- •1) Кәсіпкерліктің даму эволюциясын сипаттаңыз
- •2) Кәсіпкерліктің жіктелуі, түрлері және айырмашылықтарын анықтаңыз
- •3. Өндірістік кәсіпкерлік және оның даму болашағына болжам жасаңыз.
- •4. Коммерциялық кәсіпкерліктің даму тенденциясына сипаттама беріңіз.
- •6. Кәсіпкерлікті дамытуға қажетті шарттарды анықтаңыз.
- •7. Консалтингтік кәсіпкерлікті дамыту қажеттілігін көрсетіңіз.
- •8. Дара кәсіпкерлік дегеніміз
- •11. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістерін атаңыз
- •12. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар өткізу қажет
- •14. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандарын атаңыз
- •15. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-экономикалық нысандарын атаңыз
- •16. Шаруашылық серіктестіктер дегеніміз
- •17. Толық серіктестік және оның артықшылықтары
- •9.Дара кәсіпкерліктің негізгі түрлері қандай?
- •10.Бірлескен кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандарын көрсетіңіз.
- •18. Командитті серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •19. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз
- •21. Акционерлік қоғам дегеніміз не
- •22. Акциялардың негізгі түрлері және дивиденд төлеу жағдайы
- •23. Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24. Өндірістік кооператив дегеніміз
- •25. Өндірістік кооперативтің қызмет ету қағидаларын атаңыз және түсіндіріңіз
- •26. Мемлекеттік кәсіпкерлік және оның даму жағдайын атаңыз
- •27. Кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз не
- •28. Тәуекелдің негізгі түрлері және жіктелуі
- •29. Тәуекелді басқару әдістері:
- •30. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендету жолдары.
- •31. Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты мен міндеттері
4. Коммерциялық кәсіпкерліктің даму тенденциясына сипаттама беріңіз.
Коммерциялық кәсіпкерлік тауарларды сатумен және оны сату-сатып алу келісім шарты негізінде тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты.Коммерциялық кәсіпкерлікті құру кезінде үлкен көлемде қаржы ресурстары мен уақыт шығындары талап етілмейді. Бұл өз кезегінде тұтынушылар сұранысына тез арада ықпал етуге мүмкіндік береді және оның жоғары деңгейдегі икемділігімен сипатталады.
5. Қаржылық кәсіпкерлік және оның негізгі түрлерін атаңыз.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
- коммерциялық банктер;
- қор биржалары;
- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
6. Кәсіпкерлікті дамытуға қажетті шарттарды анықтаңыз.
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
7. Консалтингтік кәсіпкерлікті дамыту қажеттілігін көрсетіңіз.
Консалтингтік кәсіпкерлік – кәсіпкерлік қызметтің заманауи және перспективті нысаны болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі кәсіби мамандардың өз кәсібінің маңызды мәселелері бойынша ақылы негізде кеңес беруі арқылы жүзеге асырылады. Экономика және басқару жөніндегі кеңес берушілер ассоциациясының Еуропалық федерациясының анықтамасы бойынша консалтинг деп басқару мәселелері бойынша тәуелсіз кеңестер мен көмектер ұсынуды айтады. Ол проблемалар мен мүмкіндіктерді анықтау мен бағалауды, тиісті іс-шараларды ұсынуды және оларды іске асыруға көмектесуді қамтиды. Жауапты басқарушылық шешімдер дайындау, қабылдау және іске асырудың әртүрлі сатыларындағы айқынсыздықты болдырмау үшін кеңес берушілер қызметіне жүгінеді.
8. Дара кәсіпкерлік дегеніміз
Дара кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.
