасауға, ғылымды техникаға айналдыруға, оның теориялық доктриналығын азайтуға деген талпыныс күшейді.

Ғылыми білімнің дифференциациясы үш бағытта жүрді: ғылымның философиядан бөлінуі; ғылымның өз ішінде жеке ғылымдарға бөлінуі- механика, астрономия, физика, химия, биология; философияның өз салалаларының дербестенуі: онтология, гносеология, табиғат философиясы, тарих философиясы, логика т.б.

Ф.Бэкон ғылымның жаңа әлеуметтік қызметін көрсетті: ғылымның қызметі Құдайдың бар екенін дәлелдеу ғана да емес, білімді білм үшін ғана жасау да емес, ғылымның соңғы мақсаты- ойлап шығару және жаңалық ашу. Жаңалықтар мен ғылыми ойлап шығарулардың мақсаты- адамның өмірін жақсарту, оның табиғатқа билігін арттыру.

Адам- табиғаттың билеушісі, оны өзіне бағындыру үшін оның заңдарын білуіқажет.Бэкон концепциясының мәні – “Білім – күш!”.Бэкон тәжірибенің екі түрін бөліп көрсетті: жеміс беретін,жарық беретін.Біріншісі адамға тікелей пайда әкеледі, екіншісі табиғаттың тереңде жатқан жасырын заңдылықтарын ашумен айналысады. Екіншісі құндырақ, онсыз бірінші мүмкінемес.

Ф.Бэконның философиясы адамның танымдағы адасуларының себептерін айқындау және оны жою жолдарын көрсету.Бұның бәрі “пұттар туралы ” ілімінде көрсетілген.Пұттың 4 түрін бөліп көрсетеді. Тек, үңгір, алаң, театр.

17 ғ. рационализмі схоластикадан біржола қол үзіп,

Жаратылыстанулық және практикалық сипатқа ие болды. Жаңа заманның ең басты жетістігі болып эксперименттің табиғатты зерттеу әдісі ретінде математикалық әдіспен бірігуі арқылы сипатталатын ғылыми ойлау тәсілінің қалыптасуы және теориялық жаратылыстанудың қалыптасуы болып табылады.Эксперимент таза практикалық тұрғыдан емес, теориялық постулаттардың салдары ретінде құрылатын болса, шын мәніндегі ғылыми кезең деп саналады.Ғылым математиканы эксперименттпен жалғайтын ғылыми әдістің пайда болуы.

Исаак Ньютон (1642-1727) - Адамзат тарихындағы ғұлама ғалымдардың бірі, атақты ағылшын философы, ойшыл, механик, астроном және математик. Ол 1642 ж. Иса

пайғамбардың туған күні, яғни 25 желтоқсанда Вулсторы елді мекенінде орта қолды шаруаның отбасында дүниеге келді. 1661 жылы Еуропаның ең көне университетінің бірі - Кембриджге (1209ж. негізі қаланды) оқуға түседі. 1669 жылы Ньютон Исаак Барроудан математика кафедрасын алып, 27 жасында Кембридж университетінің профессоры атағына қол жеткізді.Кейінінен бұл жерде есімдері баршаға әйгілі Д.К. Максвелл, Э. Резерфорд, П.А. Дирак сынды физиктер қызмет атқарған. Қазіргі таңда университетте 11 мыңдай студент білім алуда. Ньютонның жеке өмірі оқиғаларға бай еместігін айта кетуге болады. Оның өз жанұясы болмаған,Англия аумағынан тыс жерлерге шықпаған,достарының саны да аз еді. 1695 жылдан бастап Ньютонның материалдық жағдайы күрт өзгере бастады. Қадағалаушы қызметін иеленіп, кейіннен Ақша Сарайының директоры болады. 1703 жылдан өмірінің соңына дейін Корольдық қоғамның президенті еді. 1705 жылы Ағылшын королі Ньютонға сері атағын береді. Өмірінің соңғы жылдарында ол бай-қуатты адамдардың қатарына қосылып, ақшасын жақын және алыс туыстарына тарата бастайды. Жас азаматтарға шәкіртақы тағайындап отырды.

И. Ньютон әр түрлі салада көлемді ғылыми мұра қалдырды. Оның оптика,астрономия, математикадағы еңбектері осы салалардың дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі.

Ньютонның ғылым тарихындағы ең басты жаңалықтары-классикалық механиканың негіздерін қалау; бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашу және осы заңның негізінде аспан денелерінің қозғалыс теориясын құру. А. Эйнштейн сөзімен айтсақ, “Ньютонның ой лабораториясына енуге кішкене болса да әрекет жасайық”.

