Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к прак ЭТН Документ Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249 Кб
Скачать
☆

№ 6. Практикалық сабақ. Тақырып 6: Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге нарық және оның қызметі, құрылымы туралы кеңінен түсіндіру керек. Экономикалық ғылым нарықта тауарларды сатумен байланысты орын ретінде емес, ол өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйе ретінде қарастырады.

Практикалық сабақтың жоспары:

  1. Нарық механизмі: негізгі түсініктер мен элементтері.

  2. Сұраныс заңы, қисығы және әсер ететін факторлар.

  3. Ұсыныс заңы, қисығы және әсер ететін факторлар.

  4. Нарықтық тепе-теңдік және нарықтық баға түсінігі.

  5. Икемділік түсінігі.

  6. Нарықтық экономикадағы баға белгілеу механизмі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Нарықтық қатынастардың қандай субъектілері мен объектілерін білесіз?

  2. ҚР еркін бәсекені қорғау және қолдау көрсету іс-шаралары қандай?

  3. Жетілген бәсекенің жетілмеген бәсекеге айналуының себептері қандай?

  4. Монополияға қарсы қандай зандар қолданылады?

  5. Сатушылар мен сатып алушылардың нарық туралы ақпарат алу мүмкіншіліктерінің шектеулі болуының себептері неде?

  6. Монополия теориясының негізін қалаушылар кімдер және олардың идеялары қандай?

  7. Мемлекттік реттеуге жиі ұшырайтын нарықтық құрылымның қандай типі? Түсіндіріңіз.

  8. Нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері қандай?

  9. Нарық инфрақұрылымы нені білдіреді және қандай факторлары бар?

  10. Нарық конъюнктурасы дегеніміз не, оған қандай факторлар әсер етеді?

Глоссарий:

  1. Аукцион.

  2. Бәсеке.

  3. Бағалық алалау.

  4. Биржа.

  5. Жетілген бәсеке.

  6. Жәрмеңке.

  7. Лизинг.

  8. Монопсония.

  9. Монополистік бәсеке.

  10. Олигополия

  11. Нарықтың инфрақұрылымы.

  12. Нарық.

  13. Таза монополия.

Жаттығулар мен есептер:

1. Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз қоршаған ортаның ластануын бақылайтын нарықтық реттеудің кем деген­де екі артықшылығын табыңыз.

2. Нарықтың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.

Нарықтың артықшылықтары

Нарықтың кемшіліктері

Мемлекеттің

реттеуші

қызметтері

Ең

оңтайлы

жағдайлар

3. Жетілген бәсеке нарығындағы сұраныс қисығы төмендегілердің қайсысы деп ойлайсыз:

  1. -есеп. Жетілген бәсеке жағдайында әрбір фирманың қызметі TC=Q3 - 4Q2 + 8Q. Сұраныс функциясы Qd =2000-100P. Тепе-теңдік баға мен өндіріс көлемін, саладағы фирмалардың санын анықтау керек.

  2. -есеп. М қаласында жиһаз өндірісін монополиялық билігі бар компания бақылайды. Жалпы шығындар ТС=10Q, ал сұраныстың баға бойынша икемділігі (-5) тең. Компания белгілейтін бағаның мөлшері қандай?

3 -есеп. Салада 2 фирма әрекететеді.Олардың шекті шығындары бірдей және 0-ге тең. Саладағы өнімнің сұранысы P=100-Q тең.Салада еркін бәсеке болған жағдайдағы баға мен өндіріс көлемін анықтау керек.

4-есеп. Монополияның жалпы шығындар функциясы ТС=200+30Q, өнімге сұраныс функциясы Р= 60-0,2Q. Фирма максималды пайда алатын бағаны анықтаңыз.

5-есеп. Монополия жағдайында фирма тауарының сұраныс функциясы P=144-3Q, орташа шығындар функциясы АС= 25/Q+Q . Фирманың пайдасы максималды болатын өндіріс көлемін анықтаңыз.

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

1. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін нарық құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.а) сағат шеберханасы; б) автомобиль фирмасы; в) қалалық көлік; г) телефон желісі; д) автосервис; е) мұнай фирмасы; ж) темекі өндіруші; з) ферма; и) азық-түлік дүкені; к) алюминий өндіруші фирма.

2.Пікірталас тақырыбы: «Қоғамға монополия қажет пе?». Қазіргі экономикалық теорияда монополияның қоғамғатигізетін зияны туралы біржақты пікірлер жоқ. Жетілген бәсеке қоғамдық қажеттіліктердін толық қанағаттануы үшін қолайлы жағдайлар құрса, монополияның ірі қаржылық, инновациялық жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіншіліктері жоғары, қоғам үшін бұл да маңызды.Бұқаралық баспасөз бен басқа да көздерден материалдарды пайдаланып мәселені аудиторияда талқылаңыздар.

Пікір-сайыстар, зерттеулер және белсенді жұмыстың басқа да түрлері:

  1. «Нарық шарасыздығы» Қазақстан экономикасына тән құбылыс па? Нарық шарасыздығының себептерін және оның барынша кең байқалатын салаларын талдаңыздар.

