Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
спец пед. Байтурсынова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
716 Кб
Скачать
☆

3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау

Білімді меңгеру дегеніміз – оқушылардң білімді қабылдай ғана қоймай, оны түсініп, бекітіп, тәжірибеде пайдаланатын деңгейге жеткізген таным әрекетінің нәтижесі.

Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау мемлекеттік маңызы бар және білім беру органдары мен мектеп әкімшілігінің мұғалім жұмысын бақылауының құралы болып табылады. Оқытудың барлық кезеңдерінде бақылау жұмыстары, байқау, оқушылар жұмысын талдау, бақылаудың басқа да формалары тексеру мақсатында пайдаланылады.

Білімді тексерудің білім берушілік мәні мұғалім үшін де, оқушы үшін де оқушының қандай білім мен білікті меңгергенінің белгілі болуында. Білімді бағалауда сол білімнің санасын анықтайды.

Тексеру мен бағалау оқушылар бойынгда оқудың орынды себептерін туғызады, қызығуын, білімге құштарын және бейімдігін, оқу жұмысындағы ұжымдық пен достық сезімдерін тәрбиелейді. Оқушылар жолдастары жақсы, өте жақсы баға алғанда қуанады, үлгірмеушілерге көмектесуге тырысады. Мұғалім білімді тексергенде баға сынып ұжымына қандай әсер қалдырғанын, оқушылар жолдастарының табысы мен сәтсіздігіне қалай қарайтынын үзіксіз бақылап отыруы қажет.

Арнайы мектептерде оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету – дамыту амал – тәсілдерімен таныстырады.

Оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, оқу материалын сапалы игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беру, тапсырманы қалай дұрыс орындауға ойланады, сол арқылы сөйлеу тілін, ойлауын дамытады.

Оқыту процесінде білімді тексерудің мәні мұғалімнің бұл жұмыс формасын ұйымдастыруына қойылатын талаптарды анықтайды.

  1. Мұғалім оқу материалын игерілуінің сапасын тексеріп, оқушылардың білім деңгейін бағалайды. Бұл жұмыс арнайы білім беру бағдарламаларында бекітілген талаптарға сәйкес жүреді.

  2. Білімді тексеру мен бағалау жүйелі және үздіксіз болуы керек. Кейбір пәндерден оқушының білімін бағалау оның өмірінің бір көрінісі ғана болып қалмағаны жөн. Оқушы кез – келген сабақта жауап беруге дайын болуы керек. Бұл оқушының танымдық іс – әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

  3. Білімді тексеру мен бағалау оқушылардың таным процестерін дамытуға, оқытудың қиындықтарын жеңе білуге байланысты мінез – құлық пен еріктік сапаларын тәрбиелейді.

Арнайы мектептерде дәстүрлі білімді тексерудің төмендегідей түрлері қалыптасқан.

Күнделікті тексеру. Әр сабақта мұғалім оқушылардың жаңа білімдерді игеруге даярлығын тексереді, бүкіл сабақ барысында оқу материалының мазмұнын балалардың игеруін бағалайды.

Қорытынды тексеру. Оқушылардың білімдерді игеруін мұғалім бірнеше апта, тоқсан, жарты немесе толық оқу жылы бойынша сегіз жылдық немесе орта мектеп көлемінде тексереді.

Тақырыптық тексеру. Мұның мақсаты жеке сабақтар мен тапсырмалар емес, оқушының бүкіл тақырыпты түсінуін тексеру. Бұл тексеріс тақырып бойынша білімдерді жүйеге келтіру және жинақтауға көмектеседі.

Тексерудің бұл көрсетілген түрлері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Барлық тексерулерді өткізуде арнайы мектеп мұғалімдері оқушылардың бойындағы кемістіктің түрі және даму ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Балалардың оқу материал игеруінің санасын бағалау мен тексерудің құралы мұғалім сұрақтарын жауап, өз бетіндік және жаппай сұраулар болады. жаппай сұрауда қысқаша жауап беруді талап ететін сұрақ бүкіл сыныпқа қойылады. Оқушы мұғалімнің рұқсатымен орнынан тұрып не отырып жауп береді. Бір сұрақа бірнеше жауап алып, мұғалім оқушыға оқу материалының белгілі бір бөлігін тұтас, жүйелі қайталайтындай мүмкіндік беретін келесі сұрақты құрастырады. Бұл жұмыста оқушылардың қабылдау, зейін және сөйлеу тілінің ерекшеліктерін аса қадағалау қажет. Сұрақтар оқушыларға түсініті болуына мұғалім жаупты.