Жаңа заман ғылымының қалыптасуында Ньютонның әдістемелік идеялары үлкен маңыздыға ие болды. Ол кейінгі жаратылыстанудың негізін қалады. Галилейдің ойларын дамыта және нақтыландыра келе, Ньютон физикалық денелердің,объектілердің математикалық бейнесін жаратылыс ғылым зерттеуінің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қолданды. Математикалық жоба берілген тәжірибелер мен байқауларды тексеру және интерпретация құралына айналады.

Ньютон еңбектері ғылымның таным пәнінің математикалық құрастырылуында, әдістемелік орнығуына бастама салды. Ғылым білімнің ақиқаттағы жөніндегі сұрақ әдістемелік анализдің көмегімен шешіледі. Теория ақиқаттағы-осы теорияның “бастау” және нәтижелер мен қорытындылар жүйесі немесе аксиомалар арасындағы сәйкестікті тексеру арқылы шешілетін мәселе қарама-қайшылықтардың болмауы теорияның ақиқаттығын дәлелдейді, куәландырады. “Бостандықтардың” ақиқаттағы жөніндегі сұрақ әртүрлі негіздер (сәйкессіздіктер жиналған уақытта,аномалия, өзге де қағидалар орын алғанда) бойынша оларды жаңадан түсінуге немесе ауыстыру қажеттілігі туғанша, ғылым аясынан тысқарылады. Ғылым ойлаудың қайта құрылу кезінде қағидалар келесі мәселеге айналады.

Сонымен, “бостандықтардың” ақиқаттығы қағидалар мен шындықты сәйкестендірумен емес, ғылыми бағдарламаны тиімді дамыту негізінде бекітіледі. Оның құрамына теориялардың кезектілігі, зерттеудің ортақ тақырыбы, іргелі әдістемелік идеялар кіреді. Табиғи философия үшін іргелі болып саналатын тартылыс мәселесін қарастыра келе, Ньютон ғылым аясында гравитация сұрағын қоюдан бас тартады. Оның пікірінше, осы сұрақ үшін жеткілікті тәжірибелік негіз жоқ. Тартылыс заңы физикалық және

астрономиялық құбылыстарды бақылауға, нақты сипаттауға мүмкіндік беретін әлемнің физикалық, математикалық үлгісінің қажетті бөлігі ретінде енгізілді.

18 ғасырда жаратылыстану, әсіресе физиканың алдында туындаған жаңа мәселелерді шешу үшін жетілдірілген математикалық құрал қажет болды. Ньютон мен неміс философы, математигі, Берлин ғылым академиясының ұйымдастырушы мен тұңғыш президенті Г.В. Лейбництің еңбегі сонда, олар бір-бірінен тәуелсіз түрде жоғарғы математиканың және ең маңызды бөлімдерінің бірі-диференциалды және интегралды есептеудің негізін қалады. Ойлап шығарылған математикалық құралдың қолдануы қазіргі ғылымның әр саласында кең таралған. Ньютон мен Лейбниц тұжырымдарының айырмашылықтары бар. Лейбниц таза анализдық (объективті шындықтың процестеріне қатыссыз) дамуына негіз болған абстрактты ұсынуларды қолдайды, ал Ньютон болса,математиканы физикалық зерттеулердің әдіс-тәсілі ретінде қарастырады.Ньютон бойынша математика-физикалық (механикалық) процестердің абстрактыланған көрінісі.

Сондықтан да ол математикалық анализді дәлелдеу мәселесіне көп көңіл аударды. Ньютон анализдің негізі ретінде шектер теориясын жетілдірді. Бұл теорияда басты орын азаятын өлшем шексіз аз шамаға берілген. Шексіз аз шама дегеніміз абсолютті мәні өзінің өзгеруі барысында алдын-ала берілген мәннен кеми беретін, яғни өлшемнің ең ақырғы шегі нөл боп танылатын өзгермелі өлшем. Бұл шектердің қазіргі замандағы көрініс табуы.

Ньютон мен Лейбниц шектерінде есептеу негіздері толық түрде жетілмеген еді. Мысалы, шексіз аз элементтер нөл немесе белгісіз болды. Оған қарамастан, математик,физик Л. Эйнер (1707-1783) мен француз механигі Ж. Луи Лаграняс (1736-1813) еңбектерінде тамаша қорытындылар берілгендіктен,геометрия, механика, физиканың маңызды есептерінің басым бөлігін шешуге мүмкіндік берді.

