Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
спец пед. Байтурсынова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
716 Кб
Скачать
☆

6. Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негіздері.

Сөйлеу тілін, оның қызметін, құрамын, даму жолдарын түсіну арнайы педагогика үшін аса маңызды, өйткені қоғамның дамуына нақты ықпалын тигізетін жағдай. Сөйлеу тілін танып-білу - адам тұлғасының қоғам мүшесі болып қалыптасуының негізгі бағыты деп атауға болады. Бала дамуындағы кез-келген кемістік, оның қоршаған ортаны меңгеруіне және сөйлеу тілінің қалыпты қалыптасуына (әлеуметтенуіне) әсерін тигізеді. Арнайы педагогика үшін психолингвистиканың келесі аспектілері өз маңыздылығын білдіреді, олар: сөйлеу тілі – түрлі белгілердің жүйесі, ал қызметі таным мен қатынас.

Сөйлеу әрекетінің құрамы: бағдарлау, жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау.

Бала сөйлеу тілінің дамуы. Сөйлеу тілінің онтогенезі – ересек пен бала арасындағы күрделі қарым-қатынас және заттық, танымдық әрекеттік дамуымен сипатталады. Сондықтан сөйлеу тілінің дамуы ең алғашымен қарым-қатынасты іске асыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді табуы тиіс. Бала сөздің дыбыстық бейнесін келтіру мен оның заттық сәйкестігін белгілеуге қадам жасайды. Ал, сөйлеу тілінің даму кезеңдерін үш негізгі параметрлер бойынша бөлуге болады: фонетикалық, грамматикалық, семантикалық.

Фонетикалық кезең – бала әлі сөздің дыбыстық бейнесін ажырата алмайды;

Грамматиалық кезең – сөздің дыбыстық бейнесі меңгеруіне қарамастан, сөйлемнің құрамын ұйымдастыру заңдылықтары түсінбейді;

Семантикалық кезең – сөздің дыбыстық бейнесі, сөйлемді құрастыру аңдылықтары меңгерілген, ал түсіну жағы толық дамымаған.

Сондықтан баланың сөйлеу тілі даму барысында әсерін тигізетін барлық көрсеткіштер де өзгеріп ықпал етеді.

Л.С.выгосткийдің сөйлеу тілінің белгі беру қызметін білдіретін ілімі бойынша сөйлеу қабілеттерінің ойлау мен тіл дамуына алғышарттар ретінде қарастырылған. Тіл мен ойлау бір біріне екі жасқа дейін тәуелсіз дамиды да, кейін сөйлеу тілінің белгі беру қызметін көрсетеді. Нақты ойлау сипатына ие болса, сөйлеу ойлаушы болып сипатталады.

Мысалы, естімейтін, көрмейтін тұлғаларды оқытуда жетекші шара оларды сөйлеу тіліне үйрету емес, ересектердің жетекшілігімен заттармен әрекет жасауға, нақты заттардың қажеттілігін түсінуге үйрету. Естімейтін, көрмейтін тұлғалар осы дағдылар арқылы қоршаған заттардың бейнесін елестеуге үйренеді. Кейін сол бейнелер арқылы жүйелерге қалыптасады және белгілер ретінде қарым-қатынас жасаудың амалып болып табылады.

Сөйлеу тілінің қалыпты жағдайдан ерекше дамуының психолингвистикалық тұрғыдан талдап сөйлеу тілінің патологиясы психофизиологиялық механизмдердің бұзылыстар салдарынан болатын сөйлеу әрекетінің ауытқуын қарастыруды көздейді.

Психолингвистикалық тұрғыдан сөйлеу тілінің патологиясының келесі түрлерін ажыратады:

  • тұлға дамуы мен жоғары психикалық ұызметтердің патологиясына тәуелді өзіндік патолингвистикалық сөйлеу тілінің кемістіктер (мысалы: шизофрения).

  • - туа біткен немесе жүре пайда болған сенсорикалық кемістіктер салдарынан пайда болған сөйлеу тілінің кемістіктері;

  • ми жарақаттарының салдарынан пайда болған сөйлеу тілінің кемістіктері (афазия);

  • ақыл-ойы кемтарлықпен психикалық дамуында ауытқушылықтардың салдарынан сөйлеу тілінің кемістіктері:

  • моторикасындағы ауытқушылықтардың салдарынан сөйлеу тілінің кемістіктері (тұтықпа).

Арнайы педагогикада психолингвистикалық тұрғыдан қарастыру түрлі саласында нәтижелі пайдаланады, логопедияда (Халилова Л.Б.) сурдопедагогикада (Зайцева Г.Л.).

Сонымен психолингвистикалық талдау арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратын күшейтіп кемістіктерді ғылыми тұрғыдан жіктеуге жол ашады. Қандай болмасын кемістік баланың әлеуметтік дағдыларына әсерін тигізетінін білу, кемтар баланың қарым-қатынас саласында кедергілерді жою, азайтуға және оңалту бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.