Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_sipkerlik.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

18. Командитті серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктері

Командиттік серіктестік - қатысушылары кәсіпорын бойынша өзінің бүкіл мүлкімен тәуекелді өз мойнына алушыларға және кәсіпорынға салынған капиталымен ғана жауап беретін және пайдадан үлес алатын салымшыларға (коммандитистер) ажыратылатын кәсіпорын. Мұнда олардың салған салымдары 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

19. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктері

ЖШС деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестікті айтамыз. ЖШС-ке қатысушылар оның міндеттемелері бойыншга жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді.

20. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз

1. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.  2. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. 3. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді.

21. Акционерлік қоғам дегеніміз не

Акционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталдың акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі. Акционерлік қоғам – қатысушылардың қоғамға деген міндеткерлік құқықтарын куәландыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді, тек сатып алған акция құнымен шығып тәуекеліне барады.

22. Акциялардың негізгі түрлері және дивиденд төлеу жағдайы

Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы процентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]