Мынадай сұрақ туады: қисындық алғышарттардан осындай құнды қорытындылар қалай пайда болды? 18 ғасырдың соңғы он жылдығында диференциалды және интегралды есептеулердің жеткіліксіз қисындық негіздері жалпыға белгілі және жалпымен қабылданған еді. Математика негіздерінің екінші дағдарысы орын алды. Алғаш математикалық дағдарыс ежелгі Грецияда Пифагор мектебінде өлшеусіз шамалардың ашылуымен байланысты. Бірте-бірте физиканың математикалануы мен шексіз аз мәндердің көмегімен табиғат құбылыстарын зерттеу негізіндегі нәтижелерматематиканың жаңа тармақтарының пайда болуына үлес қосты. Механикалық және физикалық құбылыстарды ортақ зерттеу оларды түсіндіретін диференциалды теңдеулердің орнығуына әкеп соғады. Механика мен гидродинамиканың математикалануы вардяциялық есеиеудің дамуында ынталандыру рөлін атқарды. Қисықтар мен тегіс бетті диференциалды әдістермен зерттеу диференциалды геометрияны туындатты. Аталған тармақтардың барлығы шексіз аз өлшемдерді есептеуден пайдаболды.

Бірде И. Ньютон әрқашан математика және философия жөнінде ойлайтынын байқапты. Ол тартылыс шын мәнінде бар; біз баяндаған заңдарға сәйкес әрекет етеді және аспан денелерінің барлық қозғалыстарына түсінік беруіне жеткілікті екеніне сенді. 1694 жылы досы Эдлонд Галлейдің ықпал етуімен, Ньютон тартылыс жөніндегі еңбегін жариялауға дайындық жүргізді.Галлей аталмыш еңбектің бірінші томын редакциялап,шығындардың басым бөлігін мойнына алды. 1687 ж. Ньютонның “Табиғи философияныңматематикалық

бастаулары” атты классикалық еңбегі жарық көрді. Ньютондық “бастауларды” толық анықтылықты жеткізу үшін Ұлы математиктердің өздеріне жүз жылдай уақыт керек болды.

Ньютон алдында болған ғалымдарды жоғары бағалап, өз жетістіктеріне аса зор мән бермеді. Бұл жөнінде Ньютонның інісімен әңгімелескендігі ой куәландырады: “Әлем маған қандай көзқараста екенін білмеймін, бірақ өзімді теніз жағалауында теп-тегіс тас пен әдемі қабыршақты азмаз іздеп жүрген бала ретінде елестетемін. Ал танылмайтын Ақиқат мұхитта болса, менің алдымда жайылып жатыр”.

Біз үшін оның ғылым философиясы мен бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашудағы еңбегі жоғарғы қызығушылық танытады. Ньютон философиясы И. Кеплер және Г. Галилей негізін қалап кеткен физикалық зерттеулердің бағдарламасын мазмұндайды, яғни баяндап отырған құбылыстарды суреттейтін табиғат заңдарын нақты математика тілінде өндірілетін және тәжірибелік тексеруге мүмкіндік беретін құбылыстар арқылы баяндаған дұрыс. Осы заңдардан математикалық тұжырым, дискурс көмегімен жаңа заңдар шығарылады.

Ньютон алғашқы басылымының алғыссөзінде былай дейді: “Жаңа авторлар жасырын қасиеттерді жоққа шығарып, табиғат құбылыстарын математика заңдарына бағындыруға әрекет жасайды. Бұл шығармада математика қосымшаларының физикаға қарай дамуы көрініс табады. Сондықтан осы еңбек физиканың математикалық негізделуі ретінде ұсынылады. Барлық қиындық, қозғалыс құбылыстары арқылы табиғат күштерін анықтау, кейіннен осы күщтердің көмегімен қалған құбылыстарға түсінік беруден туындайды”.

Математикалық бастаулар Ньютон үшін сандық бастаулар болып саналды.

Ньютонның алпауыт жетістігі деп жер мен аспандағы денелердің қозғалысын басқаратын ортақ заңдардың ашуын айтуға болады. Галилей аспан денелеріне байқау жүргізді. Бірақ оның математикалық сипаттаудағы жетістіктері не жер бетінде, не оның төңірегіндегі қозғалыстарды сипаттаумен ғана шектелген. Галилейдің замандысы Кеплер планеталар қозғалысының үш заңын ашу арқылы дүниенің гелиоцентрлік теориясын жеңілдетті. Бірақ екі аумақ - Жер мен аспанда мүлдем тәуелсіз болды. Жер мен аспан құбылыстарының арасындағы байланысты табу,анықтау, көрсету-ғылым үшін күрделі есеп. Бұл есеппен ғұлама ойшыл Ньютон айналысып, дұрыс шешімін ұсынды.

