Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
спец пед. Байтурсынова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
716 Кб
Скачать
☆

3. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары

«Кемтар бала қалыпты баланың деңгейіне жетуі үшін қазіргі ерекше құралдарды қолданған жөн» «(Л.С.Выготский).

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесінде қалыпты балаларды оқытуда пайдаланатын дәстүрлі әдістер жеткіліксіз. Сол себепті арнайы, өзгеше құрал – тәсілдерді пайдалану қажеттілігі өзекті мәселе. Кез келген оқу пәннің мамзұны көптеген өзгешелігімен сипатталады. Бұл жағдай әр пәнді оқытуда түрлі тәсіл мен құралдардың ерекше нұсқаларын пайдалануды білдіреді.

Тарихи емдеу мен түрлі түзетуде түрлі өнер құралдарын антикалық заманнан пайдаланған туралы деректер бар.

Ежелгі Грекияда көркем өнер арқылы адам тұлғасына әсер етудің тиімді құралы ретінде қарастырылған. Әдемі әсем заттарға, суреттерге қарау бойында тек жақсы қасиеттерді қалыптастырады деген ойды білдірген. Атақты грек философтары Пифагор (YI ғ. б.э.д.), Аристотель, Платон (IY ғ.б.э.д.) ән күйдің ем күшіне аса көп көңіл бөлген. Музыкалық аспаптар арқылы дене және психикалық ауруларды емдеу туралы көзқарастары еңбектерінде дәлел тапқан. Ән мен бірге би арқылы емдеу тәсілі де пайдаланған.

Музыкалық емдеу әдісі ежелгі Қытай, Үндістан елдерінде кең тараған. Музыкалық ырғақ қытайлық ән күйде пентатоника деп аталады және табиғаттың негізгі бес белгісіне сәйкес: жер, темір, ағаш, от, су. Олар болса адам ағзасындағы бес мүшеге сай, көк бауыр, өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек. Сол себепті ағзадағы қай мүше ауырса соған сәйкес келетін музыкалық ырғақты пайдалану қажет.

Кейіннен XIX ғасырдың басында француз психиатр дәрігері Жан Этьен Эскироль психикалық ауруларды емдеу тәжірибесіне ән күй қосқан.

Арнайы педагогикада шет елдік мамандар Э.Сеген, Ж.Демор, О.Декроли, ресейлік арнайы педагогтар Л.С.Выготский, А.И.Граборов, В.П.Кащенко дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде өнер құралдарын пайдалану қажеттілігі туралы ойларын білдірген.

Арнайы педагогика мен психология саласындағы зерттеулер мүмкіндіктері шектеулі балаларға жағымды әсер етуі туралы нәтижелер көрсетеді.

Зиятында ауытқуы бар балалармен жұмыс жасауда ән күйді пайдалану ақыл – ойын, зейін тұрақтығын дамытуға мол мүмкіндік береді. (С.М.Миловская, И.В.Евтущенко).

Зиятында ауытқуы бар балаларға көркем өнердің әсер етуі (О.В.Гаврилушкино, И.А.Грошенков, О.В.Боровик), мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балаларға (Е,А,Екжанова), тірек – қимыл қозғалысында ауытқуы бар балаларға (Г.В.Кузнецова), аутистикалық жағдайдағы балалар (О.С.Никольская) сурет салу сенсорикалық дамуына, ұсақ моторикасына, сөйлеу тіліне, қарым – қатынас дамуы арқылы жүзеге асады.

Естуінде ауытқуы балалардың таным процестерін дамыту үшін көркем өнердің мүмкіндіктерін ашады. (М.Ю.Рау, Е.А.Сошина).

Ән тыңдау, ән күй ырғақ сабақтардың естуінде ауытқуы бар балалардың есту арқылы қабылдауын дамытады. (Е,З,Яхнина).