  2. Көлеңкелі экономиканың (заңсыз іс-әрекеттер) болуы бәсекеге қабілетті тұлғаның емес, пара беруге дайын тұлғалардың артықшылыққа ие болуына әкеледі. Осыған байланысты нарықтық бәсеке механизмі тиімділігінің төмендеуі, жалпы, нарықтық бәсеке идеясының жоққа шығарылуы мүмкін бе?

  3. Қазіргі уақытта экономикалық теорияда монополияның шын мәнінде қоғамға зиян екендігі туралы бірыңғай пікір жоқ. Монополия экономикалық пайдаға ие бола отыра, маңызды зерттеулерді, тәуекелділігі жоғары инновациялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігіне ие. Оның үстіне, монополиялық баға дискриминация саясаты қоғамдық әл-аукаттылықка да оң әсер етеді. Сондықтан, мерзімді басылымдар және басқа да дерек көздерін пайдалана отырып, аудиторияда монополияньщ қоғамға қажеттілігін талдау ұсынылады.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері.

  2. Монополияның артықшылықтары мен кемшіліктері.

  3. Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  4. Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.

  5. Олигополияның модельдері.

  6. Жәрмеңке -нарықтық субъектілердің іс-әрекеттерін үйлестіру құралы ретінде.

  7. Нарық-өркениеттіліктің ұлы жетістігі.

  8. Нарықты реттеудің классикалық және кейнстік тұжырымдамасы

  9. Нарықтық экономикаға көшудің салдарлары. ҚР-сының нарыққа өту кезеңі.

Блиц-тест:

1.Нарықтың қызметтеріне жатады:

  1. табыстарды қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу;

  2. тауар өндірісін реттеу, ынталандыру, өзін-өзі басқару;

  3. қаржы ресурстарын шоғырландыру, пайдалану және бақылау;

  4. шаруашылық қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, ынталан­дыру, бақылау;

  5. нарықинституттарын қалыптастыру, әлеуметтік қамтамасыз ету.

2.Нарық шеше алмайтын мәселелер:

  1. инфляция, жұмыссыздық, экология;

  2. тауарсапасын арттыру, ҒТП жандандыру;

  3. нарықинфрақұрылымын, институттарын дамыту;

  4. экономикалық тиімділік;

Е) ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету.

3.Нарықжүйе ретінде өзінің дамуында келесідей белгілерге ие:

  1. стихиялы, бәсекеге негізделген, ұйымдасқан, монопольды;

  2. дәстүрлі, нарықтық, аралас, жоспарлы;

  3. натуралды, тауарлы;

  4. эволюциялық, революциялық, аралас;

  5. жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі.

4. Нарықтың артықшылығы:

  1. әлеуметтік әділеттілік орнайды;

  2. ресурстарды тиімді бөледі;

  3. экология мәселесін тиімді шешеді;

  4. толық жұмысбастылық орнайды;

  5. монополияны қалыптастырады.

5. Бәсекенің артықшылығы:

  1. қоршаған ортаны сауықтырады;

  2. ресурстардытиімді бөледі;

  3. жарнаманың рөлін өсіреді;

  4. қаржылық өнеркәсіптік топтарды қалыптастырады;

  5. әлеуметтік теңсіздікті төмендетеді.

6. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы сәйкес келеді:

  1. шекті және орташа табыс қисықтарына;

  2. жалпы табыс қисығына;

  3. жалпы шығындар қисығына;

  4. шекті шығындар қисығына;

  5. айнымалы шығындар қисығына.

7. Нарықтың инфрақұрылымының негізгі элементтері:

  1. баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс;

  2. жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік;

  3. биржа, жәрмеңке, аукцион;

  4. материалдық және материалдық емес өндіріс;

  5. білім, идея, ғылым, денсаулық.

8. Нарықтық инфрақұрылымның мәні:

  1. мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер арасында мүдделер үйлесімділігін қамтамасыз ету;

  2. сатушылар және сатып алушылардың табыстары мен шығыстары туралы ақпарат беру;

  3. экономика салалары арасындағы тепе-тендікті қамтамасыз ету;

  4. тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету;

  5. монополияны шектеу және бәсекені қолдау.

9. Нарықты экономикаға тән:

  1. Кәсіпкерлік таңдау еркіндігі

  2. Орталықтандырылған жоспарлау

  3. Мемлекеттік меншікті иемдену

  4. Бәсекенің болмауы

  5. Монополияның болмауы

10. Нарықтық экономиканың қызметіне жатпайды:

  1. Ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету

  2. Өндірісті реттеу

  3. Баға белгілеу

  4. Тауар өндірушілер мен сатушылардың байланысы

  5. Бақылау

Әдебиеттер:

  1. Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.

  2. Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.

  3. Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.

  4. Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.

  5. Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.

  6. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.

  7. Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с

  8. Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет

  9. Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.

  10. Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.