Ньютон өмір сүрген кезінде Жер мен Күннің денелерді тартатындығы белгілі еді. Сондықтан екі тартылысты бір теория шегінде біріктіру туралы мәселеге талқыланған. Осы жалпы ойларды Ньютон математикалық есепке айналдырады да, ойлап тапқан математикалық әдісімен дұрыс шешімін табады. Ескеретін жайт, Ньютон тартылыс күшінің физикалық табиғатын анықтауды мақсат етіп қойған жоқ.

Аңыздардағы сәйкес, Жер мен күн тартылыстарының ұқсастығы туралы ой Ньютонға тал бұтағынан құлап бара жатқан алманы байқаған сәтте келді.

Неміс математигі Карл Фридрих Паусс пікірінше, Бүкіл әлемдік тартылыс заңын қалай ашты деген сұрақтармен маза бермеген адамдардан құтылу үшін Ньютон бұл оқиғаны ойлап тапты. Ньютонның досы Стукелейдің ойынша, аңыздың негізделгендігі ешбір

күмән келтірмейді. Басқа сөзбен айтсақ, Ньютон көзінше құлаған алма, дүние туралы білімнің өсуіне септігін тигізер.

Жер мен аспан қозғалыстарының зерттеулеріне мықты негіз беру мақсатымен, Ньютон “бастауларында” қозғалыстың үш заңын ұсынады.

Ньютонның келесі бір тамаша ойларының бірі: ғалым бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашты. Бұл заң бойынша массасы ma мен mb кез-келген екі бөлшек F күшімен бір-бірінің бағытында тартылады. F күші массалардың көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың арасындағы r қашықтығының квадратына кері пропорционал болады: F=G ma*mb/r^2 материалды бөлшек деп ma және mb<<r шартына сәйкес келетін дене түсініледі. G - пропорционалдық коэффициенті немесе гравитациялық тұрақты. Бұл фундаменталды физикалық тұрақты өлшем. Ол объективті шындық туралы маңызды ақпаратқа ие. G - гравитациялық тұрақтысы әлемнің барлық объективтігіне тән әрекеттестік-тартылыстың сандық сипаттамасы болып табылады. G - дың сандық мәнін алғаш рет ағылшын ғалымы Генри Кавендуш лабораторияда екі шардың (қорғасын шарлары: m= 730кг және M=158кг) тартылыс күштерін өлшеу арқылы есептеп шығарған.

Қазіргі мәліметтер (СИ-жүйесі) бойынша G=3,6745(8)*10^-11м3/кг*с^2

Физикалық жолмен өлшенетін гравитациялық тұрақты динамикалық әдіспен анықталады- бұрылмалы таразыда тартылатын массалардың жақындауынан пайда болатын тербеліс периодының өзгеруімен. Гравитациялық тұрақты дүниежүзілік негізгі өлшемдердің арасында маңызды орынға ие. Жарық жылдамдығы, қарапайым элекетрлік заряд, әрекет квантымен қатар ғылыми физикалық теорияның құрылымындағы негізгі элемент.

Гравитациялық тұрақтының тәжірибе жүзінде өлшенуі Ньютонның тартылыс заңының жалпыға бірдейлігін дәлелдейді және бұл заң шын мәнінде дүниежүзілік заңға айналады.

Осылайша, Ньютонның тартылыс теориясына қосқан үлесі келесіге алып келеді. Айдың қозғалысын зерттей отырып, ол бүкіл әлемдік тартылыс заңының дұрыс тұжырымдауға келеді (келіп тоқталады). Сонан соң Ньютон бұл заңның алғашқы екі заңмен бірге жер бетіндегі денелердің қозғалысын суреттеуге жеткілікті екенін көрсетеді. Бұнымен Ньютонға Галилей жоспарының негізгі мақсаттарының біріне жету жолына түсті. Ол қозғалыс заңдары мен бүкіл әлемдік тартылыс заңы фундаменталды қағидалар қатарына жататындығын дәлелдейді. Евклидтің аксиомалары сияқты, бұл заңдылықтар басқа физикалық маңызы бар заңдарды алу үшін логикалық негіз ретінде қызмет етеді.

Аспан денелері қозғалысы заңдылығының шығуы қандай салтанат болғанын елестетуге болады. Қатаң дедуктивті ой қорытындылардың тізбегін құрайды, Ньютон, Кеплермен алынған, планеталар қозғалысының барлық үш заңдылықтың алғашқы екі қозғалыс заңынан және бүкіл әлемдік тартылыс заңынан шығатынын көрсетті.