Қазіргі уақытта арнайы педагогикада оқыту құралдары арнайы білім беруде бекітілген принциптерге нақты сәйкес келуі талап. Сондықтан ,әр оқыту тәсіл мен құралдың тиімділігі оқушыға қол жетерлік болуы мен таным және жас ерекшеліктерін ескеру көрсеткіштерімен анықталады. Арнайы педагог оқытуда қандай құралды пайдалану қажеттілігін оқу материалдың мазмұны, оқушылардың білім деңгейі мен даму мүмкіндіктері арқылы біледі.

Білімді оқушыларға жеткізудің негізгі құралы мұғалімнің сөзі. Сол себепті, айтылған сөздердің бәрі оқушыларға толық түсінікті болуы тиіс. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың сөйлеу тіліне ерекше талаптар қойылады. Сөйлеу тілі анық, түсінікті, дыбыс айтуы дұрыс, кемшіліксіз болуы қажет және оқушылардың сөйлеу тілін белсендіру үшін тиімді әрекет жасай білуі арнайы педагог үшін аса маңызды талаптардың бірі.

Арнайы білім беруде мұғалімнің сөйлеу тілінен басқа да түрлері пайдаланылады, мысалы, естуінде ауытқуы бар балаларды оқытуда қажетті дактильді сөйлеу тілі мен жест арқылы сөйлеу.

Дактильді сөйлеу қол саусақтары бейнелейтін әріптер (дактилема) арқылы қарым – қатынас. Әр дактилема сөйлеу тілінің біртұтас бірліктерді білдіреді – сөз, сөлемше, т.б. олар қарым – қатынас құрал қызметін атқарады. Ести және көре алмайтын тұлғалармен қарым – қатынас жасауда, аталмыш тұлға сөйлеп тұрған тұлғаның қолына өз қолын қойып тактильды сезім арқылы мәліметті оқып меңгереді.

Жест арқылы сөйлесу жүйеснің құрамы күрделі келеді. Бұл жүйе екі түрін ажыратады: сөйлесу және камлькалық яғни басқа тілдің үлгісімен сөз жасау. Жест арқылы сөйлесу ресми түрде пайдаланбайды, тек қарым – қатынас құралы ретінде жүреді. Калькалық жест сөйлеуінде әр жест бір сөзді білдіреді, ал сөйлемдегі сөз реті қалыпты сөйлем құрамы сияқты.

Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға ақпарат жеткізудің тағы да бір құралы –ауызша сөйлеу тілін көру арқылы қабылдау, арнайы әдебиеттерде еріннен оқу деп айтылады. Бұл қосымша құрал нашар еститін тұлғаларға есту арқылы қабылдауын жеңілдетеді, ал естімейтін тұлғалар үшін зақымдалған есту қабілеттің орнын толықтыру қызметін атқарады.

Кейбір ауыр жағдайларда пиктографиялық жазу да пайдаланады, әсіресе тірек-қимыл- қозғалысындағы терең кемістіктермен қатар сөйлеу тілінде ауытқушылықтар болған кезде (Блисс жүйесі сияқты).

Сонымен арнайы оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін түрлі әдіс – тәсіл жүйесін пайдалану қажет.

Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Оқыту әдісінің анықтамасын беріңіз.

2. Оқыту әдістерін топтаудың түрлілігі.

3. Білім беру технологиясы дегеніміз не?

4. Белгілі педагогикалық технологияны айтып беріңіз.

5. Арнайы мектептегі сөздік оқыту әдістерін пайдалану ерекшелігі қандай?

Әдебиеттер:

1. Специальная педагогика / Под ред. Н.М.Назаровой – М.-2001

2. Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (Олигофренопедагогика) / под ред. Б.П.Пузанова. Учебное пособие –М.-2001.

3. Артпедагогика и арттерапия в специальном образовании. / Е.А.Медведева.- М.2001

Дәріс № 17-19

Арнайы оқытуда ұйымдастыру формалары

Жоспары.

1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары

2. Арнайы мектепгі сабақ

3. Арнайы педагог тұлғасы

Түсініктер: сабақ, топтық сабақ, сабақ түрі, пропедевтика, сабақты талдау