Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
спец пед. Байтурсынова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
716 Кб
Скачать
☆

1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары

Оқушылардың білім мазмұнын меңгеру процесі ұйымдастыру формасына байланысты.дидактикалық категория ретінде оқу процесін ұйымдастыру оқытудың мақсаттары, мамзұны, әдістері мен құрал – жабдықтарына, оқушылардың даму ерекшеліктеріне, олардың санына тәуелді.

Оқушылар санына, оқу уақыты мен орнына, іске асыру тәртібіне орай оқу формасы әр түрлі формада ұйымдасады.

Кемтар балалар мен жасөспірімдерді оқыту тәжірибесі тарихи жеке оқытудан басталған. Қазіргі уақытта нақтылы жағдай үшін арнайы оқыту әдістемелік тәсілін табу және оқыту келесі жағдайларда жүзеге асады.

- оқушылар дамуындағы ауыр және көптеген кемістіктерге себепті және оқытумен тәрбиелеу үшін тек жеке ықпал етуді қажетсінетін кездбе. Сонымен қатар, танымдық процестердің ерекшеліктері үздіксіз жеке дара психологиялық – педагогикалық қолдауды, қадағалау мен бақылауды талап ететін кезде:.

- оқыту процесіне бала дамуындағы өзгешелік жеке дара арнайы психологиялық – педагогикалық, логопедиялық және түзетушілік көмекті қажетті болған жағдайда;

- денсаулығына байланысты бала үйде білім алуға мәжбүр болған кезде.

Жалпы, жеке дара оқыту түрі мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасы арқылы жүреді, бұл жерде жеке оқыту сабақтар 20-30минут уақытында өткізілуі тиіс.

Арнайы білім беруде жеке дара оқытудың жалғасы ретінде жеке дара топтық оқыту формасы жүргізіледі. Бұл оқыту түрі жеке дара сабақтарында біршама түзетушілік әсер пайда болып. Оны әрі қара й топта бекіту мақсатымен ұйымдастырылады.мысалы, түзету сабақтарында (тілді дамыту, кеңістікті бағдарлау т.б.) балалармен шағын топтарда жұмыс істеу қажет. Оқытудың соңғы кезеңдеріне таман, бір нәтижелерге қол жеткізген кезде жеке дара топтық оқыту күрделі кемістігі немесе ауыр кемістігі бар балалармен нәтижелі өтеді.

Ал оқытудың топтық формасы мақсатқа сәйкес орайласқан топтарда оқыту арқылы ұйымдасады. Топтық жұмыс істеу арнайы сабақтарға жиі қолданады. Мұнда балалар танымдық мүмкіндіктеріне, оқу темпіне, түзету – оқыту міндеттеріне байланысты топтарға бірігеді. Сондай – ақ қандай тапсырманы орындау үшін балалар уақытша топқа біріккен кезде топтық оқытуды пайдалануға болады.

Топтық оқыту балалардың түрлі әрекеттерін, оқуға деген қызығушылығын, ұжымдық әрекет іскерлігі мен тәртіп сақтау дағдысын практикалық түрде меңгеруге, сөйлеу, ойлау және қарым – қатынас әрекеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Жұппен ,топпен жұмыс істеу балаларды бірлесе оқытуды жүзеге асырады, өз бетімен жұмыс істеуін, жауапкергшілігін, жолдастық сезімін, өзара көмек көрсету дайындығын дамытады.

Оқу процесін ұйымдастырудың ең негізгі, тиімді формасы ол – сабақ. Жалпы мектептегідей арнайы мектептегі сабақ таным әрекетімен бірге басқада дамытушы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Сабақта мұғалім дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен меңгерілуге тиіс пән негіздерін қабылдауға тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал – жабдықтары мен тәсілдерін қолданып, танымдық және басқа әрекеттерді ұйымдатырады. Бұл оқыту түрі оқкшыларды тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін ашуға және дамуындағы ауытқушылықтарды түзетуге мол мүмкіндік береді. Мұғалім сабақ барысында міндеттерге сәйкес жеке дара, топтық және толық сыныппен жұмыс жұргізеді. Сабақтың ерекшелігі, біріншіден, сынып тобының құрамы тұрақтылығында, екіншіден, барлық оқушылардың оқуға деген мүмкіндіктері мен дамуындағы кемістіктер салдарынан пайда ерекшеліктерін ескере отырып оқу әрекеттің барлық кезеңдерін мұғалім басшылық етеді, үшіншіден, оқушылар білімді сабақ үстінде меңгеруінде.

Арнайы оқытуды ұйымдастырудың қосалқы формалары да арнайы мектептерге кең пайдаланылады, олар: факультатив сабақтары, оқу саяхаттар, семинар, зертханалық – практикалық сабақтар, үйдегі өзіндік жұмыстар.

Факультатив сабақтары – оқу пәндерін оқушылар өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына арналады және білімдерін тереңдету міндетін көздейді.

Оқу саяхаттар – әрқилы нысандар қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылап зерттеу мақсатымен өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясына бару арқылы оқуды ұйымдастыру. Бұл сабақтар арнайы кемтар мектеп оқушылары үшін өте қажетті, өйткені балалардың қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтуге және болашақта әлеуметтік бейімделуіне мол мүмкіндік береді.

Семинар оқу сабақтар – меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамаларды ұжымдық талқылаутүрінде өтеді. Бұл сабақтар оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне көбіне өзіндік жұмыстары негізінде арнайы мектептерде жоғары сыныптарында ұйымдастырылады. Арнайы мектеп үшін бұл сабақтар жаңа түр. Семинар оқу сабақтары сыныпта және сыныптан жұмыс аралығындағы бірлестікті сақтауға жол ашады. Семинар сабақтары оқу пәндерге деген қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Үйдегі өзіндік жұмыс – сабақтан тыс уақытта білімді игеру процесінің құрамдас бөлігі. Бұл оқу түрі арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажет, өз бетімен білім алуға дағдыландыру жалпы қиын мәселе. Бұл жерде үздіксіз үй тапсырмасын толық түсіндіру, талқылау кейін міндетті түрде қадағалау мен бақылау қажет екенін ұмытпау керек.