Кеплердің, Галилейдің және Ньютонның еңбектері физикалық зерттеулердің жаңа ғылыми жоспарының басын білдіреді.

Ньютон барлық жаңа негіздеулерді физикалық-математикалық бастауына алып келеді және олардан салдар шығады. Ғылымға Күннің массасын шығару сәті түседі және ол кез- келген планетаны спутниктерімен бірге массасын шығара алды. Бақылаулардан белгілі

болған кейбір планеталардың формаларының сфералықтан ауытқуынан Ньютон олардың өз осьтерімен айнала қозғалысының периодын анықтайды. Теңіз тасқыны жердің Күнмен және Аймен гравитациялық тартылысымен байланыстылығы дәлелденеді.

Ньютон, каметалардың эллиптикалық орбиталар арқылы қозғалатындығы болмайды деп айтты. Оның берген ақылы бойынша Эдмоноз Галилей каметалар теориясымен айналысты. Ньютонның теориясын қолданып, Галилей 1758 каметаның Жерге жақын және Рождество қарсаңында өтетіні болжады. Соңғы рет Галилей каметасы жерге 1986 ж. жақындады.

Осыған орай ойшылдың аса күрделірек процестер және табиғат мінездемесі туралы ақпаратты бере алатын, Ньютонның классикалық теориясы мен жаңа теориялар туралы пікір аса қызығушылықты туғызады. Эйнштейн: “Кешір мені, Ньютон, сен өз уақытыңда адамға мүмкін ұлы ғылыми шығармашылық ойдың қабілеттілігін және күшінің жалғыз жолын таптың. Сенімен енгізілген ұғымдар (түсініктер), біздің физикалық ойлауымызда негізгі болып қала бермек, алайда біз енді арақатынастарды тереңірек түсінуге тырысатын болсақ, біз бұл ұғымдарды басқалармен алмастыруымыз керек” /10/.

Ньютондық гравитация теориясын жаңа әсер қалдырарлық қорытындылар мен жаңалықтарын барлығы күтті. Мәселе сол кездегі белгісіз планета-Нептунның бар екендігі және оның орналасқан жері туралы таза теориялық болжам туралы болып отыр.

1820 ж. шамасында байқалған Уран (1871 ж. ағылшын астрономы У. Гершель ашқан) планетасының қозғалысындағы түсіндіруге келмейтін ауытқулардың белгілі бір көрінбейтін планета тарапынан гравитациялық тартылыспен шарттасатындығы жөнінде гипотеза алға қойылған.

Екі астроном-жиырма алты жастағы, Кембриджден шыққан математик Джон Коул Адамс (1819-1897) пен француз астрономы Урбен Жан Жозеф Леверье (1811-1877) - бақылаулар деректерін пайдалана отырып және Лаплас пен Лаграптдың жалпы астрономиялық теориясына негізделе отырып, бір бірінен тәуелсіз түрде гипотетикалық планетаның орбитасын есептеп шығарды. Адамс нәтижесінде Нептун атауын алған планетаның массасын, орбитасын және жай-күйін (дәрежесін) есептеп шығарды.

Сол аралықта Леверье математикалық әдіспен бергісіз планетаның дәрежесін орнату арқылы анықтады (қалыптастыруда). Өзінің теориялық нәтижелерін ол неміс астрономы Иоганн Галлеге жіберді. Мәліметтерді Леверьеден алысымен, Галле сол кеште (23 қыркүйек 1846 ж.) телескоп көмегімен көрсетілген аспан нүктесінде жаңа планета- Нептунды тапты. Галле теоретикалық болжамдарды ұстанды. Адамс пен Леверьевтің табысы теория күштері және Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңының әмбебап ерекшелігінің түпкілікті дәлелі ретінде қабылданды. Ондай тура жасалған есептеулерге естелік ретінде мынадай сөздер туды: “Нептун планетасы қауырсынның ұшыуымен ашылған”.

Гравитациясының физикалық табиғаты қандай? деген маңызды сұрақ туады. Ньютон оны басқалар зерттейтіндігіне сенімін білдірді. Бұл ұғымды Ньютон математикалық ретінде қарастыруды және тартылыстың физикалық себептерін талқыламады /11/. Бұл шығармада, Ньютон сендіру, нандыру сөздерін қолданды. Ньютон олардың үлкендігі мен физикалық

қасиеттері және күштер арасындағы математикалық арақатынасты зерттеймін /12/, деп сендірді. Тартылыс табиғатының жұмбақтылығына қарамастан, Ньютон оның әрекетінің сандық анықтамасын ұсынды.

Көпшілік ғалымдар бүкіл әлемдік тартылыс заңын оң қабылдай қалған жоқ. Мысалы, голландтық физик, механик және математик Христиан Гюйгенс (1629-1695) тартылыс идеясын ойға қонымсыз деп санады, өйткені ол бос кеңістік арқылы берілетін және оның берілу механизмін жоққа шығарды. Көптеген басқа да жаратылыс сынаушылар мен философтар тартылыстың тек таза математикалық сипатталуына қарсы шыққан. Неміс философы және математигі Г.Лейбниц тартылыс заңының математикалық жазбасын тек әншейін есептеу ережесі, ол табиғат заңдылығы аталуына тұрмайды деп санай отырып, Ньютонның гравитация теориясына байланысты еңбектерін сынға алды.

Ньютонның еңбектері адам алдында жаңа әлемдік тәртіп - Ғаламды ашады. Оның мінез- құлқы көп емес математикалық заңдардың санымен түсіндірілді. Олар физикалық қағидалардан шығарылады, сондай-ақ математикалық тілде көрініс табатын. Ньютонның әмбебап үлесі тастың құлауын, мұхит тасқындарын, планета, жұлдыздар қозғалыстарын, каметалардың ұшуын қамтиды. Ньютондық әлем картинасы Табиғаттың математикалық қағидалар негізінде құрылғандығын және табиғаттың ақиқат заңдары математикалық екендігін шешуші дәлеліне байланысты.

Коперниктің, Кеплердің, Галилейдің, Ньютонның еңбектері арқасында көптеген адамдардың буынның армандары орындалды. Бүкіләлемдік тартылыс заңы мыңжылдықтар мен ғасырлар бойы адамдарды қызықтырып мүмкіндіктер туғызды.

Тартылыс жұмбағын белгілі бір мөлшерде А.Эйнштейн шешеді. Оның теориясына сәйкес, материя зат нысанында, сондай-ақ электромагниттік, гравитациялық нысанында болады. Тартылыс күші гравитациялық өріс пен заттың арасындағы қарым-қатынаспен түсіндіріледі. Гравитациялық өріс, электромагниттік сияқты кеңістіктегі бір денеден басқа денелерге жарық жылдамдығымен тарайды. Эйнштейн теориясы гравитациялық толқындардың (тартылыс толқындарының бар боу мүмкіндігін болжайды).

Қазіргі заманғы теория жалпы салыстырмалық теориясы болып табылады. Ол тартылыс құбылыстарының терең түсіндірмесін береді, оларды кеңістік-уақыт қасиеттерімен байланыстырады, Ньютондікінен өзге жаңа тартылыс заңын қалыптастырады. Ньютондық тұжырым гравитациялық өріс әлсіз болған кезде,шекті жағдай ретінде Эйнштейн заңынан бастау алады. Бірақ әлі ешкімге гравитациялық табиғаты мен физикалық шынайылығын табудың сәті түспеді.

Ньютондық “Табиғи философиялық математикалық бастаулары” (1687) ғалымның алтын қорына кіреді. Ағылшындық физик және ғылым тарихшысы Джон Бернал (1901-1971) көрсеткеніндей, кітаптың өзінің дәйектілігі мен физикалық дәлелдерімен кітап ғылым тарихында өзіне жоқ келетіні жоқ. Математикалық тұрғыдан оны тек Евклидтің “Бастауымен” салыстыруға болады. Еңбек, онда көрсетілген әдістердің ары қарай кеңеюінің қайнар көзі ретінде, “Жаңа ғылым Тауратына” айналды. Ньютон “екі философиялық жолмен" жүрмеді, жаңа сандық физика көмегімен” өзінің жеке концепциясын, құбылыстарды түсіндірудің ең тура тәсілі ретінде бекітті

Әлемнің біркелкі жалпы келбеті механиканың аяқталған жүйесі, табиғаттың барлық құбылыстарын басқаратын заңдар ретінде Ньютонмен жасалып шығарылған.