Жеке сұрау барысында да сұрақ бүкіл сыныптың зейінін аударатындай етіп қойылады. Сұрақты қоя салып оқушының жауап беруге шақырудың қажеті жоқ, әсіресе арнайы мектеп оқушыларына ойлануға мүмкіндігін беру керек. Оқушылар өз жолдарының жауабын мұқият тыңдап, толықтырады және түзетулер енгізеді. Бір оқушыдан сұрай отырып бүкіл сыныппен жұмыс істеу мұғалім шеберлігі болып табылады.

Оқушылар білімін қорытынды тексеруде ең қолайлысы бақылау жұмыстарын жүргізу (арнайы ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы). Бақылау жұмысы алдын ала ескертілмесе, оқушы бойында өте күшті сезімдік қобалжу туады. Жұмысшылар оқушылар мүмкіндіктеріне сай және қол жетерлігіне сенімді болу үшін мұғалім оқушылардың даму деңгейін жақсы білуі керек.

Қазіргі арнайы мектептерде білімді бағалаудың жаңа жүйесі енгізілген. Ол білім алушыларды аттестаттау «әдістемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрінің 2004 жылғы «2» наурыз № 166 бұйрығысымен бекітілген.

Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережесі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді. Негізгі міндеттері:

  1. Білім алушылардың теориялық білімінің нақты деңгейін белгілеу және оқу жоспарының міндетті құрамдас бөлігінің негізгі пәндері бойынша олардың практикалық дағдыларын түсіну;

  2. Осы деңгейді білім стандартынының талаптарымен және оқушылардың нақты танымдық мүмкіншіліктерімен жақындастыру;

  3. Білім алушылардың жеке және типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндерін зерделеудң оқу бағдарламалары мен күнтізбелік – тематикалық кестесін орындау;

  4. Білім алушыларды қорғауды, санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес оқу жүктемесін регламенттеу бөлігінде олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуді белгілейді.

Бұл ережелерде, төмендегідей тарауларында білім алушылардың деңгейін, қандай бағытта тексерілетіні бекітілген (толығымен қосымшада).

2. Ақыл – ойы кенжелеп қалған балалардың ())дамуындаинтелектуалдық бұзушылықтар бар балалар) оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

3. Ана тілі бойынша (грамматика, жазу және сөйлеу мәнерін дамыту) көмекші мектептердің білім алушыларының білімін және дағдыларын тексеру.

4. Математика пәні бойынша білім алушылардың блімі мен дағдыларын тексеру.

5. Психикаық дамуы тежелген балалардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

6. Көру қабілеті бұзылған білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

7. Құлағы естімейтін (саңырау) білім алушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын талаптар.

8. Нашар еститін оқушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

9. Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар.

10. Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзеу) ұйымдағы сыныптардың оқу техникасының нормативтері.

11. Даярлық, 1-4 сыныптардағы білім алушыларға арналған диктанттарды бағалау нормасы.

12. Грамматикалық тапсырмаларды бағалау

13. Мазмұндама ме шығарманы бағалау

14. Дыбыстап айту

Қазіргі уақытта арнайы білім беруде оқушылардың білімін тексеру, бағалау арнайы білім беру бағдарламаларда бекітілген талаптары лайықты. Сонымен бірге, дәстүлі бағалармен бірге, бастауыш сыныптарда «+», «-», түсті дөңгелек, төртбұрыштар пайдаланады. Баға қою кезінде арнайы мектеп мұғалімдері міндетті түрде, не үшін, қандай баға қойылғанын оқушыларға түсіндіруі тиіс.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

  1. Сабақтағы байқау мен және балалармен әңгіме негізінде мұғалімдердің білімдерді бағалауы мен бағалық пікірлерінің білім беру, тәрбие, дамытушылық мәніне талдау жасаңыз. Оққушылар жауабының бағасын дәлелдеудің мүмкін болатын жолдарын ұсыныңыз.

  2. Бастауыш мекпте білімді тақырыптық тексеру мен бағалаудың мәні неде? Арнайы дайындалған сабақты байқау нәтижесіне талдау беріңіз.

  3. Мұғаліммен әңгіме және оқу документациясын талдау негізінде тоқсан, жарты жылдық немесе оқу жылының қорытынды бағасына негіздеме беріңіз.

  4. Нашар үлгеретін оқушылармен олардың бағалардың қатынасы жөнінде әңгіме өткізіңіз.

Әдебиеттер:

  1. Сурдопедагогика / Под ред Речицкой Г.Е. – М. – 2004

  2. Артпедагогика и арттерапия в специальном образования / Е.А.Медведева, И.Ю.Левченко, Л.Н.Комиссарова. – М. «Академия». – 2001.

Дәріс № 11-12

Арнайы білім берудің мазмұны

  1. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні

  2. Арнайы білім беру мазмұны

Түсініктер: білім беру мазмұны, білім, икемділік, дағды, стандарт, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық