Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_sipkerlik.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

24. Өндірістік кооператив дегеніміз

Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі.

25. Өндірістік кооперативтің қызмет ету қағидаларын атаңыз және түсіндіріңіз

Өндірістік кооператив мынадай қағидалар негізінде жұмыс істейді:

  • Мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі;

  • Мүліктік жарна енгізу міндеттілігі;

  • Басқарудың демократиялылығы;

  • Өзара көмек және оның мүшелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету;

  • Өндірістік кооперативтің қызметітуралы ақпаратқа қол жетушілік.

26. Мемлекеттік кәсіпкерлік және оның даму жағдайын атаңыз

Мемлекеттік кәсіпкерлік – жүйелі түрде кіріс алуға бағытталған, мемлекеттік меншік нысанына негізделген және шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың атынан шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың бастамашылық қызметі; мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

27. Кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз не

Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.

28. Тәуекелдің негізгі түрлері және жіктелуі

Кәсіпкерлік тәуекел қызмет түрі бойынша: Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Пайда болу табиғатына байланысты: а) Субъективті тәуекел – кәсіпорынның тұлғалығына байланысты. Себебі: тәжірибелердің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі. б) Объективті тәуекел – стихиялық аппаттардың жеткіліксіз ақпараттығы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі. Масштабтылығы бойынша а) Локальді тәуекел – бөлек фирмалардың тәуекелі. б) Салалық тәуекел – саланың өзіндік қасиетіне байланысты. в) Елдік тәуекел – елге тән, оның әлеуметтік – саяси жағдайының төмендеуі, инфляцияның төмендеуі т.б.

Пайда болу саласы бойынша: а) Сыртқы тәуекел – экономика саясатындағы күтпеген өзгерістерге негізделген, себебі: үлкен территориядағы стихиялық аппаттар. б) Ішкі тәуекел – тәуелсіз менеджмент жағдайында туындайды, қате маркетинг жағыдайында туындайды. Себебі: Кәсіпкерлік фирманың өзіне байланысты. Сақтандырылу мүмкіндігіне байланысты: а) Сақтандырылатын тәуекел – сақтандырушының тәуекелді өзіне алуын білдіреді; б) Сақтандырылмайтын тәуекел – тәуекел масштабын бағалау мүмкін емес, ешкім өзіне сақтандыруды қабылдауға дайын емес.

Тәуекел салдарларының масштабы бойынша:

-Рұқсат етілген тәуекел – кәсіпкерлік қызметті іске асырудан пайдасын толық жоғалтпайды. Мұндай тәуекел кезінде жоғалтулар болады, бірақ олардың мөлшері күтілетін пайдадан аз болады.

-Критикалық (сыни) тәуекел – пайданы жоғалту ғана емес, сондай-ақ жоспарланған түсімді ала алмау. Бұл жағдайда кәсіпкер барлық шығындардың көлемінде зиян шегеді, яғни, жоғалтулардың күтілетін пайдадан көп болу қаупімен сипатталады және кәсіпкердің салған барлық қаражаттарының орны толмастай жоғалту қаупі туады;

-Катастрофалық (апатты) тәуекел – төлем қабілетсіздіктің пайда болу тәуекелі. Мұндай тәуекел кәсіпкердің банкротқа ұшырауына алып келуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]