Ньютонның негізге алатын “Табиғи философиялық математикалық бастаулары” еңбегі ғылымның дамуындағы жаңа дәуірді білдіреді. “Бастаулар” - классикалық атауын алған. ХVІІІ-ХІХ ғғ. физикасының табысты қалыптасқан, берік ірге тас. “Бастауларда” жаңа ұғымдар мен механика аксиоматикасы, жекелей келсек, абсолюттік кеңістік пен абсолюттік уақыт туралы түсінік, жай-күй, масса ұғымы үдеу күшінің пропорционалдығы заңы, бүкіл әлемдік тартылыс заңы бар. Бұл заңның ашылуы Күн жүйесін кинематикалық сипаттаудан құбылыстарды динамикалық түсіндіруге өтуді білдірді. Тек осы ғана Коперник ілімінің жеңісін түпкілікті бекітті. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс күші заңынан Кеплердің 3 заңы бастау алатындығын дәлелдеді; Ай қозғалысының ерекшеліктерін; Жердің прецессиондық қозғалысын (прецессия-Жердің айналу осінің баяу қозғалысы), судың толысуымен қайтуы теориясын түсіндірді.

Ньютон фундаменталды теорияны жасап шығарды. Олар: Ньютондық механика, Ньютондық тартылыс теориясы. Бұл жаратылыстанудың ұлы жетістігі. Олар құбылыстардың кең ауқымын үлкен дәлдікпен сипаттауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жұлдыздар шоғырындағы, Галактикадағы табиғи және жасанды аспан денелерінің табиғи және жасанды аспан денелерінің қозғалысын да, Тартылыс теориясы негізінде Нептун планетасының, Сириуса (Сириус-бірінші үлкендіктегі жұлдыз) спутнигінің бар екндігі болжанған және т.б. нәтижесінде дәлелденген болжамдар көп болды. Бұл орасан зор дедуктивті еңбек болды, ол ХІХ ғ. аяғына дейін физикадағы барлық теоретикалық зерттеулердің бағдарламасы ретінде қызмет етті. “Бастауларда” сондай-ақ, жер механикасы мен аспан механикасы біріктірілген. Механика заңдары табиғаттағы барлық процестерді басқарады (реттеуді) деген пікір қалыптаса бастаған. А. Эйнштейн былай атап өтеді: “Ньютон барлық құбылыстар заңдарын түсінуге мүмкіндік беретін табиғат заңдарының жиынтығының негізін қалады. Ньютон бұған кез-келген процестерді өзара әрекет ететін бөлшектер қозғалысына ұластыру арқылы жетуге болады деп санаған. Бұл бағдарлама физика саласындағы өзінің жемістігін дәлелдеді”/14/.

Астрономияда Ньютонның тартылыс заңы ірге тас болып табылады, оның негізінде аспан денелерінің құрылысы мен қозғалысы есептеп шығарылады. Жердің гравитациялық өрісін дәл анықтау оның қыртысы астындағы (гравиметрикалық барлау) массалардың бөлінуін анықтауға мүмкіндік береді.

А.Эйнштейн, И.Ньютонды (экспери менталдық) тәжірибелік зерттеулердің және практикалық құрылысының ойлау жолын көрсеткен жарқын кемеңгер ретінде сипаттайды. Ньютон тек ғажап әдістерді ғана жасап қойған жоқ; ол өз кезеңіндегі барлық белгілі эмперикалық материалдарды білген және математикалық, физикалық дәлелдемелерді табуда аса тапқыр болған. Ол тағдырмен адамзат ақыл-ойының дамуының бұрылу орнына қойылған болатын .

Ньютон әлемнің бірінші ғылыми физикалық келбетін ашып, жасап шығарды. Ол өзінің “Бастаулар” постулаттарында кеңістік пен уақытты абсолютті деп санады. Осындай кеңістік пен уақытты түсінумен оның қашықтықтан әсер ету концепциясы-материяның көмегінсіз, әрекеттің бір денеден екіншісіне бос кеңістік қашықтығында лезде берілуі

байланысты. Бұл әлем көрінісінде табиғат бөлшектері қатаң детерминацияға бағынған қарапайым машина ретінде түсінілді. Атомдар мен денелердің арақатынасының бастапқы шарттары бойынша олардың ақырғы жай-күйін кез-келген берілген уақыт мезетінде болжауға мүмкін болады. Мұндай амал әлемнің механикалық келбетіне тән ерекшелігі болды. Ол әлемнің физикалық көрінісінің бірінші тарихи нысаны болды. Әлемнің механикалық көрінісі жалпы ғылыми мәртебесін алып, зерттеуді әр түрлі білім аумақтарына мақсатты бағыттау. В.С.Степин мен Л.Ф.Кузнецов көрсеткеніндей, әлемнің механикалық көрінісін тек физиктерге ғана емес, сонымен қатар ғылымның басқа саласында жұмыс істейтін ғалымдарға бағдар берілгенін көрсетті бұл аймақтардағы зерттеулер стратегиялары әлемнің механикалық көрінісі идеясының тікелей әсер етуімен қалыптасқандығы заңды әрі логикаға сай /16/.

