Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_sipkerlik.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

23. Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары:

1. Бизнесті ұйымдастырудың ақшалай капиталды тарту мәселелері бойынша анағұрлым тиімді нысаны. Корпорацияларға қаржыландырудың бірегей әдісі тән – акциялар мен облигациялар арқылы – ол көптеген үй шаруашылықтарының жинақтарын тартуға мүмкіндік береді.  Бағалы қағаздар нарығы арқылы корпорациялар жеке тұлғалардың орасан зор санының ресурстарын ортақ қорға біріктіре алады. Бағалы қағаздарды сату арқылы қаржыландырудың оларды сатып алушылар тұрғысынан артықшылықтары бар. Корпорациялар үшін бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда банк несиесі анағұрлым қол жетімді. Оның себебі тек корпорация сенімділігінің жоғарылығында ғана емес, сондай ақ банктердің шоттарының пайдалылығын қамтамасыз ету қабілетінде жатыр.

2. Корпорациялардың басқа едәуір артықшылығы – бұл шектеулі жауапкершілік. Корпорациялар иемденушілері (яғни акция ұстаушылары) тек акцияларды сатып алуға жұмсаған қаражатын ғана тәуекелге тігеді. Олардың жеке басының активтеріне корпорация банкроттыққа ұшыраған жағдайда да қатер төнбейді.  Кредиторлар сотқа заңды тұлға ретінде корпорацияға дау түсіруі мүмкін, бірақ жеке тұлға ретіндегі корпорация иемденушілерін сотқа бере алмайды.  Шектеулі жауапкершілік құқығы ақшалай капиталды тартудағы корпорация міндетін кәдімгідей жеңілдетеді.

3. Корпорация заңды тұлға болып табылатындықтан, ол оның иемденушілерінен және оның жеке лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз қызмет етеді. Серіктестік аяқ астынан, оқыс мезетте құрдымға кетуі мүмкін, ал корпорациялар, ең болмағанда, заңдар бойынша мәңгі. Корпорация меншігін акцияларды сату арқылы өткізу оның бүтіндігін үзбейді. Бір сөзбен айтқанда, корпорациялар бизнестің басқа нысандары қол жеткізе алмайтын, ілгерілемелі жоспарлау мен өсу мүмкіндіктерін ашатын белгілі тұрақтылыққа ие.

Корпорациялардың артықшылықтары орасан зор және олардың кемшіліктеріне асып түседі, дегенмен ол кемшіліктер бар.

Кемшіліктері:

1. Корпорация жарғысын тіркеу кейбір бюрократиялық процедуралармен және заңгерлік қызмет шығындарымен сипатталады.

2. Корпорациялардың болуы мүмкін екінші кемшілігі корпорация пайдасына салық салумен байланысты мәселелер болып табылады. Бұл жердегі басты мәселе екі рет салық салу болып отыр: корпорация пайдасының акция ұстаушыларына дивиденд түрінде төленетін бөлігіне салық екі рет салынады – бірінші рет корпорация пайдасының бөлігі ретінде, екінші рет – акциялар ұстаушысының жеке табысының бөлігі ретінде.

3. Жеке кәсіпкерлік және серіктестік кезінде мүлік және қаржы активтерінің иелері бұл активтері өздері басқарады және қадағалайды. Бірақ акциялары жүз мыңдаған иемденушілер арасында бөлістірілген ірі корпорацияларда меншік функциялары мен бақылау функцияларының арасында едәуір алшақтық пайда болады. Оның себебі акцияның әдеттегі ұстаушысының әрекетсіздігінде жатыр. Акциялар иелерінің көп бөлігі дауыс беруге қатысу құқығын қолданбайды немесе корпорацияның қолданыстағы лауазымды тұлғаларына өкілеттілік беру арқылы бұл құқықты қолданады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]