Ньютон “ойлауда революция” жасады. А.Эйнштейннің әділ айтуы бойынша, “Ньютон айқын қалыптастырылған негізді табу сәті түскендердің біріншісі болды, одан математикалық ойлаудың көмегімен құбылыстардың кең аумағын сипаттау тәжірибесімен бірге сандық қиысатын логикалық тұрғыда келу мүмкін болды. Ол шын мәнінде оның механикасының түбегейлі негізі уақыт өте барлық құбылыстарды түсіну кілтін бере алатындығына үміттене алды” /17/.

Ньютонмен жаратылған механика қажетті әмбебаптық қасиетіне ие, уақыт кеңістігінің аса фундаменталды қасиеттерін білдіреді. Бұл әмбебаптылықтың салдары болып Ғаламдағы барлық құбылыстарды санаттау мүмкіндігі және олардың уақыттағы эволюциясы табылады.

Қазіргі заманғы теоретикалық физиканың барлық дамуынан өте отырып, Ньютон механикасы әр уақытта оның дамуының әр кезеңінде қажетті болып отырған. Әйгілі физик А.И.Ахмезер назарын қазіргі заманғы теоретикалық физиканың тәжі болып табылатын, кванттық механиканың негіздеу үшін Ньютонның механикасы абсолютті түрде қажет. Ньютондық теорияның ұлылығы да осында болып табылады /18/.

Ньютонның ғылыми еңбектері ғылымның, әсіресе физиканың даму тарихында ерекше роль атқарды. А.Эйнштейннің айтуы бойынша, Ньютон процестердің табиғаттағы кең класының уақыт бойынша жүрісін жоғары дәлдікпен және толықтылықпен анықтайтын, элементарлы заңдарын қалыптастыруға талпынғандардың біріншісі болды. Ньютон өзінің еңбектерімен жалпы барлық дүниетанымға терең және қатты әсер етті /19/.

И. Ньютонның ғылыми бағдарламасы өзінің ары қарай дамуымен тек механикалық емес, сондай-ақ электрлік, оптикалық және физиологиялық құбылыстарды бір көзқараспен түсіндіруді болжауы, яғни әлемнің әмбебап ғылыми көрінісі болу. Бағыттағы талпыныстар жарықты материяның инертті бөлшектердің тасқыны деп санауды, оның пікірінше, механика заңдарын оптикаға қолдануға мүмкіндік береді. Ньютонмен жасалған; Ньютон механикалық жобаларды химиялық реакцияларды түсіндіруге қолданған. Бұл бағдарламаны жасап шығару 19-20 ғғ. аяғына дейінгі ғылыми эволюцияның мазмұнын құрады, ол оның қиыншылықтарын жою қазіргі кезде жалғасып жатқан, ғылыми революцияға алып келді.

Ньютон өмірінің соңғы жылдарында оның беделі бүкіл Европада танылды. Ньютонның денсаулығы әр уақытта мықты болған, тек өмірінің 80-ші жылы ол тас ауруымен ауыра

бастады, одан ол 1727 жылдың 21 наурызға қараған түрі 84 жасында қайтыс болды. Корольдің әмірі бойынша оны салтанатты түрде Вестминтерлік аббаттығында жерледі. (Англиядағы ұлы адамдардың пантеоны).

Ескерткіштегі жазбада былай делінген: “Мұнда ақсүйек ақылды әрі сенімді (табиғатты түсіндіруші), тамаша ақыл-оймен бірінші болып математика шырағымен планеталардың қозғалысын, кометалардың жолдары мен мұхиттардың толысуын дәлелдеген табиғатты түсіндіруші. Адам баласының осындай әшекейі болғандығына ажалдылар қуансын”. Бұл жазба И.Ньютонның өзінің сөздеріне толық жауап береді: “Кемеңгер дегеніміз белгілі бағытта шоғырландырылған ойдың шыдамдылығы”.

Бақылау сұрақтары:

1.Қайта өрлеу дәуіріндегі дүниенің ғылыми бейнесін қалай анықтауға болады? 2.Коперник космологиясының басты сипаты?

3. Дж.Бруно бойынша Әлем қалай құрылған және аспан денелері неліктен қозғалады?

4.Г.Галилейдің Жаңа заманның енді қалыптаса бастаған ғылымының алдындағы басты үлесі неде?

5. Ф.Бэкон бойынша ғылымның түпкі мақсаты неде? 6.Ф.Бэкон бойынша индукция әдісінің мәні неде? 7.Ньютонның классикалық механикасының маңызы.